Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Тіл жүйрікте кім жүйрік? сыныптан тыс.
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

Тіл жүйрікте кім жүйрік? сыныптан тыс.

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов


Пәні: Қазақ тілі

Күні: 28.09.2016ж.

Сыныбы:5 «а», 5 «ә», 5 «б»

Тақырыбы: Тіл жүйрікте – кім жүйрік?

Міндеттері:

1.Білімділік:, қазақ тіліне байланысты мақал – мәтелдерді, жұмбақтарды, тұрақты сөз тіркестерінен қолдана отырып, озық ойлы топты анықтау.

2. Дамытушылық: оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой - өрісін кеңейту оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын арттыру

3. Тәрбиелік: өз мүмкіндігін пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.Елін,жерін, тілін сүйе білуге үйрету

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың типі: Сайыс сабақ

Көрнекіліктер: интерактивті тақта

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен амандасу (шаттық шеңберіне тұру)

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

  • Оқушыларды топқа бөліп, орындарына отырғызу

1 – топ: Бәйтерек 2 – топ: Барыс 3 – топ: Қыран



Сайыстың кезеңдері:

1.Ғажайып жұлдызшалар (10,20,30,40 ұпайлар бойынша бағаланады)

2.Көңілді шумақтар (3,4,5)

3.Антонимдер (3,4,5)

4. 5 жолды өлең (өлеңнің ұйқасы, мағынасы 3,4,5)

5.Сөзмерген (3,4,5)

6. Мақал – сөздің мәйегі (3,4,5)

7. Ойлы болсаң, озып көр (3,4,5)

1- кезең: Ғажайып жұлдызшалар

Шарты: кез келген ұяшықты таңдайды.Дұрыс жауапқа сол ұяшықтағы ұпай саны беріледі. (мақал – мәтелдердің жалғасын табу, жұмбақтардың жауабын табу, тұрақты тіркестердің мәнін ашу)



2 – кезең :Көңілді шумақтар

Шарты: Тақтада көрсетілген шумақтардан көп нүктенің орнына қажет сөздерді тауып қою керек. Әр топқа бір өлеңнен беріледі.

«.....!»-десіп отырар

Кейде үлкендер білсеңдер.

Кері оқып көрсеңдер.

«...!» болады ол сөзің

Екі әріптен тұрады-

Көріп жүрген күнде өзің

Балықшының құралы. (ау - бау)


«...»-сүйікті тамағың,

Теріс оқып қарағын

Кейде ұйқыда көретін

«...» боп шығар жаңағын. (сүт - түс)

Оңға қарай оқысаң,

ҚАМЫТ-әбзел бұйымың.

Солға қарай оқысаң,

... “ – қысқы киімің (қамыт - тымақ)


3 – кезең:Антонимдер

Шарты: Тақтада бір-біріне қарама – қарсы яғни антоним суреттер шығады.Қатысушылар берілген антонимдердің қазақ тіліндегі, орыс тіліндегі, ағылшын тіліндегі нұсқаларын табады.

Ыстық Суық

Горячий Холодный

Hot Cold


Кәрі Жас

Старый Молодой

Elder Young


Ескі Жаңа

Старый Новый

Old New


Арзан Қымбат

Дешевый Дорогой

Cheap Costly


Кішкентай Үлкен

Маленький Большой

Little Big


Ақ Қара

Белый Черный

White Black


4 – кезең: 5 жолды өлең

Шарты: Тақтада әр топқа тақырып көрсетіледі. Сол бойынша оқушылар 4 минуттың ішінде 5 жолды өлең құрастырулары керек.Өлеңнің ұйқасы мен мағынасына мән беріліп, 3,4,5 ұпайлары бойынша бағаланады.

1-топ: Туған тілім

2-топ: Отаным - Қазақстан

3-топ: Алтын ұям

5 – кезең: Сөз мерген

Шарты: Берілген тұрақты сөз тіркестерін табу, мағыналарын ашу. Жауабын тапқан топ бірден қолдарындағы жалаушаны көтереді.

  1. Ай

  2. Күн

  3. Жұлдыз Шығарды

  4. Бұлт

Айды аспанға бір-ақ шығарды-таң қалдырды, атын шығарды деген мағынада.

1. Өкпе

2. Бүйрек

3. Жүрек Қазан

4. Тамыр

Өкпесі қара қазандай- ренжу.


1. Сақина

2. Білезік

3. Алқа Тілеп алу

4. Моншақ

Сау басына сақина тілеп алу-өзіне бәле тілеу.



1. Жіп

2. Сөз

3. Арқан Байлау

4. Сөйлем

Сөз байласу- уәделесу, келісу.



1. Төсек

2. Мұз

3. Дала Отырғызу

4. Орындық

Мұзға отырғызып кету-алдау.



1. Оқыған

2. Талапты

3. Білімді Жауар

4. Саналы

Талаптыға нұр жауар.



1. Күшті

2. Білімді

3. Айлалы Жығар

4. Өнерлі

Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.



1. Біреу

2. Екеу

3. Үшеу Секіреді

4. Төртеу

Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.



1. Құс

2. Балапан

3. Торғай Іледі

4. Үкі

Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.



1. Жалғыз

2. Аз

3. Көп Шықпас

4. Мол

Жалғыздың үні шықпас.



6 – кезең: Мақал – сөздің мәйегі.

Шарты: Тақтадан әр топқа 3 мақал – мәтелден көрсетіледі. Мақал – мәтелдердегі суреттің орнына қажетті сөзді табу.


Отан – оттан да ыстық

Піл көтермегенді, тіл көтереді

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық

Туған жерге туын тік

Ми ойлағанды тіл бітіреді

Тіл – көңілдің кілті

Көз – көңілдің айнасы

Тіл – қылыштан да өткір

От шаласынан, сөз шаласы жаман


7 – кезең: Ойлы болсаң, озып көр

Шарты: Қазақ тіліне байланысты тест беріледі. Жауабын бірінші болып тапқан топ жалаушаны көтереді.

1.Тіл туралы Заң қашан

қабылданды?

А) 1987ж. 17 қараша

В) 1989ж. 22 қыркүйек

С) 1990ж. 13 маусым

Д) 1992ж. 15 қазан

Е) 1991ж. 17 қыркүйек


2.Тіл білімінің негізін салған кім?

А) Ш.Уәлиханов

В) М. Жұмабаев

С) А. Байтұрсынов

Д) Ы. Алтынсарин

Е) А. Құнанбаев


3.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

А) хинди

В) араб

С) португал

Д) испан

Е) түркі


. «Ана тілің-арың бұл, ұятың боп

тұр бетте» деген өлең

жолдарының авторы кім?

А) Қ. Мырзалиев

В) Ә. Тәжібаев

С) С. Торайғыров

Д) М. Шаханов

Е) М. Мақатаев


5. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың

ән-өлеңдер жинағы қайсысы?

А) «Айтым саған, қаламқас»

В) «Дариға жүрек»

С) «Сөйле, менің жүрегім»

Д) «Асау жүрек»

Е) «Өмір-өзен»


6.Қазақтың балалар әдебиетінің

атасы кім?

А) Ұлы Абай

В) Ы. Алтынсарин

С) М. Жұмабаев

Д ) С. Көбеев

Е) С. Мұратбеков


7. « Паспорт» сөзінің жаңа атауын табыңыз.

А) қағазы

В) куәлік

С) анықтама

Д) міндеттеме

Е) төлқұжат

  Кіршіксіз қард ай сақтаңдар,

   Қазақтың тілін ғаламат.

   Ана тіл – арым, иманым,

   Аманат, саған, аманат, - дей келе сайыс сабағымызды қорытындылаймыз.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын сәтте туды. Жеңімпаз топты анықтау үшін сөз кезегін әділ – қазылар алқасына береміз.

Жүлдесі сізге

Сөз халыққа болсын, ағайын!

Сау болыңыздар!

Общая информация

Номер материала: ДБ-267596

Похожие материалы