Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тілашар (1 сынып ) Мақсаты: оқушылардың тілін дамыту, айналамен таныстыру, мектеп, мұғалім, оқушы, білім, оқулық туралы түсініктерін қалыптастыру. Үлкенді сыйлау, еңбекті бағалау, еңбек ете білуге, өз отбасына, туған жеріне құрмет көрс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тілашар (1 сынып ) Мақсаты: оқушылардың тілін дамыту, айналамен таныстыру, мектеп, мұғалім, оқушы, білім, оқулық туралы түсініктерін қалыптастыру. Үлкенді сыйлау, еңбекті бағалау, еңбек ете білуге, өз отбасына, туған жеріне құрмет көрс

библиотека
материалов

Тілашар (1 сынып )
Мақсаты: оқушылардың тілін дамыту, айналамен таныстыру, мектеп, мұғалім, оқушы, білім, оқулық туралы түсініктерін қалыптастыру. Үлкенді сыйлау, еңбекті бағалау, еңбек ете білуге, өз отбасына, туған жеріне құрмет көрсете білуге баулу, тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кеспе әріптер, шарлар, сурет, карточкалар ( тапсырмалар жазылған )
Ұйымдастыру кезеңі.
1.Мұғалім:Қымбатты ұстаздар,оқушылар,ата-аналар!

Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан бүгінгі мерекелеріңіздің куәгерлері 1сынып оқушыларының тілашар мерекесіне жиналып отырсыздар. Ендеше,бүгінгі шәкірттеріміз ертеңгі күннің үмітін ақтар еліміздің болашақ азаматтарын ортаға шақырайық.

Той деп бүгін көңіл шіркін тасады

Ән менен күй көңіл шіркін тасады,

Той деп келген қонақтарға мың рахмет

Ақ жаулықты аналар той шашуын шашады.

- Бақытты балдырғандар, ардақты ата - аналар, құрметті меймандар, тілашар тойы құтты болсын! Мектеп есігін алғаш ашқан шәкірттерімнің қадамдарың сәтті болсын!
2.Хор: Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!
3.
Мектеп. Мектеп - кеме, білім – теңіз.
1.Ералы:
Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына,
Енді қайық саламыз.

2.Сабина:
Біз бақытты баламыз
Қағаз, қалам аламыз.
Ұстазымыз үйреткен,
Әріптерді саламыз.

3.Дариға:
Алты жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім,
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме беттедім.

4.Жангелді: Алақайлап жүрегім,
Қуанышқа толып тұр.
Асыққан қыркүйегім,
Қоңырауын соғып тұр.

5.Нұргелді: Мектеп - білім ордасы,
Мектеп - қамқор анашым.
Оқып білім алатын,
Өнерпаз болып өсетін
Мен оқушы боламын.
6.Нұралі: Сәлем саған мектебім,
Сәлем білім ордасы.
Жасыл бақты көктемім,
Жастық шақтың жолдасы.

4. Ән: Әліппе

5. Мұғалім: Балалар, біз енді келген қонақтарымызға өзіміздің биыл қайдан келгенімізді, нені үйренгенімізді, не білетінімізді көрсетейік. Балалар, біз биыл қайда келдік?

Оқушылар: біз мектепке келдік.

Мұғалім: Мектепке не үшін келдіңдер?

Оқушылар: Біз оқу үшін келдік.

6. Мұғалім: Мектеп туралы қандай тақпақ білеміз? Қане айтып жіберейік.

7.Адемай: Армысың, мектеп ар - бесік,
Айқара ашқан есігін.
Тәрбие, білім бар нәсіп,
Өзіңде өрлеп өсемін.
8.Бексултан: Армысың, мектеп киелім,
Мен сені солай сүйемін,
Сен берген бағыт бағдармен
Рухы бай елге иемін.
9.Айдана: Алты жасқа біздей толған баланы,
Мектеп ана құшағына алады.
Ата-ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды міне биыл балаңыз.

10.Мансур: Мектеп деген киелі ұғым ғажап ат,
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған,
Түлеп ұшты талай-талай азамат.
11.Данияр: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
12.Арыстан: Мектеп - үлкен бағдаршам.
Ұстаз шырақ ұстаушы.
Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.
7. «Шаттық шеңбері» дөңгелене тұра қалады
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге!

8. 3 топқа бөлу 1- топ: Қыркүйек 2-топ: Қазан 3-топ: Қараша

1 сайыс Жұмбақ шешу:

Дүниетану сабағында біз табиғат, табиғатты нелер құрайды, табиғат құбылыстарымен таныстық. Қазір табиғат тақырыбына байланысты жұмбақтарды шешесіңдер

1.Ағаштарды шайқайды,    2.Шашылды көктен ақ моншақ

Көзге көрінбейді                     Жоғалды біздер тапқанша-ақ

Шарлағанда сай-сайды                                            (бұршақ)

Бір сәт ерінбейді (жел)

2.Әуеде ақ мамық             4.Аспанды от қамшы осады,  

Қалпақтап ұшады                Ащы үнін ышқынып қосады

Қанаты талып,                                           (найзағай)

Жерді барып құшады           5. Зәулімде тұрағы

(қар)                                        Тіреусіз тұрады(бұлт)

6.Қолы менен қаламы жоқ, Бірақ сурет салады (аяз)

7.Түскенде алтын күз, Жинадық алтын тіс (бидай)

8.Жазда жайнайды, күзде жайрайды (жапырақ)

9.Қысы жазы шешпейтін,көйлегі бар жасылдан

Өзгертпейді еш кейпін, жаралғандай асылдан (шырша)

10.Күндіз атады,кешке батады (күн)

9. Би: «Күзгі жапырақ» Қыздардың орындауында.

10. Сауат ашу кезеңінде біз қандай білім алғанымызды көрсетейік. Берілген тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, Күннің көзіне көмектесеміз

2-сайыс. - Міне мұнда көп әріптер кеспесін әкелдім, қане бір- бірден шығып өздерің қалаған әріптерді алыңдар. Топ мүшелері тапсырмаларды орындауға дайынсындар ма?

  1- тапсырма:   -  Қандай дыбыс? 2 тапсырма: Мысал келтіру.3- тапсырма: Қолдарындағы әріптерден сөз құрастыру. Буынға бөлу. Осы сөзден сөйлем құрастырыңдар.

(Оқушыларға кітап оқыту)

3-сайыс. Математикадан алған білімдерімізді тексереміз.

- Қандай сызықтар?

- Б. ж. (түзу және қисық сызықтар)

- Ал мыналар ше?

0     1       2         3       4 – бұлар сандар.

 + –  қосу азайту амалдары

 =  <  >  тең артық кем

 2 + 1   2 – 1   өрнектер

 2 + 1 қосынды  2 – 1 айырма

 2 +  1 =3 теңдік 

Қыркүйек тобына : Мына сандардан 2 , 1, 3 ,+, = теңдік құрастыру, компоненттерін атау.           

– қосылғыш

– қосылғыш

3- қосындының мәні

Қазан тобына:  3, 2, 1, - , = теңдік құрастыру, компонеттерін атау

3 – азайғыш 3

2 – азайтқыш 1

– айырманың мәні 2

Қараша тобына: Сандарды салыстыру: 1, 2,3, 4, >, <, =

Күннің көзіне көмектестік Балалар сендерге көп-көп рақмет. Әр күндерін осылай жарқырап тұрсын!

11.Ән: «Қошақаным» орындайтын хор

12. Көрініс:    «Әке, шеше  және мен»

Әке рөлінде Жангелді. Ана - Баян. Бала – Аруан.

              Баласы «Әліппе» оқулығын алып, оқи алмады, сонсон анасына барады да, «Шеше, шеше «Әліппені» оқуға көмектесші!» дейді, шешесі әкесіне жұмсайды, өзі ыдыс жуып жатады, ал әкесі газет оқып, өзі теледидар көріп отырады, ол баласына «Шешеңе бар, менің қолым тимейді, қазір бокс көрем» дейді, ал баласы екінші рет шешесіне келгенде, шешесі баласын ұрып жібереді, бала жылап кетеді.

Құрметті ата-аналар! Бала -біздің болашағымыз, баламызға көңіл бөлуді ұмытпаңыздар!
13Азиза: Өзіңді өзің табуға
Бағыт-бағдар береді.
Оқып, білім алуға
Күндей нұрын төгеді.

14.Дария: Мектебіңді құрметте,
Бесік болып тербеткен.
Өзің де жет құрметке
Азаматсың ер жеткен.
15.Ақжарқын: Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім,
Алтын ұям – мектебім!
16.Ерасыл: Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім,
Асыл анам – мектебім!
17.Аруан: Оқып ғылым тектерін,
Ой аламын деп келдім,
Оттан ыстық мектебім!
Өнерпазың көп сенің:
Өнер табам деп келдім,
Өз бесігім – мектебім!

18.Баян: Өсіп ой мен санамыз,
Өмірге жол саламыз.
Білім қуған баламыз,
Біз – оқушы боламыз! 

13.Үнді биі орындайтындар: Дариға, Сабина.

14. Құттықтау сөз: мектеп директоры Сарсенбаева Гүлбарам Баярстанқызына беріледі.

Тәрбие жұмысының орынбасары: Абжиков Сырым Ерболұлына беріледі.

15. Оқушылардың орындауында вальс биі.


16. Ризашылық әнімен аяқталады
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз бүгінге!
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын, бүгінге!
Ризамын, ризамын, ризамын,қазірге!
























































Ән: «Достық»
Мұғалім: Мектепте оқиды, жазады, өнерге, білімге еңбекке үйренеді. Ана тілінде сөйлеп, оқимыз.
- Біздің оқулығымыз қалай аталады, оны қай тілде оқимыз?
Қазақ тілінде.
Қазақ тілі - дүние жүзіндегі ең бай да бейнелі тілдің бірі. Тіл байлығы - әр елдің мақтанышы. 22 - қыркүйек - тілдер мерекесі құтты болсын.

Нұрдәулет: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте!

Ақжүніс: Ана тілің біліп қой,
Бостандығың, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.

Көркем: Айтатын жас - кәріміз,
Аяулы жыр, әніміз,
Аялайтын бәріміз,
Ана тілі – арымыз.

Нұрдана: Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл - білім үйреткен.
Әліппені оқимын,
Ерекше зор құрметпен.

Аружан: Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің тілі деп,
Қазақ тілін, қазақ тілін сүйеміз.

«Кім тапқыр». Жұмбақ шешу.
1. Иесі оның сәби,
Әрі төсек,
Әрі үй. (бесік)
2. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең қанат, сүті дәрі
Еті тамақ. (жылқы)
3. Төрт аяғы, арқасы бар,
Еті жоқ, тек қаңқасы бар. (орындық)

4. Жесең ащы,
Көзіңнен шығарар жасты. (пияз)

5. Бала біткен соғады
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң, ұшып жоғары
Жерге түсер домалап. (доп)

6. Ұрлап ішіп,
Үйде сүтті қоймайды,
Өз құйрығын өзі қуып ойнайды. (мысық)

7. Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Ән: «Қошақаным» Орындайтын: Назерке
Кім жылдам?
Берілген буындарды оқу.
Айда: Ұстаз - ұлы есім. Батырды да, дананы да туған ана десек, сол батырды да, дананы да тәрбиелеген ұстаз дер едім. Ең алдымен қолыңнан жетектеп жол сілтейтін ұстаз емес пе? Ұстаздарға мың алғыс!
Ақниет: Ұстаздар - ау сізге теңдес бар ма жан,
Өнерің мен біліміңе таң қалам.
Осы өмірде бәрі ұстаздан басталып,
Ұстаздардан жаралғандай бар ғалам.

Көзге ыстық партасы,
Оқулығы картасы,
Оқу қызық болғаны,
Мұғалімнің арқасы.


Ел сенімін ақтайды деп,
Деп ұстазым мақтайды.
Ұстазымның әр сөзін,
Көкейіме сақтаймын.


Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі.
Қасымызда қашанда
Қамқор болып жүреді.
Ұстаздар мерекесі құтты болсын!
Ән: «Ұстазым»

«Тез санап шық» ойыны. Геометриялық фигураларды санау.
Бәрі: Ер жетеміз, өсеміз,
Елге қызмет етеміз.
Мұғалімнің айтқанын,
Мықтап миға тоқимыз.
Сөз береміз сіздерге
Кілең беске оқимыз.
«Қара жорға» биі орындалады.

Мақсаты:мектепті алғаш аттаған бүлдіршіндердің алғашқы айдағы жеткен жеңістерін мерекелеу,ата-ана,ұстаздармен қуаныштарын бөлісу

Өтілу барысы:
Өзім:Бақытты балдырғандар, ардақты ата-аналар, құрметті меймандар! Бүгінгі «Тілашар» тойы құтты болсын! Қадамдарыңа сәттілік тілей отырып, өздеріңді ортаға шақырамын.
І.Кіру сәті - музыкамен алдымен 6 жастағылар, соңынан 7 жастағылар кіреді, қолдарында «Тілашар» кітаптары.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.
Тойымызды мектебіміз Ғали Орманов аталарыңның атында екенін ескере отырып «Өмір – ұстаз» атты өлеңімен бастағым келіп тұр.

Ұқсас ақын емеспін ешкімге мен,
Сырым осы сақтаған ішімде кең.
Ұқсасам тек ұқсармын сахарама,
Өстім сонда ұдайы естіп өлең.

Су да үйретті жасымда, жел де үйретті,
Бесігімді жел - дауыл көп тербетті.
Көк шатынап, жарылып ұшқан жасыл
Шыңдай берген сықылды тек жүректі.

Табиғаттан жиған сол күшім менің
Өлеңімнің оты деп түсінемін.
Тамызығы талаптың осы болса,
Таусылмайтын тартыстың ішіндемін.

Түсіндірген түгелдей соны маған 
Заман менің ұстазым, анық анам.
Үйретпесе ол мені, өтер едім
Өзін-өзі адамша танымаған.

Танығанға тарихтың жолы даңғыл,
Осы жолмен тартарсың сен де сан жыл.
Өз қараңды өзің тек көрсете алсаң,
Жасыра алмас қалқалап сені тағдыр!

ІІ. «Тілашар» мерекесін ашу, құттықтау сөз мектеп директоры 
Жанат Тұрысбекқызына беріледі
Айналайын, балғындар,
Алға бағыт алдыңдар.
Ертең өсіп толыңдар
Ел мақтаны болыңдар!
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың!

ІІІ. Оқушыларға кезек беріледі:
1 оқушы:
Жарқырап атқан «бақытты күн» таңында
Дара туған, дана туған қазағымның бағына.
Қош келіпсіз, Тілашар тойымызға
Тәуелсіз елімнің 20 жыл толу қарсаңында.
2-оқушы:
Талаптың мініп алып пырағына,
Білімнің май тамызып шырағына.
Алдымнан ақыл сарай есік ашып
Жету мақсат - іздеген мұратыма.
3-оқушы:
Ойым бар: бірде дауыл, бірде жалын,
Сақтайтын есті ұрпақтың, ата салтын.
Тіл мен елдің тағдырын Ту ғып ұстап
Шығарар абыроймен Отан даңқын.
4-оқушы:
Мен сені сүйем елім жасырмаймын,
Асылдың сынығы боп, тұлпардың тұяғымен тасырлаймын.
Намысты қолдан бермейтін ұлыңмын
Басымнан бір ауыз сөз асырмайтын.
5-оқушы:
Алдымда биік мақсат, үлкен сенім.
Тізгінді басқаларға бермес тегін.
Бәсекеге түсетін саналы ұрпақ
Киелі жер Иесі - сенгін Елім!
6-оқушы:
Дархан пейіл, ақкөңіл, бір құт елміз,
Әрі биік, сабырлы, терең елміз.
Адалдықтың ақ туын желбіретіп,
Бұл дүниеге мәңгілікке келгенбіз.
7-оқушы:
Парасат пен ізгілік бойымызда,
Ата-баба өсиеті ойымызда.
Бақыт құсы самғасын көгімізде,
Ұшырған бүгінгі қуанышты тойымызда.

ІҮ.Ән: «Сәлем, саған мектебім!» Сағындық Аружан
8-оқушы:
Армысың, мектеп ар - бесік,
Айқара ашқан есігін.
Тәрбие, білім бар нәсіп,
Өзіңде өрлеп өсемін.
Армысың, мектеп киелім,
Мен сені солай сүйемін,
Сен берген бағыт бағдармен
Рухы бай елге иемін.
9-оқушы:
Алты жасқа біздей толған баланы,
Мектеп ана құшағына алады.
Ата-ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды міне биыл балаңыз.
10-оқушы:
Мектеп деген киелі ұғым ғажап ат,
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған,
Түлеп ұшты талай-талай азамат.
11-оқушы:
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
12-оқушы:
Мектеп - үлкен бағдаршам.
Ұстаз шырақ ұстаушы.
Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.
13-оқушы:
Өзіңді өзің табуға
Бағыт-бағдар береді.
Оқып, білім алуға
Күндей нұрын төгеді.
14-оқушы:
Мектебіңді құрметте,
Бесік болып тербеткен.
Өзің де жет құрметке
Азаматсың ер жеткен.

Ү.Би: « Қуыршақ» Жакишева Жамиля
15-оқушы:
Мынау менің сезгенім.
Ол – сыныптың анасы.
Өзінің де өзгенің
Баласы – оның баласы.
16-оқушы:
Күнде бестік алсаң сен,
Онда басқа жоқ арман.
Ал оқымай барсаң сен,
Бір тал шашы ағарған.
17-оқушы:
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой, Алла-ай.
18-оқушы:
Мұғалімді жақсы көремін сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзі бал.
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзі бар.
19-оқушы:
Ақылшым асыл ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың
Қасыма кеп қанша сен,
Қамқор боп қалам ұстадың.
20-оқушы:
Мен тілеймін ұстазыма
Өмір - думан, бақ әкелсін мереке.
Азамат боп шығамын мен,
Сенетіндей ел ертең.
21-оқушы:
Қуантуға елімді,
Қуантуға жерімді,
Білім жиып өсемін.
Төгіп адал терімді.
Мен мектепке барамын.
22-оқушы:
Елдің атын жазамын,
Жердің атын жазамын,
Туған тілге тазамын.
Батаңды бер, қазағым...
Мен мектепке барамын.
23-оқушы:
Таудай биік талабым,
Оттай лаулап жанамын.
Салт-санасын сақтаймын,
Дала мен қаланың,
Мен мектепке барамын.
24-оқушы:
Қолға кітап аламын,
Маржан сүзіп табамын.
Жарқыратып кеудеме,
Жұлдыз етіп тағамын.
Мен мектепке барамын.
ҮІ25-оқушы:
Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім,
Алтын ұям – мектебім!
26-оқушы:
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім,
Асыл анам – мектебім!
27-оқушы:
Оқып ғылым тектерін,
Ой аламын деп келдім,
Оттан ыстық мектебім!
28-оқушы:
Өнерпазың көп сенің:
Өнер табам деп келдім,
Өз бесігім – мектебім!
29-оқушы:
Өсіп ой мен санамыз,
Өмірге жол саламыз.
Білім қуған баламыз,
Біз – оқушы баламыз! 
ҮІІ.«Тілашар» тойының иелеріне бата беру үшін сөз атаға беріледі.
Бисмиллаһи!
Рахмани рахим!
Болмай надан,
Оқы,балам!
Құтты болсын
Білім - қадам.
Отан - анаң
Аялаған!
Ұстаз - данаң
Болсын аман.
Сақтап Аллам,
Бақ тап алдан.
Әумин!

ҮІІІ.Ризашылық әнімен аяқталады
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз бүгінге!
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын, бүгінге!
Ризамын, ризамын, ризамын,қазірге!

 Мақсаты:    

1. Оқушылардың мектеп туралы білімдерін кеңейту.

2. Мақал – мәтелдер,  өлеңдер арқылы тілін, ойын, сөздік қорын, байланыстыра сөйлеу мәдениетін дамыту.

3. Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, айтқан ақылдарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Ойындар арқылы ұйымшылдыққа, алғырлыққа баулу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал- мәтелдер

Сабақтың барысы:

Мұғалім:Қымбатты ұстаздар,оқушылар,ата-аналар!

Міне,бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан бүгінгі мерекелеріңіздің куәгерлері 1сынып оқушыларының тілашар мерекесіне жиналып отырсыздар.Ендеше,бүгінгі шәкірттеріміз ертеңгі күннің үмітін ақтар еліміздің болашақ азаматтарын ортаға шақырайық.

Той деп бүгін көңіл шіркін тасады

Ән менен күй көңіл шіркін тасады,

Той деп келген қонақтарға мың рахмет

Ақ жаулықты аналар той шашуын шашады.

(Әжелер шашу шашады )

Балжан

Шашу шашты әжелер,           

Сылдырлатып теңгелер.                                                  

Тойымыздың шашуы,                                                         

Сәт сапарға тең келер.  

 

Дана

Оқушының мойнына  

Ақ жағасы жарасар.

Кел, келіңіз тойыма

Тойымның аты -  Тілашар

 

Бағлан

Алтыға толдым биыл мен

Оқушы болып киінем.

Арқама сөмке асына,

Мектепке барам асыға.

 

Жанель

Алты жасқа біздей толған баланы,
Мектеп ана құшағына алады.
Ата-ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды міне биыл балаңыз.

 


Ақбота

Өсіп ой мен санамыз,
Өмірге жол саламыз.
Білім қуған баламыз,
Біз – оқушы боламыз.

 

Ән " Тілашар "

 

Еркебұлан С 

Қуантуға елімді,
Қуантуға жерімді,
Білім жиып өсемін.
Төгіп адал терімді.
Мен мектепке барамын.

 

Аделя
Мектебіңді құрметте,
Бесік болып тербеткен.
Өзің де жет құрметке
Азаматсың ер жеткен.


Еркебұлан К.    

Мынау менің сезгенім.
Ол – сыныптың анасы.
Өзінің де өзгенің
Баласы – оның баласы.

 

Диана У.

Бар байлықты басқарып,

Оқу – білім тұрады.

Кітапты көп оқыған

Білімді боп шығады.

 

Жанель 

 

Тану үшін бабаңды,              

Тану үшін анаңды.                                                          

Тану үшін ғаламды-                                                           

Мектеп керек адамға!

 

Мұғалім:

Балалар, біз енді келген қонақтарымызға өзіміздің биыл қайдан келгенімізді, нені үйренгенімізді, не білетінімізді көрсетейік. Балалар, біз биыл қайда келдік?

Оқушылар: біз мектепке келдік.

Мұғалім: Мектепке не үшін келдіңдер?

Оқушылар: Біз оқу үшін келдік.

Мұғалім: Біз қазір қайда отырмыз?

Оқушылар: Біз сыныпта отырмыз

Мұғалім: Мектеп туралы қандай тақпақ білеміз? Қане айтып жіберейік.

Диана У.

Мектеп - үлкен бағдаршам.
Ұстаз шырақ ұстаушы.

Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.

 

Мұхаметжан

Мектеп деген киелі ұғым ғажап ат,
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған,
Түлеп ұшты талай-талай азамат.

 

Дана

Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.

 

Берікжан

Армысың, мектеп ар - бесік,
Айқара ашқан есігін.
Тәрбие, білім бар нәсіп,
Өзіңде өрлеп өсемін.

 

Дана
Міне мен де үлкен болдым,

Жасым толды жетіге.

Кітаптағы ертектерді

Енді оқимын шетінен.

 

Дінмұхамбет
Таудай биік талабым,
Оттай лаулап жанамын.
Салт-санасын сақтаймын,
Дала мен қаланың,
Мен мектепке барамын.

 

Ақбота

Қолға кітап аламын,
Маржан сүзіп табамын.
Жарқыратып кеудеме,
Жұлдыз етіп тағамын.
Мен мектепке барамын.

 

Бағлан

Ақылшым асыл ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың
Қасыма кеп қанша сен,
Қамқор боп қалам ұстадың.

 

Диана И.

Мен тілеймін ұстазыма
Өмір - думан, бақ әкелсін мереке.
Азамат боп шығамын мен,
Сенетіндей ел ертең.

 

Ән  "Ақылшым мұғалім "

 

Дінмұхамбет

Сатпау үшін арыңды,           

Сатпау үшін жаныңды.                                                   

Өсіруге танымды –                                                

Мектеп керек адамға!

 

Мұхаметжан
Пайдаң тиіп Отанға,

Риза болсын халқымыз.

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

 

Балжан

Өзіңді өзің табуға
Бағыт-бағдар береді.
Оқып, білім алуға
Күндей нұрын төгеді.

 

Берікжан
Күнде бестік алсаң сен,
Онда басқа жоқ арман.
Ал оқымай барсаң сен,
Бір тал шашы ағарған.

 

Аделя

Барлық бала таң қалып,

Әліппені ашады.

Сөз құраған әр әріп

Білім нұрын шашады.

 

Ән " Қошақаным "

 Қазір оқушыларымыздың арасында сайыс өткіземіз

1 сайыс Жұмбақ шешу:

Дүниетану сабағында біз табиғат, табиғатты нелер құрайды, табиғат құбылыстарымен таныстық. Қазір табиғат тақырыбына байланысты жұмбақтарды шешесіңдер

1.Ағаштарды шайқайды,    2.Шашылды көктен ақ моншақ

Көзге көрінбейді                     Жоғалды біздер тапқанша-ақ

Шарлағанда сай-сайды                                            (бұршақ)

Бір сәт ерінбейді (жел)

3.Әуеде ақ мамық             4.Аспанды от қамшы осады,  

Қалпақтап ұшады               Ащы үнін ышқынып қосады

Қанаты талып,                                           (найзағай)

Жерді барып құшады           5. Зәулімде тұрағы

(қар)                                        Тіреусіз тұрады(бұлт)

6.Қолы менен қаламы жоқ, Бірақ сурет салады (аяз)

7.Ұрмай соқпай жылатады, Әркім бірақ ұнатады (пияз)

8.Түскенде алтын күз, Жинадық алтын тіс (бидай)

9.Тігіп алып көк шатыр, Қызылкүрең доп жатыр (қызылша)

10.Доптар жатыр желісі бар,Қабат-қабат терісі бар(капуста)

11.Жазда жайнайды, күзде жайрайды (жапырақ)

12.Қысы жазы шешпейтін,көйлегі бар жасылдан

Өзгертпейді еш кейпін, жаралғандай асылдан (шырша)

13.Күндіз атады,кешке батады (күн)

14.Түнде көп,күндіз жоқ (жұлдыздар)

15.Бейнесі суда дірілдейді, бірақ қармаққа ілінбейді (ай)

Мұғалім: Біздің Қазақстан Республикамыздың елордасы қай қала?

Оқушылар: Елордамыз-Астана қаласы.

Дана Астана

2 сайыс Сауат ашу кезеңінде біз қандай білім алғанымызды көрсетейік

а)А,о, р, л, ш, ш, с, у, ы, д, т, м, н, ң, ғ, ж, і, ә, ө, қ, к дыбыстарын дауыстыға, дауыссызға бөл

ә) «Астана» сөзіне дыбыстық талдау жасау

б) Жұп дыбыстарын тап: а- ә, о-ө,ы-і

в) Сөз құра: ла, да,ты, са, ма, то, ор, ал,ау (дала, саты,маса, тоты,алты, сала,алма,алда,орта,аула)

- Міне мұнда көп әріптер кеспесін әкелдім, қане бір- бірден шығып өздерің қалаған әріптерді алыңдар. Енді 4-4 тен 4 топқа бөлініңдер. Әр топ әр түрлі тапсырма орын

дайды. Орындауға дайынсыңдар ма?

  1-топ:   -  Қандай дыбыс?

-  Сөздің қай жерінде келеді?

 2- топ:   – Қолдарыңдағы әріптерден басталатын сөздер айтыңдар.

- Ол сөздерді буынға бөліңдер.

 3- топ:     Қолдарыңдағы әріптерге басқа әріп қосып, қандай буындар құрауға болады?

 4- топ:     Қолдарыңдағы әріптердің жазба түрін тақтаға жазып беріңдер.

Дауысты, дауыссыз екеніне байланысты бордың түсін дұрыс таңдау керек

сіңдер.

(Оқушыларға кітап оқыту)

 

3-сайыс.Математикадан алған білімдерімізді тексереміз.

- Қандай сызықтар?

- Б. ж. (түзу және қисық сызықтар)

- Ал мыналар ше?

0     1       2         3       4 – бұлар сандар.

 + –  қосу азайту амалдары

 =  <  >  тең артық кем

 2 + 1   2 – 1   өрнектер

 2 + 1 қосынды  2 – 1 айырма

 2 +  1 =3 теңдік            

– қосылғыш

– қосылғыш

3- қосындының мәні

 2 – 1 =1 теңдік             

2 – азайғыш

1 – азайтқыш

– айырманың мәні

- Ал кім есепке жүйрік? Келе ғой.

Аулада үш тал гүл өсіп тұр еді. Алмат оның біреуін алып анасына сыйлады. Аулада неше тал гүл қалды? Осыны кім тақтаға өрнек құрып шығарып береді?

- Б. ж. 3 – 1 =2

 Мадинаның қолында 4 гүл, ал Аяулымның қолында 3 гүл. Кімнің гүлі артық? Нешеуі артық? Кімнің гүлі кем? Нешеуі кем?

- Б. ж.

Балалар сыныпқа 4 мұғалім кірді қанша орындық керек?

- Б. ж.

Мәні 0-ге тең болатын қандай өрнектер құрастырып шығара аласыңдар?

-Б. ж.

Көрініс:"Шалқан ертегісі"

Еркебұлан С.

Асыл сөзін тілімнің,

Бойға құйған Әліппе.

Нақ бастауы білімнің,

Қырық екі әріпте.

 

Диана И.

Әліппені  ұстап  мен,       

Мақтанбаймын  мен  текке.

Дайын  дәптер  қаламым,

Жақсы  оқушы  боламын.

Мұхаметжан

Елдің атын жазамын,
Жердің атын жазамын,
Туған тілге тазамын.
Батаңды бер, қазағым...
Мен мектепке барамын.

 

Көрініс:    «Әке, шеше  және мен»

 

              Баласы «Әліппе» оқулығын алып, оқи алмады, сонсон анасына барады да, «Шеше, шеше «Әліппені» оқуға көмектесші!» дейді, шешесі әкесіне жұмсайды, өзі ыдыс жуып жатады, ал әкесі газет оқып, өзі теледидар көріп отырады, ол баласына «Шешеңе бар, менің қолым тимейді, қазір бокс көрем» дейді, ал баласы екінші рет шешесіне келгенде, шешесі баласын ұрып жібереді, бала жылап кетеді.

              (Ата-аналарға балаға көңіл бөлулерін сұрайды).

Мұғалім: Біздің еліміз қалай аталады?         

Оқушылар:Біздің ел- Қазақстан Республикасы

Мұғалім: Балалар, Қазақстан-біздің сүйікті атамекеніміз. Еліміз егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болды. Қазақстанда көп ұлттар тұрады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Мемлекеттік тіл-қазақ тілі болып саналады.

Мұғалім: Қазір ата-аналарымыздың арасында мақал мәтел сайысын өткіземіз. Ережесі : мен мақалды бастаймын, ал ата -ана жалғасын білсе қостайды

1.Ел көркі-мал, өзен көркі –тал,    4. Ата –бәйтерек,бала-жапырақ

2.Ырыс алды-ынтымақ                     5.Отан –қуат,отбасы-шуақ

Ынтымақ-ырыс қазығы                    6.Еңбегін қатты болса,

3.Әдепті бала-арлы бала,                    Татқаның тәтті болады

Әдепсіз бала-сорлы бала                  8Өнерлінің өрісі кең

7. Еңбектің наны тәтті,                     9.Жақсыдан үйрен,

Жалқаудың жаны тәтті                     жаманнан жирен

 

10.Байлықтың атасы-еңбек,

Анасы-жер

 11.Білім –теңіз, мектеп –кеме

12.Кітап-білім бұлағы

13. Сөз сөзден туады, Сөйлемесе неден туады

14.Күш-білімде

15.Досы көпті-жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды

Мұғалім:Қазір қазақ тілінде мемлекетін жер жүзі біледі. Оның көгілдір туы достық қарым- қатынастағы елдерде желбіреп тұр.

Дінмұхамбет

Мен оқушы боламын,

Болам жігіт зор әлі,

Қазақстан жалауын,

Көтеремін жоғары.

 

Би "Қара жорға"

Мұғалім :

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сендердей өренді

Білімнің нәрлі сырына.

Болдыңдар енді оқушы.

Міне оның дәлелі.

Тағайын бүгін сендерге

Оқушы деген белгіні.

Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Құтты болсын қарағым,

Оқушы деген жаңа атың.

Құрметті оқушылар енді осы атқа лайық болып, ата-аналарыңды , ұстаздарыңды, құрбы- жолдастарыңды сыйлайтын әдепті, алғыр, зерек, тәртіпті болады деген сеніммен, ертеңгілігімізді аяқтаймын

 

Ән: "Әрқашан күн сөнбесін!"
                                      



Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров234
Номер материала ДВ-335323
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх