Инфоурок / Другое / Конспекты / «Тіліңді біл, қадірлеп жүр» атты интеллектуалды-танымдық ойын

«Тіліңді біл, қадірлеп жүр» атты интеллектуалды-танымдық ойын

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

«Писарев орта мектебі» КММ

КММ «Писаревская средняя школа»













Интелектуалды-танымдық ойын

9-11 сыныптар аралығында

hello_html_62c45a65.jpg

hello_html_1ffd8d42.jpg

2015-2016 оқу жылы

2015-2016 учебный год



«Тіліңді біл, қадірлеп жүр» атты интеллектуалды-танымдық ойын

Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру. Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, сөзжұмбақ, дорба, асықтар.

Жүргізуші:

- Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар. 22 қыркүйек – Тілдер күніне арналған «Тіліңді біл, қадірлеп жүр» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Ана тілім – әрекетім азығы,

Бар ғаламды тануымның қазығы.

Ой-санамның өсуінің куәсі,

Ғасырлардың кейінгіге әз үні, - дегендей, сіздерді бүгінгі Тілдер күнімен құттықтаймын!

Ашылуы: 1. Әнұранды орындау; (Муз.плюс)

- Қай халықтың болса да қоғамдық өну-өркендеу жолында көтеріле алмаған биігі мәңгілік болып ана тілінде сақталып отырады. Қай халықтың болса да ақыл-ой тереңдігі, сана-сезім сергектігі көп салалармен тармақтана-молыға келіп тағы да сол ана тілінің алтын қорына қосыла ажарлана береді. Қай халықтың болса да басынан өткен дәуірлері, қилы-қилы кезеңдері ана тілінде із қалдырмай өте алмайды. Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз.

-Ал, ендеше мына слайд шоуымызға назар аударыңыздар. (Видео көрсетіледі. 3 мин)

-Жақсы, ал ендеше бүгінгі кешті интеллектуалдық- танымдық ойынымен бастаймыз! Бүгінгі сайыс төрт асудан тұрады.

Қатысушылармен таныстырып өтейін:

  • 9 сынып оқушылары: Бизюк Надежда, Галимова Земфира, Хорламова Анастасия

  • 10 сынып оқушылары: Смагулов Марат, Смагулова Махаббат, Геринг Дарья

  • 11 сынып оқушылары: Казов Рустам, Пилипец Адам, Кашумова Жанна

Сайыстың жоспары:

І бөлім: «Көркем сөз өнері»

ІІ бөлім: «Қызықты ұйқастар»

ІІІ бөлім: «Кім жылдам» (сөзжұмбақ)

ІV бөлім: «Жаңғырған салт- дәстүр»

-Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!-демекші, әділқазыларды таныстырып өтейік:

1. Тәрбие жөнінің орынбасары – Степанов Александр Владимирович

2. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі (учитель самопознание) – Рябова Наталья Николаевна

3. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (учитель казахского языка и литературы ) – Рысбаева Акнур Хамитовна

-Ал, қанеки, келіңдер,

Біріңе-бірің еріңдер.

Біліміңізді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер,-дей келе қатысушыларға сәт сапар тілеймін.

«Білім деген- биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген-ақылшың

Қиындықтан өткізер»,-деп сайысымыздың бірінші бөлімін бастаймыз.

І кезең. «Көркем сөз өнері»

Шарты:Ойында барлықтарына сәттілік тілей отырып, І тур «Көркем сөз өнерін» бастаймыз. Бастамас бұрын ойынның шартын мұқият тыңдаңыздар. Бұл кезеңде сіздер кезекпен шығып өлеңдерді мәнерлеп оқисыздар. Ал, әділ қазылар, сіздер тіл тазалығына, мәнерлеп оқылуына қарап 10 ұпаймен бағалайсыздар. Бұл кезеңге 8 минут уақыт беріледі.

-Ал, ендеше келесі кезеңге көшеміз.

ІІ кезең. «Қызықты ұйқастар»

Шарты: Қатысушылар сіздерге бұл кезеңде әр топқа бір сөзден беріледі. 7 минуттың ішінде берілген сөзден неғұрлым көп сөз құрастыру керек. Әділ қазылар сөз санына және мағынасына қарап әрбір сөзді 1 ұпаймен бағалайсыздар. Уақыт кетті.

  1. Түркістан (түркі, сан, үкі, үр, тіс, тік, түр, іс, ат)

  2. Қазақстан (қазақ, қаз, ақ, сан, ата, ана, қаз, аз, ас, қас)

  3. Елтаңба (ел, таңба, таң, аң, тал, бал, бат, ет, ат, ата)

  • Ойыншылар сөз құрастырғанша көрермендер арасында «Тапқырлық» ойынын өткізейік. Берілген орысша сөздерді бірден қазақшаға аудару. Жауапты қолдарын көтеріп айтады. Сонымен қатар «Жалғасын тап» ойыны, (Тіл, отан туралы) мақал-мәтелдердің жалғасын тауып бірден жауап беру. (3 мин)

  • Ал, енді «Тапқырлық» ойынын ойнайық.

  1. Мұражай - музей

  2. Дәрігер - врач

  3. Уақыт - время

  4. Жыл мезгілдері–время года

  5. Азбука - әліппе

  6. Подушка - жастық

  7. Окно – терезе т.б.

  • Ал, енді «Қызықты ұйқастар» кезеңінің ойыншыларының жазған сөздерін тыңдап, әділқазыға тапсырайық. Келесі кезеңге көшелік.

ІІІ кезең. «Кім жылдам» (сөзжұмбақ)

«Кім жылдам» деген кезең. Бұл кезеңнің шарты былай сөзжұмбақ берілген. Ал сөзжұмбақтың сұрақтары тақтада сурет ретінде көрсетілген. Әрбір суретке жауап берген топ сөзжұмбаққа барып жауабын жазады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі. (5 мин)

Т

І

Л

Д

Е

Р

К

Ү

Н

І

Сұрақтары:


hello_html_1d9fbff9.jpg- Елтаңба


hello_html_m50f0bc90.jpg-Күнтізбе


hello_html_m4880c137.png- Жедел жәрдем


Д

hello_html_m220204ed.jpg- көбелек

hello_html_4c2dfad.jpg-қасқыр

hello_html_76233889.jpg- күз

hello_html_6f806c77.jpg-гүл

hello_html_675041ab.jpg-балапан

hello_html_35ee9f87.gif-тіл

  • Ал, ендеше келесі кезеңге көшейік.

ІV кезең. «Жаңғырған салт- дәстүр» (дәстүр көрінісі)

Келесі тур- соңғы тур «Жаңғырған салт- дәстүр» деп аталады. Бұл турдың шарты былай қоржын беріледі. Қоржынның ішінен бір асықты таңдап алу керек. Асықтар нөмірленген. Нөмерлеріне байланысты сұрақтар қойылады. Асықтың нөмірлері мен сұрақтары слайдта көрсетілген. Таңдалған асықтарда қазақша сөздер берілген. Ол сөздерді орысшаға аудару қажет. Дұрыс жауапқа 1ұпай беріледі.

  • Еркіндік-свобода

  • Тәуелсіздік- независимый

  • Рәміздер- символы

  • Достық- дружба

  • Мемлекет- государство

  • Әнұран- гимн

Қорытынды.

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шындарына.

Бүгінігі сайысымыз аяқталды,

Сөз кезегі әділқазы алқасына.

Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпазымызды анықтау үшін қазылар алқасына сөз кезегін берейік.( Марапаттау сәті)

Құрметті ұстаздар, қатысушылар! Осымен Тілдер күніне арналған сайысымыз аяқталды. Жарыс болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те, өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін! Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын! Келесі кездескенше, сау- саламатта болыңыздар!

Естелік фотоға түсу. (Муз. қосып қою)




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-331030
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>