Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Тігіншілердің тақырыптық айлығы «Білімділер, алғырлар мен ептілер» сайысы

Тігіншілердің тақырыптық айлығы «Білімділер, алғырлар мен ептілер» сайысы


библиотека
материалов

Алматы қаласының білім басқармасы

Технология және Флористика колледжі







Әдістемелік дәйектеме


Тігіншілердің тақырыптық айлығы

«Білімділер, алғырлар мен ептілер»

сайысы

hello_html_1bfb6c99.jpg


Дайындаған: Оралбаева Б.Ж.

Уразова Л. Ш.





Алматы, 2013ж.


«Бекітемін»

Директордың ОӨЖ

жөніндегі

орынбасары

Садирова Н.У.

______________




Сайыс аты: «Білімділер, алғырлар мен ептілер»

Қатысушы топтар: № 15, 16, 36, 37 топ оқушылары.


Мақсаты:


Оқыту: тігін өндірісіне қатысты білімді, білікті және дағдыны жүйелеу,

тереңдету.


Дамыту: ой - өрістерін кеңейту, өздігінен ойлау қабілеттерін, танымдық –

шығармашылық қасиеттерін арттыру.


Тәрбиелік : алдына қойған мақсатына жете білуге тәрбиелеу және пәнге

деген сүйіспеншілігін, мамандыққа деген қызығушылығын

арттыру.




Көрнекіліктер: Power Point бағдарламасымен дайындалған презентация,

тапсырма-планшеттер, маталар, сөзжұмбақ, қайшы, түрлі-

түсті қағаздар, түйреуіштер, видео роликтер.

Техникалық құралдар: Интерактивті подиум.


Сайысты ұйымдастыру

  • 2 команда 5 адамнан мамандықтары бойынша :

«Сәндеп-пішушілер» №37 ,№16 топтар

«Тігіншілер» №36,№ 15 топтар

Әр команданың аты, ұраны, эмблемасы таныстырылуы керек

  • Үй тапсырмасы:

Алдын - ала берілген видио ролик бойынша тез, әрі оңай дайындалатын бұйым шығару.




Сайысты жүргізу барысы:


  1. Сайысты ашу.

  2. Қатысушы командаларды таныстыру.

  3. Сайыс ережесімен таныстыру.

  4. Әділ қазылар алқасын таныстыру.

hello_html_m69cc21bc.jpg

Әділ қазы алқасы

«Білімділер, алғырлар мен тапқырлар» сайысының

бағдарламасы:


1-сайыс. «Визит карточкасы»

Әр команда өз командасының атын, ұранын, эмблемасын

таныстыру. (5 ұпай)

hello_html_m5147c152.jpg


2-сайыс. «Миға шабуыл»

Әр командаға мамандықтарына сәйкес сұрақтар беріледі. Сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап беру керек. (әр дұрыс жауап 1 ұпай)

1 команда: Тігіншілер

  1. Қалталар нешеге бөлінеді, түрлерін ата.

Ж:Барлық қалталар үшке бөлінеді: оймалы, жапсырмалы, тігіске түскен қалталар.

  1. Үстіңгі жаға мен астыңғы жағаны біріктіру тігісін ата. Ол тігіс қай бөлшек жағынан орындалады?

Ж:Жөрмеп тігу. Астыңғы жаға жағынан

  1. Химиялық талшықтыр нешеге бөлінеді?

Ж:Химиялық талшықтыр жасанды және синтетикалық болып екіге бөлінеді.

  1. Айырып тігу қалай орындалады?

Ж:Екі бөлшекті оң беттерімен беттестіріп, қайып тігеді. Тігісті айыра үтіктейді.

  1. Силуэт түрлерін атаңдар.

Ж:Қынмалы, жартылай қынамалы, трапеция, тік

  1. Мойын ойындысынан бөлек құрастырылатын жағаны құрастыруға қажетті мәліметтерді беріңдер.

Ж:Алдыңғы , артқы бой мойын ойындысының ұзындығы , тіктеме биіктігі,жаға ені

  1. Дайын лекало түрлері қаншаға бөлінеді?

Ж: 3-ке бөлінеді негізгі, туынды, көмекші


hello_html_m61999141.jpg

Жібек тобы


2 команда: Сәндеп- пішушілер.

  1. Бұйым балансы дегеніміз?

Ж: Бұйым қонымдылығының дұрыс белгісі /алдыңғы, артқы,бүйір баланс түрлері/

  1. Адам дене бітімінің тепе теңдік тұрпаттарын ата.

Ж: Долихаморфты, Брахиморфты, Мезоморфты

  1. Адам дене бітімінің келбеттік тұрпаттарын ата

Ж:. Қалыпты еңкіш, шалқақ

  1. Белдемше конструкциясы қандай сұлбалы сызықтармен шектеледі?

Ж: Бел сызығы, бөксе сызығы, бүйір сызықтары

  1. Табиғи талшықтар нешеге бөлінеді?

Табиғи талшықтар өсімдік тектес, жануар тектес және минералды болып үшке бөлінеді.

  1. Қаттаманы жеңмен біріктіру тігісін ата. Ол тігіс қай бөлшек жағынан

орындалады?

Ж: Қосып тігу. Қаттама жағынан орындалады.

  1. Бастырап тігу қалай орындалады?

Ж: Бұл тігістің өңделуі жатқыза үтіктелетін қайып тігілген тігіс сияқты,бірінші тігістен кейін тігіс ені қай жаққа жатқызыла үтіктелінсе,сол бөлшектің оң бетінен екінші тігісті бастыра тігеді.

hello_html_m6de9f8b7.jpg

Модерн тобы

3-сайыс. «Фантазия»

Түйреу әдісі арқылы киім үлгісін жасау, оған сипаттама беру.

(15-ұпай)

« 2012-2013 жылдың сән бағыттыры» Презентация.


hello_html_7ce8a623.jpghello_html_46f32971.jpg

Жібек тобы Модерн тобы



Осы кезде әр команданың жанкүйерлері өз командаларын қолдау ретінде өнерлерін көрсетеді.

hello_html_m49fef259.jpghello_html_5dc15f1f.jpg

Модерн тобының жанкүйерлері Жібек тобының жанкүйерлері

4-сайыс. «Кім жылдам»

Кәсіби терминалогияның анықтамаларын табу.

(әр дұрыс жауап 1 ұпай)

  1. Қайып тігу- көлемдері бірдей екі немесе бірнеше бөлшектерді

біріктіру

  1. Жөрмеп тігу- Екі бөлшекті біріктіріп, оң жағына аударғанда

біріктірутігісі ішінде қалатын тігіс

  1. Қосып тігу- Ұсақ бөлшектерді ірі бөлшектермен біріктіру

  2. Бастырып тігу- Бөлшектерді біріктіргеннен кейін тігсті бір жағына

қарай жатқызып оң бетінен тігіспен бекіту

  1. Қондырып тігу- Екі бөлшекті ойынды сызығының бойымен

біріктіру

  1. Бүгіп тігу -Бөлшектердің бүгілген шеттерін, бүкпелерді бекіту

  2. Айырып тігу -- Тігіс енін екі жақа айырып, тігіспен бекіту

  3. Сырып тігу-Бір немесе бірнеше бөлшекті параллель тігістермен

бірік тіру



hello_html_m376011e5.jpg




5-сайыс. «Оригами»

Берілген схема бойынша тапсырманы орындау. (10 ұпай)


hello_html_2b4ab820.jpg


hello_html_m12341468.jpghello_html_44262a8f.jpg

Модерн тобы Жібек тобы

6-сайыс. «Ойлан тап»

Сөзжұмбақты шешу. (5 ұпай)

1 команда: Тігіншілер

  1. Бұйымның өңделу бірізділігін оқытатын пән. /Технология/ Көлденең

  2. Бөлшектерді белгілі бір тәртіппен тігім арқылы біріктіру. /Тігіс/ Тігінен

  3. Белгілі бір саладағы жұмыс істеу тәртібін талаптарын, ережелерін қабылдап оны қолдану арқылы жоғарғы нәтижеге жету /Стандарт/ Тігінен

  4. Қалыпты тепе теңдік тұрпаты. /Мезоморфты/ Тігінен

  5. Бөлшектің көлемін ылғалды жылулық өңдеу арқылы кішірейту. /Жия үтіктеу/ Тігінен

  6. Ылғалды жылумен өңдеу жабдығының бір турі. /Үтік/ Көлденең

  7. Силуэттің бір түрі. /Тік/ Көлденең

  8. Бел, кеуде тұсына қонымдылық беретін элемент. /Бүкпе/ Тігінен

  9. Түйреу әдісі арқылы киім үлгісін жасау. /Муляж/ Көлденең


2 команда: Сәндеп- пішушілер.

  1. Бұйымды тұтынушы халықтың өлшемдеріне сәйкес құрастыруды оқытатын пән. /құрастыру/ Көлденең

  2. Қатаң , кіші көлемді силуэт./ Қынамалы/ Тігінен

  3. Утилитарлық және эстетикалық қызметтерді атқаруға, адам денесін сыртқы әсерден қорғауға арналған бұйым. /Киім/ Көлденең

  4. Бұйымның өңделу бірізділігін оқытатын пән. /Технология/ Тігінен

  5. Жайлы көлемді силуэт түрі. /Трапеция/ Көлденең

  6. Иықтың артқа қайқақ бітуі, жұлын омыртқасының қатты майысуы байқалатын тік арқа. / Шалқақ/ Көлденең

  7. Денесі ұзын, аяқтары қысқа тепе теңдік тұрпаты. /Брахиморфты / Көлденең

  8. Көлемдері бірдей екі немесе бірнеше бөлшектерді біріктіру. /Қайып тігу/ Көлденең

  9. Бөлшектерді белгілі бір тәртіппен тігім арқылы біріктіру. /Тігіс/ Тігінен



hello_html_5f5e12f4.jpg




7-сайыс. «Үй тапсырмасы»

Алдын - ала берілген видио ролик бойынша тез, әрі оңай дайындалатын бұйым шығару. (10 ұпай)


hello_html_m3b17da3.jpg

Жібек тобы




hello_html_7c0b0e8a.jpg


Модерн тобы



Әділ қазылар алқасының шешімімен «Білімділер, алғырлар мен ептілер»

сайысының жеңімпаз тобы: 55 ұпаймен Тігіншілер тобы- Жібек алға шықты

hello_html_4bf53e74.jpg


hello_html_3bc630d7.jpg


Жеңімпаз: «Жібек» тобы






Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-099364

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG