Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Тірек – қимыл аппараты. Қаңқа бөлімдері.

Тірек – қимыл аппараты. Қаңқа бөлімдері.



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: Сынып: 8 А Пәні: биология

Сабақтың тақырыбы:


Тірек – қимыл аппараты. Қаңқа бөлімдері.

Сабақтың мақсаты.


  1. Оқушыларды адамның тіршілік етуіндегі тірек – қимыл жүйесінің маңызы туралы түсінік қалыптастыру

  2. Оқушылардың ой- өрісін сұрақ – жауап арқылы дамыту;

  3. Оқушыларды тірек –қимыл жүйесінің маңызын білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:


адам қаңқа сүйектері

Сабақтың түрі:


аралас

Сабақтың әдісі:


сөз-көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтың формасы:


ұжымдық , жекелей

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:


амандасу, кезекші рапорты

ІІ. Үй тапсырмасын

сұрау:

Сипап сезу дегеніміз не?

Қимылдаған кезде бұлшық ет сезімінің рөлі қандай?

Адам үшін иіс сезудің маңызы қандай?

Барлық анализаторлардың өзара байланысты жұмысы не үшін қажет? Неліктен көзді жұмып, мұрнымызға сұқ саусақты тигізе аламыз?

Неліктен біз тек суда еритін заттардың дәмін сезе аламыз?

Тамақ қабылдауға қандай сезім мүшелері қатысады?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Тірек – қимыл жүйесінің маңызы. Барлық тірі организмдерге тән қасиет – қимыл – қозғалыс. Қимыл – қозғалыс организмнің өсіп, дамуына әсер етеді. Оның адам денсаулығын сақтаудағы маңызы аса зор.

Қаңқа мен бұлшық ет тірек – қимыл жүйесін құрайды. Тірек – қимыл жүйесі тіректік, қозғалтқыш және қорғаныш қызметтерін атқарады.

Адамның қаңқасы. Адамның қаңқасында 200- ден астам сүйек бар. Қаңқаны омыртқа жотасы, кеуде қуысы, бас сүйек, иық, жамбас белдеулері, аяқ – қол сүйектері құрайды.

Сүйектің пішіні және оның үлкен – кішілігі, олардың орналасуына және атқаратын қызметіне байланысты. Сүйектердің кейбіреулері мүшелерді қозғалысқа келтіретін иін, екінші біреулері тірек қызметін атқарады. Сүйектердің бір - бірімен дәнекер ұлпасы арқылы немесе шеміршекпен байланысуын жалғасу дейді.

Тұлға қаңқасы – омыртқа жотасынан, қабырғалардан және төстіктен тұрады. Омыртқа жотасы – мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ болып бөлінеді. Адамның омыртқа жотасы төрт иілімнен тұрады: оның екеуі алға қарай, екеуі – артқа қарай иіледі. Омыртқа жотасы 33 - 34 омыртқадан құралады.

Кеуде сүйектері. Кеуде қуысында жүрек, өкпе, кеңірдек, өңеш, үлкен қан тамырлары, лимфа жолдары және жүйке талшықтары болады. Қабырға ұзын, тұтас, жалпақ сүйектерге жатады. Иық белдеуі иық және қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуі арқылы қол сүйектері байланысады. Жалпақ үшбұрышты сүйек жауырын деп аталады. Қол сүйектері тоқпан және кәрі жіліктерден тұрады. Кәрі жілік шынтақ және шыбық сүйектен тұрады. Білезік сүйек, алақан және саусақ сүйектері қол басы болып саналады. Жамбас белдеуі жамбастан және аяқ жіліктері мен табан сүйектерінен тұрады.

Бас сүйегі ми сауыты мен бет сүйегі бөлімдерінен тұрады.

Сүйектердің өзара байланысу түрлері. Сүйектердің қозғалмалы байланысын буын дейді. Организмде сүйектердің өзара жалғасуының үш түрі болады: қозғалмайтын, қозғалмалы және жартылай қозғалмалы. Сүйектің қозғалмайтын жалғасуына – бас сүйегі, жамбас сүйегі; жартылай қозғалмалы байланыс түріне – омыртқа жотасы; сүйектердің қозғалмалы түріне буын арқылы жалғасатын, яғни қол сүйектері, иық пен аяқ белдеулері, қабырғалар жатады.

Сүйектің құрамы. Сүйек – дәнекер ұлпасының бір түрі. Сүйектің құрамы 30% органикалық және 60% бейорганикалық заттардан тұрады,

10% су болады.

Сүйектің өсуі. Сүйектің ұзарып, жуандап өсуі, шеміршек ұлпасы клеткаларының бөлінуіне және сүйек ұлпаларына айналып отыруына байланысты.

Қаңқа зақымданғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем.

Сіңір созылғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы жәрдем. Оқыс қимылдағанда немесе соғып алғанда, тілерсек тобығы қатты ауырады және оның айналасы домбығады. Зардап шеккен адамға көмек көрсету үшін зақымданған буынның үстіне суық (қар, мұз, немесе суық суға малынған шүберек) басады және буынды дәкемен қатты таңады.


V. Сабақты қорытындылап, бекіту:

Тірек – қимыл жүйесінің маңызы мен атқаратын қызметі қандай?

Буын деп нені айтады?

Бас сүйегі қандай бөліктерден тұрады.

Омыртқа жотасының құрылысының ерекшеліктері қандай?

Кеуде қуысы қандай сүйектерден құрылған?

Иық белдеуі мен жамбас белдеуінің сүйектерін атаңдар.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: § 21 оқу, 83-бет кесте толтыру, сұрақтарға жауап беру.











57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы:

Тірек – қимыл аппараты. Қаңқа бөлімдері.

Сабақтың мақсаты.

1.Оқушыларды адамның тіршілік етуіндегі тірек – қимыл жүйесінің маңызы туралы түсінік қалыптастыру

2.Оқушылардың ой- өрісін сұрақ – жауап арқылы дамыту;

3.Оқушыларды тірек –қимыл жүйесінің маңызын білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

адам қаңқа сүйектері

Сабақтың түрі:

аралас

Сабақтың әдісі:

сөз-көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтың формасы:

ұжымдық , жекелей

Автор
Дата добавления 11.05.2015
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1339
Номер материала 274715
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх