Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Тұқым және жеміс" сабақ жоспары

"Тұқым және жеміс" сабақ жоспары

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

«Шаңырақ» көпсалалы мектеп – гимназия» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі







Дүниетану

Тұқым және жеміс

(Қалалық ашық сабақ)


Кунанбаева А.Т.

Бастауыш сынып мұғалімі












Риддер қаласы

2015 – 2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өсімдіктердің өсіп – өнуі, жетілуі жайлы ұғым беру, құрғақ және шырынды жемістердің түрлерін, тұқымның таралу жолдарын таныстыру.

Күтілетін нәтиже: Өсімдіктердің өніп өсуі, жетілуі жайлы, олардың түрлері, таралу жолдары туралы түсінеді, шығармашылықпен жұмыс жасап, өз ойын жүйелі айта алады, табиғатқа қамқор болады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ – жауап, салыстыру, практикалық жұмыс, «Білемін, білдім, білгім келеді», «Мен сізден сұрақ күтемін», «Венн диаграммасы», «Синквейн», «Жигсо» әдістері.

Көрнекілігі: Жоспар бойынша тірек сызбалар мен суреттерді пайдалана отырып жасалған слайдтар, СТОТ технологиясының сызбалары, жемістердің, тұқымдардың түрлері, қима қағаздар, жемістердің суреттері.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері

Сабақ барысы:

  1. Мотивациялық ұйымдастырушылық кезең

Мақсаты: Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты жағдайды қамтамасыз ету.

Оқушылар мұғалім үстелінен келіп, жемістердің суреттерін таңдап алады. Сол суреттер бойынша 4 топқа бөлінеді. Әр топ спикерлерін сайлайды.

I топ «Алма» III топ «Шие»

II топ «Алмұрт» IV топ «Өрік»


Қайырлы күн, оқушылар!

Дүйсенбінің сәті

Сәттілікке толсын.

Бүгін алғаң бағаң

Кілең бестік болсын!

Мұғалім сұрағы Оқушылар жауабы

Әрбір адам? Досым, сыныптасым

Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздену

Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық

Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.

Үй тапсырмасын тексеру

- Балалар, мына тақтадағы ағашқа қарайықшы. Жапырғынан айырылып ұсқынсыз боп тұр екен. Қазір мына жапырақтардың артындағы сұрақтарға жауап беріп, ағашқа әсемдік сыйлайықшы. Жапырақ артындағы сұрақтар үй тапсырмасы бойынша.

Сұрақ – жауап әдісі арқылы:

  • Өсімдік мүшелерін ата

  • Жапырақтардың пішіндері қандай болады?

  • Жапырақ қандай қызмет атқарады?

  • Жапырақтар неліктен сарғаяды?

  • Қураған өсімдік қалдықтарының қандай пайдасы бар?

- Міне, көрдіңдер ме, балалар, ағаштың көркі жапырақ екен. Сендердің білімдеріңнің арқасында ағашымыз қандай әдемі болды ия.


II. Операциялық орындаушылық кезең

Оқушыларға әртүрлі жемістерді көрсетемін.

  • Балалар менің қолымдағы нелер?

  • Алма, алмұрт, қызанақ, сәбіз, картоп, банан, шие т.с.с.

  • Ал осылардың барлығын бір сөзбен не деп атайды?

  • Жемістер дейді.

  • Ал енді мысалы мына алманы қазір ортасынан бөліп көрейік.

  • Ортасында не бар екен?

  • Бұл жемістің тұқымы екен.

-Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Тұқым және жеміс» деп аталады.

Ой шақыру

-Қане, балалар, сендер жалпы осы уақытқа дейін жеміс туралы не білесіңдер екен. Соны әр топ мына алдарыңда жатқан «Білемін, білдім, білгім келеді» деген кестеге толтырып берсеңдер.

Оқулықпен жұмыс.

«Мен сізден сұрақ күтемін» әдісі арқылы әр топ мүшелері өздері оқиды. Топта талқылайды. Әр топ спикерлері сағат тілімен алмасып, келесі топқа барып, шырынды, құрғақ жемістерді көрсетіп, түсіндіріп береді.

Практикалық жұмыс

Дарынды оқушымен жұмыс

- Балалар, мен осыдан бірнеше күн бұрын дарынды оқушым Кенжебекова Әдеміге тапсырма берген болатынмын. Қазір ол өзінің үйінде жасаған тәжірибесімен бөліспекші.

Әр топқа сұрақтар қою:

I топ «Алма»

  • Жемістер қайдан пайда болады?

II топ «Алмұрт»

  • Тұқым нешеге бөлінеді?

III топ «Шие»

  • Өсімдіктер тұқымы нешеге бөлінеді?

IV топ «Өрік»

  • Тұқымы жемістің ішінде болатын өсімдіктерді атаңдар?

Сұрақтарға жауап бергеннен соң, әр топ келесі топтың жауабын бас бармақпен бағалап отырады.

Сергіту сәті «Көңіл күй» жаттығуы

«Көнілді күн» әнімен оқушыларды сергітіп билетіп алу.

Ойын «Кім көп біледі?»

I, II топтарға арналған тапсырма:

Алдарында жатқан әртүрлі жемістерді құрғақ, шырындысын бөліп себеттерге салу.

II , IV топтарға арналған тапсырма:

Алдарында жатқан жеміс тұқымдарының жұмсақ, сүйектісін ажыратып себеттерге салу.

Спикерлер қорытындысын жасап, қорғайды. Келесі топтың жұмысын толықтыруға болады.

Дәптермен жұмыс

I топ «Алма»

  • Кез – келген жемістің суретін сал.

II топ «Алмұрт»

  • Кез – келген жемісті сипаттап жаз.

III топ «Шие»

  • Венн диаграммасын құр.

IV топ «Өрік»

«Синквейн» әдісі

  1. Не? жеміс

  2. Қандай? дәмді, тәтті, ащы

  3. Не істеді? өседі, піседі, қурайды

  4. Төрт сөзден тұратын сөйлем құра. Жеміс денсаулыққа өте пайдалы.


III. Рефлексиялық бағалау кезеңі

Сабақты бекіту. «Жигсо» әдісі

  • Әр топ келесі топ мүшелеріне сұрақтар әзірлейді.

  • Өсімдіктер не арқылы көбейеді?

  • Жемістер нешеге бөлінеді?

  • Құрғақ жемістерге нелер жатады?

  • Шырынды жемістерге нелер жатады?

  • Өсімдік бір жерден екінші жерге қалай тарайды?

  • Жеміс беретін өсімдіктерден басқа да өсімдіктерді қандай мақсатта өсіреміз?

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Қандай жеміс түрлерінің бар екенін білемін.

Жемістің қалай пайда болатынын, құрғақ және шырынды болатынын білдім.

Біздің аймақта өспейтін қандай жемістер барын.

Алманын тағы қандай түрлері барын.

Шөл далаларда жемістер өсе ме екенін.

Мен болашақта жемістердің түрлеріне зерттееу жүргізгім келеді.


Сабақты қорытындылау

- Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау Заңы» бар. Сол Заңның

38 бабында Табиғатты қорғау, оны таза ұстау – әр адамның міндеті делінген. Демек, оқушылар, келешекті көркейтетін сендерсіңдер! Олай болса, айналамызды көгалдандыруға қатысайық. Табиғатты қорғаңдар! Өсімдіктерді көбірек өсіріңдер!

Қане, қандай уәде бересіңдер?

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса,

Жаман бала болмаймыз,

Табиғатты қорғаймыз!

Үйге тапсырма

Біздің аймақтарда өспейтін жемістер бар ма екен, бар болса ол қандай жеміс екенін немесе алма, алмұрт сияқты жемістердің тағы қандай түрлері бар екенін интернеттен іздеп, тауып келу.

Кері байланыс

  • Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, алдарыңда жатқан жемісті жасыл түске боя.

  • Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, жемісті сары түске боя.

  • Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, жемісті қызыл түске боя.

















Сабақты талдау

Сыныпқа мінездеме:

Сыныпта барлығы 23 оқушы, оның 9-ы қыз, 14-і ұл бала. Жалпы осы дүниетану сабағы бойынша оқушылардың үлгерімдеріне келетін болсам, өте жақсы 8 оқушы, жақсы 8 оқушы, қалғандары қанағаттанарлық деңгейде. Жалпы білім сапасы 70%.

Қарым қатынастары:

Оқушылардың бір – бірімен қарым қатынастары жақсы, сынып ұйымшыл, бір- бірімен тату. Жекеленіп жүретін оқушылар жоқ.

Сабақты жоспарлағанда оқушылардың деңгейлері ескерілді, өз деңгейлеріне сәйкес орындады.

Осы алынған тақырыптың алар орны ерекше себебі, бұл тақырып оқушыларды табиғатты қорғауға, аялай білуге шақырады.

Сабақтың тақырыбы: «Тұқым және жеміс»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өсімдіктердің өсіп – өнуі, жетілуі жайлы ұғым беру, құрғақ және шырынды, сүйекті және жұмсақ жеміс түрлерін, тұқымның таралу жолдарын таныстыру.

Күтілетін нәтиже: Өсімдіктердің өніп өсуі, жетілуі жайлы, олардың түрлері, таралу жолдары туралы түсінеді, шығармашылықпен жұмыс жасап, өз ойын жүйелі айта алады, табиғатқа қамқор болады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ – жауап, салыстыру, практикалық жұмыс, «Білемін, білдім, білгім келеді», «Мен сізден сұрақ күтемін», «Венн диаграммасы», «Синквейн», «Жигсо» әдістері.

Көрнекілігі: Жоспар бойынша тірек сызбалар мен суреттерді пайдалана отырып жасалған слайд, СТОТ технологиясының сызбалары, жемістердің, тұқымдардың түрлері, себет, жемістердің суреттері, маркер.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері

Сабақтың құрылымы:

  1. Мотивациялық ұйымдастырушылық кезең

  2. Операциялық орындаушылық кезең

  3. Рефлексиялық бағалау кезеңі


Әр кезең бір – бірімен тығыз байланыста болды.

Мотивациялық ұйымдастырушылық кезеңінде оқушыларды топқа бөліп, психологиялық жағдай туғыздым. Мақсатым: сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты жағдайды қамтамасыз ету.

Үй тапсырмасын тексеру

Бұл кезеңдегі мақсатым жекелей әдісті пайдалану арқылы оқушылардың үй тапсырмасын қаншалықты деңгейде орындағандарын тексеру.

Операциялық орындаушылық кезеңіндегі мақсатым: алдына мақсат қойып, соған жетуге талпынуға оқушыларды баулу. Бұл кезең әртүрлі әдіс – тәсілдерді пайдалану арқылы жүзеге асты. Яғни, «Ой шақыру», «Білемін, білдім, білгім келеді» кестесі, «Мен сізден сұрақ күтемін», практикалық (дарынды оқушымен )жұмыс, «Синквейн» әдісі, ойын, «Венн диаграммасы», түсіндіру, ой бөлісу сияқты дидактикалық моменттерді пайдалану арқылы жүзеге асты.

Сергіту сәтін ұйымдастырудағы мақсатым: оқушылардың көңіл күйлерін көтеріп, бойларын жазу.

Рефлексиялық бағалау кезеңінде «Жигсо», «Білемін, білдім, білгім келеді» әдістері арқылы жүзеге асты. Мақсатым: бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергенін тексеру.

Үйге тапсырма берудегі мақсатым: оқушыларды шығармашылыққа баулу, ізденушілік қабілеттерін дамыту.

Сабақ соңында кері байланыс болды. Оқущылардың барлығы тақырыпты ұққанын айтып, алдарындағы жемісті жасыл түске бояды.

Сабақ сәтті өтті. Мақсатыма жеттім. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысты.













Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров230
Номер материала ДВ-480132
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх