Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Статьи / "Тіл ұстарту" тақырыбында сабақ жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

"Тіл ұстарту" тақырыбында сабақ жоспары

библиотека
материалов

Cабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту

Сабақтың мақсаты: шығармашылық іске жұмылдыра отырып, ой ұшқырлықтарын, тапқырлықтарын, көркем тілдерін дамыту, өз беттерімен ойлау еңбегіне іздендіру, өз пікірлерін салыстыру, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Сабақтың міндеттері:

1. Білімділік: оқушылардың сөздік қорын байыту, сатылай кешенді талдауға жаттықтыру.

2.Дамытушылық: өз ойын жүйелі жеткізіп, сөз жасау, сөйлемді дұрыс құру тәсілдерін меңгерту.

3.Тәрбиелік: ізденімпаздық,шапшаңдық қасиеттерге жетелеп, адал достық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың типі: білім,білік дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың әдісі: шығармашылық жұмыстар, сұрақ-жауап, тіл дамыту, әдістемелік ойындар,тілдік талдау.

Пәнаралық байланыс: халық ауыз әдебиеті.

Сабақтың көрнектілігі: қанатты сөз жазылған плакат, сызба.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеп,назарларын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақ.

  1. Сабақ мақсатымен таныстыру.

  2. Екі дос” мәтінін оқу.

  3. Мәтіндегі негізгі ой анықтату.

  4. Мәтіндегі тірек сөздерді белгілету.

  5. Мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу.

  6. Алдарында жатқан кесте- сызбаны толтыру.

Мәтін

Екі дос.

Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болды.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойында шатыр тігіп, дамылдапты.Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты.Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетіпті.Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті.Әлгі екі досьың біреуі жау қолына түседі.Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығына қарамастан,өзенді малтып өтіп,жау жатқан жағаға келеді.Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады.Жауынгер өзін қол басыларына апаруды өтінеді.Алып келген соң ол жаудың қол басына:

-Мен қолдарыңа түскен бір жаугерге құн төлеп, сатып алуға келдім.Менің оған айырбасқа беретін малым, мүлкім жоқ.Бір-ақ нәрсе беремін.Ол-өзімнің өмірім.Досымды босатыңдар,ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім,- дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болды да:

-Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын.Маған сол өміріңнің бір бөлігін ғана берсең болды,-дейді.

-Ол не?-дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

-Маған сенің көздерін керек,-дейді қолбасы,-екі көзіңді ойып аламын.

-Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат,-дейді.

Жігіт бұл сыннан толқусыз өтеді.Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын қойып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

Мұны көрген жаудың қолбасы: “Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста қиынға соғады”,-деп түйеді.Сөйтіп, өз әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.


Мәтіннен үзінділер, ой-тұжырым

Мазмұнға сәйкес түйін жасау




7.Өткен тақырыпқа шолу жасау бөлімі.(мәтіндегі үш сөйлемге сатылай кешенді талдау жүргізу.)

8.“Есіңе сақта ел сөзін”атты ойын мен “Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні”атты әдістемелік ойын жүргізіледі.Мұғалім оқыған мақалдардың есіңде қалған біреуіне арнап ситуациялық жағдайды шағын әңгіме түрінде құрау. Әңгіменің түйінің бір ғана мақал ашу керек.

Адал достық алтыннан қымбат

Достан сырынды жасырма,

Дұшпанды басыңнан асырма,

Досың мың болса да- аз,

Дұшпаның біреу болса да-көп.

Көп ақшан болғанша,

Бір досың болсын.

Доссыз адам, тұссыз тағам.

9. “Ой жалға”атты шығармашылық жұмыс.

Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе- оның басқа адамдармен достық қарым-қатынасы.

3.Сабақтың қорытындысы.

Ата-бабаларымыздан келе жатқан қатаң қағида,рухани өсиет- достыққа адалдық.Ж.Ж.Руссо, Ш.Руставели сияқты даналар бейне бір келісіп алғандай: “Тұрақсыз достан да дос болмаған жақсы, тіпті ашық дұшпанның өзі артық”дейді.Ұлы ақын әрі ойшыл Абай:

Жаман дос көлеңке:

басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың,

Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың,-деп жалған

достың кейін тастап кететіні жайында айтқан.Ендеше, осы даналық сөздерді үнемі есте сақтап, бір-бірімізге деген достық, жолдастық, сыйластық сезімдерімізді көздің қарашығандай сақтай білейік.

4.Үйге тапсырма.

Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады.”сыр толғау.

5.Бағалау




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 01.03.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Статьи
Просмотров1636
Номер материала ДВ-496654
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх