Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Другие методич. материалы / «Тіл- халықтың жаны» (сыныптан тыс сайыс).

«Тіл- халықтың жаны» (сыныптан тыс сайыс).

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Доп. образование

Поделитесь материалом с коллегами:


«Тіл- халықтың жаны»

(Тіл мерекесіне орай 3-4 сыныптар арасында өткізілген  сыныптан тыс сайыс).

 

Мақсаты: 1. Оқушыларды ана тілінің қадір-қасиетін біліп, ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

3.Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

 

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, топ аттары жазылған плакаттар, «Ана тілі – рухани даму негізі» кітап көрмесі, ұпай беретін таяқшалар, мадақтау қағаздары, Microsoft Pover Point программасында безендірілген презентация.

 

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің мерекесіне жиналған қауым. Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған «Тіл-халықтың жаны» атты мемлекеттік  тілді меңгеру білімдеріне арналған  мерекелік сайысты  бастауға рұқсат етіңіздер

 

Жүргізуші: Біздің мектебімізде биылғы оқу жылында да жыл сайынғы дәстүр бойынша 22 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесін тойлау  басталды. Ол ең алдымен тілге, сол арқылы жасалатын мәдениет пен өнерге деген көрсетілуге тиіс ілтипаттың бір өнегесі. Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орын алған мереке – ұлт тілдеріне құрмет көрсетілетін ортақ мейрам. Қыркүйек айының 22 күні «қазақ тілі-мемлекеттік дәрежесін алған күн» болып саналады. Ендеше, Сіздерді елімізде тойланып жатқан  осы Халықаралық тілдер күнімен құттықтаймын.
Жүргізуші: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік

Қазақ тілім өз тілім, ана тілім

Абай ,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді
ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.

Жүргізуші:

Бүгінгі біздің сайыс  2 -топ, яғни  2- команда, мектебіміздің 3 және 4 сынып оқушылары арасында өтеді. Біздің мақсатымыз –оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқудеңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге,салмақты ой айтуға үйрету.

  Ойынды бастамас бұрын сіздерді осы сайысқа әділ баға беретін , әр айналымның есебін шығарып, қорытындысын айтатын қазылармен таныстырып өтейік.

Жүргізуші: Сонымен алдарыңызда «Тапқырлар» тобы, 3 сынып оқушылары және «Зеректер» тобы 4 сыныптан құралған команда.

2-Жүргізуші: Сайыс шарттары:

1) Өзін таныстыру (2 мин)

2) «Өлеңмен өріп ойымды», тілге байланысты  мемлекеттік тілде өлең оқу. (3 мин)

3) «Алғыр болсаң озып көр», берілген бір сөзден бірнеше сөз құрау. (5 мин)

4) «Өнер алды қызыл тіл», үштілділікке байланысты оқушылардың білімін тексеру. (5 мин)

5) «Білімді мыңды жығар» тест сұрақтарына жауап беру. (5 мин)

6) «Сөз байлығың өз байлығың» қысқа мерзімді жоба жұмысы. (7-10 мин)

Жүргізуші: Соныменен 1ші- кезең, командалар – өздерін таныстырсын

3 -сыныптар:

Біздің топ: «Тапқырлар»

Біздің ұранымыз: «Тіл бар жерде- өмір бар»

Біздің өлеңіміз:Ана тілің арың бұл,Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!

 

4- сыныптар:

Біздің топ: «Зеректер»

Біздің ұранымыз: «Сүйемін туған тілді –қазақ тілін»

Біздің өлеңіміз:Тіліміздің бұлағы ,Тірліктің ел жүрегі

Ана тілін сүйемін, Отан үшін күйемін!

Жүргізуші:

2- кезең, Мемлекеттік тілде өлең оқу

3-сыныптың командасы

4- сыныптың командасы


Жүргізуші: Енді 3- кезең, екі командаға бірдей  «Қазақстан» сөзі беріледі, яғни екі команда осы сөзден бірнеше сөз құрайды, ендеше ал –қанеки алғыр болсаң озып көр.

Жүргізуші: Енді 4-кезең,бұл кезеңде сандықшадан кескін қағаздарды алып, берілген сөздің үш тілде аудармасын айтудан жарысатын боламыз. Ендеше, іске сәт командалар!

Книга-кітап-book

Привет-сәлем-hello

Язык-тіл- language

Яблока-алма- apple

Расписание- сабақ кестесі-timetable

Қыркүйек-сентябрь-september

Читать-оқу- read

Жүргізуші:5- тур, Білімді мыңды жығар кезеңі, бұл турда әр командаға 8 сұрақ беріледі.

  1. Мемлекеттік тілді көрсет:

  1. Орыс тілі

  2. Қазақ тілі

  3. Ағылшын тілі

  1. Тудың түсі қандай?

  1. Қызыл

  2. Сары

  3. Көк

  1. ҚР астанасы қай қала?

  1. Алматы

  2. Астана

  3. Семей

4. ҚР президенті кім?

  1. Н. Назарбаев

  2. Қ. Мәсімов

  3. А. Тасмағанбетов

5.Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

  1. 35

  2. 30

  3. 42

6. Тиісті сөзді тауып белгіле

Біздің туымыздың түсі …

  1. Көк

  2. Жасыл

  3. Сары

7. Дұрыс жазылған сөзді тап.

  1. сайа  

  2.  сая 

  3. саий

8. Бір буынды сөзді тап

  1. жер

  2. кітап

  3. күнделік

 Жүргізуші: Сайыстың соңғы туры «Сөз байлығың өз байлығың» қысқа мерзімді жоба жұмысы. Оқушыларға екі плакат ұсынылады. «Қазақстан» ұғымына қатысты ассоциация жүргізу.

Жүргізуші:

«Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды.Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды».

Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына  еніп, өміршең күй кеше береді.


Жүргізуші:Сонымен   біздің бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті ,сайысқа қатысқан командаға алғысымызды білдіре отырып сөз кезегін қазылар мүшелеріне бергіміз келеді.Сөз ……….. беріледі. Әділ қазылар алқасына сөз, топтарды мадақтау

Кіршіксіз қардай сақтаңдар,

Қазақтың тілін ғаламат.

Ана тіл – арым, иманым,

Аманат, саған, аманат.

М. Әлімбаев.


Жүргізуші: Құрметті  қонақтар, оқушылар! Тілдер мерекесіне арналған сайысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.


Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 06.10.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров26
Номер материала ДБ-241692
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх