Инфоурок / Дошкольное образование / Презентации / Тіл дамытудан сабақ жоспары "Білім еліне саяхат"

Тіл дамытудан сабақ жоспары "Білім еліне саяхат"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

1 САБАҚ

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: БІЛІМ ЕЛІНЕ САЯХАТ.

Мақсаты:

  1. Білім өлемі туралы түсінік беру. «1 Қыркүйек - Білім күні» екенін айтып, білім алу мақсатында алғаш мектеп, балабақша табалдырығын аттаған балаларды қүттықтау.

  2. Саяхат жасау арқылы балалардың білімге деген қүш-тарлықтарын арттырып, қиялдарын дамыту.

  3. Ұжымды достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: мектепке, балабақшаға кетіп бара жатқан балалардың суреттері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:


Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір-біріміздің жүзімізді көреміз, бір-бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз. Бүгін - мереке. Еліміздің түк-пір-түкпірінде білім күнін атап өтуде. Бүгінгі мерекелік көңіл күймен бір-бірімізге қуаныш сыйлайық.

- Армысың асыл күн, армысың жан досым. Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір-бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Төрбиеші балаларға «Білім» еліне саяхатқа шығатындарын, алдарында қызықты тапсырмалар күтіп тұрғандығын айтады. Оқу іс-әрекеті барысында бірнеше аялдама болатындығын, әр аялдамада сұрақтарға жауап беретіндіктерін, тапсырмаларды орындайтындықтарын және дыбыстар мен әріптер, сандар жайлы мәліметтер алатындықтарын хабарлайды.

1. «Әдебиет әлемінде» аялдамасы.

Бұл аялдамада өлең-тақпақтар, жұмбақ-жаңылтпаш, ертегілер, қызықты әңгімелер жайлы қысқаша мағлұмат беріледі.

- Қандай өлең немесе ертегі білесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады, болашақта көркем адебиет арқылы қызықты әңгіме, ертегілерді оқып, өлең-тақпак, жаңылтпаштар жаттайтындарын айтады.

2. «Әріптер әлемінде» аялдамасы.

  • Дыбысты айтамыз, естиміз.

  • Әріп - дыбыстың таңбасы. Әріпті жазамыз.

  • Балалар, әрқайсысың есімдеріңнің қай дыбыстан басталатынын айтыңдар.

  • Менің атым - Жандос. Менің атым ж дыбысынан басталады.

«Дұрыс айт» дидактикалық ойыны. Тәрбиеші дауысты а дыбысының әртүрлі интонациямен айтылатынын мысалдар арқылы айтып көрсетеді. Сонан соң балалар бірнеше рет қайталайды.

1. Дәрігерге келген бала ауызын кең ашып: «А-а-а», - деп
айтады.

  1. Қыз бала: «А-а-а», - деп әндетеді.

  2. Анасы сәбиін: «А-а-а-а», - деп әлдилейді.

Осындай жұмыстардан кейін болашақта сөз, сөйлем, буын, дыбыс, әріп ұғымдарын меңгеретіндігін айтып түсіндіру.

3. «Математика әлемі» аялдамасында математикалық ұғымдармен, таңбалармен, геометриялық пішіндермен танысады.

1. Балалар онға дейін санайды.

2. Тәрбиеші геометриялық фигуралардың су ретін көрсетеді,
балалар айтады. Мысалы: үшб
ұрыш, төртбұрыш, т.б.

3. Математикалық есеп шығарады. Мысалы:

Ағаш бұтағына 3 торғай қонып отыр. Бір торғай ұшып кетті. Бұтақта неше торғай қалды? (Жауабы: 2 торғай қалды).

Математика арқылы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырып, бұл бағыттағы санау мен есеп шығару тәсілдерін игеруге бағытталатындығы айтылады.

- Балалар, «Білім» елі сендерге ұнады ма? «Білім - сарқылмас қазына» дейді. Өмірде тек білімді ғана емес, қайырымды, мейірімді болу керек. Білімді, тәрбиелі адам Отанының өсіп-өркендеуіне үлесін қосады.


Дәптермен жұмыс

а) Мереке, білім, мектеп, оқушы, мұғалім, қоңырау деген
тірек сөздерді пайдаланып және жетекші с
ұрақтар арқылы
өңгіме қ
ұрастыру. Сурет бойынша қойылатын сұрақтар:

  1. Балабақшада не үйрендіңдер?

  2. Балалар мектепке не үшін барады?

  3. Мектепте оқитын баланы кім деп атайды?

  4. Мектепте қоңырау не үшін соғылады?

ә) Оқу құралдарымен таныстыру. Осыдан кейін дәптерлеріндегі сөмкеге қажетті оқу құралдарын сызықпен сызып көрсетеді.

б) Дәптерде берілген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру,
жаттату.


Сабақты қорытындылау.

Жазған: Шаяхметова Райгуль Адильхановна







Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-402563

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>