Инфоурок Другое Конспекты«Тәңірімнің сыйы бұл- тәуелсіздік". тәуелсіздік күніне арналған сыныптан тыс кеш жоспары.

«Тәңірімнің сыйы бұл- тәуелсіздік". тәуелсіздік күніне арналған сыныптан тыс кеш жоспары.

Скачать материал

Тақырыбы: «Тәңірімнің сыйы бұл-Тәуелсіздік»

Мақсаты: Отаншылдықты, ерлікті, елдікті дәлелдейтін тәуелсіз еліміздің тамыры терең бай тарихын насихаттау. Ұрпақтың бойында ұлттық сана, ақыл – ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілігін арттыру

1-жүргізуші:

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген

Жөргегімде таныстым мұң тілімен

Жылағанда жүрегім – күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге, қайта келдім

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім!

2-жүргізуші:

Мен - қазақпын, бір биік белеспін мен
Европа да, Азия да емеспін мен.
Аралықпын, жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тел өстім мен

Мен – жігітпін, айқасқа,сынға асықпын,

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың

Жанар таудай жойқынмын жұлқынғанда

Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым

1-жүргізуші:

Мереке бүгін, тойлап та жатыр шартарап,

Шашылар шашу қалауын болса ал қалап,

Егіліп жылап, тәуелсіздікке де жеттім мен

Тағдырымды, мұң зарымды арқама салып арқалап!

2-жүргізуші:

Республика! Ерікті ел – Қазақстан

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан

Келді алыстан аңсатып, армандатып,

Торды бұзған мен де бір мәз арыстан

Байтақ далам! Азат елім! Ғұннан туған қазағым! Сан ғасырлар қойнауында сенің жасың, төгілген қаның жатыр! Сан ғасырлар қойнауында сенің Томиристей қыздарыңның айбынды үні, Күлтегіндей ұлдарыңның жауға шапқан қаһарлы дауысы жатыр!





1-жүргізуші:

Ал, бүгін Тәуелсіздігімізді тойлап жатқан сәтте оларды еске алмау, бүгінгі исі түркі халқының ата – бабасы сендерді көз алдыға келтірмеу, ұрпақ үшін күнә! Арғы бабам түркі елінің бастан өтпегені де жоқ екен.Күні кеше ғана Алтын ордам Астанаға көшіріліп әкелген VIII ғасыр шежіресі-Әулие Күлтегін тас жазуында мынандай сөздер бар екен.

( Қалымбетов Мейіржан шығады)

2-жүргізушіШыққан тегіміз Сақ Ордасының падишасы Томирис ханым «Азия әміршісі» атанған Кир патшасын жеңіп, бүгінгі қазақтың ата-бабасының ерлік, өрлік рухын төрткүл дүниеге паш еткен еді. Әне тарих қойнауынан көтеріліп, бізге қарай Томирис ханым келе жатыр.

(Көрініс)

1-жүргізуші:

Иә, сұңқардың қанаты талып, тұлпардың тұяғы майырылатын сонау Атыраудан Алтайға дейін созылып жатқан алып дала тарихының бір парағы осылай сыр шертсе, келесі бір парағы былай деп үн қатады. Бүгінгі тәуелсіздігімізде Иланшы Қайырхандай батыр ұлдарымыздың ерлік ісі сайрап жатыр. Олар бізбен бірге. Міне, алдарыңызда Шыңғыс хан алдында бас имеген, Қайырхан.

(Көрініс. «Отырар ойраны»)

2-жүргізуші:

1723-1727 жылдары халқымыздың ең бір ауыр кезеңі болыпты. Жоңғардың ат тұяғы сайхан даламды таптап, «Ақтабан шұбырындыға» ұшыратыпты. Тарихшылардың айтуы бойынша, осы «Ақтабан» кезінде бір миллионнан астам қазақ опат болған екен.

1-жүргізуші:Қаратаудың басынан «Көш келеді» деген күн

Көшкен сайын бір тайлақ «Бос келеді» деген күн

Қарындас пен қара орын қалғаннан соң, дариға,

Қара көзден мөлтілдеп, «Жас келеді» деген күн.

Тәуелсіздік жолына үлес қосқан деген күн.

Алып дала қырандары отаршылдарға қарсы үнемі күресіп келді.Исатай мен Махамбет бастаған ұлы азаттық көтерілісі Ресей патшасының іргесін шайқалтты. Бүгінгі тәуелсіздігімізде сол бабаларымыздың төккен, аққан қаны жатыр. Алдарыңызда ақын, жырау, азаттықтың қаһарлы дауысы-Махамбет Өтемісұлы.



2-жүргізуші:Әсіресе, 1937 жылдан басталған «Қызыл террор» сойқанының шеті мен шегі болмады. Сталиндік нәубетте Қазақстанда 103000 адам террордың құрбаны болып, оның 27000-нан астамы атылды. Аға ұрпақтың ең зиялылары, ең білімділері, ең дарындылары, ең ұлтжанды азаматтары «халық жауы» деген жаламен атылып кетті. «Ақындар аққуы» - Сәкен, «Қазақтың Пушкині» - Мағжан, «Кемеңгер, көсем» - Ахмет

1-жүргізушіСен қызыл империяның шаңырағын күйретіп, іргесін құлаттың

2-жүргізуші:

Сен, тек қазақтарға ғана емес, «Одақ» деген көпіршік елдегі отар бұғауындағылардың барлығына да тәуелсіздік әкелдің

1-жүргізуші:

Сен, ата-бабам сан ғасыр бойы армандаған азаттыққа жол салдың, сенің еңбегің ерекше!

2-жүргізуші:

Сен, төрткіл дүниеге менің ұлы ағаларым мен әпкелерімнің атын тараттың. Қазақ жастарының ұлт жанды жүрегін, өрлік рухын, қаһармандық келбетін таныттың.

1-жүргізуші:

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жанған алауы!

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы

2-жүргізуші:

1986 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан КП Орталық Комитеттің бірінші хатшылығына сырттан әкелінген Колбинді тағайындады. Мұның өзі жастардың ашу-ызасын туғызды.Ертесінде мыңдаған жастар бейбіт шеруге шығып, Республиканың

Бірінші басшылығына қазақ халқының өкілі сайлансын деді.Осы бейбіт шеру қанға бөктірілді. Жүздеген қазақ жастары сотталды, бірнеше жастар қыршынынан қиылды.Олардың ішінде халықтың жүрегінде мәңгі сақталатын,қазақ халқының батыр ұлы Қайрат Рысқұлбеков бар еді.

1-жүргізуші:

Құрметті Тәуелсіз елдің ұрпақтары! Біз бақыттымыз. Аспанымызда ән ұранымыз қалықтап, байрағымыз желбіреп, ел таңбамыз жарқырап тұр. Бақытымыз мәңгілік болсын! Қазақстаным жасай берсін!

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Әр адамда өз анасынан басқа,

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері – түп қазығы айбыны,

Туған тілі – сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт санасы – тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы, еске алуға қаншама,

Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы

Төрт ана үшін болған күрес –күрестердің ұлысы!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Тәңірімнің сыйы бұл- тәуелсіздік". тәуелсіздік күніне арналған сыныптан тыс кеш жоспары."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 899 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.03.2016 797
    • DOCX 17.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Чушекова Айман Ахметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Чушекова Айман Ахметовна
    Чушекова Айман Ахметовна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 893
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе