Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Тілге құрмет- елге құрмет" 7-8 класс
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

"Тілге құрмет- елге құрмет" 7-8 класс

библиотека
материалов

Ақтөбе олысы

Әйтекеби ауданы

Жамбыл селосы

Ярослав орта мектебі





Ашық-тәрбие сағаты

Тілге құрмет-елге құрмет

(7-8 сынып аралық жарық сабағы)









Өткізген:

Кенжеғалиева Р.А.













2015-2016 оқу жылы



Ашық тәрбие сағат жоспары:

7-8 –сынып аралық жарыс сабағы

Тақырыбы:Тілге құрмет­­-Елге құрмет.

Мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың өз ұлтына,еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру,жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту;Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына байланысты оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру.

Дамытушылық:Туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға-ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйрену,оқушыларды тез ойланып,тиянақты,жүйелі айта алуға ,топ алдында еркін сөйлеуге баулу;

Тәрбиелілік: : Оқушылардың өз тіліне, еліне, мәдениеті мен

тарихына деген сүйіспеншілігін oятып, оны бағалауға баулу,

қазақ тілін құрметтеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі:Ашық тәрбие сағаты.

Сабақтық көрнекілігі:Интерактивтік тақта,оқулық,кітап көрмесі,нақыл сөздер жазылған бүктеме;

Пәнаралық байланыс:Тарих,Әдебиет,Қазақ тілі,ағылшын,Орыс тілі.





















Тәрбие сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

1.1.Сәлемдесу.

1.2.Мұғалім сөзі.

Мұғалім сөзі:

Тіл-әрбір ұлттың заңы,сезімнің,ойдың жанды көрінісі,халық тарихы,мәдениеттің даму жолы.Тіл-ұлттың игілігі және өзіне тән ажырағысыз белгісі.Ұлттық мәдениеттің гүлденуімен адамдардың тарихи тұрақты қауымдық ретінде қалыптасуы, жалпы алғанда тілдің дамуына және оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты.

С.Е.Малов біздің тіліміз жөнінде «Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл,бейнелі тіл-қазақ тілі.Қазақтар өзінің шешендігімен де,әсем ауыз әдебиетімен де даңқты.» десе,Радлов В.В. «Қазақтар шешен келеді,олар мақалдап сөйлейді.Жай сөзінің өзі өлең болып,құбылып жатады.»-деген екен.

Тіл құдірет,ана тілің-елдігінің айғағы.Қандай қиындықтан да жансебіл өлмей келе жатқан тіл.Ендеше,ана тілдің мерейін көтеру мақсатында,бүгінгісабағымыздыбастауға рұқсат етіңіздер!

Мұғалім сөзі:Құрметті жиналған қауым!Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын,өз ата-мекенін қалай сүйюімен,өз ана тілін қалай білінуімен өлшенбек.Әркім өз тіліне деген құрметі өз анасына,өз ұлтына,өз отанына деген құрмет деп білу керек.

-Әрқашанда білім көптік етпеген,

Талапсыз жан мұратына жетпеген.

Сәлем бердік ұландарға талапкер,

Дос көңілден,адал,аппақ ниетпен.

Өнердің нәр береді шапағаты,

Әркімнің өнерге бар махаббаты.

Талпынып екі топ шықты қане,

Қонақтар қошеметпен қол соғады.

(Ортада екі топ өз аттарын таныстырады.)

-Бүгінгі тіл мерекесіне арнап өткізіліп отырған тәрбие сағатымыз жарыс түрінде өтпек,бүгінгі жарыс бес турдан тұрады.

  1. Поэзия минуты;

  2. Сөз тапқанға қолқа жоқ

  3. Полиглот;

  4. Тағзым етемін тарихыма

-Бүгінгі жарысымыздың I туры «Поэзия минуты»,бұл үйге берілген тапсырма болатын.Қазір әр топтан кез-келген оқушыны тұрғызып ана-тілі туралы өлең оқытамын.Әр оқушы оқыған өлеңге жоғарғы ұпай 2. Әділқазылардан сұрайтынымыз өлеңнің қаншалықты мәнерлі екеніне назар аудару;(5 мин.)

II тур. Сөз тапқанға қолқа жоқ (мақал-мәтел жарысы).Оқылған мақал-мәтелдердің жасырылған бөлігін табу керек.

  1. Ине көзінен сынады,....(шешен сөзінен сынады).

  2. Піл көтермегенді...(тіл көтереді).

  3. Өз тілің – бірлік үшін..........(Өзге тіл – тірлік үшін)

  4. Жебе жай құр еттен өтеді.......(Сөз жүректен өтеді)

  5. Көзбен ойнасаңда ........(Сөзбен ойнама)

  6. Марал мүйізінен........(Адам тілінен ұсталады)

  7. Бөтен жердің гүлінен,.........(туған жердің тікенегі артық)

  8. Жат елдің қаршығасынан,......(өз еліңнің қарғасы артық)

  9. Отан оттан да ыстық.............(Жалыны бар шоқтан да ыстық)

  10. Аққу айдынын аңсайды,.(Адам туған жерін аңсайды)

III тур.Полиглот.

Бұл турдың шарттарын айта кетейік,қазір тақтада оқылған жұмбақтардың жауабын қазақ,орыс және ағылшын тілінде табуларың керек.Әр дұрыс жауапқа 1-ұпайдан бересіздер.Егер үш тілде де жұмбақтың жауабы шешілсе з-ұпай жинаған болып есептеледі.

1.Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады.

(Кітап-книга-book)

2.Ойды аяқтап соңында «ноқат» тұрады.

(Сөйлем-предложение-sentence)

3.Қарап тұрсаң өзіңе,

Сурет түсер көзіңе.

Ол суретін ұқсайды,

Дәл қазіргі өзіңе.

(Айна-зерколо-mirrow)

4.Ти десем тимейді,

Тиме десем тиеді.

(Ерін-губы-lips)

5.Айдалада ақ отау,

Аузы мұрны жоқ отау.

(Жұмыртқа-яйцо-egg)

IV тур.Тағзым етемін тарихыма(Қойылған тарихи сұрақтарға тез жауап берген топ 1 ұпай алады).

Сұрақтар:

  1. Қ.Р. қашан тәуелсіздік алды?(16.12.1991ж.)

  2. Қ.Р. –ның рәміздері қабылданған жыл? (1992ж.)

  3. Қ.Р. алғаш теңге айналымға енді? (15.11.93ж.)

  4. Қай жылы Алматыдан Ақмолаға елорданы көшіру туралы шешім қабылданды?(1997ж.)

  5. Қазіргі Әнұранның сөзін жазған кім?

  6. Қазақтың тұңғыш ғарышкері?(Т.Әубәкіров)

  7. Қандай ұлттық тағамдарды білесің?(қазы-қарта,жал-жая,қымыз)

  8. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?(түркі)

  9. Қазақ тілі ең алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды?(1989ж)

  10. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін атаңдар(шілдехана,бесік той т.б.)

  11. Қазақ тілі ретінде қай күн мерекеленеді?(22-қыркүйек).

Осымен бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылай келе Амангелді Нұржауған«Қазақ тілі-ана тілім»деп көркем сөз оқиды.Ал әділқазылардан бүгінгі топтың жеңімпаздарын анықтауды сұраймыз.

VI.Марапаттау.

  • Жеңімпаз топ;

  • Белсене қатысқаны үшін;

Мүғалім сөзі:Тіл құдіреті ауызтолтырарлықтайөтекүшті.Тіл киелі,қасиеттідейміз.Сондықтан ана тілімізді қадірлеп сүюіміз керек.Сабағымызды Б.Момышұлының мынадай сөзімен аяқтағым келеді «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тіліміздіұмыту-бүкіл ата-бабамызды,тарихымызды ұмыту!».

-Келгендеріңізге рахмет,Сабақ аяқталды сау болыңыздар!

































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-199861

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"