772967
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокДошкольное образованиеРабочие программыТіл дамыту. "Үй жануарлары мен оның төлдері".

Тіл дамыту. "Үй жануарлары мен оның төлдері".

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Білім беру саласы: Қатынас

Кіші сала:Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Үй жануарлары мен оның төлдері

Мақсаты:Сөйлеу барысында үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын білдіретін зат есімдердің жекеше және көпше түрлерін қолдана білулерін дамыту. Балаларға сөйлеу барысында зат есімдердің (үй жануарларының) топтарға қалай жіктелуін ұғындыруды жалғастыру.

Көрнекілігі: Үй жануарлары  мен олардың төлдерінің суреттері. Олардан алынатын өнім түрлері т.б.

Әдіс – тәсілдер: Көрсету, сұрақ – жауап, ойын, сәйкестендіру, сөздік жұмысы, Бес жол өлең т.б.



Жүрісі:

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір – біріне жақсы тілектерін арнайды. Осы кезде топқа керуен келіп кіреді. Керуен басы жылқыға мінген, жетегінде түйелері бар. Керуен басы тәрбиешімен, балалармен амандасады.

Тәрбиеші керуен туралы түсінік береді.

Біздер қазір бір жерден екінші жерге бару үшін әр түрлі көліктерді: ұшақ,

кеме,  автомобиль  түрлерін пайдаланамыз. Ертеде техника жоқ кезде ата – бабаларымыз көлік ретінде түйе, жылқы, өгізді пайдаланған.Ел қыстаудан жайлауғакөшкенде, базарға барып зат әкелгенде жылқы және түйелерден құралған керуендермен жүрген.Түйелердің күші көп болғандықтан оларға ауыр жүк тиеуге болады.Түйе шөлге де төзімді келеді.Ал жылқы малы жүйрік келеді т.б мәліметтерді айту.Сұрақ – жауап арқылы жылқы мен түйе туралы, олардың төлдері , олардан алынатын өнімдер туралы әңгімелеу.

Картамен жұмыс: Түйе мен жылқының әрқайсысының тұсына төлдері мен олардан алынатын өнімдердің суретін тауып ілу.

Керуен басы: — Балалар, мен туралы мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын.Мен көшті ілгері (алға) жүргізу үшін сендерге тапсырмалар мен сұрақтар әкелдім.Сол тапсырмаларды орындап маған көмектесулеріңді сұраймын.

Балалар келіседі.

1 Түйенің қоржынындағы тапсырма. Сурет құрастыру.

Жауабы: Сиыр.

Балалар, ненің суреті шықты. Ол туралы не білеміз.Айтайықшы.

Жангүл: Сиыр пірі – Зеңгібаба,

Сиырға сүтті жетпес баға.

Сиыр барда өсіп – өнер,

Аққа тойып бала – шаға.

Сөздік жұмысы: Зеңгібаба – Сиыр малының пірі (атасы).

Ақ – сүт, айран, қаймақ.

Саят: Әукім, әукім, әукешім,

Қасиыншы әукесін.

Сүйсінсін маған сүйеніп

Қасы деп тағы әукесін.

Сиырдан алынатын өнімдер: сүт, қаймақ, ірімшік, май, айран, ет т.б. туралы айтып түсіндіру.

Картамен жұмыс: Сиыр суретінің тұсына төлі мен одан алынатын өнімдердің суретін тауып ілу.

Ерасыл:Балдан тәтті қаймақ,

Жегенім жоқ айлап.

Жүрген шығар сақтап,

Апам мені ойлап.

Несібелі: Май алады сүттен,

Құрт алады сүттен.

Сүт алады молырақ

Малын баптап күткен.

2 Түйенің тапсырмасы: Жұмбақ  шешу.

Жұмбақ: 1.Терісі тон,

Жүні шапан.

Отарымен

Баққан атам.

Мінезімен

Көпке жаққан.

Шешуі: Қой.

Жұмбақ: 2. Бойы қойдай баяғы

Оның да төртеу аяғы.

Қос шырағы тағы бар

Маңдайда екі таяғы.

Шешуі:Ешкі.

Тәрбиеші қой мен ешкі малдары туралы балаларға түсінік береді және балалардан ол туралы не білетіндерін сұрайды.

Асылжан: Қошақаны қойдың

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің

Қай өрістен тойдың?!

Диана:        Мынау тұрған лақ,

Салпаңдаған құлақ.

Су ішетін жері

Сылдыраған бұлақ.

Керуен басы балалардың жауаптарына  риза болып, енді  керуеннің алға жүруге болатын айтады. Келесі түйе қоржынындағы сыйлықтарды (құрт, ірімшік т.б.) алып, жауаптары көңілінен шыққан балаларға тарту етеді. Қоштасып шығып кетеді.

Картамен жұмыс: Қой мен ешкінің суреті тұрған қатарға олардың төлдері мен өнімдерінің суретін ілу.

Дидактикалық ойын: «Не қалай дыбыстайды?»

Шарты: Тәрбиеші түліктің атауын айтқанда балалар сол түліктің қалай  дыбыстайтынын тауып айтулары және дыбыстаулары керек. Мысалы: Түйе – боздайды т.б.

Сергіту.Қаражорға биі. Балалар  орындарынан тұрып, музыка ырғағымен би қимылдарын орындайды.

Дидактикалық ойын: «Адаспай тап».Сәйкестендіру тесті.

Шарты: Сурет бойынша төлдерді өз енелеріне сызықпен қосу, сәйкестендіру.

Қорытынды: Бес жол өлең.

1.Атауы (Зат есім): Үй жануарлары

2.Қайтеді?(Етістік): Төлдейді, көбейеді, дыбыстайды

3.Қандай? (Сын есім): Түсі, пішіні т.б.

4.Ойды білдіреді:Мал – баққандікі, отын шапқандікі

5.Синоним сөз:Мал.

Карта және суреттер бойыншаіс – әрекетті қорытындылау.

Қазақ халқы төрт түлік малды көлік ретінде мінді, тамақ есебінде етін, сүтін азық қылды. Жүні мен терісінен киім – кешек тігіп киді.Тұрмыстық бұйымдар жасап пайдаланғандығын айту арқылы бекіту.

Іс – әрекетке белсене қатысқан балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Үй жануарларын бір – бірінен ажырату және оларды жекеше және көпше түрде айта алуы.Төлдерін танып, жаттаған тақпақтарын айта  алуы.

Түсінуі: Жұмбақта айтылған ойды түсініп, шеше алуы, тапсырманы орындай білуі.

Қолдануы: Төрт түліктен алынатын  өнімдерді біліп, олардың қалай дыбыстайтынын білуі.



Общая информация

Номер материала: ДВ-344496

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Образовательные ресурсы системы дошкольной образовательной организации в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Развитие элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Простые машины и механизмы: организация работы ДОУ с помощью образовательных конструкторов»
Курс повышения квалификации «Патриотическое воспитание дошкольников в системе работы педагога дошкольной образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Использование декоративно-прикладного искусства в работе с детьми дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Эмоциональные нарушения дошкольного возраста. Технологии индивидуальной коррекционно-развивающей работы»
Курс повышения квалификации «Художественно-эстетическое развитие детей дошкольного возраста в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Индивидуализация образования. Сопровождение индивидуального развития ребенка-дошкольника в вариативной образовательной среде»
Курс повышения квалификации «Методическое обеспечение дошкольного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «ФГОС ДОО. Развитие поисковой активности, инициативы и познавательной мотивации методом экспериментирования у детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Технология проектной деятельности в процессе ознакомления детей дошкольного возраста с природой»
Курс повышения квалификации «Управление качеством дошкольного образования в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Пальчиковая гимнастика как средство развития речи детей дошкольного возраста»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере дошкольного образования»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.