Инфоурок / Другое / Конспекты / "Тіл маржаны әлемі шақырады" (сыныптан тыс шара) 9-10 сынып
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 20 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

"Тіл маржаны әлемі шақырады" (сыныптан тыс шара) 9-10 сынып

библиотека
материалов

Тіл маржаны әлемі шақырады

Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кірдік тамыры. Онсыз адам мәңгүрт. Ұлттық тіл - әр халықтың өзіндік ой санасы мен парасатын, бүкіл болмыс тіршілігі мен сезім-түйсігін, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізетін күре тамыр.Онсыз адам аты бар да заты жоқ тобыр. 22кыркүйек күні елімізде тілдер мерекесі аталып өтеді. 1998 жылы 20 қаңтарда елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Республика халықтарының тілдері күні деп жариялаған еді.Бұл мереке еліміздің жер жерінде мәдени шараларға толы апталыққа ұласуда.Мұндай шара біздің мектебімізде де өтуде. Міне біздер апталығымыздың соңғы бөлімі «Тіл маржаны әлемі шақырады атты 8- 9- 10сынып оқушыларының арасында өтетін сайысымызға да келіп жеттік.

Қазақ би үйірмесі мүшелерінің орындауында «Жайдарман» биін қабыл алыңыздар.

Қазақ тілім өз тілім, ана тілім ,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені,

Болашағым ,бақытым дара тілім деп тіл маржаны әлемінен қазына теруге келіп тұрған сайыскерлерімізді қарсы алмас бұрын байқауымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар. Сайыс бес бөлімнен тұрады:

  1. Командалардың өздерін таныстыруы.

  2. Қазақ шешендерінің тағылымынан сахналық көрініс көрсету

  3. Сұрақ жауап бөлімі

  4. Үй тапсырмасы «Кабинетке сый»

  5. Қабырға газеттерін шығару және оны қорғау.

Байқаудың мақсаты : Оқушылардың тіліне ,еліне, ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге ,тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, тіліміздің қадір - қасиетін бойларына дарыту.

Кім жеңеді жеңіске үміт алда,

Қобалжу бар жүректе күдік барда.

Әділқазы алқасы атыңды ақта,

Жүректерге арман мен бақыт жолда - дей отырып сайыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасын сайлап алайық.

1.Нарешова С.Б. директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

2.Молдашева Л.Ж. тілдер кафедрасының жетекшісі

3. Ажимгереева М.Ә. мектеп гимназия тәлімгері.

4.Сатканова Э.М. Тәрбие ісі меңгерушісі.

5.Қизағалиева А.Қ. физика пәні мұғалімі.

Сайыста озып шығар жүйріктері,

Әрқайсысы бақтарынан көрер енді- деген үмітпен оқушыларға сәттілік тілеп сайысымызды бастайық.



8 – сыныптан келіп тұрган «Тілшілер тобын» қарсы алыңыздар.

Сыныптан келіп тұрған «Білімділер» тобы.

Сыныптан келіп тұрған «Ақылдылар»тобы

Сыныптан келіп тұрған « Лингвистер »тобы

Сыныптан келіп тұрған «Филологтар»тобы.

Міне командалармен де танысып болдық. Енді әділқазылардан таныстыру бөлімінің бағасын сұраймыз.

Мен қазақпын, ұланымын елімнің,

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.

Ұланымын туын көкке көтерген,

Болашақта алға бастап жетелер.

Қиындығын қазағымның әрқашан.

Қайыспайтын қара нардай көтерер.

Мектебімізде өткізілген апталықта көркемсөз оқу шеберлерін марапаттау үшін Тілдер кафедрасынның жетекшісі: Молдашева Ләйлә Жүнісқызын шақырамыз. Ән «Домбыра» , Орындайтын Қайырболат Камила.

Сайысымыздың 2- бөлімінде талантты шәкәрттеріміз шешендік сөздер тағылымынан сахналық қойылым көрсететін болады.

Өнерпаздардың өнерлерін тамашалайық!

8- сынып өнерпаздарын қарсы алайық!

Қазақ жері - қонақжай төрдің жері,

Қазақ елі - Қас сақтай ердің елі.

Елі кедей болғанмен жері байтақ,

Еділ ердей,Бабырдай шерлер елі.- деп 8-сынып оқушыларын қарсы алайық.

Азат бүгін байлыққа тұнған жерім,

Азат бүгін ел жоғын қуған елі.

Әділет пен билікке жанын қиып,

Тоғызыншы «ә» сыныбының оқушыларына кезек береміз.

Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Ну орманы, тауы,өзені,көлі бар.

Қазағымның жерін , елін қорғайтын,

Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.

«Лингвистер» тобының өнерін тамашалайық.

Міне осындай егеменді еліміз,

Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз. «Филологтар» тобының өнеріне кезек береміз.

Міне өнерпаз оқушылардың өнеріне тәнті болдық.Енді әділқазылар алқасынан баға сұраймыз.6-7-сыныптар арасында өткізілген «Полиглот»ойынының жеңімпаздарын марапаттау үшін ағылшын пәні мғғалімі Мажитова Асыл Төлегенқызын шақырамыз. «Қазақ биі» орындайтын бишілер тобы.

Әрқашан да білім көптік етпеген,

Талапсыз жан мұратына жетпеген.

Қарсы алайық ұландарды талапкер,

Дос көңілмен,адал, аппақ ниетпен

Түскен кезде білімнің жарысына,

Жеңсеңдер қол соғамыз табысыңа,

Талапкердің талабы таудай болар,

Аямас тиіп кетсең намысыңа. Деп сұрақ жауап бөліміне де келіп жеттік.Барлық топ мүшелерін ортаға шақырамыз.

8 – сынып тобына

1 Екі кісінің сөйлесуі қалай аталады?

2Жуан дауысты дыбыстарды ата?

3 Үш арысты атаңыз ? (Сәкен ,Ілияс,Бейімбет)

4 Тіл туралы бір шумақ өлең айтып бер.

9 «ә»– сынып тобына

1 Ұяң дауыссыздарды ата

2 Сабақты етістік дегеніміз не?

3Ж.Жабаев кімді ұстаз тұтқан?

4 Тіл туралы бір шумақ өлең жатқа айт.

9 «А»– сынып тобына

1 Үнді дауыссызды атаңыз

2 Жалқы есім дегеніміз не?

3»Менің атым Қожа»повесінің авторы кім?

4 Тіл туралы бір шумақ өлең оқы

10 «А» – сынып тобына

1 Жақсыз сөйлем дегеніміз не?

2Берілген сөзден тіркес құраңыз.Бір ауыз.Бір шымшым.Бір үзім.

3 Үш бұлақ деп кімдерді айтамыз?(Шоқан.Ыбырай.Абай)

4Ана тілі туралы жатқа өлең оқу

10 «Ә» – сынып

Жалаң сөйлем дегеніміз не?

Берілген сөзден тіркес құра.Бір ұрттам.Бір қайнатым.Бір асым.

Үш асыл кімдер? (Міржақып,Сұлтанмахмұт,Мағжан)

Тіл туралы бір шумақ өлең оқыңыз.

«Жарқын болашақ»мектепішілік олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қуанышқалиева Гүлдария Ермекқызын шақырамыз.

Ән «Мектебім» орындайтын Ұзақова Нұрсәуле.

Ана тілім күшім менің қуатым,

Жырым сендік жүрегіммен ұғатын.

Тауысар ма ырысыңды ,қорыңды,

Тізерлесіп қатар жазса мың ақын.

Командалардың үй тапсырмасы бойынша дайындаған кабинетке сыйлықтарын әділқазылар алқасына тапсыруларын сұраймыз.Әділқазылар алқасынан баға сұраймыз.

«Арманды Ақжайықтай ағындырған,

Қос ақын баршамызды табындырған» тақырыбымен өткен А.Бақтыгереева мен Ф. Оңғарсынованың шығармашылығына арналған жыр кешіне белсене қатысқан оқушыларды марапаттау үшін Дүйсекова Гүлмайра Жандеткалиқызын шақырамыз.

Туған жерді сүю парыз

Сүю үшін білу парыз

Күзетінде тұру парыз

Қасиетін ұғу парыз. Байқаудың соңғы туры қабырға газеттерін қорғау.

Қазақ тілі пәні мұғалімдері қһұйымдастырған «Тіл тұғыр» атты тренингке белсене қатысқандарды марапаттау үшін Дүйсекова Гүлнар Бақытжанқызын шақырамыз.

Ән «Қазақстан»орындайтын Қыдырғалиев Тұрсынбек.

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Жеңімпаздарды марапаттау үшін әділқазылар алқасының төрағасы Нарешова Светлана Бақиқызына сөз береміз.

Асау жүрек жанығып алқынбасын,

Бойына біткен өнер сарқылмасын.

Шыңға біткен шынардай биіктегі,

Ұлтымыздың ән өнері сарқылмасын.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДA-050582

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"