Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / "Тілім - тірегім" интеллектуалды сайыс

"Тілім - тірегім" интеллектуалды сайыс


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Тілім - Тірегім» интеллектуалдық сайыс сабақ
Мақсаты : Білімді жүйелеп,ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып,танымдық қызығуын дамыту мақсатында оқушылардың ұжымдасып жұмыс жасауы, белсенділіктері артуы, жылдам қимылға, ұшқыр ойлауға дағдылануы.

«СӘЛЕМДЕСУ» ТРЕНИНГІ

Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әрқайсысымен әртүрлі амандасасыңдар.

Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… өкшемен… арқамен.

Сабақтың түрі:топтық жұмыс

1. Оқушыларды топқа бөлу(3 топқа бөлу «Тапқырлар», «Зеректер», «Ойшылдар»)

2.Топ басшысын сайлау
3.Әділқазы алқасын сайлау


2.Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер – деп,

Сайыстың шарттарымен таныс болыңыздар!
I-кезең : «Блиц турнир»
а.Топтарға арналған сұрақтар
II-кезең: « Ойлан,тап!»
Әдебиет пәні
а. Құпия хаттарға жауап беру
ә. Алты жұмбақ:
б. Тұрақты сөз тіркестері.

III-кезең: «Тапқыр болсаң шешіп көр» .(Үй тапсырмасы)
IV-кезең: « Бұл қай тұлға?»

V-кезең: «Шешендік өнер»

VI - кезең: « Сөз майталманы»
I-тур «Блиц турнир»(
Әр топқа 20 сұрақтан қойылады 1 минут ішінде жауап беру керек 1ұпаймен есептеледі)
1- топ:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. ( қазақ тілі)
2. Қ.Р. ақшасы қашан енгізілді? ( 15.11.1993 ж)
3. «Термин» қай тілдің сөзі (латын тілі)
4. Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады? (табу)
5. Сөз мағынасын не зерттейді? (лексика)
6. «Фразеология» сөзінің баламасын табыңыз. (тұрақты тіркес)
7. Тілдің ең кіші бөлшегі не? (дыбыс)
8. Жалғаудың түрлерін ата. (көптік, тәуелдік, септік, жіктік)
9. Неше септік жалғауы бар? (7)
10. «Ақ киізге көтерді» мағынасы не? (хан сайлады)
11. Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара, күрделі)
12. Дыбысты немен таңбалайды? (әріп)
13. ¥лы Отан соғысында даңқты қолбасшы болған жазушы, Кеңес Одағының

батыры (Бауыржан Момышұлы)
14. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар? (42)
15. «Ерінбесең - емерсің» тақырыбы не? (еңбек ету)
16. Әріптердің рет-ретімен тізілген жиыны.(әліпби)
17. «Әліпби» сөзі қай тілден енген? (араб тілі)
18. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)
19. Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді? (ашық, қысың)
20. Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата. (қатаң, ұяң, үнді)
2-топ
1. Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
2. Суретші ата? (ә. Қастеев)
3. Қазақстанмен шекаралас 5 мемлекет? (Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан)
4.Екпіннің түрі нешеу? (4)

5. Үндестік заңы нешеу? (2)
6.Қосымшаны тіл білімінің қай саласы зерттейді? (морфология)
7.«Лексика» сөзі қай тілден енген (латын тілінен)
8.Тыныс белгісін не зерттейді? (пунктуация)
9.Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
10.Пәлеқор сөзі буын үндестігіне бағына ма? (жоқ)
11.Көзқарас қандай сөз? (біріккен)
12. Абайдың поэмасы нешеу?(3)
13.Орфография нені зерттейді? (дұрыс жазылуын)
14.«Жаны зәр түбіне жету» мағынасы не? (қорқу)
15.«Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» тақырыбы не? (дос)
16.Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (еріндік, езулік)
17.Дауыстылардың саны қанша? (12)
18.Әліпбидегі 10-шы дыбыс қандай дыбыс? (Ж)
19.Сөз таптары нешеу? (тоғыз)
20.Қосымша нешеу? (екеу)

3-топ
1. Жұрнақтың түрлерін ата. (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші)
2.Зат есімнің мағыналық түрлерін ата. (деректі, дерексіз, жалпы, жалқы)
3.Сын есімнің шырайларын ата. ( салыстырмалы, асырмалы)
4. Абайдың анасы кім? (Ұлжан)
5. Дыбыс үндестігінің түрлерін ата. (ілгерінді, кейінді)
6. Қазақ халқы Жаңа жылды қашан тойлайды? (22 наурыз)

7. Қазақтың тұңғыш ағартушы ұстазы? (Ыбырай Алтынсарин 1841-1889ж)

8.Дыбыс нешеге бөлінеді?(2)

9. .«Әділет,шапқат кімде бар,Сол жарасар туғанға»деген өлең жолдарындағы «шапқат»сөзінің мағынасы.(Мейірім,жәрдем,көмек)

10. .«Әсемпаз болма» әрнеге өлеңінің авторы.(А.Құнанбаев)

11. Жерұйықты іздеген аңыз кейіпкері.(Асан қайғы)

12.Абайдың табиғат лирикасы(«Қыс,Жаз,Күз,Жазғытұры,)

13. Өнер алды не?(қызыл тіл)

14."Ер Төстік” – қандай ертегі?(Қиял ғажайып)

15. Көсемшенің жұрнағы.(а,е,й ,ып,іп,п,ғалы,гелі,қалы,келі)

16. Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?(2)

17. .Абайдың аса дарынды шәкірті(Шәкәрім)

18. 16 желтоқсан қандай мереке?(Тәуелсіздік алған күн)

19. ға,ге,қа,ке жалғауы қай септікке жалғанады.(Барыс септік)

20. Шыңғыстауда(Семейде)қандай атақты адамдар туған?(Абай,Шәкәрім,Мұхтар)

II-кезең: «Ойлан,тап!»
1 тапсырма :Құпия хаттарға жауап беру

I -топ
Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші,көзбе-көз өтірік
айта қояды.Маған күнде келіп ойнағысы келеді.Мен өтірік айтқанды жаным
сүймейді.Менің онымен ойнағаным дұрыс па?
II-топ
Құрметті оқырмандар! Менің бір досым бар.Өзі мақтаншақ.Ойнап жүргенде
үй-ішін айтып ,алған ойыншықтарын көрсетіп мақтанады.Және өзінен кіші
балаларды үнемі ренжітеді.Мен онысын ұнатпаймын.Бірақ ойынды жақсы
ойнайды.Мен осы баламен дос болайын ба,айтыңдаршы?
III-топ
Құрметті достар.Менің бір сыныптасым бар.Ол үнемі сыныпқа сотка алып
келеді де,біздерге көрсетіп мақтанады.Мен оның соткасын көріп,өзім де сондайын
алғым келеді.Ал менде оны алатын ақша жоқ.Сендер айтыңдаршы менің
не істегенім дұрыс?
2-тапсырма: Алты жұмбақ (Оқушылар берілген үзіндінің қай шығармадан екенін анықтап, қандай салт –дәстүрдің бар екенін анықтауы керек.)
1-топ
1.
- Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, тоғызыншы ұлым бір төбе. Кенжекейің тоғызыншы ұлымдікі болсын, - деп бай тоғыз қызға қандай салт-дәстүрдің түрін жасап келіпті? (Қай шығармадан алынған? Қандай дәстүр бар?) (“Ер Төстік”ертегісі, құда түсу)

2. - Мен айыптымын, менен бір қателік болды, шайтанның азғырғанына ердім. Оған себеп – мына уәзірлер. Бұлар енді я саған, я маған бір қатер қылар. Сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш деп, - хан өзінің досына разы болып, бірнеше түйеге асыл заттар арттырып, мал беріп, досын Ақша ханның еліне көшіріп салады.
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) («Аяз би» ертегісі, енші беру).

3. Шынында да бұл күнде Аян қайда екен?Тірі ме екен? Ондай бала тірі
болуы тиіс.Ондай бала алдына нендей мұрат қойса да жетеді.Ал тірі болса ,
Жусанды төбеге бір оралмауы қалай?!Жусанның иісін сағынбауы мүмкін
емес қой. ( Жусан иісі. С.Мұратбеков)

2-топ
1. - Алтынмен ішін безеген,
Сырты күміс ақ отау
Келістіріп түзеген
Арттыруға сайланды.
Қырық түйе қазына ,
Қырық құл мен қырық күң,
Қосып берді қызына.
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) («Ер Төстік» ертегісі, жасау беру.)

2. Балаға таңсық болып жүрген байғұс,
Үйіне алып келіп қылды тойды.
Туғандай тумаса да қылайын деп,
Кім деп ол баланың несін қойды?
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Алпамыс батыр»жыры, азан шақырып ат қою, шілдехана жасау, бауырына салу.

3. -Иә,Қызыл Жебе,Сахалин тым-тым алыс.Әрі десе,міне, біздің жылы жаққа да қыс түсейін деді. Ал, Сахалинде қазір қақаған аяз. Ондағылар ит жеккен шана мініп жүреді.- Ол қайтадан картаның алдына барды. ( Шерхан Мұртаза. Бала Тұрар.)

3-топ
1. Балталы , Бағаналы ел, аман бол!
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол!
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры, қоштасу.)

2. Өлім деген тәңірі иесі,
Желіккен құлан әңгісі.
Құлан мен тұлпар желіккен,
Жосыған құлан желіккен,
Балаңды шайнап өлтіріп,
Жұлмалап жалмап кетіпті.
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Ақсақ құлан Жошы хан» аңызы, естірту,)

3. Осы кезде оны алыстағы еліне деген сағыныш билеп кетті. Көз алдында жас туған төлдерге қуанысып, жапа-тармағай жүгірген балалар, қарбалас өмір елестеді. Құлағына құстың қуанышты қиқуы келгендей болды. (С. Бегалин. Қырдың жас түлегі.)

3-тапсырма
«Тұрақты сөз тіркестері»

Бұл тапсырмада бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі.Бұл сөздермен ана тілі
пәнінен шығармаларда танысқанбыз. Әр топқа сөз тіркесі беріледі.
Ойланып,мағынасын айтуларың керек.

1-топ:
1.Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Тонның ішкі бауындай   (тату)

3.Ит өлген жер (алыс)
4.Арқа сүйеу-сүйеніш ету
5.Көзді ашып-жұмғанша (тез,лезде6.Таяқ сілтем жер (жақын)
7.Төбесі көкке жетті (қуанды)
8.Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
9.Қой аузынан шөп алмас (жуас)

10.Сүттен ақ,судан таза-кіршіксіз таза,кінәдан аулақ.

11.Бетінен оты шықты(ұялу)
12. Түймедейді түйедей қылу  (үлкейту)

2-топ:

1.Бармағын шайнау-өкіну

2.Ит арқасы қиянда-алыс

3.Ит терісін басына қаптау-ұрысу,балағаттау.

4.Екі көзі төрт болды-қорықты

5.Төбе шашы тік тұрды (қорықты

6.Бес аспап-өнерлі

7.Бүйректен сирақ шығару-болмашы нәрседен шатақ шығару.

8.Жер болу-ұялу

9. Қолы ашық-жомарт

10.Бетке айту-шындықты көзіне айту.

11. Сегіз қырлы, бір сырлы  (жан-жақты)

12. Құлақ түру (тыңдау)


3-топ:

1.Бауыр басу-үйрену

2.Көздің шырымын алу-аздап ұйықтау

3.Ақ саусақ-жалқау

4.Жанары кетті-көзінің нұры кетті

5. Сыр шерту-көңіл құпиясын айту

6. Тісін қайрау-ыза болу.

7. Көзі алақандай болу-қорқу.

8..қас пен көздің арасында-тез

9.Мұзға отырғызу-алдау

10. Инемен құдық қазғандай  (қиын)
11.Тісін қайрау  (өшігу, кектену)

12. Біреудің ала жібін аттамау  (ұрламау)

III-кезең: «Тапқыр болсаң шешіп көр».(Үй тапсырмасы)

IV-кезең: « Бұл қай тұлға?

1-топ:

1.Қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген. Әкесі 4- жасар кезінде қайтыс болады да, атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.(Ыбырай)

2.7 жасында жетім қалып,16 жасында ат жалын тартып мініп,Түркі елінің бақыты үшін бар- жоғы 47 жасында опат болған батыр кім?(Күлтегін)

3.Батыс Қазақстан облысы,Жәнібек ауданы,Нарын құмдағы Жасқұс жері.Ол –ақын,күйші,сазгер.(Махамбет)

4.Семей өңірі,Аягөз маңында дүниеге келген.Ол-жыршы,заманы туралы терең толғаған ойшыл. «Зар заман»ақыны.Орыс отаршылдығын жаны ауыра жырлаған ақын.(Дулат Бабатайұлы)

5.Ол-қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі,қазақ хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері.(Әйтеке Би Байбекұлы)


2-топ:

1.Тұңғыш әскери ғалымы, ұлы саяхатшы, суретші, археолог, тарихшы, публицист, әдебиетші,зерттеуші, географ, ойшыл, ағартушы – демократ, Европаға қазақ әдебиеті мен мәдениетін алғаш танытушы.(Шоқан)

2.Атақты ақын, ағартушы-педагог, аудармашы, қазақ әліпбиінің негізін қалаған тілші ғалым. (А.Байтұрсынов)

3.Жамбыл облысы,Мойынқұм ауданы.Ол—жыршы-жырау,халық ақыны,ірі айтыскер ақын.»Халық поэзиясының алыбы»,16 жасында ұстазы Сүйінбайдан бата алған.(Жамбыл Жабаев)

4.Сыр бойындағы Жанкент қаласымен Сарыарқа алабы.Ол-қобыз атасы,күйші,жыршы,қазақтың алғашқы ақыны . (Қорқыт ата)

5.Ол-қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері,Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің»мүшесі,атақты шешен,Орта жүздің төбе биі.(Қазыбек би Келдібекұлы)


3-топ:

1. Туған жері - Семей облысы, Абай ауданы. Абай басшылығымен араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік меңгерген. 1905-1906 жылдары Меккеге қажылыққа барған.

Поэмалары: «Нартайлақ-Айсұлу», «Қалқаман-Мамыр», «Ләйлі-Мәжнүн», «Еңлік-Кебек», «Мұтылғанның өмірі».

2.Отырар қаласы.Ол-энциклопедист-ғалым,ақын,әдебиетші. «Шығыстың Аристотелі».(Әл-Фараби)

3.СҚО,қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы,Сасық көл маңы.Ол-қазақ өлеңінің дүлдүлі,ақын.(М.Жұмабаев)

4.Талдықорған облысы,Ақсу ауданы.Ол-ақын,жазушы,драматург,публицист,аудармашы.(Ілияс Жансүгіров)

5.Жамбыл облысы,Жуалы ауданы,Көлбастау аулы.Ол-Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы,Кеңес Одағының батыры,ҚР Мемлекттік сыйлығының иегері,жазушы.әскери қайраткері.(Б.Момышұлы)


IV-кезең: «Шешендік өнер»

Ойын шарты.Төле бидің шешендігі.

Бір күні Төле би сапар шегіп,жол жүреді.Сөйтіп,Ақылбайдың үйіне тоқтайды.Төле биді жақсы қарсы алып,дастарқан жайып,алдына бас әкеледі.Сонда Төле би қолына пышақ алып,етті кесе бастайды,еттің бір мұртын аузына салып,құлағы мен таңдайын Данагүлге береді.

Тапсырма:Ал,енді топ мүшелері сіздер қалай ойлайсыздар Төле би не мақсатпен Данагүлге құлақ пен таңдай берді.

Жауабы:Төле би Данагүлге таңдай берген себебім дарынды да ақылды шешен болсын деп бердім,ал құлақ берген себебім,көптеген шешендік сөздерді естіп,менің өсиеттерімді елге таратсын,-деп Төле би сөзін аяқтады.


5-кезең:»Сөз майталманы»

Бұл сайста топ басшылары өз сөз өнерлерін назарымызға ұсынады.Ал сөз өнерінің тақырыбы «Ана тілің-арың бұл!».Осы тақырыпта ойыншылар ой өрбітеді.Мақсаты-сөздерді мағыналы,мазмұңды құрып,ойларын еркін,көркем сөзбен жеткізу,тіл құдіреттілігін дәріптеу.

Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі.Уақыт өткен соң ойыншылар өз шеберліктерін ортаға салады.

Сайысты қорытындылау.

Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.

Жеңімпаздар марапатталады.


Автор
Дата добавления 03.10.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров40
Номер материала ДБ-234275
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх