Инфоурок Биология Другие методич. материалы"Тұқым қуалайтын өзгергіштік түрлері , мутациялық өзгергіштік" оқушыға арналған үлестірме материал

"Тұқым қуалайтын өзгергіштік түрлері , мутациялық өзгергіштік" оқушыға арналған үлестірме материал

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:Тұқым қуалайтын өзгергіштік түрлері , мутациялық өзгергіштік..

Күтілетін нәтиже: Тұқым қуалайтын өзгергіштік; мутациялық өзгергіштік, олардың түрлері; хромосомалық мутация (полиплоидия, гетероплоидия), гендік мутациялар, мутагендік факторлар, гомологтық қатарлар заңы туралы деректердітүсінуге мүмкіндік беру.

Сабақтың құрылымы:

1.Ақпарат блогы

2.Логикалық тапсырмалар блогы

3.Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы

4.Интеллектуалды тренинг блогы

5.Күтілетін нәтиже блогы

Оқыту әдісі:Проблемалық

Мұғалім іс - әрекетінің тәсілі:Көмектеседі,құрастырушы,танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалау.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы:Белсенді іздену

Танымдық тапсырмалар:ЛТ,ЖБЕА,ИТ.

Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру: Күтілетін нәтижеге жоспар бойынша оқулық материалын ақпарат блогындағы слайдтарды пайдалану арқылы қол жеткізу,ЛТ блогы бойынша қортынды шығарады.

Оқушыда дағды қалыптастыру:Сөйлеу,логикалық ойлау,салауатты өмір сүре алу,өзін бағалай алу,ұжымда жұмыс жасай алу.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:мутация,комбинативті өзгергіштік,мутациялық өзгергіштік,хромосомалық мутация,полиплоидия,гетероплоидия,гендік мутация,мутагендік факторлар,гомологиялық қатарлар заңы.

Ақпарат көздері:Ж.Шілдебаев,Ж.Қожантаева,Л.Аманжолова Биология.9- сынып.Алматы «Мектеп» 2009

С.Г.Мамонтов,В.Б.Захаров,Н.И.Сонин,Ә.Қ.Қисымова Биология.Жалпы заңдылықтар.9 – сынып.Дрофа – Алматы 2006

Сабақты бағалау:ЖБЕА,ИТ(бонус)

Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқулықтан қайталап, өзге дереккөздерге жүгініп барып, Н.И.Вавиловтың еңбегі мен оның маңызы туралы қысқаша хабарлама дайында.










Ақпарат блогы

Жоспар:

  1. Тұқым қуалайтын өзгергіштік, оның түрлері.

  2. «Мутация» ұғымы, мутациялық өзгергіштік, оның түрлері. Гендік мутациялар.

  3. Мутациялық өзгерістің пайда болуын туғызатын мутагендік факторлар. Мутациялық өзгерістің биологиялық маңызы.

  4. Н.И. Вавилов және гомологтық қатарлар заңы. Бұл заңды білудің қажеттілігі.



1..1Тұқым қуалайтын өзгергіштік дегеніміз - бірнеше ұрпақ қатарында белгілердің сақталуымен, генотиптің өзгеруімен жүретін өзгергіштік. Сондықтан да тұқым қуалайтын өзгергіштікті генотиптік өзгергіштік деп те атайды.


1..2Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің түрлері:

  • 1) комбинативтік;

  • 2) мутациялық.


1.3.Тұқым қуалайтын өзгергіштік тірі организмдердің алуан түрлілігінің негізі болып табылады.




1..4Комбинативтік өзгергіштік – гендер мен хромосомалар құрылысының өзгеруіне әкелмейтін, тек гендердің әртүрлі болуынан олардың әр алуан комбинациялар құруына байланысты кездейсоқ орын алатын жағдай.


1.5.Мутациялық өзгергіштік - гендер мен хромосомалар құрылысының өзгеруіне байланысты кездейсоқ орын алып, тұқым қуалайтын өзгергіштік



2.1.«Мутация» сөзі латын тілінен аударғанда «өзгеріс» деген мағына береді. «Мутация» ұғымын ғылымға енгізіп, бұл құбылыстың зерттелуіне алғышарт туғызған еңбекті (1901 ж.) жазған голландиялық ботаник Хуго Де Фриз болды.


2.2.Мутация түрлері:

  • хромосомалық;

  • гендік.


2.3.Хромосомалық мутация кезінде хромосомалар саны өзгереді. Хромосомалық мутацияның екі түрі бар:

1) полиплоидия;

2) гетероплоидия.


2.4. Полиплоидия кезінде хромосомалар саны еселеніп көбейеді. Мысалы, 3n – триплоид, 4n – тетроплоид, т.с.с.


2.5. Гетероплоидия кезінде хромосомалар саны еселенбейді: олардың саны не азаяды, не көбейеді. Мысалы, адамда хромосомалар санының қалыпты жағдайдағыдай 46 емес, 47 болуы, оның Даун ауруымен науқас екенін көрсетеді.


2.6. Гендік мутация жекелеген гендердегі өзгеріс нәтижесінде пайда болады. Гендік мутация кезінде ДНҚ молекуласындағы нуклеидтердің орналасу реті өзгереді. Бұдан генетикалық код, синтезделетін нәруыздың қасиеті өзгереді.



3.1. Мутациялық өзгерістерге себепші жағдайлар мутагендік факторлар деп аталады.


3.2. Мутагендік факторларды үш топқа біріктіреді:

физикалық;

химиялық;

биологиялық.


3.3. Физикалық мутагендік факторларға ультракүлгін, радиоактивті сәулелер, рентген сәулелері, т.б. жатады.


3.4. Химиялық мутагендік факторларға әртүрлі химиялық қосылыстар, мәселен, пестициттер жатады.


3.5. Биологиялық мутагендік факторларға вирустар, бактериялар, организмдегі реакциялардың ыдырау өнімдері жатады. Мәселен, аспен бірге түскен радиоактивті зат мутагендік әсер етеді.


3.6. Мутациялық өзгерістердің ерекшелігі мен биологиялық маңызы:

мутация кездейсоқ пайда болады;

мутацияның пайда болуына белгілі бір мутагендік факторлар ықпал етеді;

мутациялық өзгергіштік генетикалық алуан түрлілікті арттырады, оларды ауыл шаруашылығында кеңінен пайдалануға болады. Мысалға, қазіргі көкөніс өнімдерінің 80%-ы полиплодтар болып табылады.


4.1. Систематикалық жағынан бір-біріне жақын туыс түрлерде кездесетін мутациялардың ұқсас екенін анықтап, тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтық қатарлар заңын ашқан көрнекті орыс генетигі – Николай Иванович Вавилов.

Мысал. Астық тұқымдасына жататын бидай, арпа, күріш, жүгері, тары, тағысын-тағылардың:

дәнінің түсі мен пішіні; • өніп-өсу мерзімі;

пісіп жетілуі; • суыққа төзімділігі ұқсас келеді.

4.2. Гомологтық қатарлар заңының маңызы:

бір түрде кездесетін тұқым қуалайтын өзгерігіштікті біле отырып, басқа түрлерде болатын өзгерісті алдын ала болжауға болады.



Логикалық тапсырмалар блогы


Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Мутация түрлері

Хромосомалық мутация түрлері

Мутагендік факторлар

Гендік мутацияның біліну сипатына қарай түрлері

Хромосомалық

Гетероплоидия

Физ. Хим.

Доминантты

Гендік

Полиплоидия

Биологиялық

Рецессивті






Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы


Деңгейлік тапсырмалар:


І деңгей тапсырмалары


1. Генотиптік өзгергіштік деп қандай өзгергіштікті айтамыз?____________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________

2. Комбинативтік және мутациялық өзгергіштік қандай өзгергіштікке жатады?_____________________________________

________________________________________________________________________________________________________

3. Полиплоидия қандай өзгергіштікке жатады, бұл кезде не өзгереді? Мысал келтір._________________________________

________________________________________________________________________________________________________

4. Гетероплоидия кезінде қандай өзгеріс орын алады, оның нәтижесі неге әкеледі?__________________________________

________________________________________________________________________________________________________

5. Физикалық, химиялық және биологиялық мутагендер не туғызады?____________________________________________

________________________________________________________________________________________________________

6. Гомологтық қатарлар заңының селекционер үшін маңызы неде деп ойлайсың?___________________________________

________________________________________________________________________________________________________


ІІ деңгей тапсырмалары


1) Мутациялардың пайдалы да, зиянды да болуының мүмкін екенін қалай түсіндіруге болады? Мысал келтір.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2) Мутагендік факторларға күнделікті өмірден мысал келтір, әсерін қысқаша сипатта.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________






ІІІ деңгей тапсырмалары


«Тұқым қуалайтын», «генотиптік» және «мутагендік» деген сөздердің (сын есімдердің) арасында қандай байланыс болуы мүмкін? Ойыңды дәлелде.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Интеллектуалды тренинг блогы


ТОПтЫҚ ЖҰМЫС.

Мутация – кездейсоқ пайда болатын өзгеріс. Қай жағдайда оны болдырмауға тырысқан жөн? Ал мутациялық өзгергіштік қажет болатын жағдайлар қандай? Осы бір арада қарама-қайшылық бар деп ойламайсыңдар ма?

________________________________________________________________________________________________________


Күтілетін нәтиже блогы

_______________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________

@Үй тапсырмасы. Тақырыпты оқулықтан қайталап, өзге дереккөздерге жүгініп барып, Н.И.Вавиловтың еңбегі мен оның маңызы туралы қысқаша хабарлама дайында.

________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тұқым қуалайтын өзгергіштік түрлері , мутациялық өзгергіштік" оқушыға арналған үлестірме материал"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 140 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.03.2016 7338
    • DOCX 79 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Молдиярова Акбаян Акжигитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Молдиярова Акбаян Акжигитовна
    Молдиярова Акбаян Акжигитовна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 92543
    • Всего материалов: 33

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Государственная итоговая аттестация как средство проверки и оценки компетенций учащихся по биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 273 человека

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 57 человек

Курс повышения квалификации

ФГОС общего образования: формирование универсальных учебных действий на уроке биологии

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 359 человек

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 654 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 513 человек

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека