Инфоурок Биология Конспекты§1. Тірі ағзалар, қасиеттері, маңызы

§1. Тірі ағзалар, қасиеттері, маңызы

Скачать материал

Сабақ: 1

Тақырыбы:  §1. Тірі ағзалар, қасиеттері, маңызы

Сабақтың мақсаты: «Биология» ғылымының негізгі заңдылықтарын оқушы тұлғасына жете түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:       

Білімділік – тірі ағзалар, оларға тән белгілер, көптүрлілігі, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, биология ғылымы, оның ботаника, зоология сияқты ірі салалары, еліміздің өсімдіктері мен жануарлары, оларды зерттеген ғалымдарымыз жайында қысқаша шолумен түсінік беру;

Тәрбиелік – табиғатты қорғаудың қажеттілігін ұғынып, туған жеріне, оның табиғатына деген сүйіспеншілігіне, оны аялап сақтауға деген ынтасына жол ашу;

Дамытушылық – пәнге деген қызығушылығымен ұштастыру.

Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушыларымен танысып, бар ынта жігерін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Проблемалық сұрақтар беру: Тірі ағзаларға қандай ағзалар жатады? Тірі ағзалардың қандай қасиеттері бар?

Жоспар:

1.                 Тірі ағзаларға тән қасиеттер

2.                 Олардың  маңызы

Жасуша – тірі ағзалардың бөліну қабілеттілігін сақтап, заттар мен энергия алмасуын қамтамасыз ететін ең кішкене бірлік өлшемі.

 

  

Зат алмасу – ағзаның өсуін, дамуын,  тіршілік әрекетін, қоршаған ортамен тұрақты қатынас жасалуын реттейтін барлық химиялық процестердің жиынтығы. Ол бір-біріне қарама қарсы (анаболизм) энергия қабылдап, реакция синтезі жүретін және бір-бірімен өзара байланысты (катабализм) реакция ыдырап энергия босап шығатын 2 процестен тұрады. Әрбір жасушадағы цитоплазма жаңа заттарды өзіне сіңіріп, оны түрлі химиялық өзгерістерге ұшыратады, жаңа цитоплазма түзеді. Ол нәруыз, май, көмірсулардың ірі молекулаларындағы потенциалдық энергияны жылу энергиясына айналдырып, үздіксіз өзгертіп отырады. Энергияның жұмсалуы тірі ағзалардың ерекшелігін білдіреді. Ағзалардың түріне байланысты цитоплазмадағы  алмасу жылдам немесе керісінше баяу жүретінін байқауға болады.

«Зат алмасу – ағзаның айналадағы ортамен қарым-қатынас жасауы, оның нәтижесінде, біріншіден ағза өз тіршілігіне қажетті заттар алады». Олар қандай заттар? Ағза айналадағы ортадан қорек, ауадан оттегін алады. «Қорек пен оттегі(ауа) ағзаны энергиямен қамтамасыз ететінін білесіңдер ме? Қоректегі энергия оттегінің әсерінен астың қорытылуы кезінде босап шығады да ағзаның үздіксіз жұмыс істеуіне жұмсалып жатады». Екіншіден, ағза өз денесінде түзіліп жатқан қалдық қажетсіз заттарды сыртқа – айналадағы ортаға шығарады, яғни ол заттардан тазарады. Міне, осылайша ағза мен сыртқы орта арасында зат алмасу жүріп жатады.

Қозғалу – тірі ағзалардың бәріне (өсімдіктер, жануарлар) тән қасиет. Жануарлардың қозғалысы (жорғлау, жүгіру, ұшу, жүзу) көзге анық байқалса, өсімдіктерде, бір орынға бекініп тұратындықтан тіпті қозғалмайтындай көрінеді.

Жасуша цитоплазмасының қозғалысы (ағыны) бүкіл ағзаны қозғалысқа келтіреді, яғни өсімдіктің қозғалысы жасушадан басталады. Ал тұқымның өнуі, жапырақтардың біртіндеп жазылуы, бүршіктердің, гүлдердің біртіндеп ашылуы, жарыққа қарай бағытталуы (күнбағыс, бөлме өсімдігінің жарық көп түсетін жағының ерекше өсуі, т.б.) мұртшалары арқылы қасындағысы екінші бір өсімдікке шырмалуы қозғалысты дәлелдейтін құбылыстар.

Тітіркену қоршаған ортаның физикалық немесе химиялық өзгерістеріне, яғни тітіркендіргіштерге әсер етуі тірі ағзалардың ерекшелігін білдіреді. Мысалы, күн сәулесінің аз немесе көп түсуі, температура, қысым, топырақ, су, ауаның химиялық құрамының өзгеруі – осының бәрі тітіркендіргіштер. Өсімдік жасушасының тітіркенуі жануарлардағыдай айқын байқалмайды, дегенмен жарықтың әсерінен  жасуша цитоплазмасының ағыны бірде баяулап, бірде жылдамдайды. Жәндіктермен қоректенетін өсімдіктер жапырақтарына қонған жәндіктерді сезіп, тітіркеніп жапырақ тақталары тез жабылып, жәндік ұсталып қалады.

Өсу зат алмасу кезінде жай заттардың бір-бірімен қосылып күрделенуі зат түзуі немесе энергия жинауының нәтижесінде болады. Демек анаболизм процесінің нәтижесі, жеке жасушалар мөлшері мен саны ұлғаяды, жаңа мүшелер пайда болады. Жануарлардың өсуі шектеулі, белгілі бір мөлшерге жеткен соң өсуі тоқталады; ал өсімдіктер тіршілігін жойғанша өсуін тоқтатпайды. Оған себеп түзуші ұлпалардың болуы.

Өсімдіктердің өсуі 3 кезеңнен тұрады: 1)эмбриональды өсу; 2)созылу кезеңі; 3)жіктелу кезеңі.

Эмбриональды өсу – сабақ тамыр ұштарында болатын түзуші ұлпалардың жас жасушалары демалыссыз бөлініп көбеюі.

Созылу кезеңінде жасушалардың мөлшері бірнеше жүздеген есе ұлғаяды.

Жіктелу кезеңі сыртқы орта жағдайларымен тығыз байланысты. Әр түрлі жағдайдың әсерінен өсімдікте және оның жеке мүшелерінде анатомо-морфологиялық құрылымдар пайда болады. Мысалы, ылғалы аз жерде өсетін өсімдіктің жасушалары өте майда болғандықтан өсуі де баяулайды, ал жарық жетіспесе жасуша шектен тыс созылады да, өткізгіш, тірек ұлпалары баяу өсіп, жапырақтары кішкене күйінде қалады.

Көбею – барлық тірі ағзаларға тән қасиет. Тіпті жоғары сатыдағы ағзаларды былай қойғанда көзге көрінбейтін микроағзалар ұрпақ қалдыру үшін екіге бөліну арқылы өте қарқынды көбейеді. Өсімдіктерде көбеюдің үш түрлі жолы бар: жынысты, жыныссыз, өспе мүшелері арқылы көбею.

Бейімделу (адаптация) - өсімдіктер мен жануарлар қоршаған орта жағдайына бейімделе алғанда ғана түрлерін сақтап қалады, сондықтан олар түрлі өзгерістерге ұшырайды. Өсімдік түрлерінің жер бетінде таралуына кедергі болатындар – су, жарық, жылу, қорек, жыртқыштар, паразиттер, т.б. Осы кедергілерді жеңу үшін бейімделу қажет. Мысалы, су тапшылығына бейімделу үшін өсімдіктердің жапырақтары өте майда, тікенекті, түкті болуы, тамырларының топыраққа терең бойлауы (жердің төменгі қабатынан суды сіңіру үшін). Жыртқыштардан қорғану үшін – жағымсыз иісті, жапырақтар мен сабақтары тікенекті сояулы немесе қатты болуы, т.б.

ІV. Бекіту.

Тірі ағзаларға не жатады? Оларды неліктен «тірі» дейді.

Тірі ағзалардың тіршілік үшін қандай маңызы бар?

Үй тапсырмасы. §1 оқып, терминдерге биологиялық негіздеме беру, тақырып соңындағы сұрақтарға ауызша жауап беру.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "§1. Тірі ағзалар, қасиеттері, маңызы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.08.2016 1716
    • DOCX 26 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кенжегалиев Данияр Орынбасарович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29630
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 460 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 166 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 517 человек

Курс повышения квалификации

Организация и руководство учебно-исследовательскими проектами учащихся по предмету «Биология» в рамках реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 325 человек

Мини-курс

Психология личностного развития: от понимания себя к творчеству

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Самосовершенствование: шаги к личному росту и эмоциональному благополучию

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 258 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 73 человека