Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Тілашар: «Батаңды бер қазағым, мен мектепке барамын»

Тілашар: «Батаңды бер қазағым, мен мектепке барамын»

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныбы:1 «А»

Сынып жетекшісі: Жахина Қарлығаш Серікқызы

Тақырыбы: Тілашар «Батаңды бер қазағым, мен мектепке барамын »

Мақсаты: Оқушылардың бала-бақшадан өтіп,мектеп кезеңіне келген қадамдарын тойлату. Отан, ана тілі, отбасы, мектеп жайлы өлең-тақпақтар айту. Отбасындағы ата-ана,мектептегі ұстаздарды сыйлауға,үлкенге құрмет,кішіге ізет,талмай білім алуға,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Өнерлерін ортаға салу.

Көрнекіліктер: суреттер,мақал-мәтелдер,нақыл сөздер, шарлар.

Мұғалімнің алғы сөзі:

Сәлеметсіңдер ме, бүгінгі үлкен тойға жиналған қауым! Иә,жиналып отыруымызға себеп-кеше ғана оңы мен солын танымай жүрген ойын балалары бүгін,міне,мектеп табалдырығын аттап, «Тілашар» мерекесін тойламақшы.


Көз салып қараңызшы тойымызға

Ортақ боп, бүгінгі өскен ойымызға

Қош келіпсіз құрметті ата-аналар

Тілашар атты мерекеге

Нұрлы үмітін арқалаған

Жан сәулесін тарататын баршаға

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп

Оқушыларды шақырайық ортаға

1.Сабырлы жайсаң мінезі

Адалдықты сүйеді

Бәрі, бәрі сыйлайды

Сыныбымызда Дінмұхамедті

2.Қандай да болса игі ісі

Онсыз сірә бітпейді

Гүл жайнаған Т.Еркеназды

Жауқазын гүлге теңейміз

3. Біздің топта қыздардың

Ішіндегі дарасы

Наргиздың өткірдей ер мінезіне

Таң қаламыз бәріміз

4.Күллі жұртты тамсантқан

Мың бұрала билейді

Талабымен қуантқан

Біздің Ақгүл өнерлі

5. Бойында үлкен намыс бар

Әрқашан алға ұмтылған

Сегіз қырлы бір сырлы

Намысшыл жігіт Нұрасыл

6. Жібектейін мінезі

Сыныбымыздың жарық жұлдызы

Нұрландырған ортаны

Нұрдана жұлдыз жан-жақты

7.Әдепті ол сақтайды

Шындықты әркез жақтайды

Рахатты ұстазы

Тәртіпті деп мақтайды

8. Ортамыздың ажары

Еркеназ бен А.Ділназ ерке қызымыз

Әр қылығын көтеріп

Еркелете білеміз

9.Тіл табысқан бәрімен

Ақ жарқын жан өмірде

Жақсылықтың жаршысы

Ақ көңіл ғой біздің Т.Мадина

10.Өзі алғыр жан-жақты

Қызымыз бар салмақты

А.Мадина біздің әрқашан

Ұстайды өзін салмақты

11. Биязы мінезіменен

Түрлі биді билейді

Күлімдеген Дильяра

Барлық досы қолдайды

12.Айдай сұлу Айсана

Ардақты біздің қызымыз

Сыңғырлаған күлкісі бар

Күлімдеген дауысы бар







13.Спортты жаны сүйеді

Салауатты өмір сүреді

Бар қоғамдық жұмыстың

Ортасында жүреді.

Тастемір сыныбымыздың жүрегі

14. Өзі сондай ұқыпты

Жігіттердің көркісі

Қошеметпен шақырайық

Жанәлидей жігітті

15.Биікке самғау мақсаты

Алғыр зерек,талапты

Біздің Ділназ бен Наргиза

Сабағына жауапты

16. Өнер білім жолында

Алдына жан салмайды

Қошеметпен қанекей

Қарсы алайық Ләйләні

17.Ойы ұшқыр Ниязбек

Сурет салғанды сүйеді

Қандай сурет болмасын

Салмай оны қоймайды

«Батаңды бер қазағым, мен мектепке барамын » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындайық.

Кішкентай бүлдіршіндердің осы 1 ай ішінде жеткен жетістіктері де аз емес. Олар әріп танып,оқуды,жазуды меңгеріп келеді. Бірақ ол бұл тек бастауы ғана.

1-оқушы Рахат

Елдің атын жазамын,
Жердің атын жазамын,
Туған тілге тазамын.
Батаңды бер, қазағым...
Мен мектепке барамын.

2-оқушы Ақгүл

Армысың, мектеп ар - бесік,
Айқара ашқан есігін.
Тәрбие, білім бар нәсіп,
Өзіңде өрлеп өсемін.




3қушы Наргиза

Алтыға толдым биыл мен

Оқушы болып киінем.

Арқама сөмке асына,

Мектепке барам асыға.

4-оқушы Нұрасыл

Тану үшін бабаңды
Тану үшін анаңды
Тану үшін ғаламды
Мектеп керек, адамға

Ән: «Мектебім» Төкенова Еркеназ

5-оқушы Тәңірберген Еркеназ

Әліппені  ұстап  мен,

Мақтанбаймын  мен  текке.

Дайын  дәптер  қаламым,

Жақсы  оқушы  боламын.


6-оқушы Түсіпбаева Мадина

Барлық бала таң қалып,

Әліппені ашады.

Сөз құраған әр әріп

Білім нұрын шашады.

7-оқушы Ниязбек

Бар байлықты басқарып

Оқу – білім тұрады
Кітапты көп оқыған
Білімді боп шығады.


Ән: «Әліппе» Макышева Наргиз

Жаңылтпаштар

1.Шеше, неше кесе сынды кеше.

2.Қызым жүзім же, жүзін үзіп же.

Жұмбақтар:

1.Алмада бар, жүзімде жоқ

Анарда бар, шиеде жоқ қандай әріп? (А), өлең айтады ма?

2.Тауда бар, бауда жоқ

Таста бар, құмда жоқ

Оқушы анты:

Біз №132 орта мектепте оқимыз. Біз озат оқуға, үлгілі, тәртіпті болуға мектеп ережесін қатаң сақтауға ант етеміз!


Көрініс: «Жалқаубек»

- Біз Отаннан басқа өз ана тілімізді де сүюіміз керек. Ол қандай тіл?

- Ана тілім-қазақ тілім.





8-оқушы Макышева Наргиз

Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.

Ән: «Анамның тілі» Нұрдана
би: «Түрік»



9-оқушы Дінмұхамед

Күнде бестік алсаң сен,
Онда басқа жоқ арман.
Ал оқымай барсаң сен,
Бір тал шашы ағарған.

10-оқушы Төкенова Еркеназ

Ақылшым асыл ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың
Қасыма кеп қанша сен,
Қамқор боп қалам ұстадың.


11-оқушы Алмас Дильназ

Мен тілеймін ұстазыма
Өмір - думан, бақ әкелсін мереке.
Азамат боп шығамын мен,
Сенетіндей ел ертең.

12-оқушы Нұрдана

Алты жасқа біздей толған баланы,
Мектеп ана құшағына алады.
Ата-ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды міне биыл балаңыз.

ән: Ұстазым

13-оқушы Ләйлә

Өсіп ой мен санамыз,
Өмірге жол саламыз.
Білім қуған баламыз,
Біз – оқушы баламыз!


14-оқушы Айсана

Сайысында өнердің,
Аламын деп бас бәйгені.
Барлығына мен елдің,
Әнші болам әйгілі.


15-оқушы Тастемір

Мен оқушы боламын,

Болам жігіт зор әлі,

Қазақстан жалауын,

Көтеремін жоғары.


16-оқушы Ділназ

Мектеп қамқор анамыз,

Оқып, білім аламыз

Өнерпаз боп өсетін

Біз оқушы боламыз.


Ән: «Әжем айтқан ертегі»

17-оқушы Дильяра

Мектеп - үлкен бағдаршам.
Ұстаз шырақ ұстаушы.
Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.


18-оқушы Жанәли

Мектебіңді құрметте,
Бесік болып тербеткен.
Өзің де жет құрметке
Азаматсың ер жеткен.

19-оқушы Мадина

Анам, анам, ақ анам

Мен өзіңдей ақ балаң,

Айтқан тілінді аламын

Сабағыма барамын.

Ән: «Қуырмаш» хор.

Ата-ана анты: Ата-ана комитеті Макышева Валентина


Осымен,құрметті қонақтар 1 «А»сынып оқушыларының тілашар тойы өз мәресіне келіп жетті. Ы.Алтынсарин атамыздың «Кел, балалар оқылық, оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық» деген өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр. Балалар ата-аналарыңа, ұстаздарыңа, достарыңа сыйлы болыңдар! Тек қана биік белестерден көріне беріңдер. Сіздердің назарларыңызға рахмет.Келесі кездескенше

Хормен: қош сау болыңыздар!!!
















Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Сыныбы:1 «А»

Сынып жетекшісі: Жахина Қарлығаш Серікқызы

Тақырыбы: Тілашар «Батаңды бер қазағым, мен мектепке барамын »

Мақсаты: Оқушылардың бала-бақшадан өтіп,мектеп кезеңіне келген қадамдарын тойлату. Отан, ана тілі, отбасы, мектеп жайлы өлең-тақпақтар айту. Отбасындағы ата-ана,мектептегі ұстаздарды сыйлауға,үлкенге құрмет,кішіге ізет,талмай білім алуға,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Өнерлерін ортаға салу.

Көрнекіліктер: суреттер,мақал-мәтелдер,нақыл сөздер, шарлар.

Мұғалімнің алғы сөзі:

Сәлеметсіңдер ме, бүгінгі үлкен тойға жиналған қауым! Иә,жиналып отыруымызға себеп-кеше ғана оңы мен солын танымай жүрген ойын балалары бүгін,міне,мектеп табалдырығын аттап, «Тілашар» мерекесін тойламақшы.

Көз салып қараңызшы тойымызға

Ортақ боп, бүгінгі өскен ойымызға

Қош келіпсіз құрметті ата-аналар

Тілашар атты мерекеге

Нұрлы үмітін арқалаған

Жан сәулесін тарататын баршаға

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп

Оқушыларды шақырайық ортаға

1.Сабырлы жайсаң мінезі

Адалдықты сүйеді

Бәрі, бәрі сыйлайды

Сыныбымызда Дінмұхамедті

2.Қандай да болса игі ісі

Онсыз сірә бітпейді

Гүл жайнаған Т.Еркеназды

Жауқазын гүлге теңейміз

3. Біздің топта қыздардың

Ішіндегі дарасы

Наргиздың өткірдей ер мінезіне

Таң қаламыз бәріміз

4.Күллі жұртты тамсантқан

Мың бұрала билейді

Талабымен қуантқан

Біздің Ақгүл өнерлі

5. Бойында үлкен намыс бар

Әрқашан алға ұмтылған

Сегіз қырлы бір сырлы

Намысшыл жігіт Нұрасыл

6. Жібектейін мінезі

Сыныбымыздың жарық жұлдызы

Нұрландырған ортаны

Нұрдана жұлдыз жан-жақты

7.Әдепті ол сақтайды

Шындықты әркез жақтайды

Рахатты ұстазы

Тәртіпті деп мақтайды

8. Ортамыздың ажары

Еркеназ бен А.Ділназ ерке қызымыз

Әр қылығын көтеріп

Еркелете білеміз

9.Тіл табысқан бәрімен

Ақ жарқын жан өмірде

Жақсылықтың жаршысы

Ақ көңіл ғой біздің Т.Мадина

10.Өзі алғыр жан-жақты

Қызымыз бар салмақты

А.Мадина біздің әрқашан

Ұстайды өзін салмақты

11. Биязы мінезіменен

Түрлі биді билейді

Күлімдеген Дильяра

Барлық досы қолдайды

12.Айдай сұлу Айсана

Ардақты біздің қызымыз

Сыңғырлаған күлкісі бар

Күлімдеген дауысы бар

13.Спортты жаны сүйеді

Салауатты өмір сүреді

Бар қоғамдық жұмыстың

Ортасында жүреді.

Тастемір сыныбымыздың жүрегі

14. Өзі сондай ұқыпты

Жігіттердің көркісі

Қошеметпен шақырайық

Жанәлидей жігітті

15.Биікке самғау мақсаты

Алғыр зерек,талапты

Біздің Ділназ бен Наргиза

Сабағына жауапты

16. Өнер білім жолында

Алдына жан салмайды

Қошеметпен қанекей

Қарсы алайық Ләйләні

17.Ойы ұшқыр Ниязбек

Сурет салғанды сүйеді

Қандай сурет болмасын

Салмай оны қоймайды

«Батаңды бер қазағым, мен мектепке барамын » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындайық.

Кішкентай бүлдіршіндердің осы 1 ай ішінде жеткен жетістіктері де аз емес. Олар әріп танып,оқуды,жазуды меңгеріп келеді. Бірақ ол бұл тек бастауы ғана.

1-оқушы Рахат

Елдің атын жазамын,
Жердің атын жазамын,
Туған тілге тазамын.
Батаңды бер, қазағым...
Мен мектепке барамын.

2-оқушы Ақгүл

Армысың, мектеп ар - бесік,
Айқара ашқан есігін.
Тәрбие, білім бар нәсіп,
Өзіңде өрлеп өсемін.

3қушы Наргиза

Алтыға толдым биыл мен

Оқушы болып киінем.

Арқама сөмке асына,

Мектепке барам асыға.

4-оқушы Нұрасыл

Тану үшін бабаңды
Тану үшін анаңды
Тану үшін ғаламды
Мектеп керек, адамға

Ән: «Мектебім» Төкенова Еркеназ

5-оқушы Тәңірберген Еркеназ

Әліппені ұстап мен,

Мақтанбаймын мен текке.

Дайын дәптер қаламым,

Жақсы оқушы боламын.

6-оқушы Түсіпбаева Мадина

Барлық бала таң қалып,

Әліппені ашады.

Сөз құраған әр әріп

Білім нұрын шашады.

7-оқушы Ниязбек

Бар байлықты басқарып

Оқу – білім тұрады
Кітапты көп оқыған
Білімді боп шығады.

Ән: «Әліппе» Макышева Наргиз

Жаңылтпаштар

1.Шеше, неше кесе сынды кеше.

2.Қызым жүзім же, жүзін үзіп же.

Жұмбақтар:

1.Алмада бар, жүзімде жоқ

Анарда бар, шиеде жоқ қандай әріп? (А), өлең айтады ма?

2.Тауда бар, бауда жоқ

Таста бар, құмда жоқ

Оқушы анты:

Біз №132 орта мектепте оқимыз. Біз озат оқуға, үлгілі, тәртіпті болуға мектеп ережесін қатаң сақтауға ант етеміз!

Көрініс: «Жалқаубек»

- Біз Отаннан басқа өз ана тілімізді де сүюіміз керек. Ол қандай тіл?

- Ана тілім-қазақ тілім.

8-оқушы Макышева Наргиз

Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.

Ән: «Анамның тілі» Нұрдана
би: «Түрік»

9-оқушы Дінмұхамед

Күнде бестік алсаң сен,
Онда басқа жоқ арман.
Ал оқымай барсаң сен,
Бір тал шашы ағарған.

10-оқушы Төкенова Еркеназ

Ақылшым асыл ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың
Қасыма кеп қанша сен,
Қамқор боп қалам ұстадың.

11-оқушы Алмас Дильназ

Мен тілеймін ұстазыма
Өмір - думан, бақ әкелсін мереке.
Азамат боп шығамын мен,
Сенетіндей ел ертең.

12-оқушы Нұрдана

Алты жасқа біздей толған баланы,
Мектеп ана құшағына алады.
Ата-ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды міне биыл балаңыз.

ән: Ұстазым

13-оқушы Ләйлә

Өсіп ой мен санамыз,
Өмірге жол саламыз.
Білім қуған баламыз,
Біз – оқушы баламыз!


14-оқушы Айсана

Сайысында өнердің,
Аламын деп бас бәйгені.
Барлығына мен елдің,
Әнші болам әйгілі.


15-оқушы Тастемір

Мен оқушы боламын,

Болам жігіт зор әлі,

Қазақстан жалауын,

Көтеремін жоғары.

16-оқушы Ділназ

Мектеп қамқор анамыз,

Оқып, білім аламыз

Өнерпаз боп өсетін

Біз оқушы боламыз.

Ән: «Әжем айтқан ертегі»

17-оқушы Дильяра

Мектеп - үлкен бағдаршам.
Ұстаз шырақ ұстаушы.
Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.

18-оқушы Жанәли

Мектебіңді құрметте,
Бесік болып тербеткен.
Өзің де жет құрметке
Азаматсың ер жеткен.

19-оқушы Мадина

Анам, анам, ақ анам

Мен өзіңдей ақ балаң,

Айтқан тілінді аламын

Сабағыма барамын.

Ән: «Қуырмаш» хор.

Ата-ана анты: Ата-ана комитеті Макышева Валентина

Осымен,құрметті қонақтар 1 «А»сынып оқушыларының тілашар тойы өз мәресіне келіп жетті. Ы.Алтынсарин атамыздың «Кел, балалар оқылық, оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық» деген өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр. Балалар ата-аналарыңа, ұстаздарыңа, достарыңа сыйлы болыңдар! Тек қана биік белестерден көріне беріңдер. Сіздердің назарларыңызға рахмет.Келесі кездескенше

Хормен: қош сау болыңыздар!!!

Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров565
Номер материала 283683
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх