Инфоурок Начальные классы Рабочие программыТіл дамыту "Төлдер айтысы"(Даярлық тобы)

Тіл дамыту "Төлдер айтысы"(Даярлық тобы)

Скачать материал

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Төлдер айтысы» (ертегісі)

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту

                 Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету.

                 Төлдерге қамқорлық пен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсіл: Сұрақ -  жауап, топқа бөлу, әңгімелесу, көрсету.

Сөздік жұмыс: Төрт түлік, төл

Көрнекілігі: Үй жануарлары және төлдер суреті, үнтаспа, дидактикалық ойын суреттері, атрибуттар, ертегі кейіпкерлері т.б

 

Оқу іс - әрекеті барысы:

Балалар Шаттық шеңберге тұрады.

Қол ұстасып тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

Жаңа шыққан бұл күнге,

Иіліп сәлем қылайық.

Тәрбиеші: Ал, балалар бүгінгі күнімізге, бір – бірімізге жақсы тілектер білдірейік.

Балалар: Еліміз тыныш болсын!

                Бейбітшілік заман болсын!

               Ата – анамыз ауырмасын!

               Күніміз жарық болсын!

Балалар ортадағы күннің шуақтарын ұстап, тілек айтады.

Тәрбиеші: Ал, балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде «Төлдер айтысы» ертегісімен танысамыз. Балалар сендер бағдаршамды білесіңдер ме?

Бала: Иә, білеміз.

Тәрбиеші: Бағдаршамда неше түс бар? Олар қандай түстер? Бағдарщам не үшін қажет?

Балалар: Бағдаршамда үш түс бар. Жасыл, қызыл, сары. Бағдаршам жол ережесін ретке келтіру үшін керек.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Ендеше, сендер сабаққа жақсы қатыссаңдар, сендерді бағдаршам түстерімен бағалайсын. Сабаққа жақсы жауап берсеңдер жасыл түспен бағалаймын.

Балаларды топқа бөлу, топ аттарын атау.

Тәрбиеші: Балалар үнтаспаға құлақ түрейікші. Үнтаспадан бізге бірнеше жұмбақтар айтады. Шешуін барлығымыз бірге табайық.

1.      Кезікті бір жануар

Үстінде екі тауы бар.      

                               (түйе)

2.      Кішкене ғана бойы бар

     Айналдырып киген тоны бар.

                                           ( қой)

3.      Қамыс құлақ

     Тостақан тұяқ

      Мінсен қанат,

           Сүті дәрі,

           Еті дәмді.

                                          (жылқы)

4.      Секең – секең етеді,

      Тастан  - тасқа секіріп,

      Қалқиып қос құлағы,

      Аула оның тұрағы.

                            (ешкі)

5.      Екі айнасы бар,

     Екі найзасы бар,

     Төрт шылдырмағы бар,

     Бір шыбыртқысы бар.

                                  (сиыр)

Әр айтқан баланы бағалап отыру.

Тақтадағы үй жануарларының төлдерін балаларға таптырып, ілдіру.

Тәрбиеші: Ал балалар төлдер жайлы ертегімізді айтайық.

Төлдер жайлы ертегі,

Сендерге сыр шертеді.

Ертегіні ең қызық,

Сахнаға енгіздік.

Балалар, ертегі қалай басталады?

Балалар: Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде

Тәрбиеші: Олай болса, біз сендермен «Төлдер айтысы» ертегісін тамашалайық.

Үнтаспада: «Ерте, ерте, ертеде» өлеңі ойналып тұрады.

Тәрбиеші: Ертеде шөбі шүйгін бұлақтың жағасында жиналған төлдер, иеміз қайсысымызды жақсы көреді деп, бір – біріне сұрастыра бастайды.

Сонда лақ тұрып: Ешкі қойды бастаған,

 (Айжан)                Қойды артына тастаған.

                               Ешкі деген жануар,

                               Сойса саны қалақтай,

                               Сауса сүті бұлақтай.

Адамдар біздің сүтімізді ішіп, түбітімізден киім жасайды. Адамдар мені жақсы көреді. Мә - мә - мә.

Құлын: Лақ сен босқа мақтанба.

(Рамазан)     Қоғалы көлді жайлаған,

                     Қашқынға жетпей қоймаған,

                     Ер қанаты өзің деп,

                      Ел қуанып айдаған.

Біздің етімізден қазы – қарта, шұжық істейді. Мен алыс ауылдарға жеткіземін.

Адамдар мені жақсы көреді.

Тәрбиеші: келесі бұзау тұрып, сайрай бастайды.

Бұзау: Сендер босқа мақтанбаңдар. Адам тіршілігінің ең қолайлысы мен. Бізден шелек – шелек сүт, қарын – қарын май алады. Иеміз бізді жақсы көреді. Мө - мө - мө.

Қошақан: Сендер босқа мақтанбаңдар. Иеміз бізді жақсы көреді. Маталар, киімдер, кілемдер, біздің жүнімізден алынады. Мә - мә - мә

Бота: Бәрінен де ием мені жақсы көреді. Бізден алатын шұбаттың емдік қасиетін білесіңдер ме?

Тәрбиеші: Төлдерім сендер босқа таласпаңдар. Әрқайсысыларының өз орындарын бар. Адам үшін  бәрін де керексіңдер. Мен сендерге ризамын.

 

Барлығы: Төрт түліктің төресі,

                 Біздер әркез біргеміз

                 Ел ырысыбіз болып,

                 Ажырамас іргеміз.

Тәрбиеші: Үй жануарларына тоқталып өту. Сиырдың сүтінен әртүрлі тағамдар жасаймыз. Құрт, ірімшік, қатық, сүзбе, май және т.б. Ал, жылқыдан етін жейміз, қазы – қартасын аламыз, қымызын ішемін, ол емге шипа. Бұрыңғы кезде ата – бабаларымыз алыс жолға шаққанда қымызды торсыққа құйып алып жүрген. Мынау торсығымыз, оны да терідер жасайды. Ал енді қойдың, ешкінің жүнінен әртүрлі тоқыма киімдер, кілемдер жасайды. Жүнін түтіп, ұршықпен иіріп, жіп жасайды. Терілерінен былғары етік, байпақ жасайды. Ал енді түйенің етін жиміз, сүтін ішеміз, шұбаты емге шипа. Ал енді балалар төрт түліктің адам өміріне пайдасы көп екенін түсіндіңдер ме?

Балалар: Иә, түсіндік.

Балаларды бағалау.

Тәрбиеші: Балалар, бізне қонаққа Шопан ата келіп қалыпты.

Шопан ата: Амансыңдар ма, балаларым? Амансыңдар ма, қонақтар? Мен арнайылап өрістегі малдарымды тастап, балалардың өнерін тамашалайын деп келдім. Менімен бірге ойын ойнайсыңдар ма? Ендеше, мен төлдерімді шақырайын.

1)     Қой баласы қоңырым,

 Қойдан жуас момыным.

Қошақаным қайдасын?

Пұшайт – пұшайт. (қошақандар жүгіреді)

2)     Жауын жауса бақырған,

       Ешкі атасын шақырған,

       Шөкетайым қайдасын?

       Шөре – шөре лағым. (лақтар жүріді)

3)     Жолға шықсам көлігім,

Жапанда жүрсем серігім,

Қамбар ата өсірген

Құлыным менің қайдасың?

Құрау – Құрау. (құлын жүгіреді)

4)     Тілі менен мұрнын жалаған,

Тілімен бойын тараған.

Зеңгі баба өсірген,

Әукешім менің әукешім.

      Аухау – аухау. (бұзаулар жүгіреді)

5)     Екі көзі танадай,

Екі өркеші баладай.

Елпеңдеген ойнақтап,

Енесіне қарамай.

Ботақаным қайдасың?

Көс – көс. (боталар жүгіреді)

Балалар сендерге ойын ұнады ма?

Тәрбиеші: Балалар төлдер әнін орындайды.

Шопан ата: Ал, балаларым өлеңді жақсы айтады екенсіңдер. Менің өріске толы малым бар. Мен енді жайылымға қайтайын. Кеш болмай тұрғанда малдарыма жетейін. Сау болыңдар, балалар!

Тәрбиеші: Балалар, Шопан ата ойнатқан ойын ұнады ма? Ендеше, әрі қайрай топқа бөлініп жарысайық. Сендерге әртүрлі тапсырмалар беремін.

 1 топ: Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

2 топ: Төрт түлік малдардың мақал – мәтелдерін айту.

Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл көсір.

 

Жылқы малдың патшасы

Түйе малдың қасқасы.

 

Ат адамның қанаты

Ас адамның қуаты.

 

Сиыр судан жериді

Су сиырдан жериді.

 

Аттан тай озады

Атадан бала озады.

 

3 топ: Үй жануары мен жабайы жануарды ажырату

4 топ: Үй жануарлар суретін бояу.

5 топ: Суреттегі үй жануарларды құрастыру.

Тәрбиеші: Балаларды бағалау. Балалар сендерді ата – аналарың «қошақаным, ботам, құлыншағым» - деп еркелете ме? Ендеше, төрт түліктер де өз балаларын жақсы көреді екен. Балалар, біз де үй жануарлар төлдерін жақсы көреміз бе?

Тыйым сөздер:

1.      Малды ұрма.

2.      Малды теппе.

3.      Малға теріс қарап мінбе.

4.      Ағарғанды төкпе

Балалар тыйым сөздерді үнемі есте сақтап жүрейік. Балалар биыл жылқы жылы. Жылқы өте сүйкімді, сезімтал, өте таза. Ендеше, жылқы жылы отбасымызға, мектебімізге жақсы жаңалықтароымен келсін! Алда келе жатқан «Наурыз» мерекесі құтты болсын! Малдарыңыз аман болсын! Ақ мол болсын!

Ортаға ер балалар шығып қара жорға биін билейді.

Осымен ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміз аяқталды. Сендерге көп рахмет!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тіл дамыту "Төлдер айтысы"(Даярлық тобы)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 475 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.12.2015 7094
    • DOCX 45.5 кбайт
    • 26 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахметова Лаззат Тулегеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рахметова Лаззат Тулегеновна
    Рахметова Лаззат Тулегеновна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18094
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 718 человек

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Мини-курс

Современное инвестирование: углубленное изучение инвестиций и финансовых рынков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов

Мини-курс

Искусство звука: путешествие по музыкальным жанрам

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека