Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Тіл- асыл қазына" қазақ тілі сыныптан тыс жұмыс 4 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Тіл- асыл қазына" қазақ тілі сыныптан тыс жұмыс 4 сынып

библиотека
материалов

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы:4 «в»

Мерзімі: 04.12.2015

Сабақтың тақырыбы: «Тіл –асыл қазына»

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды оқуға ынталандырып, ойын еркін жеткізетіндей тілін байытып, белсенділікті арттыру. Санасын кеңейте отырып , білімге ізденімпаздылығы мен сүіспеншілігін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушылардың сөз тіркесі, сөйлем және сөйлем мүшелері туралы білімдерін тексеру.

Дамытушылық: ауызекі сөйлеу тілдерін, ойлау жүйесін дамыту.Өз пікірін дәлелдей білуге үйрету.

Тәрбиелік :бір –бірімен қарым-қатынасқа түскен кезде орынды сөйлеуге, әр сөзді дұрыс қолдануға үйрету, ана тілін құрметтеуге, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.

Сабақтың типі:сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын технологиясының элементтері, топтық жұмыс, ой қозғау, ой қорыту.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, мақал -мәтелдер

Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу.

Пайдаланған әдебиет:қазақ тілі 4 сынып Алматыкітап.2013 ж. Қазақ тілі 4 сынып Атамұра.2000 ж.

Сабақтың жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

I бөлім «Мақал-сөздің атасы»

II бөлім «Бәйге»

III бөлім «Бейнелі сөзге бейім бол»

IV бөлім «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

V бөлім «Сөйлем құрау»

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А) амандасу

-Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар!Бүгінгі біздің «Тіл –асыл қазына» атты білім сайысына қош келдіңіздер!

Туған тілім-тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

-Иә,тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті.Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.Тіл байлығы- әр елдің мақтанышы, атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра.

Бүгінгі сайысымыздың әділ-қазы алқаларымен таныс болыңыздар!

4 «в» сыныбының мұғалімі:Аманкулова Айгүл Жақсылыққызы.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:Нургалиева Роза Ақылбекқызы.

-Бүгінгі сайысқа қатысушы топтармен таныс болыңыздар!

І топ «Тапқырлар»

ІІ топ «Жүйріктер»

Таныстыру кезеңі.

-Ендігі сөз топ басшыларына беріледі.Көшбасшылар өз тобының аты мен ұранын өлең жолдарымен таныстырады.

І топ «Тапқырлар» тобы.

Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

ІІ топ «Жүйріктер» тобы.

Ана тілім- күшім менің қуатым,

Жырым сендік жүрегімнен туатын.

Тауысар ма ырысыңды, қорыңды.

Тізерлесіп қатар жазса мың ақын.

Сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар!

I бөлім «Мақал-сөздің атасы»

II бөлім «Бәйге»

III бөлім «Бейнелі сөзге бейім бол»

IV бөлім «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

V бөлім «Сөйлем құрау»

Сайысты бірінші бастайтын топты анықтау үшін жеребе тастау.

I бөлім «Мақал-сөздің атасы»

Әр топқа мақалдың басы айтылады, топ мүшелері мақалды аяқтау керек.

I топқа:

1.Тіл қылыштан (өткір)

2.Тіл тас (жарады)

Тас жармаса бас (жарады)

3.Отан оттан да (ыстық)

4.Сөз сүйектен (өтеді)

5.Тілі байдың (елі бай)

IІ топқа:

1.Тіл тағдыры- (ел тағдыры)

2.Сәлем сөздің -(анасы)

3.Өнер алды-(қызыл тіл)

4.Өнерліге өріс (кең)

5.Аз сөз (алтын)


II бөлім «Бәйге»

Берілен уақыт ішінде сұрақтарға тез жауап беру керек.

I топқа:

-Сөз тіркесі дегеніміз не?

-Сөйлемге анықтама бер.

-Жай сөйлем дегеніміз не?

-Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.

-Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері дегеніміз не?

IІ топқа:

-Сұраулы сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.

-Жай сөйлемнің құрмалас сөйлемнен қандай айырмашылығы бар?

-Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін ата.

-Сөйлемнің дара мүшесі дегеніміз не?

-Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не? Мысал келтір.

III бөлім «Бейнелі сөзге бейім бол»

2 топтан бір-бір оқушы шығып,тұрақты тіркестердің мағынасын ашады.

I топқа:

1.Қас пен көздің арасы.

2.Салы суға кету.

3.Қой аузынан шөп алмас.

4.Қара аспанды төндіру.

5.Бүйрегі бүлк етпеу.

IІ топқа:

1.Тау шағылу

2.Тепсе темір үзер.

3.Аузының суы құру.

4.Күлін көкке ұшыру.

5.Тасы өрге домалау.

IV бөлім «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

2 топқа да сөздер беріледі, берілген сөздерден сөз тіркестерін құрау қажет.

I топқа:

Әдемі, білімді, еңбекке, ақылды, өткір, шәкірт,пышақ, оқушы,гүл, баулу.

IІ топқа:

Тау, семіз, оқушы, тез, қой,кел, биік, жеті, директор, мектеп

V бөлім «Сөйлем құрау»

2 топқа да «Қазақстан» деген сөз беріледі.Осы сөздің әрбір әріптерінен басталатын сөйлем құрау керек.

Сайысты аяқтап, қорытындысын шығару.

Сөз кезегі әділ –алқаларына беріледі.

-Сонымен, құрметті сайысқа қатысушылар, бүгінгі «Тіл –асыл қазына» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.Сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет,сау болыңыздар!


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров268
Номер материала ДВ-285344
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх