Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"тілім менің-ғасырлардан аманат" тәрбие сағаты

"тілім менің-ғасырлардан аманат" тәрбие сағаты

Скачать материал

Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп

 

 

 

 

 

 

 

Тілдер апталығы

Тәрбие сағаты

«Тілім менің –ғасырлардан аманат»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: Кайырбекова Алмагүл Бекболатқызы 

                                Мадине Азира

                                                                       бастауыш сынып мұғалімдері

 

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы:Тілім менің- ғасырлардан аманат.

Мақсаты: Тіл – атадан балаға мирас болатын баға жетпес асыл мұра. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ұлттың жаны. Жас ұрпақтың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, өз еліне деген сүйіспеншілігін ояту, еліміздің елдігін танытатын тілі мен өнерін ұғындыру.

Көрнекілік: интерактивті тақта, музыка, қанатты сөздер,  кітаптар.

Түрі: ойын , сайыс.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі мектепішілік апталық аясында өтіп жатқан. «Тілім менің  - ғасырлардан аманат» атты сайысымызға қош келіпсіздер!

2-жүргізуші: Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі  барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Өз ана тілімізді құрметтейік!

1-жүргізуші:

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім.

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім ардақ тұтар алтыным.

Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.

Қасиетті менің ана  тілімде.

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар, - деп топты жарып бүгінгі сайысқа келіп тұрған жалынды жастарымызды ортаға шақырайық.

2-жүргізуші:

Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

1.     Топты таныстыру.

2.     Мақал – сөздің мәйегі.

3.     Тіл туралы өлеңді мәнерлеп жатқа оқу.

4.     Жұмбақтарды шешу.

5.     Сиқырлы сандар.

Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі.

1-жүргізуші: «Тілім менің  - ғасырлардан аманат» сайысының әділқазы мүшелерін  ортаға шақырайық.

2- жүргізуші: Сайытың алғашқы шарты бойынша топ мүшелері өздеріін көпшілікке таныстыруы керек.

1-жүргізуші: Сайыстың екінші шарты бойынша әр топқа мақал-мәтелдердің алғашқы жолдары беріледі. Оқушылар соны әрі қарай жалғастыруы  керек.

 

2-жүргізуші: І топқа мынадай мақалдар ұсынылады:

1.     Асыл тастан шығады,...... (өнер жастан шығады)

2.     Ағасы бардың – жағасы бар,............ (інісі бардың тынысы бар)

3.     Жақсыдан үйрен,......... (жаманнан жирен)

4.     Әзіл айтсаң да, .....(әділ айт)

5.     Оқу инемен..............( құдық қазғандай)

6.     Бал тамған тілден ............ (у да тамар)

7.     Піл көтермегенді,.............(тіл көтереді)

1-жүргізуші: ІІ топқа ұсынылатын мақал – мәтелдер:

1.   Жеті жұртттың білін біл, .........(жеті түрлі білім біл)

  2.Отан ...................(оттан да ыстық)

3.Үлкенді  сыйласаң қадірлі боласың,...........(кішіні  сыйласаң құрметті боласың)

4.Білгенің бір тоғыз,......(білмегенің тоқсан тоғыз)

5.Қына тасқа жарады, (білім басқа бітеді)

6.Тіл тас  жарады, ..... (тас жармаса, бас жарады)

7. Тіземнен сүріндірсе сүріндірсін, ..... (тілімнен сүріндірмесін)

2-жүргізуші:  Құлақтан кіріп, бойды алар,

                          Әсем ән мен тәтті күй.

                          Көңілге түрлі ой салар,

                         Әнді сүйсең, менше сүй,  - деп Абай атамыз айтпақшы, ендігі кезекті әсем әнге берейік.

1-жүргізуші: Кезек өлеңге беріледі. Әр топтан бір оқушы шығып жаттап келген өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

2- жүргізуші: Достар, жұмбақ шешу – ақыл- ойымыздың ұшқырлығын білдіреді екен. Ендеше, келесі бөлім жұмбақтар шешуге арналады.

1-жүргізуші: І топқа

1.Ызақор бұғып жатыр,

Сақалы шығып жатыр.  (Жуа)

2.Бір –ақ сөз біледі,

Өз аты онысы

Соны айтып жүреді

Жоқ және оның  қонысы  (көкек)

3.Ағайынды  бәрі,

Шықса – көк,

Түссе – сары   (жапырақ)

4. Қозғалмастан бір елі,

Түні бойы жүреді.  (сағат)

2-жүргізуші: ІІ топқа

1.     Сумен кірді ашады,

Өзі судан қашады. ( сабын)

2.     Екі басты айдаһар

Бәрін қырып жояды.

Екі аяқпен жер тіреп

Қағазды жеп қояды.(қайшы)

3.     Қыстай жегіп қос атты,

Көктем шыға босаттым. (шаңғы)

4.     Әжем сақтар тапқанын, қоймасы бар шап-шағын. (сандық)

1-жүргізуші: Келесі кезең «Сиқырлы сандарға» да келіп жеттік. Өздеріңіз көріптұрғандай тақтада сұрақтар жасырылған сиқырлы сандар берілген. Әр топтан бір-бір оқушы шығып сол сұрақтарға жауап береді. Толық жауап берсеңіздер ұпай сандарыңызға қосылады

І қатар:

10. Әдеби  тіл неше түрлі формада жасалады? (2 жазбаша, ауызша)

20. Антоним дегеніміз не? (Мағыналары қарама-қарсы болып келетін сөздер)

30. Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы .(Лексика)

40.Мақалды жалғастыр Білімдіге дүние жарық,  (Білімсіздің күні қаріп)

ІІ қатар.

10. Күзетем деп үйді, жұдырығын түйді. (құлып)

20. Антоним сөздерге мысал келтір. (Ақ –қара, биік –аласа.)

30. Белгілі ақынның тіл туралы 1 шумақ өлеңін айтып бер.

40.Синоним сөздерге мысал келтір. (әдемі, сұлу, көрікті, көркем)

2-жүргізуші:

Достар, біз сайыс барысында өнерімізді, білім-біліктерімізді сарапқа салдық. Олай болса, сөз кезегі әділқазы мүшелеріне беріледі.

Қазақ тілім –өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім.

«Атамекен » әні орындалады.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""тілім менің-ғасырлардан аманат" тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по ипотечному кредитованию

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 026 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.04.2016 3033
    • DOCX 21.9 кбайт
    • 88 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мадине Азира Мадине. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мадине Азира Мадине
    Мадине Азира Мадине
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31380
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Мини-курс

Проектный анализ: стратегии и инструменты управления успешными проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Воспитание будущего поколения: от педагогики до игровых технологий

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек