Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Тіл білгірі" тақырыбындағы "Күлше қыз" ертегісі желісімен өткізілген сыныптан тыс сабағы (3-сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Тіл білгірі" тақырыбындағы "Күлше қыз" ертегісі желісімен өткізілген сыныптан тыс сабағы (3-сынып)

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Тіл білігірі – Күлше қыз»

Мақсаты: 1. Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін көрсету, оқушылардың

білімге құштарлығын арттыру;

2. Таным қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру, ой-өрістерін, тілідік

қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа баулу;

3. Ұқыптылыққа, саналылыққа, әдемілікке, адамгершілікке тәрбиелеу;

Көрнекілігі: үнтаспа, тапсырмалар, суреттер


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушыларға мектепте жүріп жатқан «Тілдер» апталығы жөнінде және соған байланысты бүгінгі сабақтың мақсаты мен ерекшелігіне тоқталу


ІІ Негізгі бөлім

1. Кіріспе

- Алдымызда шамалы күндерде көктем мезгілі жетеді. Көктем-күн шуағы жайдары, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын мезгіл. Қыздарымыз әдемі ханша болсам деп армандайтын мерекелі уақыт.

- Қазір мен сендерге бір сұрақ қойғым келіп отыр: ертеде бір кіп-кішкентай, мейірімді, еңбекқор, пысық, өгей шешесі мен апалары ұнатпаған сүйкімді қыз болыпты. Оны таңның атысы, күннің батысы жұмсап, дем алуына мұрша бермейтін. Ол кім? (Фильмнен үзінді көрсетіледі)

- «Золушка» сөзінің мағынасын білеміз бе?

- Оның ұйықтауға қолы тимейтіні сонша, түнде пештің қасында, күлдің жанында мызғып алады екен. Сондықтан да оны «Золушка» деп атаған. Яғни, орысша «»золо» сөзінің қазақшасы «күл». Ал, ендеше оның есімін қазақшалап кім дейміз?

-Әрине, «Күлше қыз»

-«Бүгінігі сабаққа мұның қатысы не?» деп тағатсыздана күтіп отырған боларсыңдар. Себебі, бүгінгі ойын әрі сайыс сабағымызда «Тіл білігірі-Күлше қызыды» анықтамақшымыз. Ол үшін сыныбымыздың барлық қыздарынан 3 талапкерді таңдап алайық (қыздарға карточкалар таратылады. Кім жылдам, әрі дұрыс орындаса, сол қатысады.)

Тиісті әріпті тауып қой:

…өмір, қа…т, дал…, ақ…ан

(Жауаптары дұрыс, алғаш орындаған 3 қызға Күлше қыз киімін кигіземін)

2. Сайыстың барысы:

Күлше қыздардың ұпай сандарын есептеп отыратын әділ қазылар сайланады.

1) Бүгін өгей шешесі түнге қарай ештеңеге көңілі толмай, бұрқылдап жүріп, Күлшеге тапсырма берді. Әр жемісті ажыратып себеттерге салу.

(Ол үшін жеміс ағаштарынан жеміс алып, артындағы тапсырмаларды орындайды)

«Алма» ағашы:

1. Қыста тонын айырбастайтын аң (қоян)

2. Орман емшісі (тоқылдақ)

3. Күзде егістік қасына ін салады (саршұнақ)

«Алмұрт» ағашы:

1. Сөйлем нелерден құралады? (сөздерден)

2. Сөз нелерден құралады? (дыбыстар мен әріптерден)

3. Сөзде қанша буын бар екенін қалай білеміз? (дауысты дыбысының санына байланысты)

«Банан» ағашы:

1. Мал иелерін ата (Жылқы иесі-Қамбарата, Ешкі иесі-Сексеката, Қой атасы-Шопаната, Сиыр иесі- Зеңгібаба, Түйе иесі-Ойсылқара)

2. Мал төлдерін ата (жылқы төлі-құлын, сиыр төлі-бұзау, қой төлі-қозы, ешкі төлі-лақ, түйе төлі-бота)

3. Аша тұяқты, жүні тығыз, уақ малды ата және ол туралы тағы не білеміз?

Енді үшеуі жинаған 9 жемісті көздерін байлап, яғни үйдің іші қараңғы деп ойлап, кезекпен себеттерге шатаспай салуы тиіс.

2) Өгей шешесінің қаталдығы сондай, оған өте қиын, ауыр жұмыстарды да істететін. Сондықтан мына жұмбақтарды шешсеңдер (кім қанша шешкені есептеледі) құралдардың аттарын табасыңдар және олардың ішінен Күлшеге тиістісін атайық (қайсысы тиісті екенін қағазға жазады):

1. Екі пышақ бірлесіп,

Кесіп-пішіп береді.

Екеуі бір жүрмесе,

Жоқ қой бізге керегі.

(қайшы)

2. Таудан төмен қар жауар,

Қозғай берсең көп жауар.

(елеуіш)

3. Бір үйде тұрады екен елу батыр,

Үй сыртына сүйкенсе-ақ, өліп жатыр.

(сіріңке)

4. Өзі тоқ, көлеңкесі жоқ

(құдық)

5. Тұмсығы мықты,

Қыр мен ойды тегістеп шықты.

(үтік)

6. Кигізіп-ап ұзын жіпті көзіне,

Киім тігіп береді ол өзіңе

(ине)

7. Өзі үйде болады,

Ол жүрген жер қоқыстан

Тап-таза боп қалады.

(сыпырғыш)

8. Иесі алуан өнердің,

Қолындамын шебердің

Қисықты ұрып, түзетем,

Шегені ұрып, біз етем.

(балға)

9. Тоқпаққа тоямын,

Онсыз аян жүрмесім

Біріктіріп қоямын

Екі заттың іргесін

(шеге)

10. Жүзіне салсаң көзіңді, көрсетеді өзіңді.

(айна)

11. Бетті әрлеу құралы, ерінге ол жұғады.

(далап)

3) Күлше қыз тәтті торт пісірмекші болады. Өгей әпкелері ыдыстағы қоспаларды ауыстырып қойған екен. Бірақ Күлше қыз оған керек затты иіскеп табады. (тұз, крахмал, ванилин)

Тапқыр Күлше қыздар мақалдардағы жасырын сөздерді табуы тиіс:

1. Ат-ердің ………. (қанаты)

2. Сиырдың сүті-……… (тілінде)

3. Ата-бәйтерек, бала-………. (жапырақ)

4. Еріншек ………. істер. (екі)

5. Сәлем-сөздің………. (анасы)

6. Ананың сүті-бал, баланың…….-бал. (тілі)

7. Еріншектің …….. бітпес. (ертеңі)

8. Әдепті бала – ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала – ата-анасын ………… (қақсатар)

9. Жаңбырмен жер көгерер,

…………. ер көгерер. (батаменен)

10. Аттың көркі – құйрық-жалы, құлағы,

Таудың көркі – тасы менен …………. (бұлағы)

4) Анда-санда Күлше қыз жалғызсырап, көңілі босаған сәттерде баққа бартын. Онда гүлдерді қызықтап мауқын басатын. Ендеше қазір күлше қыздар өздері ұнататын гүлдерін қиып, мына шашылған дыбыстар ішінен дауысты дыбыстарды теріп жазады да жуан дауыстыларды-бір сызықпен, жіңішке дауыстыларды-екі сызықпен сызып, әділ қазыларға ұсынады.

П Т С

А Ғ

Ө Ж Ү

Б Х

Е Ы К






5) Алысқа табыс тауып жүрген әкесі оған бірде кітап әкеліп береді. Қане қандай кітап әкелгенін оқып байқайық. (Оқыған шығармаларының қай түрге жататынын ажыратады)

1-кітап:

-Әй, Тайқарбай,

Қойыңды май жусанға жай, Тайқарбай!

-Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр,

«Әй, Тайқарбай» дегенің, қай Тайқарбай?

(жаңылтпаш, өзі білетін 1 жаңылтпаш айтуы тиіс)

2-кітап:

«Еңбек»

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты-еңбек

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты-еңбек.


Сабағыңа жөндеп

Әзірленсең-еңбек

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

(тақпақ, өзі білетін бір тақпақ айтуы тиіс)

3-кітап:

«Зеректік» ертегісінен үзінді.

(ертегі, өзі білетін ертегілерді атауы керек)

6) Патша бір күні балл (би кешін) ұйымдастырған екен. Сол баллда ханзада ханшаларды биге шақырады және нағыз хеншаны таңдайды.

* Ханзаданы таңдау үшін ұлдар тапсырма орындайды





«Артық әріптерді тап»

Қ М Қ С Т

а а а ы е

й ш ң з р

ы и б ы е

м н а ғ і

а н ы ы з

қ а қ ш е









* Әдемі билеген ханшаны байқау


ІІІ Қорытынды

Өте жақсы қатысқан, өнерлі, тапқыр ханшаны, яғни «Күлше қызды» марапаттау


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 19.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров313
Номер материала ДВ-272415
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх