Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Тілімде жаным тұрған соң..." іс-шара сценарийі

"Тілімде жаным тұрған соң..." іс-шара сценарийі

Скачать материал

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Құқық және бизнес колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

_______Бекмухамбетова М.Б.

«__»_______2016жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тілімде жаным тұрған соң...»

атты тілдер мерекесіне арналған үш тілде мәнерлеп оқу сайысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей-2016

Күні: 22.09.2016

Өту орны: 506 кабинет

Ұйымдастырушы: Макаева А.С., Рақымбаев М.Қ.

Тақырыбы: «Тілімде жаным тұрған соң...»

Мақсаты:

Білімділік: «Тілімде жаным тұрған соң...» атты колледжішілік үш тілде мәнерлеп оқу сайысы арқылы оқушылардың тілге деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын оята отырып, тіл жөнінде білімдерін кеңейту. Тілдің қадірі мен қасиетін ұғындыру.

Тәрбиелік: сайыс барысында оқушылардың тілге, дінге, Отанға деген деген ыстық сезімін оята отырып, туған тілін жетік білуге, өзге тілдің барлығын меңгеріп, өз тілін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың мемлекеттік тілмен қатар орыс және ағылшын тілдерінде таза сөйлеп, тілдерін жаттықтыруына қол ұшын беру. Тіл байлығын молайту, сахна әдебін сақтауға, мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, шығармашылық қырларының еркін дамуына үлес қосу. Өлеңді мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: қанатты сөздер.

1-жүргізуші:

Армысыздар, ардақты халқым менің,
Бөлісейік бұл күннің алтын кенін
Тілді сүйер қауымға басымды иіп,
Сәлемдесіп жүргізу-салтым менің.

2-жүргізуші:

Қуан, далам!
Қуанатын күн бүгін.
Серпіп таста
Мұңды жүрек түндігін.
Тіл туралы
Заңым енді күшіне
Паш еткендей
Кескен  жаңа кіндігін.
1-жүргізуші:

Қуан,бабам!
Қуанатын жөнің бар.
Деген едің-
«Тіл бар жерде өмір бар»
Халық жауы
Атандық-ау сол үшін
Ғұмырыңды құрбан етіп жолында ар.
2-жүргізуші:

Елім десе еміреніп арқалы ақын,

Халқым десе тілінен бал таматын,

Қош келдіңіз, қадірлі көрермендер,

Көруге бүгінгі күн салтанатын!

1-жүргізуші:

Ұлылықтан нәр алған ұлағатты ұстаздар, білім теңізінен қанып ішіп қалуға талпынған құрметті студенттер бүгінгі тілдер мерекесіне арналған «Тілімде жаным тұрған соң...» атты  үш тілде мәнерлеп оқу сайысына  қош келдіңіздер.

2-жүргізуші:

Тілім менің - ғасырлардан аманат,

Аманатқа адал болсын қолғанат,

Ар-намысқа келтірмейік жаман ат.

Қазақ болып туылдың ба,

Ендеше

Өз тіліңді өзгелерге бағалат.
1-жүргізуші:

Тіл әрбір халықты жеке  ұлт ретінде ерекшелейтін бірден бір белгісі. «Тілі жоғалған ұлттың өзіде жоғалады» -  деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай халқымыз тәуелсіздік алғаннан бастап қазақ тілге мемлекеттік тіл мәртебесін беруі де осының айғағы.

2-жүргізуші:

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді жан екен деп төрге озар.

Қай тілде де сөйлесең де дұрысы:

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

1-жүргізуші: 

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу – қандай заңдылық?!

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік -дей келе « Тілімде жаным тұрған соң...» атты тілдер мерекесіне арналған үш тілде мәнерлеп оқу сайысына үмітін үкілеп келген, қара өлеңді қанып ішіп, әдебиет өкілдерінің өлең – жырымен сусындап, шығармашылығынан нәр алған, талапты да талантты қатысушыларымызбен таныс болыңыздар.

1-жүргізуші:

Ерназарова Әмина – «Өрт қауіпсіздігі-11» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Баймолдина Ақмарал – «Құқық-21» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Нұрғалиқызы Рузанна – «Әлеуметтік жұмыс -21» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Тоқтарқызы Шынар - «Әлеуметтік жұмыс -21» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Рамазанова Баян – «Өрт қауіпсіздігі – 22» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Жарликенова Камила - «Өрт қауіпсіздігі – 22» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Сәрсенбеков Жомарт - «Өрт қауіпсіздігі – 22» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Рахимжанова Эльвира - «Өрт қауіпсіздігі – 22» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Қосай Айгерім-«Жол қатынасын ұйымдастыру-23» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Елтай Дана – «Өрт қауіпсіздігі – 21» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Төребек Қаракөз – «Өрт қауіпсіздігі – 21» тобының оқушысы;

2-жүргізушісі:

Кенжебекова Азиза – «Өрт қауіпсіздігі – 21» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Нұрғалиева Диана – «Аударма ісі -21» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Толқын Шырақжан – «Қаржы-21» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Көбеева Гүлмира – «Құқық-22» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Тлеу Үміт – «Аударма ісі – 21» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Муратханова Айдана – «Әлеуметтік жұмыс-21» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Шапиғынова Айдана – «Өрт қауіпсіздігі-11» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Шакаримов Адил –«Өрт қауіпсіздігі-21» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:           

Бақытханов Шерхан –«Өрт қауіпсіздігі-21» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Бақытжан Айдана – «Жол қатынасын ұйымдастыру-23» тобының оқушысы.

2-жүргізуші:

Хайбулина Дина – «Құқық-22» тобының оқушысы.

 

1-жүргізуші:

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда сан түрлі

Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе бүгінгі жас талантты оқушыларымыздың өнерін бағалап, әділ де оң баға беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

2-жүргізуші:

Ешенова Оразгуль Габбасовна – жоғары санатты тарих пәнінің оқытушысы, жалпы білім беру пәндік циклдік комиссия төрайымы;

1-жүргізуші:

Танина Айжан Кеңесбекқызы – бірінші санатты тарих пәнінің оқытушысы;

2-жүргізуші:

Матенова Бақытгүл Ахметкәрімқызы – бірінші санатты ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, күндізгі бөлім меңгерушісі;

1-жүргізуші:

Канапиянов Елдар – «Құқық-31» тобының оқушысы, Республикалық М.Мақатаев оқуларының жеңімпазы.

 

2-жүргізуші:

Тілдер мерекесіне арналған  бүгінгі «Тілімде жаным тұрған соң...» атты үш тілде мәнерлеп оқу сайысы 2 кезеңнен тұрады.

1-жүргізуші:

1-кезең «Тілім менің тірлігімнің айғағы» деп аталады. Бұл кезең бойынша әр үміткер тіл туралы өздері қалаған тілде, яғни қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде бір өлеңді мәні мен мағынасын түсініп, нақышына келтіре отырып жатқа оқуы тиіс.

2-кезең «Бір уыс топырағың ыстық маған» деп аталады. Бұл кезеңде үміткерлердің әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тілінде қалаулары бойынша туған жер, ауыл, Отан, Қазақстан тақырыптарында бір өлеңді мәнерлеп оқуы шарт.

2-жүргізуші:

Тілім менің-тірегім, дінім менің,
Тілсіз қандай болады күнім менің?!
Өз халқыңа жетеді өз мәнінде
Өз тілімде оқылса жырым менің.
1-жүргізуші:
Тілім менің-қуатым, күнім менің,
Күнім кетсе не болар ісім менің?!
«Тілсіз өмір бар» десе түсінбедім,
Тілімменен тірлікті мүсіндедім.

2-жүргізуші:
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
1-жүргізуші:

Тілім менің-тірлігім,
Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?
Тілім менің,тілім менің – тірлігім!

2-жүргізуші:

Туған тілім - бабам тілі - өз тілім
Туған тілім –анам тілі - өз тілім.
Туған тілім - далам тілі - өз тілім
Туған тілім - адам тілі - өз тілім.

1-жүргізуші:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім – дей келе «Тілім менің тірлігімнің айғағы» деп аталатын алғашқы кезеңге кезек берейік:

1-жүргізуші:

Ерназарова Әмина – «Өрт қауіпсіздігі-11» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Маралбекұлы Шыңғыс – «Құқық-21» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Нұрғалиқызы Рузанна – «Әлеуметтік жұмыс -21» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Тоқтарқызы Шынар - «Әлеуметтік жұмыс -21» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Рамазанова Баян – «Өрт қауіпсіздігі – 22» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Жарликенова Камила - «Өрт қауіпсіздігі – 22» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Сәрсенбеков Жомарт - «Өрт қауіпсіздігі – 22» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Рахимжанова Эльвира - «Өрт қауіпсіздігі – 22» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Қосай Айгерім -«Жол қатынасын ұйымдастыру-23» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Елтай Дана – «Өрт қауіпсіздігі – 21» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Төребек Қаракөз – «Өрт қауіпсіздігі – 21» тобының оқушысы;

2-жүргізушісі:

Кенжебекова Әзиза – «Өрт қауіпсіздігі – 21» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Нұрғалиева Диана – «Аударма ісі -21» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Толқын Шырақжан – «Қаржы-21» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Көбеева Гүлмира – «Құқық-22» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Тлеу Үміт  – «Аударма ісі – 21» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Муратханова Айдана – «Әлеуметтік жұмыс-21» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Шапиғынова Айдана – «Өрт қауіпсіздігі-11» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Шакаримов Адил –«Өрт қауіпсіздігі-21» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:            

Бақытханов Шерхан –«Өрт қауіпсіздігі-21» тобының оқушысы.

1-жүргізуші:

Бақытжан Айдана – «Жол қатынасын ұйымдастыру-23» тобының оқушысы.

2-жүргізуші:

Хайбулина Дина – «Құқық-22» тобының оқушысы.

 

1-жүргізуші:

Қазылар алқасы 1-кезеңнің қорытындысын шығарғанша көрермендер арасында тіл туралы мақал мәтелдер айтып жарыссақ:

  1. «Тілі бірдің (тілегі бір)
  2. Тіл тас жарады, (тас жармаса бас жарады)
  3. Тіл (қылыштан өткір)
  4. Өзге тілдің бәрін біл, (Өз тіліңді құрметте)
  5. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі білім біл)
  6. Тілі – (мірдің оғындай)
  7. Тіл мәртебесі (ел мәртебесі)
  8. Ана тілің (алпыс тілге татиды)
  9. Тіл жүйрік емес (ой жүйрік)
  10. Тіл (ақылдың өлшемі)
  11. Тіл буынсыз (ой түпсіз)
  12. Адам көңілден азады, (Тілден жазады)
  13. Ананың сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді)
  14. Тіл (тиексіз, ой түпсіз)
  15. Айтпас жерде (тілің тарт)
  16. Басқа бәле (тілден)
  17. Ауызда жиек жоқ (тілде тиек жоқ)
  18. Піл көтермегенді (тіл көтереді)

 

2-жүргізуші:

1-кезеңнің қорытындысын шығарып, үміткерлердің өнерін бағалау үшін әділ қазылар алқасына сөз беріледі.

(әділ қазылар алқасы сөйлейді)

1-жүргізуші:

Тәуелсізбін, Егеменмін, азатпын,

Туды міне ел аңсаған азат күн.

Елдің туын биік ұстар әрқашан

Болашағы сендерсіңдер қазақтың!

2-жүргізуші:                                                                                                                       Қарасаң келбетіне бүгінгі анық,

Қонғандай Қазақстан тұғырға нық.

Халқымен қаласымен қуаттанып,

Суымен орманымен сұлуланып.

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Туымызды бізге ешкім бермеді.

Ел тізгінін қолына алу жолында

Қыршын кетті талай қазақ ерлері.

2-жүргізуші:

Егемендік ел болудың белгісі,

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.

Егемендік деген сөзден естілер

Ата жұрттың арғысы мен бергісі, - дей келе «Бір уыс топырағың ыстық маған» атты 2-кезеңді бастаймыз.

1-жүргізуші:

Ерназарова Әмина – «Өрт қауіпсіздігі-11» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Маралбекұлы Шыңғыс – «Құқық-21» то бының оқушысы;

1-жүргізуші:

Нұрғалиқызы Рузанна – «Әлеуметтік жұмыс -21» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Тоқтарқызы Шынар - «Әлеуметтік жұмыс -21» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Рамазанова Баян – «Өрт қауіпсіздігі – 22» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Жарликенова Камила - «Өрт қауіпсіздігі – 22» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Сәрсенбеков Жомарт - «Өрт қауіпсіздігі – 22» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Рахимжанова Эльвира - «Өрт қауіпсіздігі – 22» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Қосай Айгерім-«Жол қатынасын ұйымдастыру-23» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Елтай Дана – «Өрт қауіпсіздігі – 21» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Төребек Қаракөз – «Өрт қауіпсіздігі – 21» тобының оқушысы;

2-жүргізушісі:

Кенжебекова Әзиза – «Өрт қауіпсіздігі – 21» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Нұрғалиева Диана – «Аударма ісі -21» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Толқын Шырақжан – «Қаржы-21» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Көбеева Гүлмира – «Құқық-22» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Тлеу Үміт  – «Аударма ісі -21» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Муратханова Айдана – «Әлеуметтік жұмыс-21» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Шапиғынова Айдана – «Өрт қауіпсіздігі-11» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Шакаримов Адил –«Өрт қауіпсіздігі-21» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:            

Бақытханов Шерхан –«Өрт қауіпсіздігі-21» тобының оқушысы.

1-жүргізуші:

Бақытжан Айдана – «Жол қатынасын ұйымдастыру-23» тобының оқушысы.

2-жүргізуші:

Хайбулина Дина – «Құқық-22» тобының оқушысы.

 

1-жүргізуші:

Қазылар алқасы бүгінгі сайыстың қорытындысын шығарғанша Рақымбаев Медет Қайырғазыұлының орындауында қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2-жүргізуші:

Мен қазақпын, бір биік белеспін мен,

Еуропа да, Азия да емеспін мен.

Аралықпын жетінші материктей

Бірақ, барша адаммен тел өстім мен,

1-жүргізуші:

Тілім келді, дінім қайта оралды,
Басқа төнген қара бұлттар жоғалды.
Көк аспанда күндей болып жарқырап,
Қазақ елі егеменді бола алды,- дей келе талапкерлердің талантын бағалап, сөз саптауын саралап, сайыс қорытындысын шығару үшін сахына төріне сайысқа қатысушыларды шақырамыз.

1-жүргізуші:

Ерназарова Әмина – «Өрт қауіпсіздігі-11» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Баймолдина Ақмарал – «Құқық-21» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Нұрғалиқызы Рузанна – «Әлеуметтік жұмыс -21» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Тоқтарқызы Шынар - «Әлеуметтік жұмыс -21» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Рамазанова Баян – «Өрт қауіпсіздігі – 22» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Жарликенова Камила - «Өрт қауіпсіздігі – 22» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Сәрсенбеков Жомарт - «Өрт қауіпсіздігі – 22» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Рахимжанова Эльвира - «Өрт қауіпсіздігі – 22» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Қосай Айгерім-«Жол қатынасын ұйымдастыру-23» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Елтай Дана – «Өрт қауіпсіздігі – 21» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Төребек Қаракөз – «Өрт қауіпсіздігі – 21» тобының оқушысы;

2-жүргізушісі:

Кенжебекова Азиза – «Өрт қауіпсіздігі – 21» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Нұрғалиева Диана – «Аударма ісі -21» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Толқын Шырақжан – «Қаржы-21» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Көбеева Гүлмира – «Құқық-22» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Тлеу Үміт – «Аударма ісі – 21» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Муратханова Айдана – «Әлеуметтік жұмыс-21» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:

Шапиғынова Айдана – «Өрт қауіпсіздігі-11» тобының оқушысы;

1-жүргізуші:

Шакаримов Адил –«Өрт қауіпсіздігі-21» тобының оқушысы;

2-жүргізуші:            

Бақытханов Шерхан –«Өрт қауіпсіздігі-21» тобының оқушысы.

1-жүргізуші:

Бақытжан Айдана – «Жол қатынасын ұйымдастыру-23» тобының оқушысы.

2-жүргізуші:

Хайбулина Дина – «Құқық-22» тобының оқушысы.

 

1-жүргізуші:

Келесі кезекте қазылар алқасына сөз кезегі беріледі.

(қазылар алқасы сөйлейді)

 

 

2-жүргізуші:
Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде.
Сен болмасаң болар ертең күнім не?
Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.
Қазақ болып қалу үшін түбінде.

 

1-жүргізуші:

Тілің-халқың, халқың-тілің, қос егіз!
Екеуінің саясында өсеміз,
Халық пен тіл-жасай берер қос емен,
Саясында көгереді көсегең.
Сіз бен біз де бұ дүниеден көшеміз.
Жасай бермек, жасайды сол қос – егіз

 

2-жүргізуші:

Бұл жанды тіл –менің азат тілім,

Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Жыры қуат сөзі ана уызындай

Жасай бер, Ана тілім, Қазақ тілім!-дей келе бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тілімде жаным тұрған соң..." іс-шара сценарийі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель научной организации

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

(Сценарий) Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесіне арналған мерекелік ("Тілімде жаным тұрған соң...") атты іс-шараның өту жоспары, мақсаттары мен міндеттері. 2017 жылдың 22-қыркүйегінде 1 және 2 курс студенттері арасында өткізілген мәнерлеп оқу сайысының өту барысы. патриоттық тәрбие мен ұлттық рухани құндылықтар

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 981 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.02.2018 553
    • DOCX 75.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Козыбаева Сабира Халметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Козыбаева Сабира Халметовна
    Козыбаева Сабира Халметовна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18069
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Современные тенденции в управлении и бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии продаж: воронка, агрегаторы и мессенджеры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе