Математика
Тақырыбы:
Тік бұрышты параллелепипедтің және оның көлемі.
Мақсаты:
1. Дененің көлемі
және көлемнің өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру;
2. Көлемнің жаңа
өлшем бірліктерімен таныстыру және олардың арасындағы қатынасты қою.
3. Оларды
ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: аралас
Әдісі:
түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: қосымша
тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу,
түгендеу.
Сабағымыз
басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар
ІІ. Үй
тапсырмасын тексеру: № 3 тексеру.
ІІІ.
Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны:
-
«Компьютер»
дидактикалық ойыны. Мұғалім тапсырмалар тізбегін оқиды, оқушылар жауабын
айтады.
7 200
: 8 + 100 – 190 : 9 ∙ 1 000 = 4 000
8
∙ 50 + 1 000 : 2 ∙ 8 – 5 000 : 2 ∙ 7 = 2 100
-
Көркем
жазу минуты.
-
57 615
санын жазыңдар. Сандардағы толық ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар, ондық мыңдарды
атаңдар.
ІҮ. Жаңа
сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.
№ 1. Көлемнің
өлшем бірліктерін есіңе түсір.
Кестеден
геометриялық денелердің атауын оқыңдар. Артық сөзді тап. (параллелепипед,
текше, шаршы. Артық сөз: шаршы. Өйткені шаршы – жазық фигура, ал қалғандары –
көлемді денелер). Қандай фигуралардың көлемін есептеуге болады.
Мұғалім
артық фигураны табуды ұсынады. Тақтаға сурет ілінеді. Текшенің неге артық
екенін дәлелдейді (барлық фигуралар жазық, ал текше – көлемді)
«Көлем» деген
сөзді қалай түсінесіңдер? Көлемдері әр түрлі қораптарды алып, олардың көлем жағынан
үлкен, кіші екендігін салыстыру.
№ 1(ә).
Салыстыр. 5 м3 > 5 000 000см3
10 000 см3 > 5 дм3 5
см3 = 5 000 мм3 т.с.с.
№ 2. Жұптық жұмыс. Көрсетілген
өлшем бірліктеріне өрнекте.
12м3 =
12 000 000см3 8 000 000мм3 =
8 000см3 12дм3 = 12 000см3 т.с.с.
Ү. Жаңа
сабақты пысықтау: Есеп шығару:
№ 3. Ауызша
салыстыру.
№ 4.Ауызша.
Текшенің көлемі: V
= a • a • a.
Тік бұрышты
параллелепипедтің көлемі: V = a • b • c
а - ұзындығы, b-
ені, c – биіктігі.
№ 5.
Тіктөртбұрыштардың белгісіз қабырғасы мен периметрін тап.
Ұзындығы
|
5 см
|
10 см
|
6 см
|
8 см
|
8 см
|
Ені
|
2 см
|
3 см
|
4 см
|
8 см
|
3 см
|
Биіктігі
|
4 см
|
1 см
|
2 см
|
1 см
|
2 см
|
Көлемі
|
|
|
|
|
|
№ 6.
a – 70 см,
b – 60 см
c- 100
см
V - ?
ҮІ.
Бекіту. №
7 есеп.
ҮІІ. Үйге
тапсырма:
№ 8. 52- бет.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.