Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Тіл-асыл қазынам" атты сыныптан тыс шара
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Тіл-асыл қазынам" атты сыныптан тыс шара

библиотека
материалов

H:\DCIM\101PHOTO\SAM_8302.JPG


Cұлу ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ

Тамды орта мектебінің мұғалімі.

Ақтөбе облысы, Алға ауданы,

Тамды ауылы.



Тіл апталығында өткізген сайыс. 5а класс «Тіл – асыл қазынам»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қайрғалиева Сұлу Жақсылыққызының тіл апталығында өткізген «Тіл – асыл қазынам» атты сайысының жүрісі

Мақсаты: Ата-бабаның ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа сақтап келген алтын қазынасы – туған тіліміз. Тіл – тұтастығымыздың елдігіміздің кепілі. Сайыс сабақта асыл мұраларымыз - мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ, шешендік сөздерді жас ұрпақ қаншалықты білетіндігін сарапқа салу.

Жүргізушінің сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгін бізде 5 сыныпта «Тіл – асыл қазынам» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Оқушыларымызға тек қана сәт-сапар тілейік. Ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер

- Балалар, ана тілімізді «мен қазақпын» деген азаматтар ардақ тұтуы керек. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді. Өз тіліміздің құдіретін асқақтата білейік!


Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Ер адамда өз анасынан басқа да,

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері – түп қазығы, айбыны,

Туған тілі – сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт-санасы - тірегі,

Қадамыңа шуақ шашар үнемі

Және туған тарихы! - дейді М.Шаханов.

Тілді, тарихты, салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, сақтау - қасиетті борышымыз. Олай болса, әрдайым тілімізді аялап жүрейік деген тілекпен бүгінгі сайысымызды бастаймыз. Алдымен, сайыс шарттарымен таныс болыңыздар:

1.Топты таныстыру.

2.Мақал- мәтелдерді жалғастыру.

3.Тіл туралы өлеңді мәнерлеп жатқа оқу.

4.Жаңылтпаштар сайысы

5.Жұмбақтар ( жанкүйерлер үшін)

6. Өлең құрастыру (Тақырыбы ана туралы)

7.Көрініс (шешендік сөздерден көрініс қою)

Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпайдан беріледі.

- Сайысты бастамас бұрын бүгінгі сайысымызды сарапқа салатын әділ қазы алқасымен танысайық:

1.Лаура Сағымбаева - директордың оқу жөніндегі орынбасары

2. Сағынтай Ғабдуллин - қазақ тілі пәнінің мұғалімі

3. Бақтылы Ергалиева директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбаары


Бірінші бөлім:- Сайыстың алғашқы шарты бойынша сөз екі топтың мүшелеріне беріледі. Топ мүшелері өздерін көпшілікке таныстыруы керек.

(Екі топ көпшілікке өздерін таныстырады)


Екінші бөлім:- Сайыстың екінші шарты бойынша әр топқа мақал-мәтелдердің алғашқы жолдары беріледі. Оқушылар соны әрі қарай жалғастыруы шарт.


1-топқа мынадай мақалдар ұсынылады:

1. Ағасы бардың – жағасы бар, .....(Інісі бардың – тынысы бар)

2. Балапан ұядан не көрсе, .....(Ұшқанда соны іледі)

3. Жаздың бір күні ......(Қыстың мың түні)

4. Сумен ойнама - батарсың, .....(Отпен ойнама жанарсың)

5. Оқу инемен, ......(Құдық қазғандай)

6. Батыр туса ел ырысы , ......(Жаңбыр жауса жер ырысы)

7. Жеті жұрттың тілін біл, .......(Жеті түрлі білім біл)

8. Өзге елде сұлтан болғаншы, .......(Өз еліңде үлтан бол!)

9. Үлкенді сыйласаң, қадірлі боларсың, ....... (Кішіні сыйласаң –құрметті боласың)

10. Жері байдың, ......(Елі бай)



2-топқа ұсынылатын мақал-мәтелдер:

1. Асыл тастан шығады,, .......(Өнер жастан шығады)

2. Туған жердей жер болмас, ........(Туған елдей ел болмас)

3. Жақсыдан үйрен, .......(Жаманнан жирен)

4. Отан, ........(оттан да ыстық)

5. Айдағаның бес ешкі, ......... (Ысқырығың жер жарады)

6. Әзіл айтсаң да, ....... (Әділ айт)

7. Білгенің бір тоғыз, ........ (Білмегенің тоқсан тоғыз)

8. Біреу тоңып секіреді, ....... (Біреуі тойып секіреді)

9. Қына басқа бітеді, ..........(Білім басқа бітеді)

10. Оқусыз – білім жоқ, .........(Білімсіз күнің жоқ)


Үшінші бөлім:- Ендігі кезекті өлең-жырларға берейік. Оқушылар, өздеріңіз жаттап келген өлеңдерді мәнерлеп оқисыздар. (оқушылар өздері жаттап келген өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқуы керек)


Төртінші бөлім:- Балалар, сайысымыздың келесі шарты бойынша – жаңылтпаштарды жаңылмай айтуымыз тиіс. Ақын, көрнекті қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин ағамыз: «Жаңылтпаш – бұл сабақ, тәжірибе. Бұл тіл орамдылығы мен ыңғайлылығын қажет ететін ойнақы да қисынды сөз. Ертеде жаңылтпаш жиылған жұртты күлдіру, тіл ұстартуды көздеумен қатар, ол өлең, ән білмейтін жастарға берілетін жаза есебінде қолданылған. Жаңылтпаш – ойлы сөз», – дейді. Осы ойлы сөзді жаңылмай жеткізіп көрейік.


Естеріңізге сала кетейін, екі топқа бірдей жаңылтпаштар беріледі:

1Екеуінің жасы жамалас,

Бірінің шашы қара шаш

Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.

1. Ас аспай бас аспазшы,

Ас асты жас аспазшы.

2. Үш кіші ішік піштік,

Бес кіші ішік піштік.

Неше кіші ішік піштік?

3. Жаңылтпаш жатта,

Жаңылмай жатта.

Жатқа жатта,

Жаттамай жатта

4. Жоғалды бес шыбыш,

Жоқ әлі еш сыбыс.

Жоқ әлі еш сыбыс,

Жоғалды бес шыбыш.

5. Бақбақ бақта бар,

Бақа да бақта бар.

6.Шеше, шеше, кеше кесе,

Сынды кеше.

Жанкүйерлерге.- Келесі кезекті жанкүйерлерге бермекпіз. Көрермендердің белсенділігіне, олардың берген жауаптарына да баға беріліп, ол баға топ мүшелеріне қосылады.

1- топқа берілетін жұмбақтар:

1. Күндіз төбеңе шығады, түнде шегеге шығады. ( Бас киім)

2. Белі бүкір, алысқа түкір. (Мылтық)

3. Қар сияқты аппақ .Өзі сондай тәтті-ақ. (Қант)

4. Таудан төмен қар жауар, қозғай берсең, көп жауар. (Елек)

5. Аяғы жоқ жүрмейді. Үй бағады, үрмейді . (Құлып)


2- топқа берілетін жұмбақтар:

1. Әжем сақтар тапқанын, қоймасы бар шап-шағын. ( Сандық)

2. Күзетем деп үйді, жұдырығын түйді. (Құлып)

3. Көлдің қарама- қарсы бетінде адамдар бір-біріне уық лақтырып ойнайды. (Көзді жыпылықтату немесе кірпік қағу)

4. Бар ма, жоқ па білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа)

5. Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді. (Су)


Бесінші бөлім. Келесі сайысымыз . Өлең құрастыру Ана тақырыбына шығарған өлеңдерін оқыту.

Алтыншы бөлім.- Бүгінгі сайыстың соңғы шарты бойынша оқушыларға алдын-ала үйге тапсырма берілген болатын. Шарт бойынша оқушылар шешендік сөздерден көрініс қояды. Сол көріністерді бірге тамашалайық! (Оқушылар өздері дайындаған көріністерін көрермен назарына ұсынады. Әділқазылар алқасы сөз ұпайларын айтып, сайыста жеңіске жеткен топты марапаттайды.)

Қорытынды:

Қорытынды сөз.

- Қымбатты балалар, біз сайыс барысында білім-біліктерімізді сарапқа салдық. Жеңіске жеткені, жеңілгені бар, қалай болғанда да, асыл сөздерімізді ұмытпағанымыз абзал . Тіл- әр ұлттың қайталанбас байлығы, қазынасы. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік сондықтан оны қадірлеп ,бағалау керек- дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Автор
Дата добавления 22.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров159
Номер материала ДВ-546260
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх