Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыТыныштық сәттері

Тыныштық сәттері

Скачать материал

ТЫНЫШТЫҚ СӘТІ

 

«СУ АСТЫ ПАТШАЛЫҒЫНА САЯХАТ»

 

 

Көзіңді жұмып, терең дем ал, денеңді босат. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестет. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түр. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндің. Ол сені теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отыр, мықтап ұстап, жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сен бір нәрсені байқадың ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде бол (бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындал. Айналаға жақсылып қара. Ғажап түстерге тағы бір рет қара және тыныштыққа құлақ түр. Осындай тыныштық саған самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

 

 

 

«СЕРГІТУ» ТРЕНИНГІ

 

Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып – тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз.

   Сізге өте жайлы, тып – тыныш, сіз тек менің даусымды естіп тұрсыз. Сіз келе жатырсыз, алдыңыздан орман шықты, көз алдыңызға елестетіңізші: яғни қалың орман ба, әлде сирек орман ба – оны өзіңіз таңдайсыз...

    Сіз келе жатырсыз, келе жатырсыз – алдыңызда жол бар, сіз сол жолмен келе жатырсыз – сол жол кең бе, әлде тар ма, - оны өзіңіз таңдайсыз.

    Келе жатырсыз – алдыңызда әмиян (кошелек) көрдіңіз, ол әмиянды аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз білесіз.

    Сіз келе жатырсыз – алдыңызда үлкен қақпа тұр. Ол қақпадан секіріп өтесіз бе, әлде ашып кіресіз бе немесе айналып өтесіз бе – оны да өзіңіз шешіңіз.

   Сіз әлі келе жатырсыз, алдыңыздан үй көрдіңіз. Ол үйге кіресіз бе, әлде кірмей, айналып қасынан өтесіз бе - өзіңіз біліңіз.

   Сіз келе жатырсыз, алдыңызда құмыра көресіз, құмыраны аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз біліңіз.

    Келе жатырсыз – алыстан бір үйір жылқы көресіз. Сол жылқыға жақындап барасыз ба, әлде айналып өтіп кетесіз бе? - өзіңіз шешіңіз.

   Енді алдыңыздан өзен көресіз – ол өзен жәй толқынмен ағып жатыр ма, әлде шулап тасып жатыр ма? – оны да өзіңіз таңдаңыз.

 

Жауабы:

 

Орман – ол Сіздің проблемаларыңыз, яғни алда кездесетін орман сирек болса, онда Сіздің проблемаларыңыз сирек болады, одан тез өтесіз. Егер қалың орман таңдасаңыз – алда қалың, үлкен проблема тұр.

Жол – Сіздің кеңдігіңіз немесе тарлығыңыз–таңдаған жолыңызға сәйкес келеді.

Әмиян – ол Сіздің ақшаңыз, Сіз әмиянды алсаңыз алдағы уақытта Сіздің ақшаңыз көп болады. Егер әмиянды алмасаңыз – қаржы жағынан қысыласыз.

Қақпа – қиындықтан өтуіңіз, қақпаны ашып кірсеңіз – қиындықтан жәй өтесіз, яғни төзесіз, ал секіріп өтсеңіз – қиыншылықтан қиналмайсыз. Ал айналып өтсеңіз, қиыншылықтан қашасыз.

Үй – ол өзіңіздің жанұяңыз, яғни Сіз үйдің адамысыз немесе үй шаруасына жоқсыз.

Құмыра – ол Сіздің ата – бабаңыздың байлығы.

Жылқы – аттың қасына жақындасаңыз, Сіз бақытты адамсыз. Айналып өтсеңіз - өз бақытыңыздан айналып кеткеніңіз.

Өзен – ол жәй болса, сіздің мінезіңіз жайлы болғаны. Ал шулап, тасып жатырса – Сіздің қаттылығыңызды білдіреді.

 

 «ҚИЯЛДАҒЫ ӘЛЕМ»

 

 

    Біз біраз ойнап, шаршадық. Ыңғайланып отырып, көздеріңізді жұмыңыздар.

Үш терең дем алып, дәл солай терең дем шығарыңдар ...

    Сіздердің  қолдарыңыз тыныштық қалпында тізелеріңізде жатыр. Сіздердің табандарыңыз еденді нық басып тұр. Сіздің бар дене күшіңіз босаңсып, қолдарыңыз бел аяқтарыңыз тыныштық қалпына түсіп, ауырлай бастады. Шаршағандығыңыз баяу басылып келеді. Сіздің денеңіз демалуда...

     Көз алдарыңызға, әрқайсысыңыз үлкен жасыл ағаштың астында, самал желмен, көлеңкеде, тыныштықта жатырмын деп елестетіңіздер. Сізге керемет бір түс кіріп жатыр. Әрқасысыңыз өзіңізді 5 жылдан кейін көріп жатыр...

      Назар аударыңыз, сіздердің 5 жылдан кейін сырт келбетіңіз қандай...

      Қай жерде тұрасыз...

      Не істеп жатырсыз...

      Сол өміріңізге өте риза, көңіліңіз толатындай деп елестетіңіз. Немен шұғылданып жүрсіз? Неге жауаптысыз? Қасыңызда кім бар?

      Көріп жатқан түсіңіздің кейбір жеке  сәттеріне ерекше көңіл бөліп, есте сақтауға тырысыңыз. Соның арасында бір дауысты естіп қаласыз. Ол дауыс «сен кереметсің... біз сені өте қатты жақсы көреміз...» дейді.

      Бұл сөздер сізге керемет түсіңізді әрі қарай көруге көмектеседі.

   (1 минут пауза)

      Енді сіз біздің, біздің қазіргі әлемімізге оралу керек екенін сезесіз...

      Мен үшке дейін санағанда сіз көзіңізді ашып, өзіңізді күш қуатты, өз- өзіңізге сеніммен қарайсыз. Өзіңіз туралы көрген түсіңізді есте сақтап қалуға тырысыңыз. Бір – екі – үш...

     Ал енді біраз ойланып не көргендеріңізді айтып беріңіздер. Қай жерде тұрасыздар? Қайда жұмыс істейсіздер? Қасыңызда кімдер бар? Осының барлығына қалай қол жеткіздіңіздер?

     Көрген түсіңізге ризасыз ба?

     Ең қатты не ұнады?

     Болашақтағы өміріңізден нені өзгертсем  дейсіз?

     Ол үшін не істеу керек?

 

 

 

ТҮСТЕР ӘЛЕМІ

1.     АҚ ТҮС.

 

Ыңғайлы отырамыз,көзімізді жұмамыз. Көз алдымызға аппақ шарды елестетеміз, шар үлкен, шарға жақындаймыз, шардың ішіне енеміз. Айналамыздың бәрі аппақ әлем. Осы әлемде біздер ақ ниетті, адал дос жандарға айналамыз. Көзімізді ашып ақ жүректен достарымызға қарап жымиямыз.

 

2.     ЖАСЫЛ ӘЛЕМ.

 

Ыңғайлы отырамыз, көзімізді жұмамыз. Көз алдарымызға жасыл орманды елестетеміз. Ағаштар самсап тұр. Айналамыздың бәрі жап-жасыл. Аяғымыздың астында әртүрлі түсті гүлдер толып тұр.

 

Осыдан кейін балаларға көздеріңзді ашыңыздар деп, олардан қандай түсті гүлді елестеткенін сұрауға болады.

 

Қызыл – құштарлықтың,

сары - көңілдіктің,

ақ - адалдықтың,

көк - қорқыныштың белгісі.

 

(бұл медитацияларды әркім өз фантазиясына қарай әртүрлі бағытта өзгертіп қолдануға және әуенмен орындауға болады.) 

 

 

 

 

 

 «ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІНЕ СЕНІМДІЛІГІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДАУ»

 

Мақсаты: Өзі туралы ойын дамыту, комуникациялық іскерлікті жетілдіру, сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиалық күйге келтіру.

 

Ыңғайлы отырыңыздар. Өз денелеріңізді  сезініңіздер және бос ұстаңыздар.

Дене демалады, ал сана-сезім сергиді. Аспанға қарап отырмын деп ойлаңыздар. Ішіңізден. Аспанды сезініңіз. Табиғат көркемділігін байқадыңыз. Айналадағы шуылдаған құстардың  шырылдаған дауыстары неткен керемет!

Кенеттен, сіз бір әсем әуенді естисіз! Әуен бағытына қарай ұмтыламыз. Сіз орман ішіне қарап зәулім сарайды байқайсыз. Зәулім сарайдың  жартылай ашылған есігінен әсем әуен естіледі.

Сіз зәулім сарайдың ішіне кіресіз. Айналаңызды  қоршаған  төрт қабырғада  көркем де керемет суреттер. Сол көркем суреттерді  көру үшін сіз әр қабырғаны жағалап, ұстап көресіз. Айналаңыздағы қоршаған төрт қабырғада  көркем де керемет суреттер. Сол керемет суреттерді көру үшін сіз әр қабырғаны  жағалап өтесіз. Ол суреттерде сіздің қиял-ойларыңыз бейнеленген. Бірінші қабырғаға.., екінші қабырғаға..., үшінші қабырғаға..., төртінші қабырғаның соңында  сіз аппақ, әрі жұмсақ демалатын жерді байқайсыз. Кенеттен, шаршағаныңызды  байқайсызда,  сол жерге демалуға жатасыз. Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңізші... басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін... енді керісінше аяғыңыздың ұшынан басыңызға дейін.

Сіздер демалыңыздар, жеңілдеңіздер, жай ғана тұрып, осы бөмеде ҰБТ-ға байланысты өз қорқынышымызды, үрейімізді, сенімсіздігімізді, барлық кері әсерлерді  тастап артқа қарамай  есіктен шығып, жауып кетеміз.

Сіздер көңілді, қайратты, қажырлысыздар.

Ешқашан жүректілік пен оптимизімді жоғалтпаңыздар! Табанды және қайратты болыңыздар!

 Мен сіздерді барлық өз қабілеттеріңізді қазір де, ертең де  және одан кейінгі  күндердеде үнемі, жігерлілікпен дамытуларыңызға дем беремін... Сіздің басыңыз мықты ақылды болғанын сезініңіз және солай деп ойлаңыз. Сезініңіз-сіз сергексіз! Сіз ештенеден қорықпайсыз! Сіздің күшіңіз көп, қайратты, өзіңізге сенімдісіз! Сізде бәріде болады.!

Сіз үлкен шыдамдылықтың арқасында жақсы оқисыз, көңіл күйіңіз жақсы, орындалмай қалған жұмыстың орнын тезірек  толтыруға ынтызарсыз.

Сіз ойыңыздың  айқындылығының артқанын, көңіл күйіңіздің  жақсарғанын,  сезгіштігіңіздің  жоғарлағанын сезініңіз.

Өміріңізге жаңа күштердің қосылғанын сезінесіз. Сізде бәрі алда! Сіз таланттысыз! Сізде бәрі де болады!

Сіз қайтадан табиғат аясындасыз. Шексіз аспан... Ораламыз.

Тамаша... Жұмысымызды аяқтаймыз. Сіз өзіңіз туралы ойыңызды аяқтағаныңызды, өзіңіздің демалғаныңызды сезінген кезде  көзіңізді ашыңыз.

Сонымен әркім қашан көзін ашқысы келсе, сол кезде көзін ашады.

 

 

 

 

 

АУТОТРЕНИНГ

Отырып, денеңізді бос ұстап, көңіліңізді дем алысыңызға бұрыңыз. Бірқалыпты, жәй дем алыңыз. Көзіңізді жұмыңыз. Жазғы күнді еске алыңыз, ертегілер еліндегідей орман ішімен келе жатырсыз, ағаштар сіздің достарыңыз. Күннің шуағының энергиясына қаныңыз. Күнге қарай тартылыңыз. Тартыла отырып оның күшін сезініңіз. Қуаныштың күшін сезініңіз. Өз махаббатыңызды барлық достарыңыз бен туысқандарыңызға жолдаңыз. Олар сені өте жақсы көреді. Олардан келіп тұрған энергия тасқынын сезініңіз. Көзіңізді жәйлап ашыңыз, қолыңызды сілкіңіз. Қатысушының әрқайсысы өз сезімдерін айтады. Кім өзін қандай ағашпын деп ойлады. Жылу мен энергияны сезінді ме?

Ал енді өз ағаштарыңыздың суреттерін салыңыздар. Әуен ойналып, барлығы сурет салады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тынышытық сәті

 

Балалар, еркін отырайық. Көзімізді жұмып, бәріміз терең демалып, таңның атуын елестетейікші.

-      Тіршіліктің оянуын,

-      Табиғаттың сұлу, әдемі, көркемдігін сезінейікші.

Шығыс жақ сарғайып енді таң да атып келеді.

Атып келе жатқан таң, шіркін қандай тамаша! Қандай керемет, әдемі, сұлу десеңші! Біз бәріміз таңның атуын күтіп, ойланып отырмыз. Жаңа ғана шыққан жасыл шөп те, жылы жел де, жұп-жұмсақ жапырақтар да бізді айналады, жақсы көреді. Күннің жаңа ұядан шыққан сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп, тербей оятады. Гүлдердің бәрі де ұйқыдан оянды.

Шуақ шаша алтын таң да, мөлдір таза ауа да оянды. Әлемнің бәріне жарық жайылды. Құстар да оянды. Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр.

Табиғат та оянған, оян сен де!

Терең дем алып, көздеріңді ашыңдар. (көңіл - күйлерін) сұрау

 

 

 

 

 

 

 

 

 «БАҚШАДА»

 

Мақсаты: Тұлғаның өмірге деген құлшынысын арттыру,жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру.

Көрнекілік:Табиғат көрністері бейнеленген сурет (картинка),жәйлі музыка әуені.

Уақыт: 5 -7 минут

Ұйымдастыру кезеңі: а) Қатысушыны жайлы креслоға отырғызып, еркін, ыңғайлы сезінуін қадағалау;

ә) Сурет қатысушыға қарама-қарсы іліп, оған зейін салып, мұқият қарауын өтіну;

б) Әуенді қосар алдында қатысушы көзін жұму тиіс;

 

Кіріспе

 

Көз алдыңызға жаңа суретте көрген табиғатты елестетіңіз.

-         Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.

-         Ал, бастаймыз.(Музыка қосылды)

-         Соқпақ жолмен жүріп келесіз...

-         Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз...

-         Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді...

-         Алма бағы...

Қып – қызыл алмалар қол созым жерде...

-         Сіз үзіп алып жей бастадыңыз...

Дәмі сондай керемет...

Жеген сайын жегің келеді...

-         Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз....

-         Күн кешкірді.... Қайту керек... Бақтан шығып жолға түстіңіз... Иығыңызда дорба....

-          Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келеді...

-         Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз...

-         Міне, қалашыққа да жеттіңіз... Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты ...

-         Оларға өзіңіз терген алмаларды үлестіре бастадыңыз...

-         Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма? Сізге балалар да, олардың ата-аналары да дән риза...

-         Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді!

   Музыка тоқтатылып, қатысушы көзін ашады. Өз әсерлерін бөліседі.

 

Ескерту: 1) Әрбір сөйлемнен соң міндетті түрде үзіліс жасалануы тиіс. 

                2) Психологтың даус ырғағы мәнерлі, жағымды шығу керек.

 

ТАЗАРТУ

Терең дем алып, демді барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді  босатыңыз.Өзіңізге былай деңіз:

Мен өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе, реніштен тазарғым келді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш, өкпелерден құтылғым келеді. Мен жан рахатын сезінемін. Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын. Бірақ өкпені ұмыттым, кештім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӨКПЕНІ ЕРІТУ

   «Сіз тып – тыныш бір жерде, денеңізді бос ұстап отырсыз, өзіңізді қара көлеңке  театрда отырмын деп есептеңіз. Алдыңыздағы шағын сахнаға (дүниеде жек көретін, көргіңіз келмейтін) сіз кешіруге тиісті адамыңызды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін, қазір өмірде бар болсын, өмірден өтсін оған мән бермеңіз. Сіз ол адамды театр орындығында елестетекенде, ол адамның жағдайы жақсы, жүзінде күлкі үйірмелеген, ол бақытты. Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызға елестетіңіз де, ұстап тұрыңыз, содан кейін сол бейнемен жәйлап қоштасыңыз.

     Сіз кешірген адам сахынадан кетісімен, өзіңізді сол адамның орнына қойыңыз. Сіздің де көзіңіз жайнап, жүзіңізде күлкі, жүрегіңіз бақытқа толы. Сондықтан, бұл әлемдегі жақсылық пен бақыт барлығыңызға тең жететінін ұғыныңыз. Осы жаттығудан кейін сіз жаңа өмір бастайсыз!».

    Бұл жаттығу өз кезегінде қара бұлтша ұйысқан өкпені еріту керек. Кей адамдарға бұл жаттығу өте қиынға соғуы мүмкін, әртүрлі адамдарды елестеумен айына бір рет, осы жаттығуды жүргізуге болады. Қатысушыға осы жаттығудан  кейін жаңа өмір бастау керектігін айта кетуді ұмытпаңыз !

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тыныштық сәттері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Товаровед-эксперт

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

ТЫНЫШТЫҚ СӘТТЕРІ

  1. «СУ АСТЫ ПАТШАЛЫҒЫНА САЯХАТ»
  2. «СЕРГІТУ» ТРЕНИНГІ
  3. «ҚИЯЛДАҒЫ ӘЛЕМ»
  4. "ТҮСТЕР ӘЛЕМІ"
  5. «ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІНЕ СЕНІМДІЛІГІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДАУ»
  6. АУТОТРЕНИНГ
  7. Тынышытық сәті
  8. «БАҚШАДА»
  9. "ТАЗАРТУ"
  10. "ӨКПЕНІ ЕРІТУ"

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 495 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.05.2015 43649
    • DOCX 36 кбайт
    • 256 скачиваний
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нұрбергенова Жансая Нұрбергенқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 56649
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы аддиктологии. Психологическое консультирование, психокоррекция и профилактика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Курс повышения квалификации

Основы психофизиологии для педагогов

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс профессиональной переподготовки

Психологическое консультирование в спорте

Спортивный психолог

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 46 человек

Мини-курс

Дизайн и визуальная коммуникация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов

Мини-курс

Психологические основы профессиональной деятельности педагога-психолога

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе