Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Социальному педагогу / Другие методич. материалы / Тіл ұлттың жаны,халықтың үні

Тіл ұлттың жаны,халықтың үні

  • Социальному педагогу

Поделитесь материалом с коллегами:

Тіл - ұлттың жаны, халықтың үні

     Мақсаты:
     1.Ана тілде таза сөйлеуге, терең меңгеруге баулу.
     2.Ой, ес,сезім, тіл жылдамдықтарын дамытып, бірліктерін нығайту.
     3.ана тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
     К
өрнекілік: қанатты сөздер, суреттер, шарлар.
     Барысы:
     І. Ұйымдастыру кезеңі.
     ІІ. Кіріспе.
     ІІІ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны.
     1-бала: Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» өлеңі оқылады.
     2-бала:  
     Қуан бабам, қуанатын күн бүгін,
     Деген едің «Тіл бар жерде өмір бар!»
     «Халық жауы» атандық-ау сол үшін,
     Ғұмырыңды құрбан етіп жолында.
     3-бала:
     Қуан бабам! Туған тілдің киесі,
     Жебеп сені, болғаныңа иесі.
     Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс,
     Дүниеде тіршіліктің күресі.
     4-бала:
     Қуан анам! Ұзағынан сүйініп,
     Сәтінде кеткен кейін түңіліп.
     Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді,
     Пір тұтамын ел алдында иіліп.
     5-бала:
     Қуан халқым! Күшіне енді «Тіл заңы»
     «Сүйінші!» - деп ақын ұлың жырлады.
     Ел елдігі бағаланып тілімен,
     Сол арқылы құлпырады гүл бағы.
     Хор: Ә. Тінәлиевтің әні «Анамның тілі, аяулы үні».
     6-бала:
     Қабылданды мемлекеттік «Тіл заңы»
     Елдігімнің, ұлтымыздың ол жаны.
     Қуанамыз, шатанамыз бәріміз,
     Атқанына бостандықтың ақ таңы.
     7-бала:
     Ана тілім қазақ тілім, туған тіл,
     Қасиетті тіліміздің мәнін біл.
     Ана тілді құрметтеңдер адамдар.
     Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.
     8-бала:
     Заман туды тіліміздің басына,
     Айналдырған тілдердің бір ласына.
     Жетпіс жылдай бұрмалаған бұл тілді,
     Үйретіп көр сәулесі жоқ жасыңа.
     9-бала:
     Ана тілі біздің туған анамыз,
     Ана тілін бағаласақ қалай біз.
     Өзіміздің сондай болмақ бағамыз,
     Ана тілін кім бағалай білмесе,
     «Анасынан безген ұл» - деп қараңыз.
     10-бала:
     Ана тілің біліп қой,
     Бостандығың, теңдігің.
     Ана тілің біліп қой,
     Мақтанышың, елдігің.
     11-бала:
     Ана тілің арың бұл,
     Ұятың боп тұр бетте.
     Өзге тілдің бәрін біл,
     Өз тіліңді құрметте.
     12-бала:
     Ақыл-ойың дананың,
     Ана тілден аламын.
     Ана тілім ардақты,
     Ақ сүтіндей анамның.
     13-бала:
     Өсірген ой, білімді,
     Сүйем туған тілімді.
     Мақсат етем әр сөздің,
     Мәнін терең білуді.
     Хор: «Ұланбыз Отанды қорғайтын».
     14-бала: Әр халықтың ана тілі білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын. (Ахмет Жұбанов.)
     15-бала: Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. (Б. Момышұлы.)
     16-бала:  Сүйемін туған тілді ана тілін,
              Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
                               (С. Торайғыров.)
     17-бала:
     Туған тілім бабам тілім өз тілім!
     Туған тілім анам тілім өз тілім!
     Туған тілім далам тілім өз тілім!
     Туған тілім адам тілім өз тілім!
     18-бала:
     Туған тілде сыры терең жаным бар,
     Туған тілде әнім менен сәнім бар.
     Ту
ған тілім тіл болудан қалса егер,
     Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
     19-бала:  (М. Мақатаев. «Үш бақытым»):
     Ең бірінші бақытым Халқым менің,
     Соған берем ойымның алтын кенін.
     Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
     Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
     20-бала:
     Ал, екінші бақытым Тілім менің,
     Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
     Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
     Қасиетті тілімнен түңілмедім.
     
     21-бала:
     Бақытым бар үшінші Отан деген,
     Кім мықты? десе біреу, - Отан дер ем.
     ...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
     Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.
     22-бала:
     Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
     Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
     Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
     
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
     23-бала:
     Ақиқатты мойындайық қазір біз,
     «Ұлтшыл» болып талай таяқ жегенбіз.
     Тіл мәртебе, ұлт мерейі емес пе?
     Мәңгі бақи шырқалатын әніміз.
     24-бала:
     Туған тілім тірлігімнің айғағы,
     Тілім барда айтылар сыр ойда
ғы.
     Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
     Өлсе тілім, мен де бірге өлемін.
     Хор:
     Ана тілі ұраным,
     Ана тілі Құраным.
     Ана тілі болмаса,
     Мықты болмас тұрағым.
     Тәрбиеші:  Біздің Республикамыз жылдан жылға, күннен күнге өркендеп өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Олай болса, ХХІ ғасырға ақ тілек тілейік.
     25-бала:
     Басшыларымыз,
     Мерекелеріміз табысты болсын!
     Қыздарымыз саналы, сұлу,
     Ұлдарымыз намысты болсын!
     Қалада мейлі, қырда болсын,
     Келген-кеткен ырза болсын!
     Баға сөмкемізге сыймайтын болсын!
     Халқымыз ғасыр табалдырығын,
     Қазақша сөйлеп, аттайтын болсын!
     Хор: Ө. Байділдаевтің әні «Туған ел».



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 14.10.2015
Раздел Социальному педагогу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров204
Номер материала ДВ-060462
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх