Инфоурок Химия Другие методич. материалыТіршілік химиясы қолданбалы курс

Тіршілік химиясы қолданбалы курс

Скачать материал

 

Ғ.Махамбетов атындағы ОЖББ мектебі

 

 

 

 

 

                                                   «Тіршілік химиясы»

                                                    курсы

 

"Кәсіптік мандықтар
сыр шертеді"

10 класс

 

 

                                        Өткізген: химия пәні мұғалімі

                                          Калыбаев Ораз Наурызбаевич

 

 

 

 

 

2014-2015 оқу жылы

Базаршолан ауылы

 

10 класқа арналған «Тіршілік химиясы» курсы сабағы.

Пән иесі Калыбаев Ораз Наурызбаевич

Сабақтың тақырыбы:  Кәсіптік мамандықтар сыр шертеді

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері,  мамандықтар тобы, кластары, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға  деген ынта- ықыласын арттыру.

Міндеттері:

- Жеке тұлғаның  кәсіптік мамандықтарды таңдаудың негізгі       

      типтері мен  факторлары туралы түсінік беру

     - Кәсіптік бағдар беру

    - Кәсіптік білім берудің құрылымымен таныстыру

     - Кәсіптік мамандықтарға деген ынта- ықыластарын 

       анықтау және т.б.

Сабақтың түрі: Сұхбат, пікірталас, кездесу сабағы

Сабақ ұзақтығы 90 минут ( екі 45 минут )

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, интерактивтик тақта, слайд, постер, бояулар т.б.

Әдіс- тәсілдері: «Ми шабуылы», тренингтер, баяндау, сұрақ-жауап, ойын әдістері, топтық жұмыс.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгендеу, сыныпты 2-топқа бөлу. Сабақ мақсатымен таныстыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару және сергіту мақсатында мектеп психологі Т.Ертлеуов «Сенің ерекше қабілетін» тақырыбында тренинг өткізді.

Оқушылар ортаға дөңгелене тұрып арқаларына жапсырылған парақшаға өз сыныптастарының бойындағы ерекше қабілеттерін жазады. Мысалы: ұйымшыл, белсенді, іскер, өнерлі. Кейін бір-бірінің арқаларындағы жазылған сөздерді оқып береді.

 

1.«Ми шабуылы» - ой қозғау:  
   Мамандық дегеніміз не?  (Кластер әдісі арқылы).  
 Әр топ өз ойын өрбітіп, топтан бір немесе бірнеше оқушы келіп түйген ойларын тақтада ілінген постерге жазады.

                                        

 

Мұғалім слайдпен сабағын жалғастырады.

2. Кіріспе:  Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша  жыл   сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-і қайтадан өз  орнына  қайтып оралады екен. Осыған қарап мынадай сұрақтар туындайды.

        Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма?

        Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан- жақты дайындалу керек шығар?

        Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады?

 Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгінгі сабақта шешімін аламыз деген сенімдемін.

0012-012-Biznesmen[1].jpg  0014-014-Kosmonavt[1].jpg  0011-011-Povar[1].jpg   0003-002-Politsejskij[2].jpg  0014-013-Svarschik[1].jpg

0009-009-Uchitelnitsa[1].jpg  0007-006-Inzhener-stroitel[1].jpg  00235_s  00092_s 0013-012-SHtukatur[2].jpg

 

Химия пәніне қабілетті аудандық пән олимпиадасының жеңімпазы, облыстық «Бесінші элемент» химиялық-зерттеу эксперименттік турнирінің ІІ орын иегері, оқу озаты Кеңес Гүлден Ерболқызы «Мамандық таңдау - маңызды іс»  тақырыбында интербелсенді тақтадан слайд арқылы баяндама оқып берді.

«Мамандық» сөзіне  анықтама беру.

      Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

   Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек  қызметінің маңызды бөлігі.

      Мамандықтарға  сұраныстың  тұрақтылық көрсеткіші  әр  мамандықтардың  жұмыс  орын  санының  артуына байланысты. Өз мамандықтарын таңдауда  мақсатқа жету әр адамның  еркіне,  өмірге құштарлығына байланысты. 

    Мамандық  таңдау  кезінде  мұқият  болған  жөн, себебі ол  сіздің  болашақ  өміріңізді   анықтайды.

      Сондықтан, мамандықты таңдау кезінде  жеке қызығушылығыңыз  бен болашақ жоспарларыңыздың негізінде  таңдағаныңыз  тиіс  және  де тек  қана  бір мамандықты таңдау керек.

      Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің  қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.

   Сондай-ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады.

    Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім  және  құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады.

0009-009-Uchitelnitsa[1].jpg    00097_s     0007-006-Inzhener-stroitel[1].jpg

Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару  мамандық -тары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында  мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілік- ті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.

     Сонымен қатар мамандық таңдау факторларына мыналарды жатқызуға болады:

 «Білгім келеді» - (қызығушылық, бейімділік).

 Қызығушылық- қандай да бір саланы, құбылысты танып білуге, оны  зерттеуге  деген құмарлық.

  Бейімділік - қандай да бір қызметпен айналысудағы икемділік.

 «Қолымнан келеді» - (қабілет, денсаулық жағдайы).

  Қабілет- адамның қандай да бір қызметті орындаудағы жеке -дара қабілеті, шығармашылық мүмкіндігі.

  «Маған керек»- (қажеттілік, сұраныс)

Қоғамға әр түрлі саланың мамандық иелері қажет. Мамандық таңдауда өзіннің мамандығынның еңбек рыногындағы сұранысын білумен қатар, болашақта өзіңнің еңбекке араласу мүмкіндігінді білу керек.

    КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ  ҚҰРЫЛЫМЫ:

Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері:

          Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды  лицеилер, кәсіптік мектептер.

Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.

            Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер,училищелер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік біліммен алуға болады.

          Жоғары кәсіптік білім:  ЖОО- ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады.

     Кәсіптік оқу орындары туралы ақпараттарды алуға болады:

           Оқу орындарына түсушілерге арналған анықтамалық  оқулықтардан;

           INTERNET желісіндегі компьютерлік ақпараттық- ізденіс бағдарламаларынан;

           Жарнамалық хабарландырулардан;

           Кітапханалардан;

           Кәсіптік бағдар беру және жоспарлау бөлімдерінен;

           Оқу орындарының ашық есік күндеріне қатысу және жекелей бару  арқылы;

          Мектеп бітіруші түлектермен кездесу арқылы.

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ КӘСІПТІК МАМАНДЫҚТАРДЫ ТАҢДАУ ТИПТЕРІ:

           Реалистік (R),  Зерттеушілік  (I),  Артистік (А),  Әлеуметтік  (S), Кәсіпкерлік  (E),  Дәстүрлі (С).

1. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ  РЕАЛИСТІК ТИПІ (R)- Адамдармен жұмыс істегеннен гөрі, еңбектің басқа да маңызды обьектілерімен, механизмдерімен жұмыс істегенді ұнатады.

Негізгі бағыттары:

           Техникалық білім,  Ауылшаруашылық білімі,   Орман шаруашылығы,  Табиғатты қорғау, Әскери мамандықтар.

2. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ТИПІ (I)- Ғылымға және ғылыми зерттеулерге, ашылуларға, жаңалықтарға және идеяларды  іске асыруға бағытталған.

Негізгі бағыттары:

           математика,  физика,  биология,  химия,  биомедициналық инженерия,  генетика.

3. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АРТИСТІК ТИПІ (А)- Өзінің әсемдікке деген сүйіспеншілігін,  мүмкіндігін  ашуды көркем - өнерде, артистік ортада жұмыс істеуді ұнатады.

Негізгі бағыттары:

           Өнер,  Музыка,  Театр,  Билер,  Тілдерді оқу, меңгеру, Жобалау және дизайн

4. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТИПІ (S)- Адамдармен қарым- қатынасқа бағытталған. Адамдарға көмектескенді және олардың мәселелерін шешкенді ұнатады

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

           Өнер,  Әлеуметтік қызмет,  Социология,  Кеңес беру,  Коммуникация,  Мектепалды тәрбие және балалардың дамуы.

5. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ  КӘСІПКЕРЛІК ТИПІ (E)- Адамдарға ықпал етуге, қорғауға, ұйымдастыр уға  және олардың негізгі міндеттерін іске асыруға бағытталған.

Негізгі бағыттары:

           бизнес-білім,  басқару,  маркетинг,  құқық.

6. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ  ДӘСТҮРЛІ ТИПІ (С)- Мәліметтерді, бақылауларды өңдеумен  жұмыс істегенді ұнатады және ақпараттар жүйесін басқарады.

Негізгі бағыттары:

           Бухгалтерия,  Статистика,  Финанс,  Компьютерлік технология,  Іс қағазын жүргізу.

Мамандықтар кластары

Диагностикалық

Қалыптастырушы

Ізденісті

-          тану

-          айыра білу

-          анықтау

-          ажырату

-          бағалау

-          тексеру

-          жұмыс қабілеті

-          қалыптасыру

-          өңдеу

-          тізбектеу

-          реттеу

-          ұйымдастыру

-          ықпал ету

-          іздену

-          ойлап табу

-          жаңалық ашу

-          есептеудің жаңа тәсілін табу

 

Мамандықтар тобы

Қолмен айналысатын

Механикалық

Автоматты

Функционалды

      «Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде» сынып оқушыларымен жұмыс. Әрбір оқушы берілген тұжырымдар ішінен өзі келіспейтін тұжырымды  таңдап алып, неліктен таңдағанын, не себепті келіспейтінін дәлелдеу керек.

          Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады

          Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты

          Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады

          Қартайғанда да мамандық таңдауға болады

          Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек

          Ақша болса, мамандық қажет емес

          Мамандық таңдауда психологтің  көмегі қажет

          Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі

          Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды

          Мамандық таңдау – күн көріс қамы;

      Айгерім  алғаш болып «Ақша болса, мамандық қажет емес» деген пікірмен келіспейтінін дәлелдеп, өз ойын жақсы баяндап берді. Содан оқушылар кезекпен-кезек өз ойларын айтып шықты. Мысалы оқушылардың көпшілігінің келіспейтін тұжырымдары мыналар: «Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты»,  «Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек» т.б.

       Сабаққа қатысушы мектеп директоры Қ.Таспай «Қартайғанда да мамандық таңдауға болады» деген тұжырымды қолдайтындарыңызды дәлелдеп беріңіздерші деген ұсыныс тастады. Бұған Гүлден, Данагүл орынды жауап бере білді. Олардың пікірі бойынша біраз жасқа келгеннен кейінде ол белгілі бір қырынан танылып, яғни жасырын қабілеті ашылып, өз мамандығын өзгерте алады немесе қоғам талабына сай басқа салаға ауысуы да мүмкін деген пікірге келді.

     Сұрақтар: Интербелсенді тақтадан оқушыларға проблемалық сұрақтар берілді, оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып пікірлерін дәлелдеді.

          Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?

          Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?

          Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?

          Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?

          Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не білесіз? Сіздің мамандығыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп бере ала ма?

          Кез келген қоғамда адам өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі болуы шарт. Ел болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың, яғни біздің қолымызда.

          Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?

          Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?

          Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?

          Адам өзің белгілі бір мамандыққақашан, қалай дайындауы керек?

          Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?

          Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

      Оқушылар көптеген сұрақтарға нақты дәлелді жауаптар келтіре білді. Бұл жауаптардың барлығында  құнды деп бағалауымыз керек. Себебі қазіргі оқыту технологиясы бойынша қате пікірлер болмайды. Әркім өзіне тиімдісін ғана алады деген қорытындыға келдік. Дегенменде «Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?» деген сұраққа оқушылар үшеуі де қажет деген шешімге келді. Сабаққа қатысушы мамандар мен қонақтар дәлелдеулерін сұрағанда оқушылар «Қоғамдағы беделі» деген жауапқа тоқтады.

     Бұл жерде мәселе жан-жақты талқыланып Әркім өз физиологиялық мүмкіндігі жететін мамандық таңдау керектігін және оның өміршеңдігін ескеру керек ендігі айтылды. Мысалы қазіргі таңда Заңгер, Экономит мандықтары жоғары беделге ие болғанымен жұмыс табу қиындықтар бар екендігі, сонымен қатар кейбір жас мамандардың бітіріп шыққан мамандықтары бойынша жұмыс істеу қабілеттері жеткіліксіздігі әсерінен алып жүре алмаушылығы баса айтылды.

       Бұдан кейін топтық жұмысқа кезек келді. Екі топқа арнайы тапсырмалар беріліп, парақшалар таратылды. Топ мүшелері  бірлесіп жұмыстанулар тапсырылды. Мұғалім оқушыларға нұсқау, бағыт бере отырып 5 минут дайындалуға уақыт берді:

І- топқа:

       Мына мамандықтарды  классификациялық белгілері бойынша жікте:  Археолог , құрылысшы

       Мына мамандықтардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықта: Мұғалім, дәрігер

      Мына берілген сөйлемді аяқта:  Бала кезімнен  дәрігер мамандығын ұнатқандықтан, ... .

  Бір мамандыққа байланысты диалог құрастыру

ІІ- топқа:

       Мына мамандықтарды  классификациялық белгілері бойынша жікте:  Артист, көлік жүргізуші

       Мына мамандықтардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықта:  Металлург, аспазшы  

      Мына берілген сөйлемді аяқта: Мен  құрылысшы болғым келеді,себебі ...

      Бір мамандыққа байланысты әңгіме құрастыру.

                

Екі топта сұрақтарға жақсы жауап берді. Дегенменде І топ мүшелері диалог құрастыру тапсырмаларына дайын болмады. Ал ІІ топ «Шағын бизнесті қолдау және дамыту» тақырыбын алып жоғары деңгейде «Мұрыновтар шаруашылығы» тақырыбында жақсы көрініс қойып берді.

    Психологиялық сәт: Мектеп психологі Т.Ертлеуовтің ұйымдастыруымен "Психогеометрия"- өзін- өзі тану сергіту сәті өткізілді. Интербелсенді тақтадан геометриялық фигуралар көрсетіледі.

                          

    Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік. Сабаққа қатысушы қонақтарғада таңдауларына болады. Оқушылардың басым көпшілігі дөңгелек фигурасын таңдаса қалған фигуралардан ек-үш оқушыдан таңдаған екен. Психолог әр фигураны таңдаған оқушыларға сәйкесінше қасиеттерін баяндап өтті. Барлық қатысушыларды сәйкес келетіндігін айтты. Тек Әсемгүл ғана келіспейтіндігін білдірді. Дегенменде бұл тек жоба ғана екендігі айтылды.

1. «Мамандық», «Қабілет», «Білім»   сөздеріне ой тұжырымдау.

2.  Мамандықты дұрыс таңдамауда қандай  қателер жіберілуі мүмкін?

 

      «Қайда қарасақта, қайда көз жүгіртсекте көретініміз химия ғажайыптар» деп ұлы ғалымдарымыз айтқандай киетін киіміміз, иетін тамағымыз, жұтып отырған ауамыз, күнделікті пайдаланып жүрген құрал – жабдықтарымыз, барлығы дерлік тікелей химиямен байланысты, бәрі де химиялық заттарға, қосылыстарға жатады. Сондықтан химиясыз өмірді елестету мүмкін емес дей келе химия пәнін өз қызығушылықтарымен таңдап, бүгінгі таңда  ЖОО  және АОО –да  білімін жалғастырып жүрген мектеп түлектері, менің сүйікті шәкірттерім, бүгінгі сабағымыздың арнайы  қонақтары:

  1. Сұлтанова Мөлдір Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Қайта өңдеу өнімдері технологиясы мандығы бойынша  4 курс студенті,
  2. Орынбасар Әсембота М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ, Жаратылыстану факультеті, химия мамандығы 2 курс студенті
  3. Гумарова Лаззат Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі, экология мандығы бойынша 2 курс студенттері.

 Төрдегі орындықтарға жайғасыңыздар. Оқушылар қонақтарымызға сұрақтар қойалық, бұлар аталған оқу орындарынан келіп отырған өкілдер деп те есептеіңздер. Ал студенттер өздеріңізді таныстыра отырып, қандай маман иесі екендеріңізді, неліктен бұл мандықты таңдағандарыңызды айта отырыңыздар. Мөлдір бастап өздерін таныстырып, мамандықтары жөнінде айтып өтті.

     Кеңес Гүлден Мөлдірге сұрақ қойды. Себебі олда Мөлдірдің мамандығы бойынша білімін жалғастырғысы келеді. Тарих пәні мұғалімі Т.Мұқанова, Мектеп психологі Т.Ертлеуов біраз сұрақтар қойып, мектеп кезіндегі оқумен қазіргі оқуларының айырмашылығын сұрады. Студенттер жақсы пікірлер білдіре отырып, ізбасарларына ақжол тілеп, білім берген ұстаздарына алғыстарын айтты.

      Студенттерге келіп, пікір бөліскендеріне рахмет айтып, жақсы маман атануларына тілектестік білдіріп, естелік силықтар табысталды.

      Мамандық таңдаудың мынадай ережелерін  есте сақтаған жөн:

       Барынша көптеген мамандықтарды зерттеу керек және тіршлік еткен аймақта қандай  мамандықтар керектігін анықтау қажет;

       Өзін-өзі зерттеу маңызды (қызығулар, мінез ерекшеліктері, бейімділіктер, өзін-өзі бағалау, талаптану деңгейі);

       Өзіне ұнамды және ыңғайлы  мамандықты таңдауы тиіс;

       Таңдаған мамандықты зерттеу;

       Таңдаған мамандық бойынша өз күшін байқап көру;

Сабақты өорытындылау барысында мектеп психологі Т.Ертлеуов өз-өздерін бағалату мақсатында

Сиқырлы қалам” тренингін өткізді. Әуелі қаламсап туралы мағлұмат бере отырып неліктен бұлай аталғандығына тоқталды, сосын ойын шартымен түсіндірді. Қаламды алған оқушы бүгінгі сабақ туралы пікірлерін айтып, келесі оқушыға тілек білдіре отырып қаламды жалғайды. Сөйтіп қалам айналып шығады. Тренингке студенттерде қатысты. Барлығы сабақтың қызықты да тартымды өткендігін айтып, бір-біріне жақсы тілектер жаудырды.

     Бүгінгі сабақты  мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:

Жастықта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң.
Еңбегің еңбектенген кетпес зая,
Міндеттке бір жетерсің ойыңа алсаң.
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
                                                               Кәсібіңе сай болу!- дегендей ел сеніміне кіретін  құрметті  мамандық иесі  боламын десеңіздер үлкендердің айтқан ақыл кеңестерін жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тіршілік химиясы қолданбалы курс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по студенческому спорту

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Батыс Қазақстан Облысы , Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылындағы Ғабдолла Махамбетов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің химия пәнінің І санатты, ІІІ деңгейлі мұғалімі Калыбаев Ораз Наурызбаевич . Еңбек өтілі 9 жыл, Білімі жоғары Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің жаратылыстану факультеті химия және биология пәнінің мұғалімі мамандығы-2006.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 105 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.05.2015 2235
    • DOCX 2.8 мбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калыбаев Ораз Наурызбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калыбаев Ораз Наурызбаевич
    Калыбаев Ораз Наурызбаевич
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 41814
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель химии

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Курс повышения квалификации

Современные образовательные технологии в преподавании химии с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 137 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 379 человек

Мини-курс

Основы творческой фотографии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 224 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Социальные и правовые аспекты эпохи Просвещения: влияние на образование сегодня

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе