Инфоурок Начальные классы КонспектыТіл мерекесі сынып сағаты

Тіл мерекесі сынып сағаты

Скачать материал

                                      Тіл мерекесіне арналған сынып сағаты

Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Түрі: Дәстүрлі
Әдісі: Екі топ арасындағы сайыс
Көрнекілігі: буклет, нақыл сөздер, кроссворд
Мұғалім сөзі:

Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған тіл болса, ол да – қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек.

Армысыздар! Құрметті мұғалімдер және оқушылар! Баршамызға Тіл мерекесі құтты болсын! Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл.

1-жүргізуші: Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі болуы да керек. 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып – Қазақ тілі белгіленеді. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдары:

2- Оқушы:Жүзімнің нәзік, нәрлі сабағындай,

Тіліңді мәпелей біл, ала қылмай.

Аямай арам шөбін отап отыр,

Таза сақтап көзіңнің жанарындай.

3-оқушы: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым-білім де осында. Дүниедегі ең асыл тілараб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһарықазақ тілі.

Мақал-мәтелдер сайысы:
1 топ

1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).
3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).
4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ).
8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар).
9. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ).
10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең).
2-топ –
1. Бал тамған тілден ... (у тамған).
2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).
3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс).
4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).
5. Тіл қылыштан ... (өткір).
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінде).
8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың).
9. Тілден артық ... (қазына жоқ).
10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).

4. Викториналық сұрақтар:
1-топқа:

1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
3. Шоқанның әжесі? (Айғаным).
4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш).
5. Қазақстан Лондон 2012 жазғы олимпиада ойындарында әлем бойынша нешінші орынды иеленді?
6. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин).
7. Күй атасы кім? (Құрманғазы).
8. «Орфография» қай елдің сөзі? (грек).
9. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).
2-топқа:
1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).
2. Абайдың туған жылы? (1845).
3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).
4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов).
6. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).
7. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).
8. Алғашқы романист жазушы кім? (М.Дулатов «БақытсызЖамал»).
9. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.).

Мұғалім:

Қалың елің қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,

Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,

Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!

Жомарттық пен мәрттік. Бұлардың негізінде үш нәрсе бар: бірі – өз айтқан сөзіңді өзің орындау; екіншісі — әділдік пен туралыққа нұқсан келтірмеу; үшіншісі — қайырымдылықты есіңе ұстап ұмытпау. Егер мәрттік пен жомарттық жолында жүрмек болсаң, әр уақытта үш нәрседен сақтанғайсың: көзді — жаман назардан, қолды — жаман істен, тілді — жаман сөзден.

Осымен бізді тіл мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.



 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тіл мерекесі сынып сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 865 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.12.2015 9978
    • DOCX 18.1 кбайт
    • 331 скачивание
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Майшина Анар Касымбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Майшина Анар Касымбековна
    Майшина Анар Касымбековна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16135
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 887 человек

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проектный подход к рекламе: эффективные стратегии и инструменты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Специальная реабилитация: помощь детям с особыми потребностями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе