Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Презентации / Тілді сүю -тал бесіктен /ҚР тілдер мерекесі күніне арналған мерекелік әдеби кеш /
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Тілді сүю -тал бесіктен /ҚР тілдер мерекесі күніне арналған мерекелік әдеби кеш /

библиотека
материалов

«Тілді сүю – тал бесіктен»

( ҚР Тілдер мерекесі күніне арналған әдеби кеш)

Тақырыбы: «Тілді сүю – тал бесіктен»

Мақсаты: Ана тілі –халық болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,-дей отырып ана тіліміздің асқақтауына үлес қосу. Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой-өрісін кеңейтуге, шешендік өнердің қыр-сырын ұғына білуге тәрбиелеу. Оқушыларға тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру.

Көрнекілігі: Тіл туралы ақындардың ойларынын презентация.

Іс- шараның өтілу барысы:

Қазақ биі - Асылбек Енсепов күй «Балалық шақ» 5 «г» сынып оқушылары

1-жүргізуші.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Тілді сүю – тал бесіктен» атты тілдер мерекесіне арналған кешімізді ашық деп жариялаймыз! Қазақ тіліміз – ана тіліміз. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып үлкен мәртебеге ие болды. Оны біздің қазақ халқы зор қуанышпен қарсы алды.

2-жүргізуші

Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді, ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлт аралық қатынас тілі және ағылшын тілі- жаһандық экономикаға кірігу тілі деген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына аранаған жолдауы қазіргі кездегі елжандылық, тәрбие мен ағылшын тілі пәнінің маңыздылығын көрсетеді.

Әдеби монтаж

1-ер бала

Тілім менің – тірегім, дінім менің.

Тілсіз қандай болады күнім менің?!

Өз халқыма жетеді өз мәнінде

Өз тілімде оқылса жырым менің

2-ер бала

Тілім менің – қуатым, күшім менің,

Күшім кетсе не болар ісім менің?!

Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,

Тілімменен тірлікті мүсіндедім.

3-ер бала

Тілім менің – асылым, арым менің,

Арым кетсе не пайда барым менің

Бас кескендер тілімді кесе алмаған

Тілден бұрын кетеді жалын дедім

4-ер бала

Тілім менің- қазынам, қасиетім,

Қасиетім бар әлем бас иетін.

Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ

Бола көрме, Ана тілі, қасыретім.

5-ер бала

Тілі өлсе болмайды тірі халық,

Бірі өліп, тұра алмас бірі қалып.

Басқа емес өз Ана тілінде тек

Тіршілігін білдірер ұлы халық.

6-ер бала

Тілім менің – ғасырлардан аманат,

Аманатқа адал болсын қагағат

Ар- намысқа келтірмейік жаман ат

Қазақ болып туылдын ба,

Ендеше

Өз тіліңді өзгелерге бағалат

1-жүргізуші.

Бүгінгі кешімізді ашу үшін мектебіміздің басшысы Көшкінбаева Әлия Сейдуәлиқызына сөз береміз

(директор сөз сөйлейді)

Ән «Туған жер» 7 «а» сынып оқушысы Жағыппарова Ләйла

2-жүргізуші

Тілі жайында толғанбайды кім бүгін?

Тіл жайында үгіттейді кімді – кім?

Сан мың жылдан сарқылмаған бұлағым!

Тілім менің, тілім менің – тірлігім!

Ән: «Мереке» 5 «г» сынып оқушысы Айкүміс

Ән: «Ассалаумалейкум» 7 б сынып оқушысы - Айбасов Айдархан

1-жүргізуші

Тіл - табиғаттың адамға берген сыйы. Әр халықтың өз тілі болады. Жер жүзінде қаншама ұлт болса, соншама тіл бар.

Тіл тағдыры – ел тағдыры, тіл - байлығы, қазынасы.

Ән: «Қырманға кел, қалқатай» Кенжебекова Ақбаян

2-жүргізуші

Тіл – рухы күре тамыр, тілден үлкен ана жоқ,

Тіл шегінсе, ұлт мүлде жоқ әрі ұлттық сана жоқ.

Өз анасын шетке тебу рухсызға бақ па екен,

Бұл ғасырлық зұлымдықты қай қу ойлап тапты екен?

1-жүргізуші

Көркей, көгер! Тежеу болар кім енді?!

«Мәңгүрт» тектес жау тумасын анадан,

Дін бөлініп, жік шықпасын арадан.

Тұмарымдай қасиетті тіліме

Қуат берсін деп тілеймін алладан!

Көрініс:

( Көшеде қазақтың қаракөз қыздары орысша сөйлесіп бара жатады. Оларға қарама-қарсы кездескен қазақтың кейуана кемпіріне жол бермей, баса-көктеп қағып кетеді.қыздардың сөзіне шыдамаған кемпір былай дейді:

Кемпір: Қарақтарым-ай, үлкен кісіні неге сыйламайсыңдар, мен сияқты аналарың бар шығар?!

Бойжеткен қыз: Наша мама не такая старуха как ты, если ты старуха, сидела бы дома, а не бродила по улице. –

Кемпір: «Ана тілін ұмытса, анасына қарар ма? Ел дәстүрін жоғалтса, Еліне жақын болар ма?» - деген екен бабаларымыз, ай, бабаларым-ай, қазақша неге сөйлемейсіңдер, әлде ана тілдеріңде сөйлеуді өздеріңе ар санайсыңдар ма?

Бойжеткен қыз: Да что вы говорите, кокой казакша, вам надо, вы и разговаривайте на таком мамбетском языке, тоже мне!

Кемпір: Қайран Алашымның ұлт жанды ұлдары-ай, ана тілінің азаматтығы мен халқының тәуелсіздігі үшін жанын қиғанда болашақ ұрпағының осындай болып өсерін білді ме екен?! Қайдасындар, боздақтарым, әруақтарыңнан садаға кетейін, мәңгүрт ұрпақтарыңа тіріліп келіп тіл қатсаңларшы осындайда!

  1. оқушы А.Байтұрсынов

Мен, Ахмет Байтұрсынов, осыдан біржарым ғасыр бұрын ұрпағыма: «Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз...

Тіл тазалығы дейтініміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау», -деп ескертіп кеткен болатын. Уа, ұрпағым! Әрбір тілде сөйле әлемді танып,

Ана тілін білмеу қандай тағылық?

Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілің жасау керек мәңгілік.

Жетер енді әркімге бір ермейік,

Қазақ болып, құлашты бір сермейік.

Қанға сіңген ана тілін халқым-ау,

Шұбарлауға ешқашан жол бермейік!

2-оқушы. М.Дулатов

Мен, Міржақып Дулатов

«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашар боп, хал қараң боп,

Қазағым, енді жату жарамас- ты»,- деп, қатал заманның қақарына ұшырағанда ұрпағымның мәңгүрт болуын күттім бе?

Дархандығы елімнің,

Аз емес ел ұққанда.

Құнын білмей төрімнің,

Аз ба көңілін жыққандар.

Қазақ қазақ болғалы,

Тіл үшін күрес көргені.

Көргені көп тілімнің

Мүмкін емес өлмегі!

3-оқушы: Ж.Аймауытов

Мен, Жүсіпбек Аймауытов, «Ана тілі - халық болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»,- деп ана тілімнің асқақтауына үлес қостым.

Үйде, түзде басқа тілде сөйлесек,

Қайтеміз біз тілімізге шөлдесек,

Өзімізді-өзіміз қорлағандай боламыз,

Қошеметтен басқаны біз «Жөн» жесек.

Бір қазағым орысшалап бастайды.

Екіншісі шатып-бұтып қоштайды.

Қайран қазақ, «Дәрежеге жетті деп»,

Өз тілінде жағын мүлдем ашпайды.

4-оқушы. Б.Момышұлы

Мен, Бауыржан Момышұлы «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту», - деп «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқтығын» дәлелдедім, болашақ жастардың мәңгүрттік кеселге шалдықпауын тіледім.

Тілім менің!

Осы тілде шежірем, жырым менің,

Асан қайғы арманы, Қорқыт күйі –

Тағдырыммен тамырлас мұңым менің.

Тілім менің!

Тіршілігім, тынысым, құным менің!

Бас бергенмен махамбет тіл берген жоқ

Тіл кесілсе не болмақ күнім менің?!

Тілім менің!

Ұлы Абайдай, Мұхтардай пірім менің!

Тұнығым, рухани жан азығым,

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.

5-оқушы: Қ.Рысқұлбеков

Мен, Қайрат Рысқұлбеков, кешегі өткен Желтоқсанда кім үшін, не үшін құрбан болдым?

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Құшақ жая таныстым сан тіліммен.

Жаман үйді қонағы билейді деп,

Қала жаздап айрылып өз тілімнен.

Өзге тілге еліктеп, ел болмайық,

Қазағымның артығы жоқ өз тілінен,

Мойныма алдым жаланы,

Туған жердің намысы.

Бөтен қолда кетпесін деп,

Титыққа орыс жетпесін деп,

Туған тілімнің тіршілігі

Осыменен бітпесін деп.

(Осы жерде кемпір ойланып отырады. Қасына бір қыз келеді)

Көтер басты, кейуана, көтер бүгін,

Мемлекеттік мәртебе алды туған тілің!

Қане, жастар, бірігіп қолға алайық,

Болшағын тілімнің, асқақ үнін!

Қуан Ана, қуанатын күн бүгін.

Серпіп таста, мұңды жүрек түндігін

«Тіл туралы» Заңым енді күшіне.

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

Қуан, бабам! Қуанатын жөнін бар.

Деген едің, тілі бар жерде өмір бар.

Халық жауы, атандыңдар сол үшін,

Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңды ар.

Қуан Анам! Ұзағыңнан сүйініп,

Сәтінде көп кеткен кейде түңіліп,

Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді.

Пір тұтамын мен алдыңда иіліп,

1-оқушы. Айгерім

Қасиетің ана тіл, аз ба сенің,

Өзің барда ескірмес, тозбас елің.

Сен болмасаң, ұлы Абай ақын болып,

Мұқағали отты өлең жасбас еді.

Қуан балам, туған тілдің киесі,

Жебеп сені болғанына иесі.

Тек мұнымен бітпейтінің ұғып өс,

Дүниеде тіршіліктің киесі.

Кемпір:

Отан –Ана, Жер-Ана! Бар екен ғой, балам дейтін жұрт, жұртым дейтін бала, тәуба, тәуба бар екен ғой! Бір-екі желөкпенің сөзіне бола барлық жасқа өкпелегенім орынсыз екен. Өсіңдер, өркендеңдер, жастарым, еліңнің, халқыңның тілегі бол, тіліңнің жанашыры бол, балаларым!

Қажымұрат:

Ана тілім- алтын бесік туғаным,

Тіл дамыса, қыза түсер думаның.

Қане, жастар, қол ұстасып, жарасып,

Асырайық іс жүзінде Тіл заңыын!

1-жүргізуші:

Әр заман өлшенеді арысымен,

Алмасып бүгінгісі жаңасымен.

Батырдың, су жүректің, дөкейдің де,

Саралап, сараптайды бағасын ел.

2-жүргізуші:

Кезеңмен кезектесіп жылдар өтер,

Ұрпақтар есік ашар бізден бөтен.

Десек те тарих біздің тағдырымыз,

Тағдырды бұза алмаймыз, тарих бекем.

Оқушы –Нұрдәулет

Алашымның тарихын парақтадым,

Електен өткіземін санаттарын.

Бабамның рухымен сыр бөлістім,

Ахметтей аңсаған тіл тазалығын!

Биылғы жыл халқымыздың

Оқушы –Мадина

Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайреткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсем сөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын – аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 142 жыл толған мерейлі жыл.

Адамдық диқаншысы қырға шықтым.,

Көл жоқ, көгалы жоқ – қырға шықтым,

Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім.

Көңілін көтертуге құл халықтың, - Ахмет Байтұрсынұлының осы өлең жолдары оның бүкіл өмірінің эфиграфы іспеттес.

«Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахмет Байтұрсынов атамыздың атын қазақ баласының естімегені жоқ шығар. Ахаңның әдебиет майданындағы шығармалары мен ол шығарған «Қазақ» газеті қазақтың еңкейген кәрісі мен еңбектеген жасына дейін ой түсіріп, ұйқысын оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған Ахаң «Қазақ» газетінің қажымайтын қайрат, кемімейтін екпіні бар жан еді».

«Ахмет Байтұрсынұлының жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлығы, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған. Сондықтан жан-тәнімен сүйген асыл азаматтың есімі ел есінде мәңгі сақталмақ»

Ән: «Жаса Қазақстан» 1 сынып Жұмабек Қарақат

1-жүргізуші:

Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Ана тілімізді ардақтау күні құтты болсын! Қазақстандағы ұлт аралық келісім мен үйлесімділіктің ұйытқысы болсын!

2-жүргізуші:

Нәзік үнмен жырымды оқыр ана тілін сүйемін,

Өз тілімнің әр сөзіне ұқыптымын, иемін.

Қараңғыны жарық еткен найзағайдай жарқ етсе,

Асыл тілге, алтын тілге жағалады күйе кім?

Келіп тамашалап, тыңдағандарыңыз үшін көп-көп рахмет.




Сабақ жоспары


Күні, айы, жылы: Пән аты: Әдебиет Сыныбы: 6

Сабақтын тақырыбы: «Қобыланды батыр» жыры туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға батырлар жыры, олардың өзге жырлардан
айырмашылығы, "Қобыланды батыр" жыры жайлы толық түрде түсінік беру.

ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шебер-лігі, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу.

б) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге,
адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, бекіту, қорытындылау, бағалау, сөздікпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бүктеме, бейнелі суреттер, реферат.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: кіріспе, ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

а)Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Кезекші мәлімдемесі.

б)Журнал бойынша түгелдеу.

Үй тапсырмасын сұрау

Сөз құдіреті жайлы сұраймын.

  1. Қосымша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылай-мың

  2. Окушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Батырлар жыры - көлемі жағынан да, мазмұн-мәні жағынан да қазақ фольклорында ауқымды орын алатын аса көрікті жанрлардың бірі.

Батырлар жырының басты тақырыбы - ерлік, батырлық, елді сыртқы жаулардан қорғау. Елді, жерді сүю, Отан қорғау мәселесі - кай жырдың болмасын алтын арқауы. Онда ел басынан өткен елеулі оқиғалар нақты бейнеленбегенмен де, тарихи кезеңдердің тобы айқын байқалып отырады. Елдің әрідегі ескілігін жырға қосатын көне эпостарда («Құламерген», «Жоямерген», «Дотан батыр», «Қүбығүл», т. б.) тарихи оқиғалар тым көмескі тартып, киял-ғажайыптық сипат басым болса, одан беріректе туған қаһармандық эпостарда («Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Едіге», «Қамбар», т. б.) тарихи оқиғалар сілемі нақтырақ көрініс береді. Ал аты мәлім тарихи түлғаларды (Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Кенесары, Наурызбай, Ағыбай, Есет, Жанқожа, т. б.) жырға қосатын шығармаларда тарихи деректілік тіптен басым. Яғни батырлар жыры - елдің азаттықка ұмтылган күрес жолының ерлік шежіресі. Халықтың елге қорған болған айбынды адал үлдарына созден соққан ескерткіші.

Батырлар жыры елдің сан ғасырлық тарихын, ерлік дэстүрін, кезеңдік оқигаларға деген халық бағасын, алдан күткен үміті мен аңсар-мұратын көркем жинақтап бейнелейді. Ол тарихтың салқар кешінде жиі қайталанатын соғыстар мен шайқастардың жылнамасы емес, ел есінде ерекше қалган елеулі оқиғаларды жинақтай бейнелейтін көркем туынды. Халықтың оны ерекше қастерлеп, сүйсіне жырлап, ұрпақтан үрпақка мұра етуінің тағы бір сыры ондағы отаншылдык идеяның ерекше асқақтығында. Халықтың арман-мұңының үнемі алдыңғы ксзекте түратындығында.

Батырлар жырын фольклордың басқа эпикалық жанрларынан өзгешелейтін өзіне төн белгілері бар.

Ең алдымен оның басты каһарманы - батыр. Батырлар жырының барлығында ол эдеттен тыс жағдайда дүниеге келеді. Бір балага зар болған ата-анасы оны тәңіріден тілеп алады. Ғайыптан туған ол жастайынан алып күштің иесі жэне тез ер жетеді. Алғашкы ерлігін өзіне жар таңдау сапарында көрсетеді. Оның жары да өзіне сай ер мінезді, ақыл-парасатка бай, сезімтал, айнымас жолдас болып келеді. Жырда батырмен ажырамастай бірлікте сипатталатын бейненің бірі — оның аты. «Ат — ердің қанаты» деген нақылға берік халық жырларында ат -батырдьщ ең жақын серігі. Батырдың аты жырда ерекше әсірелене суреттеледі. Ол «алты ай жорытса арымайтын» жауга мінетін тұлпар ғана емес, қысылған жерде батырға ес қосатын ақыл иесі болып көрінеді. Сол сияқты батырлар жырында "Қобыланды сонда сөйлейді, сейлегенде бүй дейді», «Қорамсаққа қол салды, бір салғанда мол салды» деген сияқты түрақты кайталаулар болады.

Батырлар жырының сюжеттік желісі батырдың балалық шағынан басталып, түрлі жорықтарын, ерлік істерін баяндайтын қызгылықты оқиғаларға қүрылады. Олардың жаумен шайқасы аса тартысты, жау батырлары кейде оның өзінен де кайратты болып келеді. Бірақ азаттық, эділдік жолындағы батыр күресі эрқашан жеңіспен аяқталады. Жыр ағымымен келетін батырлық эпостардың тілі аса көркем, айшықты шектен тыс кішірейтіп суреттейтін эсірелеулер мол. Батырлар жырын жыршылар сазды мақаммен апталап жырлайтын болған.


Жаңа сабақты бекіту

1. Ертегілер мен батырлар жырларын салыстырыңдар, қандай

айырмашылықтар байқайсыңдар?

2. Батырлар жырында ерлік, батырлық, ел қорғау мэселесінін, алдыңғы кезекте болатындығы неліктен деп ойлайсыңдар?

3. Батырлар жырына тэн сипаттар қандай?

4. Ба-тырлар жырының кейіпкеріне айналған қандай тарихи тұлгаларды білесіңдер? Олар тарихта қандай ерліктер көрсеткен?

Мәтінмен жұмыс.

  • Мәтінді бір-бірден оқып, түсінгендерін баяндайды.

  • Сөздікпен жұмыс жасайды.


Сабақтың қорытындысы.

Бағалау:

  • Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Үйге тапсырма:

  • "Қобыланды батыр" жырын оқып, мазмұндау, мәтін бойынша сурет салу.
















Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 6

3.Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Қүдайбердіұлы «Адамдық борышың»өлеңі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға Шэкәрім Қүдайбердіүлының өмірі, «Адамдық борышың» өлеңі жайлы толық түрде мэлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мэдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тэрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем эдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Кезекші мәлімдемесі. Журнал бойынша түгелдеу. Жаңа сабаққа дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Құлақтан кіріп бойды алар», «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңдерінің қалағанын жатқа сұраймын.Қосымша сүрақтар қойып, өткен тақырыпты қорытындылаймын

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, «Адамдық борышың» өлеңі жайлы түсіндіремін.

Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Шыңғыс тауының бөктерінде дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді -Абайдың туған ағасы. Әкесінен жастай айырылған Шәкәрім немере ағасы Абайдың тікелей тәрбиесін көріп өседі. Тумысынан талантты бала ұлы ақынның үлкен жүрегін жіті аңғарып, тәрбиесіне табына бас қойған. Оған Абайға арнаған өлеңдері дәлел. Оның бір үлгісін өздеріңе ұсынылып отырған өлеңнен де байқарсыңдар.

Арнайы оқу тауыспағанмен, Шәкәрім Абайдың жол басшылығымен түрік, араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгеріп, өз заманының білімпаз, озық ойлы адамы болып қалыптасады. Екі рет қажыға барып, ол сапарларын өзінің ғылым-білімін толықтыруға да пайдаланады.

Орыс әдебиетінің ұлы классигі Л. Н. Толстоймен пікірлес болып, хат жазысып тұрады. Бір сәт Толстой идеясына беріліп, елден аулақтанып, таза әдеби жұмыспен айналысады. ¥лы ақын 1931 жылы накақтан қазаға ұшырап, шығармалары қапаста үсталып келді.

Адамшылықтың ақ жолын жыр еткен ақын шығармалары еліміз тәуелсіздік алғаннан бері ғана халық игілігіне айналып келеді. «Жолама қулар маңайға», «Адамдық .борышың» сияқты өлеңдерден ақынның ақ, адал көңілінің аманат, өсиетін танисыңдар.

IV. Сабақты бекіту. Оқулықпен жұмыс

Адамдық борышың. Адамдық борышың

Халқыңа еңбек қыл, Ақ жолдан айнымай

Ар сақта, оны біл. Талаптан да, білім мен өнер үйрен, Білімсіз,

Өнерсіз,

Болады ақын түл.

Мактанға салынба

Мансаптың тағы үшін, Нэпсіңе билетпе

Басыңның бағы үшін. Өміріңді сарп қыл өлгенше, Жоба тап,

Жол көрсет,

Келешек қамы үшін.

Қайтадан қайрылып,

Қауымға келмейсің, Барыңды, Нэріңді

Тірлікте бергейсің. Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң, Шын бақыт—

Осыны үқ,

Мэңгілік өлмейсің!

V. Сабақтың қорытындысы:

Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

Бағалау: Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Үйге тапсырма: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығы. «Адамдық борышың» өлеңін жатқа жаттап келу.





Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 6

3.Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы: Әбдіжәміл Нұрпейісов «Балықшылар»

(«Қан мен тер» романынан үзінді).

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға Әбдіжәміл Нұрпейісовтың өмірі, шығармашылығы,
«Балықшылар» («Қан мен тер» романынан үзінді) жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар,

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгелдеу.

  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. М.Мақатаев Өмірі, шығармашылығы туралы түсінік

  2. «Анау –аспан, мынау – бақ» өлеңін жаттау

  3. Қосымша мәліметтер іздену.

  4. Қосымша сұрақтар қою.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабакта оқушыларға Әбдіжэміл Нүрпейісовтің өмірі, шығармашылығы,

  • Әбдіжәміл Нұрпейісов – Арал теңізінің жағасында дүниеге келген. «Курляндия», «Күткен күн» романдары және «Қан мен тер» трилогиясының авторы. Арал балықшыларының ХХ басындағы Қазан төңкерісі жылдарындағы ауыр өмірін суреттеген «Қан мен тер» трилогиясы қазақ оқырманына кеңінен таныс.

  • «Балықшылар» («Кан мен тер» романынан үзінді) жайлы түсіндіремін.

Бұл үзіндіде балықшылардың қиын өмірі әңгімеленеді. Балық аулап оны байға өткізіп, жарымас айлық алып күн кешкен, өздері талғажау етуге де балық бермейтін сараң байдың іс-әрекеті іңгімеленеді. Балықшыларды қолайсыз ауа-райына да қарамай мұз үстіне жіберіп, адам өмірін емс тек ақшаны көздеген бай, сол ауылдың әкімі жұмысшыларды байға жамандап, оларды ұрғызғандығы, Мөңкенің өлген ұлын да көму үшін сұранғанда жұмыстан босатпағандығы, балық аулауға шығып кеткен балықшылардың ауыр жағдайы, оларды құтөаруға шыққан түйеші мен Андрейдің теңіз үстінде желмен арпалысып, өмір үшін қанша өиналып, соңында құсқа жем болып теңіз ортасында қалуы, ламанның өшіккеннен, ызаланып Федоровты ұрып өлтіргені өте аянышты суреттеледі. Бұл үзіндіден күн көрудің қанша өиын болғанын, елде теңсіздік жоқ болғанын, қазақтардың орфс байларына тәуелді болғанын, патша үкіметін озбырлығын білеміз.

Сабақты бекіту.

Сөздікпен жұмыс:

Репеті – түрі, ыңғайы деген мағынада

Қаратаз – болыстың есімі

Үркердей үйіріп – топтап үйіріп деген мағынада қолданылған.

Түсінік тексеру:

  • Балықшылар әңгімесі қандай романнан алынған?

  • Негізгі тақырыбы не?

  • Қандай теңіздің балықшылары туралы айтылады?

  • Бұл қай кездегі уақиға?

  • Басты кейіпкерлер кімдер?

Сабақтың қорытындысы:

Бағалау:Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Үйге тапсырма: Ә.Нұрпейісов өмірі, шығармашылығы туралы іздені, оқу.

«Балықшылар» әңгімесін оқу. Мазмұндау.



Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 6

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: IІІ

Сабақтың тақырыбы: С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларга Сансызбай Сарғасқаевтың өмірі, шығармашылығы,
«Тәмпіш қара» повесінен үзінді жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Кезекші мәлімдемесі. Журнал бойынша түгендеу. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. «Менің атым Қожа» повесінен тарауларын бөліп-бөліп мазмұндау.

  2. Қосымша сұрақтар қою аркылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.
    б) Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Автордың өмірі, шығармашылығ туралы түсіндіру.

Сансызбай Сарғасқаев (29.4.1925 ж.т., Жамбыл облысы, Красногор ауданы, Шарбақты селосы) — қазақ кеңес жазушысы, Ұлы Отан соғысына қатысқан.1942 — 1943 жылдары аудандық «Красногоршы» газетінде жауапты хатшы,1949-1972 жылдары «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактор, «Жұлдыз» журналында жауапты хатшы болды. Көркем туындылары 1949 жылдан жариялана бастады. Шығармалары негізінен жас жеткіншектерге арналған. «Достар» (1952), «Бір отрядта» (1953), «Сәуленің жаңа достары» (1954), «Бір көшенің бойында» (1961), «Сынған тіс» (1963), «Шындық» (1964), «Көңілді балалар» (1966), «Тәмпіш қара» (1971) атты повестер мен әңгімелер жинақтарында жас жеткіншектердің ой — арманы, қоғамдық пайдалы істері, өнер — білімге деген құштарлығы, бір — біріне адалдығы, достық қарым-қатынасы суреттелген.Жаңашыл да жасампаз адамдар туралы «Ұстаз» (1979), «Сұлутөр» (1983) романдары жарық көрді. Оның кітаптарының бәрі мектеп оқушыларының тыныс — тіршілігінен сыр шертеді..

  • «Тәмпіш қара» повесі жайында түсіндіру.

Сансызбай Сарғасқаевтың “Тәмпіш қара” повесінде отызыншы жылдардағы ауыл өмірі суреттелген.Повесть 9 бөлімнен тұрады. Бөлімдері: «Танысу», «Тілеп алған азап», «Әзілі ме шыны ма?» , «Өкініш», «Теке қарт», «Не болды бізге?», «Бұдан кейінгі күндерде …», «Ойламаған жерден», «Үш күн қалғанда» деп келеді.Басты кейіпкер-тәмпіш қара Шаншатай.. Повесте Шаншатайға тән әдептілік,ұқыптылық,еңбексүйгіштік қасиеттер көрінсе, Ертай бойындағы өнерге құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері танылады. Шаншатай бойындағы асыл қасиеттер-әдептілік, ұқыптылық, тазалық, кішіпейілділік пен сыпайылық әңгіме кейіпкерлері Ертай, Бисекүл, Иманбектерге ерекше әсер етіп,үлгі бола білсе,бүгінгі жасөспірімдерге де үлкен өнеге.Жасөспірімдер бейнесі- балалар әдебиетінің жас буындарды патриоттық рухта тәрбиелеуде ең басты роль атқарып отырғанының айқын дәлелі.Осының бәрін айта келіп, бала тәрбиелеудегі ең негізгі тірек оларды еңбекке үйретуден басталуға тиіс деген ойға келеміз.Өйткені еңбек етуге үйренген бала сабақты жақсы оқудан да, ата-ананың түрлі тапсырмаларын орындаудан да жалықпайтын болады.Еңбек етуге жаттыққан сайын, оның ыждақаттығы да арта түседі.Ұқыптылық та, әдептілік те, үлкенді сыйлаушылық та, қоғамға пайдалы үлес қосатын байыпты, парасатты азамат болу да осыдан келіп шығады.Повестегі кейіпкерлер:ауыл балалары суретші Ертай, Иманбек, Ниғмет, Күлдәрі, Оңалбек. Бала тәрбиелеуде ұстаздың еңбегін көрсете отырып, балалардың мектептен алған білімін еңбекпен тәрбиелі іспен тұрмыспен байланыстыра суреттелуі шебер бейнеленген.Кейіпкер Ертайдың өмірі жайындағы ішкі толғанысы жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде маңызды роль атқарады деп есептеймін.Шаншатай-қаладан келген көзі ашық бала,ол «Октябрь балалары» деп аталатын газеттің бар екендігін ауыл балаларына таныстырып, Ертайдың суретшілік дарындылығын бағалай отырып, осы газетке ең жақсы суретіңді жіберейік деп үлкен үміт артып Ертайдың қабілетін шыңдай түседі.Әншейінде көзге ілінбей жүретін газет тасушы Теке қартты ауыл балаларына сыйлай білуді ұғындырады.Қазіргі жас жеткіншектер барлық мүмкіндіктері бола тұрса да балалар басылымдарына көп жазыла бермейді,ал повесть кейіпкерлері сол газеттің келуін асыға күтіп,тіпті ауылдан жырақта тұратын Теке қарияның үйіне іздеп барып, алып оқиды.

  • Сабақты бекіту:

Талдау

  • Эпикалық жанр түрі - повесть.

  • Шығарманың негізгі ойы — жас жеткіншектерді адамгершілікке,шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді.

  • Шығарманың композициялық құрылысына тоқталсақ:Басталуы. Шаншатайдың ауылға келуі, ауыл балаларымен танысуы..

  • Байланысуы.Шаншатай Ертайдың суретші екенін білуі,екеуінің айырылмастай дос болуы. Шиеленісуі.Мектеп оқушыларының қырман даласына көмекке баруы,түрлі ойын-сауық ұйымдастырулары, Шаншатай ауыл балаларының газетке деген қызығушылықтарын оятуы.

  • Шарықтау шегі.Оқушылардың өз мақалаларын оқу үшін Теке қарттың үйіне іздеп баруы, Шаншатай мен Иманбектің төбелесуі, Иманбектің одан кешірім сұрауы.

  • Шығармада эпитет, теңеу, диалог, мақал-мәтелдер т.б. әдеби теориялық ұғымдар қолданылған.

Пысықтау сұрақтары:

  • Әңгімедегі кейіпкерлерді ата.

  • «Тәмпіш қара» повесі қалай басталады?

  • Әңгіме неге «Тәмпіш қара» деп аталған?

  • Әңгімедегі тәмпіш қара кім?

  • Шаншатайдың басқа балалардан ерекшелігі қандай?

  • Әңгімеде мақал-мәтелдер кездесе ме?

  • Ауыл балалары демалыс уақытында кімдерге көмекке барады?

Сабақтың қорытындысы:

Бағалау: Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Үйге тапсырма: С.Сарғасқаев өмірі, шы,армашылығы туралы мәлімет іздену, оқу.

«Тәмпіш қара» повесін оқу, мазмұндау.





































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 03.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров373
Номер материала ДВ-502799
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх