Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Тілі басқа-тілегі бір, жүзі басқа- жүрегі бір" білім сайысы

"Тілі басқа-тілегі бір, жүзі басқа- жүрегі бір" білім сайысы

Скачать материал

Тақырыбы:      "Тілі басқа-тілегі бір, жүзі басқа- жүрегі бір" 
 Мақсаты: 
а. Білімділік: Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. 
ә. Дамытушылық: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру. 
б. Тәрбиелік: Әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту, ұлттар арасындағы ынтымақты нығайту. 
                          Әнұраным көкейде жатталады, 
                          Сонымен бейбіт күнім басталады. 
                          Шәмші атамның шығарған асқақ әні, 
                          Әркімнің жүрегінде сақталады 
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады. 
 «Сан ғасырлардан бері қазақтың кең даласына көптеген ұлттар мен ұлыстардың ұрпақтары келіп орнығып, бір-бірімен тамыр, дос болып, тату-тәтті өмір сүріп келе жатыр. Дархан көңілді, кең пейілді қазақ халқы оларға құшағын ашты. Ата-бабамыздың осы үлгісі, өзге халықтардың баласын дініне, тіліне,түріне, ұлтына қарамай бауырға басқан төзімшіл, толеранттық мінез-құлқы бізге мұра болып қалды. Бұл – біздің тарихи қасиетіміз, өсіп өркендеуіміздің басты негізі. Осы бірлік пен достықты тереңдете білудің арқасында біз көп қиыншылықтарды жеңе білдік» деген болатын елбасымыз. 
1- оқушы: Елді бүгін қарасам, 
Айналам бақыт кең жатыр. 
Бірімен – бірі туысқан. 
Қол ұстасқан ел жатыр 
Қырғыз, қазақ, Өзбектер 
Армян, татар, ұйғырлар. 
Орыс пенен Украин 
Терезесі тең жатыр, 
Алатау Кавказ ұласып 
Баурайы бұйрат кең жатыр. 
Бақыттың әні асқақтап 
Құлаққа даусы кеп жатыр – деп өлең жолдарында айтылғандай Қазақстан барлық мемлекеттермен тату - тәтті, достық қарым - қатынаста. 
-Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орны бар бұл атаулы күн –Қазақстанда тұратын барлық ұлттар өкілдерінің ана тілдеріне құрмет көрсететін ортақ мейрам. Еліміз бен тіліміздің тұғыры асқақтай берсің! 
1-оқушы: Ана тілім- арайлы шапағатым, 
Ана тілім - сәніммен салтанатым. 
Ана тілім -таудағы таза бұлақ, 
Ана тілім -Мәңгілік махаббатым. 
Ана тілім - қазағым, қазақ тілім 
«Тілі басқа-тілегі бір, жүзі басқа-жүрегі бір» атты білім сайысымыз ашық деп жариялаймыз! 
1- жүрізуші:– Бүгінгі ойынымыз негізінен 3 кезеңнен тұрады: 
1- кезең: Таңыстыру 
2- кезең: Өнер сайысы 
3- кезең: Ұлттық тағам және қолөнермен таныстыру, ал ендеше бастайық! 

2- жүрізуші:– Сайысымыздың әділ қазыларымен таныс болыңыздар:

Мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары: Рысова К

Мектеп психологі:                                  Қалдарбекова А

Сынып жетекшісі:                                   Қалқымова С

 
1- оқушы: Ал ендеше, бастайық! 
2- жүрізуші: Қазақ жері кең, байтақ 
Қазақ жұрты мейманда 
Қазақстан -ел ортақ 
Барлық жанға мекендес 
Қазақстан -Отаным 
"Өз елім" деп атады. 
Оны өкілі әр ұлттың. 
Мұнда бірге тұрады 
Орыс, неміс, татарлар 
Мұнда тапқан тұрағын. 
Ұйғыр, кәріс, балқарлар 
Бір шаңырақ астында 
Достық болған тірегі 
Үлкен-кіші, жастың да 
Бар мақсаты, тілегі. 
2- жүрізуші: Құтты болсын мерекесі тілімнің, 
Асқақтасын көк байрағы елімнің. 
Ана тілін құрмет тұтқан жас өрен, 
Алдарыңа келді міне достарым! 
1- жүрізуші: - Өз тіліңді құрметте,- деп бабамыз тегін айтпаған еді. Қазақстанның ортақ жерінде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлт өкілдері, өздерінінің туған ана тілін, өз мәдениетін, ұлттық биін мәңгі жадында сақтап келер ұрпаққа сұра етеді. 2- кезең «Өнер сайысы» деп аталады. Мұнда оқушылар өз өнерлерін көрсету керек. 
2- жүрізуші: Жаны жарқын жайдарлы, жарқын өскен қазағым, 
Жібек мінез, мәрт көңіл, шалқып өскен қазағым. 
Досы менен дұшпанын теңдей көрген қазағым, 
Бұйда етіп, нарына алтын ескен қазағым. 
Сайын дала төсінде сайрап өскен қазағым, 
Ұлы менен қыздары жайнап өскен қазағым. 
Өнерлі боп шетінен өрге тартқан қазағым, 
Ата дәстүр мұрасын сақтап өскен қазағым. 
(қазақ ұлтын ортаға шақырамыз) 
1- жүрізуші: Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, дүние жүзі мойындап отырған елміз. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз - біздің байлығымыз, мақтанышымыз. 
( орыс ұлтын ортаға шақырамыз) 
2- жүргізуші: Ортамызға Өзбек – Қазақ 
бір туған дегендей, өз өнерлерін ортаға 
салу үшін өзбек ұлтының 
өкілдері келіп отыр. Өзбек ұлтын сахна 
төріне шақырамыз!                                                                                                                                         ( өзбек ұлтын ортаға шақырамыз) 
1- жүргізуші: Ұлы Достық! 
Жазира – өлке, гүл маусым, 
Жасыл әлем, саған мәңгі нұр жаусын! 
Қарсы алдыңнан тарқамасын тыңдаушың 
Мың құбылтқан 
Бұлбұл болсын жырлаушың! 
( украиндарды ортаға шақырамыз ) 
2- жүргізуші: Бүгінде біздің елімізде 130-дан астам әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Олардың қай-қайсысы болсын Қазақстанды өз Отаным деп санайды. Сонымен қатар өздерінің ана тілдерін, тарихи Отандарының тарихы мен шежіресін, салты мен дәстүрлерін болашақ ұрпақтарына үйретуге, өз ұлттарының рухани тәрбиесімен тәрбиелеуге ынталы. 
(татарларды ортаға шақырамыз) 
1- жүргізуші: Біз ортақ үйіміздің шаңырағы биік, керегесі берік болып, босағасынан ырыздық-дәулет кетпегенін қалаймыз. Оған Қазақстанда тұратын барша халықтың өзіндік үлес қосуымен бір-бір уық болып қадалғанын жақтаймыз. 
(Кәріс ұлтын ортаға шақырамыз) 
2- жүргізуші: Бірлігі мен ынтымағы халықтың, 
Көгімізден жарқырайды жарық күн. 
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың, 
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн. 
Достық бізге тым ыстық, 
Бірлік-байлық, ырыс-құт. 
Жарқырасын күніміз, 
Жаса-жаса тыныштық. 
(армян ұлтын ортаға шақырамыз) 
1- жүргізуші: Ынтымағы барша ұлттың 
Нұрын шашқан күн бүгін. 
Бірлігі мен ынтымағы халықтың, 
Көгімізде жарқырайды жарық күн, 
(Ұйғыр ұлтын ортаға шақырамыз) 
2- жүргізуші: 3- кезең: Ұлттық тағам және қолөнермен таныстыру, ал ендеше бастайық! 
1- жүрізуші: - Біз келер ұрпаққа Отан, халық, тіл деген сөздерді жиі айтып тәрбиелесек,сонда әркім туған жердің қадірін түсініп,болашағымыз жарқын, ертеңіміз гүлді болмақ. 
2 - жүргізуші: Бүгінгі мерекемізге бір шаңырақ астында мекендеп жатқан, достығы жарасқан, Тәуелсіз еліміздің дамып, қарыштауына өз үлестерін қосып жатқан өзге ұлт өкілдерін ортамызға шақырамыз. Армяндар, Орыстар, Өзбектер, Украиндар, Татарлар менҰйғырларды қарсы алайық. Біз өзіміздің салт - дәстүрімізді қалай құрметтесек, достығы жарасқан өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін де дәл солай асқақтата білуіміз керек. Елбасымыздың «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ» - деген сөздерін татулықтың туы етіп ұстаймыз 
«Атамекен» әні 
1 - жүргізуші: Қазақ жері достықтың гүлстаны 
Дархан өлкем - мерейлі ырыс - бағы 
Күрестерде, еңбекте, мерекеде 
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады 
«Тіл - достықтың құралы» дегендей, туған жер,туған тіл адамға қандай ыстық, кандай қымбат.Әр ұлттар достығы мен тіліміз жасай берсін! Осымен Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған мерекелік «с-шарамыз аяқталды.
Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар! 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тілі басқа-тілегі бір, жүзі басқа- жүрегі бір" білім сайысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 637 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.12.2016 810
    • DOCX 20.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Палымбетов Акадил Нуртаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Палымбетов Акадил Нуртаевич
    Палымбетов Акадил Нуртаевич
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14631
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 407 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе