Инфоурок Начальные классы КонспектыТіл дамытудағы шағын жанрлардың маңызы

Тіл дамытудағы шағын жанрлардың маңызы

Скачать материал

Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік – гуманитарлық колледжі

Бастауыш сыныпты оқыту әдістемесінің оқытушысы

Абишева Р Ж.

Тіл дамытудағы шағын жанрлардың маңызы

«Бала тәрбиесі – бесіктен» деген тәрбиелік ұғымды әрдайым есте сақтаған қазақ халқы баласын алдымен халықтық дәстүрде тәрбиелеуді ұстанған. Халық қашан да өскелең ұрпақты тәрбиелеудің мәнін, оның қиындығы мен қуанышын, одан шығатын нәтижені біліп отырған. Осы тұрғыдан қарағанда, ауыз әдебиетіндегі шағын жанрлар – мақал – мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштардың әрқайсысының баланың ой - өрісін, дүниетанымын, қиялын, тілін дамытуда, тәлім-тәрбиесінде терең мән жатыр.

Мақал – мәтелдер – ұзақ жылдар бойы халықтың іс – тәжірибесінен түйінделген даналықтың жемісі. Мақал – мәтелдер - әр кезеңде ата-бабадан ұлағатты сөз, парасатты ой ретінде ұрпақтың еншілеген мол қазынасы.

Олар – көлемі жағынан шағын болғанмен, мазмұны кең, ойы терең, тілі өткір де бай мұра. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінде халықтың өмір сүру барысындағы тәжірибесі, көңілге тиеген ақылының кені жатыр. Мысалы, 4-сынып «Ана тілі» оқулығында ынтымық, достық, отан, адамгершілік, білім, еңбек туралы мақал-мәтелдер балаға айтатын ойын қысқа да нұсқа түрде жеткізуге үйретеді, сөз қадірін түйсінтеді. Оқушылардың тілі шебер, ойы орамды болуы үшін ана тілі оқулықтарындағы мақалдармен шебер жұмыс жасау қажет.

Үйренген мақалдарды орынды қолдану керектігі түсіндіріліп, «Сөз тапқанға – қолқа жоқ» сайысын, «Мақалдата» айтысу жұмысын және «Мың бір мақал!» сияқты ойындар жүргізу оқушы тілін, ойын дамытудың ең шебер құралы.

«Мың бір мақал» ойыны.

Ойынның шарты – 3 топқа бөлініп, мақал сайысын өткізу;

І. Мақал айтып, тоқтағанша жарысу.

ІІ. Мақалдың соңын жалғастыру және мәнін, мағынасын ашу.

1.        Батыр туса – ел ырысы

2.        Батыр бір өледі –қорқақ мың өледі

3.        Жаңбыр жауса - жер ырысы...

ІІІ. Белгілі бір тақырыпқа байланысты мақал айту.

Төрт түлік мал туралы:

1. Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл – көсір...

Оқу – білім туралы:

1. Ақыл азбайды, білім тозбайды.

Төменгі сыныптарда оқушылардың ауызша тілін дамытуда мақал – мәтелдермен қатар жұмбақтарды пайдалану тиімді. Балалар үшін жұмбақты дүниенің қыр-сырын білдіртуге, танымы мен қиялын ұштауға, тіл шеберлігіне, ой жүйріктігіне баулу мақсатында қолданған.  Жұмбақтар нәрсенің, заттың, құбылыстың жалпы сыртқы көрінісін сипаттау, ішкі мазмұнын білдірту, екінші бір нәрсемен салыстыру, басқа нәрсеге теңеу, ұқсату, баламалау, әсірелеу мазмұнында беріледі.

Жұмбақтардың мазмұнынада тілдік қолданыстар да сан алуан болып келеді.

І. Оқулықтағы:  Қара, бірақ қарға емес, мүйізі бар, сиыр емес,

               Алты аяқты, жорға емес, оған ешкім үйір емес.

- деген жұмбақ нәрсенің сыртқы сапа, белгілерін сипаттап тұрса,

ІІ. Теңеу мағынасында:

Мамықтай ұлпа, қанттай ақ,

Қыста жер бетін басады, жазда сайға қашады.

ІІІ. Әсірелеу мағынасында:

Көрінбейді көзіңе, тіл қатпайды өзіңе,

Жығады ол күн сайын, ең күштінің өзін де.

Оқулықта тіл төселтуге арналған арнайы сөздер тізбегі – жаңылтпаштар да берілген. Оқушыны тіл мүкісінен арылтып, сөздерді шапшаң да, нақты айтқызып үйрету мақсатын көздейді. Оқушылар жаңылтпаштарды тез айтып үйрене келе өздері де ойларынан жаңылтпаштар құрастырады.

Әдетте, жаңылтпаштар айтылуы қиын жеке дыбыстар мен сөздерден тұрады. Мысалы, «Р», «Л» дыбысын дұрыс оқу үшін оқулықта:

1) Тарғыл итім талға оралды,

    Талға тағы барып оралды.

2) Қораларында қол ара тұр,

    Қол араларың қорада тұр – деген жаңылтпаштар кездеседі.

Мазмұндық жағынан қарағанда тәрбиелеу мақсатында айтылатын жаңылтпаштар да бар.

«Есік алдындағы отынның

Шырпылылылырағынан ала кел,

Томарлылырағынан ала кел

Түбірлілірегінен ала кел.

Жаңылтпаш баланы сөз мағынасын бұрмаламай, абайлап, анық сөйлеуге үйретеді.

Ертегі – халық ауызекі шығармашлығының бір тармағына жататын, атадан балаға ауызша берілетін, халықтың аңсаған арман-қиялынан туған шығарма. Ертегілердің өзіндік құрылымы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай  ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Ертегілер арқылы оқушылардың адамгершілік пен эстетикалық тәлім – тәрбиесінің дамуына ықпал жасайды. Баланы мұратқа, жеңіске, жетістікке жету жолында белсенділікке, әділеттілікке, әрекеттілікке үйретеді.

Ертегілерді талдау барысында көріністе әр түрлі мақұлықтар, жануарлар суреттелгенімен, іс жүзінде шынайы өмірдегі адамдар арасындағы қатынас бейнеленетіндігін ескертіп отыру керек. Халық ауыз әдебиетінде жануарлар, мысалы, түлкі - әккі, қу адамдардың, қасқыр – зорлықшыл, жауыз адамдардың, қоян – қорқақ адамдардың, аю – ақымақ, қара күштің бейнесі ретінде алынады да, сол мінездегі адамдарға өкілдік етеді. Ал жын, пері, жалмауыз адамзаттың қас жауы ретінде алынып, жаман ниеттен озбыр, жауыз күштердің бейнесінде алынады.

Ерекше көңіл бөлуге тиісті бір мәселе, ертегілерді оқытуда оны есте қалдыруға, қайталай баяндауға оңай, оқиғасының қызықты болатындай ерекшеліктерін толық пайдаланып, оқушылардың мәтін мазмұнын қайталай баяндауға, сөйлеуге дағдылануын берік меңгерту керек. Мысал ретінде «Ғажайып бақ» деген халық ертегісін талдап көрейік. Бұл ертегіні оқу арқылы басқаға қамқор, мейірімді болудың, көптің қамын ойлаудың, дайын пайдаға қызықпаудың ізгі қасиет, асыл мұрат екендігін, сонымен бірге, достыққа адал, мейірімді, көпшіл бөлуді даңқ сезіну керектігін түсіну қажет. Әрі бұл ертегіден кедейлер қауымының бақытты тұрмысты аңсаған арман – тілегінің қызықты да ғажайып оқиғалар арқылы бейнеленгендігіне көңіл бөлу керек.

Ертегі үш бөлімге бөлінеді. Бірінші бөлімде – шығармадағы  кейіпкерлер және олардың мінездері таныстырылады. Біз Қасен мен Асанның бір-біріне қамқор, достыққа адал, ізгі ниетті кедей адамдар екендігін, Қасеннің малы қырылып, қайыршы болуға айналғанда Асан оған ұлтарақтай жерінің жартысын бөліп беріп, оны құтқарып қалғандығынан білеміз. Қасен Асан берген жерден ішіне алтын толтырылған құмыра тауып алғанда, оны жасырып қоймай, қайта Асаннан сүйінші сұрайды. Оған: - Алтын саған тән, сен енді кедейліктен құтылдың! – дейді. Бірақ Асан: - Ардақты досым, жердің асты-үстіндегі қазынаның барлығы сол жерге маңдай терін төгіп, еңбек еткен адамдікі, - деп, алтынды алуға көнбейді. Міне, бұдан олардың ізгі ниетін, досқа деген адалдығын көреміз. Мәтіннің осы бөлігінде тағы ақылды да көпшіл қарт пен оның төрт шәкіртінің бір-біріне ұқсамайтын әрекеттері де ашылады. Қарт әуелі бүлікті төрт шәкіртіне беріп, оларды сынап көреді. Бірінші шәкірті: Қазынаның иесі хан болу керек, десе, екінші шәкірті: Асан мен Қасен дауласып, биге келеді, билікті мен айтатын болған соң, алтын маған тән, өзім аламын, -  дейді. Үшінші шәкірті: Иесі жоқ алтынды қайтадан көміп тастау керек, - деп, алтынды көптің мүддесі үшін жаратуды деп ойламайды. Ал, төртінші шәкірті: осы алтынды жұмсап, құлазып жатқан далада гүл жайнаған саябақ өсіру керек. Арып – ашқан кем – кетіктер сол бақтың саясында дем алып, жеміс жеп, рахметін көпке көрсетуі керек,-деп билік айтады. Ақылды, дана қарт оның билігін әділ болды деп бағалайды. Сонымен, алтын жөніндегі талас әділ шешім табады. Ертегілердің кейіпкерлерінің де әрекеттері толық ашылады.

Ертегінің екінші бөлігінде оқиға онан әрі дамып, күрделене түседі. Алтын туралы қайшылық шешілген соң, олар енді саябақ жасау дайындығына кіріседі. Бірақ базарға тұқым алуға барған жігіт алтынын союға апара жатқан көп құстарды сатып алуға жұмсайды да, жер жүзінің құстары құтқарылып, оның есесіне өзі құр алақан қалады. Жеміс тұқымын сатып ала алмай жігіт үйіне қайтуға мәжбүр болады. Кең пейілді, ізгі ниетті жігіт алтынды құстарға бостандық әперуге жұмсайды. Ертегінің үшінші бөлігінде алтын жұмсап, еркіндікке шығарған құстардың адамдар армандаған баққа дүниенің бұрыш-бұрышынан жеміс-жидек тұқымын тауып әкеліп еккендігі, сол арқылы ғажайып бақтың байлыққа әкелгендігі айтылады. Бұл бөлімде олар қиялдаған арманына жетеді. Құлазыған тақыр дала ғажайып бау-бақшаға айналады. Ымырт үйіріліп, қараңғы түскенде алмалар самсып, құстар тамылжытып ән шырқайды. Жарлы-жақыбайлар хош иісті көк шалғынды төсеніп, өмірлерінде алғаш рет рахатқа кенеліп, тәтті ұйқыға батады. Ғажайып бақтың қызығы сол баққа ақсүйектер мен байлар келсе, жеті құлып салынған темір қақпалы үлкен қабырға пайда болады. Алмаға суық қолын созған ақсүйектер есінен танып, жерге құлайды. Зәре-құты ұшқан мырзалар ол жерге жоламайды. Ал кедейлер келісімен қақпа өздігінен ашылып, олар қанша жеміс жесе де жеміс азаймайды. Ертегінің бұл бөлімін түсіндіргенде, ондағы бейнеленген халықтың бақытты тұрмысты аңсаған арман – тілегі мен ондағы бейнеленген таптық көзқарасты халық ертегілерінің ерекшелігімен бірлестіре отырып түсіндіру қажет.

Ертегі балаларды қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын жеткізуге және қайратты істер жасауға жұмылдырады. Сондықтан, балаларды ертегі оқуға қызықтыру, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру мақсатында

«Ертегілер еліне саяхат» сабағын өткізуге болады. Сондай-ақ, «Ертегіні кім көп біледі?» сайыс сабағын ұйымдастыруға болады.

Сайыс бірнеше бөлімнен тұратын етіп,

1- бөлімді «Кім тапқыр?» деп атау керек.

Ертегіден үзінді бойынша сахналық қойылым көрсетіліп, көрген ертектің атын, қай халық ертегісі екенін айтуы керек.

2- бөлім «Кім шапшаң?» деп аталады. Ертегіден үзінді үнтаспадан оқылады. Шарты – ертегілердің атын табу және жалғастырып айту.

3- бөлімді «Кім ойшыл?» деп атауға болады. Кез келген ертегіден үзінді оқылады. Сол ертегі кейіпкерлерін ретімен айту керек.

4- бөлім «Кім білгір?» деп аталады. Шарты – ертегі сурет арқылы бейнеленген, сол суреттегі ертегінің аты мен қай халықтікі екенін табу керек.

Мәтіндегі сөздердің мағынасын ашып түсіндіру – алуан түрлі: затты табиғи жағдайда бақылау немесе оны сыныпта көрсету, экскурсия ұйымдастыру, сөз мағынасын түсіндіруде техникалық құралдар қолдану.

Мәтін мазмұны бойынша істелетін шығармашылық жұмыстар оқушылардың оқыған мәтінді тереңірек меңгеруіне мүмкіндік туғызады. Өз беттерімен ойланып жұмыс істеуге талаптандырады.

 

Пайдаланған әдебиеттер

1.        Алдамбергенова Б.Г. Оқушылардың  ауызекі сөйлеуін дамытудың жолдары // Ізденіс-Поиск №6, 1998.

2.        Ахметов С. Бастауыш сыныпта білім берудің тиімділігін арттыру жолдары. Алматы, 1994.

3.        Әбдікәрімова Т. Бастауыш сыныпта мәтін арқылы тіл дамытудың ғылыми негіздері мен оқыту әдістемесі. Алматы, 2002.

4. Львов М.Р., Рамзаева Т.Т., Светловская Н.Н.  Методика обучения русскому языку в начальных классах. Москва, 1987.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тіл дамытудағы шағын жанрлардың маңызы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Бала тәрбиесі – бесіктен» деген тәрбиелік ұғымды әрдайым есте сақтаған қазақ халқы баласын алдымен халықтық дәстүрде тәрбиелеуді ұстанған. Халық қашан да өскелең ұрпақты тәрбиелеудің мәнін, оның қиындығы мен қуанышын, одан шығатын нәтижені біліп отырған. Осы тұрғыдан қарағанда, ауыз әдебиетіндегі шағын жанрлар – мақал – мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштардың әрқайсысының баланың ой - өрісін, дүниетанымын, қиялын, тілін дамытуда, тәлім-тәрбиесінде терең мән жатыр.

Мақал – мәтелдер – ұзақ жылдар бойы халықтың іс – тәжірибесінен түйінделген даналықтың жемісі. Мақал – мәтелдер - әр кезеңде ата-бабадан ұлағатты сөз, парасатты ой ретінде ұрпақтың еншілеген мол қазынасы.

Олар – көлемі жағынан шағын болғанмен, мазмұны кең, ойы терең, тілі өткір де бай мұра. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінде халықтың өмір сүру барысындағы тәжірибесі, көңілге тиеген ақылының кені жатыр. Мысалы, 4-сынып «Ана тілі» оқулығында ынтымық, достық, отан, адамгершілік, білім, еңбек туралы мақал-мәтелдер балаға айтатын ойын қысқа да нұсқа түрде жеткізуге үйретеді, сөз қадірін түйсінтеді. Оқушылардың тілі шебер, ойы орамды болуы үшін ана тілі оқулықтарындағы мақалдармен шебер жұмыс жасау қажет.

Үйренген мақалдарды орынды қолдану керектігі түсіндіріліп, «Сөз тапқанға – қолқа жоқ» сайысын, «Мақалдата» айтысу жұмысын және «Мың бір мақал!» сияқты ойындар жүргізу оқушы тілін, ойын дамытудың ең шебер құралы.

«Мың бір мақал» ойыны.

Ойынның шарты – 3 топқа бөлініп, мақал сайысын өткізу;

І. Мақал айтып, тоқтағанша жарысу.

ІІ. Мақалдың соңын жалғастыру және мәнін, мағынасын ашу.

1.Батыр туса – ел ырысы

2.Батыр бір өледі –қорқақ мың өледі

3.Жаңбыр жауса - жер ырысы...

ІІІ. Белгілі бір тақырыпқа байланысты мақал айту.

Төрт түлік мал туралы:

1. Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл – көсір...

Оқу – білім туралы:

1. Ақыл азбайды, білім тозбайды.

Төменгі сыныптарда оқушылардың ауызша тілін дамытуда мақал – мәтелдермен қатар жұмбақтарды пайдалану тиімді. Балалар үшін жұмбақты дүниенің қыр-сырын білдіртуге, танымы мен қиялын ұштауға, тіл шеберлігіне, ой жүйріктігіне баулу мақсатында қолданған. Жұмбақтар нәрсенің, заттың, құбылыстың жалпы сыртқы көрінісін сипаттау, ішкі мазмұнын білдірту, екінші бір нәрсемен салыстыру, басқа нәрсеге теңеу, ұқсату, баламалау, әсірелеу мазмұнында беріледі.

Жұмбақтардың мазмұнынада тілдік қолданыстар да сан алуан болып келеді.

І. Оқулықтағы: Қара, бірақ қарға емес, мүйізі бар, сиыр емес,

Алты аяқты, жорға емес, оған ешкім үйір емес.

- деген жұмбақ нәрсенің сыртқы сапа, белгілерін сипаттап тұрса,

ІІ. Теңеу мағынасында:

Мамықтай ұлпа, қанттай ақ,

Қыста жер бетін басады, жазда сайға қашады.

ІІІ. Әсірелеу мағынасында:

Көрінбейді көзіңе, тіл қатпайды өзіңе,

Жығады ол күн сайын, ең күштінің өзін де.

Оқулықта тіл төселтуге арналған арнайы сөздер тізбегі – жаңылтпаштар да берілген. Оқушыны тіл мүкісінен арылтып, сөздерді шапшаң да, нақты айтқызып үйрету мақсатын көздейді. Оқушылар жаңылтпаштарды тез айтып үйрене келе өздері де ойларынан жаңылтпаштар құрастырады.

Әдетте, жаңылтпаштар айтылуы қиын жеке дыбыстар мен сөздерден тұрады. Мысалы, «Р», «Л» дыбысын дұрыс оқу үшін оқулықта:

1) Тарғыл итім талға оралды,

Талға тағы барып оралды.

2) Қораларында қол ара тұр,

Қол араларың қорада тұр – деген жаңылтпаштар кездеседі.

Мазмұндық жағынан қарағанда тәрбиелеу мақсатында айтылатын жаңылтпаштар да бар.

«Есік алдындағы отынның

Шырпылылылырағынан ала кел,

Томарлылырағынан ала кел

Түбірлілірегінен ала кел.

Жаңылтпаш баланы сөз мағынасын бұрмаламай, абайлап, анық сөйлеуге үйретеді.

Ертегі – халық ауызекі шығармашлығының бір тармағына жататын, атадан балаға ауызша берілетін, халықтың аңсаған арман-қиялынан туған шығарма. Ертегілердің өзіндік құрылымы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Ертегілер арқылы оқушылардың адамгершілік пен эстетикалық тәлім – тәрбиесінің дамуына ықпал жасайды. Баланы мұратқа, жеңіске, жетістікке жету жолында белсенділікке, әділеттілікке, әрекеттілікке үйретеді.

Ертегілерді талдау барысында көріністе әр түрлі мақұлықтар, жануарлар суреттелгенімен, іс жүзінде шынайы өмірдегі адамдар арасындағы қатынас бейнеленетіндігін ескертіп отыру керек. Халық ауыз әдебиетінде жануарлар, мысалы, түлкі - әккі, қу адамдардың, қасқыр – зорлықшыл, жауыз адамдардың, қоян – қорқақ адамдардың, аю – ақымақ, қара күштің бейнесі ретінде алынады да, сол мінездегі адамдарға өкілдік етеді. Ал жын, пері, жалмауыз адамзаттың қас жауы ретінде алынып, жаман ниеттен озбыр, жауыз күштердің бейнесінде алынады.

Ерекше көңіл бөлуге тиісті бір мәселе, ертегілерді оқытуда оны есте қалдыруға, қайталай баяндауға оңай, оқиғасының қызықты болатындай ерекшеліктерін толық пайдаланып, оқушылардың мәтін мазмұнын қайталай баяндауға, сөйлеуге дағдылануын берік меңгерту керек. Мысал ретінде «Ғажайып бақ» деген халық ертегісін талдап көрейік. Бұл ертегіні оқу арқылы басқаға қамқор, мейірімді болудың, көптің қамын ойлаудың, дайын пайдаға қызықпаудың ізгі қасиет, асыл мұрат екендігін, сонымен бірге, достыққа адал, мейірімді, көпшіл бөлуді даңқ сезіну керектігін түсіну қажет. Әрі бұл ертегіден кедейлер қауымының бақытты тұрмысты аңсаған арман – тілегінің қызықты да ғажайып оқиғалар арқылы бейнеленгендігіне көңіл бөлу керек.

Ертегі үш бөлімге бөлінеді. Бірінші бөлімде – шығармадағы кейіпкерлер және олардың мінездері таныстырылады. Біз Қасен мен Асанның бір-біріне қамқор, достыққа адал, ізгі ниетті кедей адамдар екендігін, Қасеннің малы қырылып, қайыршы болуға айналғанда Асан оған ұлтарақтай жерінің жартысын бөліп беріп, оны құтқарып қалғандығынан білеміз. Қасен Асан берген жерден ішіне алтын толтырылған құмыра тауып алғанда, оны жасырып қоймай, қайта Асаннан сүйінші сұрайды. Оған: - Алтын саған тән, сен енді кедейліктен құтылдың! – дейді. Бірақ Асан: - Ардақты досым, жердің асты-үстіндегі қазынаның барлығы сол жерге маңдай терін төгіп, еңбек еткен адамдікі, - деп, алтынды алуға көнбейді. Міне, бұдан олардың ізгі ниетін, досқа деген адалдығын көреміз. Мәтіннің осы бөлігінде тағы ақылды да көпшіл қарт пен оның төрт шәкіртінің бір-біріне ұқсамайтын әрекеттері де ашылады. Қарт әуелі бүлікті төрт шәкіртіне беріп, оларды сынап көреді. Бірінші шәкірті: Қазынаның иесі хан болу керек, десе, екінші шәкірті: Асан мен Қасен дауласып, биге келеді, билікті мен айтатын болған соң, алтын маған тән, өзім аламын, - дейді. Үшінші шәкірті: Иесі жоқ алтынды қайтадан көміп тастау керек, - деп, алтынды көптің мүддесі үшін жаратуды деп ойламайды. Ал, төртінші шәкірті: осы алтынды жұмсап, құлазып жатқан далада гүл жайнаған саябақ өсіру керек. Арып – ашқан кем – кетіктер сол бақтың саясында дем алып, жеміс жеп, рахметін көпке көрсетуі керек,-деп билік айтады. Ақылды, дана қарт оның билігін әділ болды деп бағалайды. Сонымен, алтын жөніндегі талас әділ шешім табады. Ертегілердің кейіпкерлерінің де әрекеттері толық ашылады.

Ертегінің екінші бөлігінде оқиға онан әрі дамып, күрделене түседі. Алтын туралы қайшылық шешілген соң, олар енді саябақ жасау дайындығына кіріседі. Бірақ базарға тұқым алуға барған жігіт алтынын союға апара жатқан көп құстарды сатып алуға жұмсайды да, жер жүзінің құстары құтқарылып, оның есесіне өзі құр алақан қалады. Жеміс тұқымын сатып ала алмай жігіт үйіне қайтуға мәжбүр болады. Кең пейілді, ізгі ниетті жігіт алтынды құстарға бостандық әперуге жұмсайды. Ертегінің үшінші бөлігінде алтын жұмсап, еркіндікке шығарған құстардың адамдар армандаған баққа дүниенің бұрыш-бұрышынан жеміс-жидек тұқымын тауып әкеліп еккендігі, сол арқылы ғажайып бақтың байлыққа әкелгендігі айтылады. Бұл бөлімде олар қиялдаған арманына жетеді. Құлазыған тақыр дала ғажайып бау-бақшаға айналады. Ымырт үйіріліп, қараңғы түскенде алмалар самсып, құстар тамылжытып ән шырқайды. Жарлы-жақыбайлар хош иісті көк шалғынды төсеніп, өмірлерінде алғаш рет рахатқа кенеліп, тәтті ұйқыға батады. Ғажайып бақтың қызығы сол баққа ақсүйектер мен байлар келсе, жеті құлып салынған темір қақпалы үлкен қабырға пайда болады. Алмаға суық қолын созған ақсүйектер есінен танып, жерге құлайды. Зәре-құты ұшқан мырзалар ол жерге жоламайды. Ал кедейлер келісімен қақпа өздігінен ашылып, олар қанша жеміс жесе де жеміс азаймайды. Ертегінің бұл бөлімін түсіндіргенде, ондағы бейнеленген халықтың бақытты тұрмысты аңсаған арман – тілегі мен ондағы бейнеленген таптық көзқарасты халық ертегілерінің ерекшелігімен бірлестіре отырып түсіндіру қажет.

Ертегі балаларды қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын жеткізуге және қайратты істер жасауға жұмылдырады. Сондықтан, балаларды ертегі оқуға қызықтыру, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру мақсатында

«Ертегілер еліне саяхат» сабағын өткізуге болады. Сондай-ақ, «Ертегіні кім көп біледі?» сайыс сабағын ұйымдастыруға болады.

Сайыс бірнеше бөлімнен тұратын етіп,

1- бөлімді «Кім тапқыр?» деп атау керек.

Ертегіден үзінді бойынша сахналық қойылым көрсетіліп, көрген ертектің атын, қай халық ертегісі екенін айтуы керек.

2- бөлім «Кім шапшаң?» деп аталады. Ертегіден үзінді үнтаспадан оқылады. Шарты – ертегілердің атын табу және жалғастырып айту.

3- бөлімді «Кім ойшыл?» деп атауға болады. Кез келген ертегіден үзінді оқылады. Сол ертегі кейіпкерлерін ретімен айту керек.

4- бөлім «Кім білгір?» деп аталады. Шарты – ертегі сурет арқылы бейнеленген, сол суреттегі ертегінің аты мен қай халықтікі екенін табу керек.

Мәтіндегі сөздердің мағынасын ашып түсіндіру – алуан түрлі: затты табиғи жағдайда бақылау немесе оны сыныпта көрсету, экскурсия ұйымдастыру, сөз мағынасын түсіндіруде техникалық құралдар қолдану.

Мәтін мазмұны бойынша істелетін шығармашылық жұмыстар оқушылардың оқыған мәтінді тереңірек меңгеруіне мүмкіндік туғызады. Өз беттерімен ойланып жұмыс істеуге талаптандырады.

Пайдаланған әдебиеттер

1.Алдамбергенова Б.Г. Оқушылардың ауызекі сөйлеуін дамытудың жолдары // Ізденіс-Поиск №6, 1998.

2.Ахметов С. Бастауыш сыныпта білім берудің тиімділігін арттыру жолдары. Алматы, 1994.

3.Әбдікәрімова Т. Бастауыш сыныпта мәтін арқылы тіл дамытудың ғылыми негіздері мен оқыту әдістемесі. Алматы, 2002.

4. Львов М.Р., Рамзаева Т.Т., Светловская Н.Н. Методика обучения русскому языку в начальных классах. Москва, 1987.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 866 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2015 1430
    • DOCX 20 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абишева Роза Жубаткановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абишева Роза Жубаткановна
    Абишева Роза Жубаткановна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4779
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1156 человек из 82 регионов

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 300 человек из 55 регионов

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов

Мини-курс

Художественная гимнастика: диагностика и технические аспекты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе