Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / «ТІЛ МЕРГЕНІ» сайысы

«ТІЛ МЕРГЕНІ» сайысы


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

«ТІЛ МЕРГЕНІ» сайысы


Мақсаты:

  1. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп, тапсырманы дұрыс орындауға баулу;

  2. Ой-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру;

  3. Еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: әдеби кітаптар көрмесі, слайд, қанатты сөздер, шарлар, тақырып жазылған плакат.

Барысы:

Мұғалім: Құрметті оқушылар!

Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.

«Адамға екі нәрсе тірек тегі,

Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,

Мемлекеттік тілді үйренгенің жөн болар, - демекші, «Тіл мергені» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Балалар, құтты болсын тілің бүгін,

Ашатын жан сарайын білімдінің.

Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,

Тіліне зер салыңдар бұрынғының.

Сайсы кезеңдері:

І. Таныстыру.

ІІ. Жүйрік ой.

ІІІ. Тіл өнері.

ІҮ. Кім зерек?

І. Таныстыру. (Сайысқа 3 топ қатысады).

Тобымыздың аты – «Тағылым»,

Келгеніміз жоқ жай бірақ.

Ана тілін қорғауға,

Шықтық біз де топ құрап.

Сәлем бердік, халайық,

Әсем әнге салайық.

Армысыздар, қарсылас,

Таныстыруды бастайық.

Кілең сайдың тасындай,

Сегіз ұланнан тұрамыз.

Сөз сөйлейміз жасындай,

Осындай топ боламыз.

Топ басшысы:

Сәлем бердік қауымға,

Үлкен-кіші ауылға.

«Асыл мұра» тобымызды,

Таныстырайын баршаға.

Қызғалдақтай жайнаған асыр салып,

Ешбір сайыстан қалмайды қалыс қалып.

Топ басшысы:

Алтын тәждей оралған,

Жеңсем, білсем бар ма арман.

Қоңыраудай сылдырлап,

Сөйлеу үшін жаралған.

Сегіз қырлы, бір сырлы,

Сегіз нұрлы оқушы.

Асыл мұра тобында,

Орналасты, тырысты.

ІІ. «Жүйрік ой» (мақал-мәтелдер сайысы).

Мұғалім: қазақ тілі дүниежүзіндегі ең бай да бейнелі тілдің бірі. Тіл байлығы – әр елдің мақтанышы. Ал қазір «мақал – сөздің маржаны» деп, кезекті мақал-мәтел сайысына береміз.

  1. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.

  2. Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ.

  3. Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз.

  4. Таяқ еттен өтер, сөз сүйектен өтер.

  5. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

  6. Білекті адам бірді жығады, білімді адам мыңды жығады.

  7. Тіл қадірін білмеген, ел қадірін білмейді.

  8. Тіл қылыш, тиімсіз жерде тый, тиімді жерде қи.

  9. Икемді тіл, инеден өткір.

  10. Текті сөз текке айтылмас, кекті сөз көпке айтылмас.

  11. Өнер алды – қызыл тіл.

  12. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.

  13. Ең ащы да – тіл, еі тәтті де – тіл, ең жұмсақ та – тіл, ең қатты да – тіл.

Мұғалім:

Жарық көрмей, жатсаң да ұзақ, сен тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен бабаларды бауырыңа,

Ақ көңілмен тарта аларсың, сен тілім.

ІІІ. Тіл өнері.

  1. Құлақтан кірген ...

Жүрекке барып мұз болар (сөз – слово).

  1. Таза, мінсіз асыл ....

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады (тас – камень).

  1. Бас кеспек болса да,

.... кеспек жоқ (тіл – язык).

  1. Сөз анасы – құлақ, .... анасы – бұлақ (су – вода).

  2. Ілім – бұлақ, ..... – шырақ! (білім – знание).

  3. Жігіт бір сырлы, .... қырлы болсын (сегіз – восемь).

  4. Тіл тас жарады, тас жармаса .... жарады (бас – голова).

  5. Қаһарлы сөз .... бұзар (қамал – замок).

  6. Ине көзінен сынады, ..... сөзінен сынады (шешен – оратор).

  7. Айтылған сөз, атыл ..... тең (оқ – пуля).

  8. .... сөз – жарым ырыс (жақсы – хорошие).

ІҮ. «Кім зерек?»

Сұрақтар:

  1. «Тіл туралы Заң» қай жылы күшіне енді? (1997 жылы 11 шілде)

  2. Мемлекеттік тіл қай тіл? (қазақ тілі)

  3. «Өнер алды – қызыл тіл» деген мақал ма, мәтел ме? (мәтел)

  4. Тіл тазалығы дегеніміз не? (ана тілді басқа тілдермен шұбарламау)

  5. Дүниеде не ащы? (тіл ащы)

  6. Дүниеде не тәтті? (тіл тәтті)

  7. «Халықтың тіліне қиянат жасау – оның жүрегін жаралау» авторы кім?

(Г. Лаубе)

  1. Қазақ әліпбиін құрастырған қазақ зиялысы кім?

  2. Өзің білетін тіл туралы бір нақыл сөз айт.

  3. Халықаралық қатынас тілі қай тіл?

Жұмбақтар шешу.

Мұғалім: Жұмбақтар ой жүйріктігіне жетелеп, тапқырлыққа баулиды, сөз өнерін үйретеді. Бұл ретте 2 топқа бес-бестен жұмбақ жасырылады.

  1. О жағы мәрмәр,

Бұл жағы мәрмәр.

Ортасында сандуғаш сарнар (тіс пен тіл).

  1. Жағалай-жағалай тас қойдым, жирен атты бос қойдым (тіс және тіл).

  2. Отыз екісі диірмен тартып, бір қапқа салады (тіс және тіл).

  3. Екі әскер соғысып жатыр,

Ортасында бір елші (тіс, тіл).

  1. Әрі сүйексіз, әрі тиексіз (тіл).

  2. Ақ тоғайдың ішінде, кісінейді күрең ат (тіл).

Қорытынды. Марапаттау.











«ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ»

интеллектуалдық ойынының сценарийі


МАҚСАТЫ: оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ой-өрістерін дамыту, зерділілікке, ізденімпаздыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.


КӨРНЕКІЛІГІ: интерактивті тақта, слайдтар, нақыл сөздер жазылған плакаттар.


ЖҮРУ БАРЫСЫ:

І БӨЛІМ «БӘЙГЕ»

1. Үш арсызды ата (ұйқы, күлкі, тамақ).

2. Қой төлін қалай еркелетіп айтады? (қоңырым).

3. Қазақтың болашақ ғарышкер ұлы кім? (Мұхтар Аймаханов).

4. Бес асыл істі атап бер (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым).

5. Озон қабаты жерді неден қорғайды? (ультракүлгін сәулелерден).

6. Санның 1/100 бөлігі қалай аталады? (пайыз).

7. Табиғи каучукты алатын ағаш (гевея).

8. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзу (перпендикуляр).

9. «Бостандық аралы» аталатын ел? (Куба).

10. Судың өлшемін өлшейтін прибор қалай аталады? (мензура).

11. Бейжің қай елдің астанасы? (Қытай).

12. Күйді орындайтын адам кім? (күйші).

13. Ұя салмайтын құс (көкек).

14. а+37. Бұл қандай өрнек? (санды өрнек).

15. Жеміс неден пайда болады? (гүлден).

16. Құстар қалай көбейеді? (жұмыртқа салу арқылы).

17. Ең үлкен үш таңбалы сан (999).

18. Қара алтын (мұнай).

19. Ақан Серінің тұлпарының аты (құлагер).

20. Ләззат Асанова кім? (желтоқсан құрбаны, батыр).

21. Табиғатта су қандай күйде кездеседі? (қатты, сұйық, газ).

22. Бір затты көлемін кішірейтіп көрсететін сан (масштаб).

23. Жылдан құр қалған жануар (түйе).

24. Айтқан кезде созуға келмейтін дыбыстар (дауыссыз).

25. Бір өркешті түйе (нар).


ІІ БӨЛІМ «ТІЛ – ӨНЕР»

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізеді.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер, - дей келе, «Тіл өнер» деп аталатын екінші бөлімде жұмбақ, мақал-мәтел не өлең жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, орысшаға, ағылшыншаға аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, үш тілде жауап берсе 30 ұпай.

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш, линейка, a ruler)

  1. Түйеқұс таразыда бір ағымен тұрғанда 12 кг тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? (он екі, двенадцать, twelve)

  2. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді (қалам, ручка, pen)

  3. Ел құлағы нешеу? (елу, пятьдесят, fifty)

  4. Отыз тістен шыққан сөз – неше рулы елге тарайды? (отыз, трицуать, thirty)

  5. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса таптама (кітап, книга, book)

  6. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі (көктем, весна, spring)

  7. Футболшының алаңдағы ойын заты (доп, мяч, ball)

  8. Жеті қазынаның бірі, адамды қорып жүретін досы (ит, собака, dog)

  9. Мұрты бар иегінде сақалы жоқ,

Тоны бар киеріне, шапаны жоқ.

Пайдасы үй ішінен табылған соң,

Далаға кіріп-шығар сапары жоқ (мысық, кошка, cat)

  1. Шағын мемлекет (отбасы, семья, family)


ІІІ БӨЛІМ «ДОДА»

«Ең қиыны жарыстың «Дода» келді,

Мықтысы бүгінгінің жеңсін енді.

Тез жауап бер, ойланып тұрып қалмай,

Осы ойыннан көреміз ерен ерді» - дей келе, сайысымыздың «Дода»

бөліміне де келіп жеттік. Бұл бөлімде пәндер бойынша бірнеше сұрақтар қойылады, сол сұрақтарға дұрыс әрі тез жауап берген топ мүшелері жеңіске жетеді. Әрбір дұрыс жауап үшін 10 ұпай. Ендеше, іске сәт!


ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІ.


  1. «Ақтабан шұбырынды» атанған жыл (1723-1726).

  2. «Дарабоз» атанған батыр (Қабанбай).

  3. Кенесары Қасымұлын қай жылы хан көтерді? (1841ж).

  4. «Үйтас» аталған ескерткіштер (Қозы Көрпеш-Баян Сұлу).

  5. «Толыбатыр» атанған хан (Абылай).


МАТЕМАТИКА ПӘНІ:


  1. Киттің салмағы 250 000 кг. Ол неше тонна? (250т).

  2. Доғал, тік, ............. бұрыш (сүйір).

  3. Пар ат 5 км жүгіріп өтті. Аттың әрбіреуі неше км жол жүгіріп өтті? (5 км).

  4. 4 және 5 сандарымен жазылатын барлық екі таңбалы сандарды ата (45, 55, 54, 44).

  5. Үстелде 5 сатақан сүт тұрған еді. Әсел 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды үстелге қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды? (5)




ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ:


  1. Канада туында белгіленген өсімдік? (үйеңкі жапырағы).

  2. Адамзаттың негізгі тұщы сумен қамтамасыз етілу көзі? (өзендер).

  3. Солтүстік Мұзды мұхит алабының өзендері (Ертіс, Есіл, Тобыл).

  4. Шығыс Қазақстанда өсірілетін дақыл? (күнбағыс).

  5. Шығыс Еуропа жазығының табиғат кешеніне жататын өзен? (Жайық).


ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІ:


  1. Сөздердің байланысу түрлері нешеу, атаңыз? (қиысу, матасу, меңгеру, жанасу, қабысу).

  2. Құрмалас сөйлем нешеге, қалай болып бөлінеді? (салалас, сабақтас, аралас).

  3. Берілген сөйлем салаластың қай түріне жатады? Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар тыңдалады. (кезектес салалас).

  4. Етікшінің аспабының бірімен ұқсас есімді есімдіктің қай түрі? (Біз – жіктеу есімдігі).

  5. Жұрнақ нешеге, қалай бөлінеді? (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші).


ОРЫС ТІЛІ ПӘНІ:


  1. Назовите виды глагола (совершенные и несовершенные).

  2. Виды простых предложений по цели высказываний (повествовательное, вопросительное, восклицательное).

  3. Что такое антонимы? (Антонимы – слова противоположными значениями).

  4. Как называется раздел языкознания, который изучает звуки? (фонетика).

  5. Из каких частей состоит сложноподчиненное предложение? (главная и придаточная часть).


АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІ:


  1. What is the capital of our country? «Astana»

  2. What is the color of trees? «Green»

  3. What is the Abai Kunanbaev? «Poet»

  4. How many seasons in a year? «Four»

  5. What is the English for «күн»? «Sun»


ІҮ БӨЛІМ «ҚИЯЛ ӘЛЕМІ».

Оқушыларға берілетін тақырыптар:

  1. Егер мен робот болсам...

  2. Егер менің сиқырлы таяқшам болса...


ҚОРЫТЫНДЫ. Озып шыққан топ «Алғыс хатпен» марапатталады.




C:\Users\User\Desktop\103_FUJI\DSCF3237.JPG

C:\Users\User\Desktop\103_FUJI\DSCF3253.JPG

C:\Users\User\Desktop\103_FUJI\DSCF3276.JPGC:\Users\User\Desktop\103_FUJI\DSCF3286.JPG





C:\Users\User\Desktop\103_FUJI\DSCF3288.JPG                                                                                                              C:\Users\User\Desktop\103_FUJI\DSCF3292.JPG



C:\Users\User\Desktop\103_FUJI\DSCF3315.JPGC:\Users\User\Desktop\103_FUJI\DSCF3233.JPG

Текелі қаласы

4 орта мектеп ММ








«ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ»

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНЫ



C:\Users\User\Desktop\менің құжаттарым\курсқа алып кететіндер\Т. Викторовна картинкалары\Новые картинки\kniga.png


Сыныбы: 9 «А», «Ә»


Ұйымдастырған:

Ш. Маликова













2014-2015 оқу жылы

Текелі қаласы

4 орта мектеп ММ









«ТІЛ МЕРГЕНІ»

САЙЫСЫ










Сыныбы: 8 «Б», «В»


Ұйымдастырғандар:

Г. Хамитжанова

А. Айдаболова













2014-2015 оқу жылы

C:\Users\User\Desktop\менің құжаттарым\ашық сабақтағы фотолар\IMG_9939.JPGC:\Users\User\Desktop\менің құжаттарым\ашық сабақтағы фотолар\IMG_9942.JPG



C:\Users\User\Desktop\менің құжаттарым\ашық сабақтағы фотолар\IMG_9956.JPGC:\Users\User\Desktop\менің құжаттарым\ашық сабақтағы фотолар\IMG_9940.JPG




C:\Users\User\Desktop\менің құжаттарым\ашық сабақтағы фотолар\IMG_9949.JPGC:\Users\User\Desktop\менің құжаттарым\ашық сабақтағы фотолар\IMG_9955 - копия.JPG


Краткое описание документа:

«ТІЛ МЕРГЕНІ» сайысы

Мақсаты:

1.Оқушылардың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп, тапсырманы дұрыс орындауға баулу;

2.Ой-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру;

3.Еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: әдеби кітаптар көрмесі, слайд, қанатты сөздер, шарлар, тақырып жазылған плакат.

Барысы:

Мұғалім: Құрметті оқушылар!

Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.

«Адамға екі нәрсе тірек тегі,

Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,

Мемлекеттік тілді үйренгенің жөн болар, - демекші, «Тіл мергені» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Балалар, құтты болсын тілің бүгін,

Ашатын жан сарайын білімдінің.

Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,

Тіліне зер салыңдар бұрынғының.

"serif";mso-fareast-font-family: "Times New Roman";mso-ansi-language:KZ'>-Балалар, бақыт дегенді қалай түсінеміз?

-«Мен үшін бақыт...» деп оқушылар кезек-кезек бақыт жайлы өз түсініктерін бір сөзбен айтып шығады.

Мұғалім:

-Өте жақсы, ендеше, мен үшін бақыт, сендермен өткен әрбір қызықты сабағым.

Автор
Дата добавления 19.05.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров527
Номер материала 287700
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх