Инфоурок Биология Другие методич. материалыТіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар 11 сынып

Тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар 11 сынып

Скачать материал

Биология. 11сынып.

Cабақтың тақырыбы: §3 Тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар. (Ф.Редидің тәжірибелері, В.Гарвейдің ой-пікірлері, Л.Пастердің тәжірибелері. Тіршіліктің мәңгілік теориясы. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы материалистік көзқарастар).

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тіршіліктің пайда болуы туралы теориялармен және ғалымдардың жүргізген тәжірибелерін түсініп алу таныстыру.

Сабақ типі : Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: СТО, Диалогтік оқыту, топпен жұмыс, суретпен жұмыс,
Көрнекілігі: АКТ-ні қолдану ( фото, видео ), флипчарт, бағалау парақтары

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: - амандасу; жылы шырай таныту;
- топқа бөлу ( 3 топ )
- бағалау парағы алдарына тасталады

Тренинг."Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,-үшеуімен болады-бақтты өмір..." деп Әйтеке би айтқандай мен шәкірттеріміздің жүзінен тек бақыттың нұрын көргім келеді.

Ендеше , балалар бәріміз бір-бірімізге мына сөзді қолдану арқылы өз ойларымызды жалғастырамыз. Мен бүгін сіздерді көргеніме қуаныштымын .... ( әркім өз ойларын, тілектерін жалғастырады)

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

1. Топтастыру.

hello_html_m443ae46b.gif

2. Ойлан тап. суретпен жұмыс

1-топ. Асқорыту, тірек қимыл жүйесі

2-топ.зәр шығару, қан айналым жүйесі

3-топ. жүйке және тынысалу жүйесі

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жер бетінде тіршіліктің дамуы теорияларының негізгі бес жолы:

1. тіршілік табиғаттан жоғары күштің әсерінен бір мезетте жаралды

2.Тіршілік өлі табиғаттан (заттан) бірнеше рет пайда болды

3. Тіршілік мәңгілік

4.тіршілік біздің планетамызға басқа планетадан келді (панспермия)

5.Тіршілік химиялық және физикалық заңдылықтарға бағынатын құбылыстардың нәтижесінде пайда болған.

Тіршіліктің пайда болуы жайында, негізінен, бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарас қалыптасқан. Оның біріншісі- тіршілік өлі табиғаттан пайда болған абиогенездік теорияға келіп тіреледі. Екінші көзқарас- биогенездік теория. Бұл көзқарас бойынша тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Тіршіліктің айда болуы жайындағы бұл екі көзқарас арасындағы өзара келіспеушілік осы күнге дейін жалғасып келеді.



hello_html_5e3e1d40.png

"Тіршілікті белгілі бір уақыт аралығында ерекше құдіретті күш жаратты" делінсе, ал

грек философы Аристотель: «Тіршілікті ешқандай құдіретті күш жаратқан жоқ, ол өздігінен өлі денелерден пайда болды» деді. Мысалы: бит-еттен, қандала- жануар шырышынан, шұбалшаң- балшықтан пайда болады деген көзқарастар болды. Құрттар -топырақтан, шыбындар-шіріген еттен,

ал тышқандар дәннен немесе кір-ластан айда болды деп есептеген.
hello_html_7edcfb28.png

Голландиялық ғалым Ван Гельмонт: «Тышқандар кір киімнен пайда болды»
Дәрігер Парацельс: «Адамды қолдан жасап шығарудың» әдісін ұсынды.
Луи Пастер: «Тірі организмдер басқа тірі организмдерден дамып жетіледі»
Келесі бір теорияда: "Жер еш уакытта жанадан пайда болған жоқ, ол әуел бастан мәңгі, олай болса, жер бетіндегі тіршілік те мәңгі", — делінеді. Бірқатар ғалымдар: "Жер бетіне басқа ғаламшардан өсімдіктің тозаны, споралары, тіпті ұсақ организмдер де келіп түседі", — деген ойда болған.

Тіршіліктің құпия сырларын білу үшін ағылшын философы Френсис Бэкон- (1561-1626 жж) міндетті түрле бақылау, эксперимент жасап зерттеуді ұсынды. Осы ұсынысы арқылы түрлі діни сенімдерге батыл қарсы шықты. Ғалымның эксперимент жасап алынған деректерді талдап салыстыру керек деген көзқарасы жаратылыстану ғылымының дамуына ерекше әсер етті.

Ф. Реди және Л. Пастер тәжірибелері. XVII ғасырда италиялық дәрігер Франческо Реди (1626—1698) тәжірибе жүргізіп, "тіршілік өздігінен пайда бол­ды" деген теорияға қарсы шықты. Ол бірнеше ыдысқа өлген жыланның денесін салып, біразының бетін жауып, біразын ашық, қалдырған. Бірнеше күннен кейін жабық ыдыстарда еш өзгеріс болмады, ашық ыдыстағы өлексе құрттай бастаған. Ф. Реди: "құрттар өздігінен пайда болған жоқ, шыбынның етке салған жұмыртқасынан шыққан дернәсіл", — деп түсіндірді. Ф. Реди тәжірибе қорытындысын 1661 жылы жариялап, тірі организмдердің өлі материядан пайда болмайтынын, яғни сазбалшықтан — бақа, ескі кір шүберектен — тышқан түзілмейтін дәлелдеді.

1775 жылы М.М. Тереховский ішінде сорпасы бар ыдысты қайнатып, оның аузын тығыз етіп жауып тастады. Онда ешқандай өзгеріс байқалмады, ал аузы ашық ыдыстағы сорпаның бірнеше тәуліктен соң ашып кеткендігі байқалды. Ол кезде микроазғалар жөніндегі ғылыми деректер мардымсыз болатын. Виталистік (латынша — vitalis" — тірі, тіршілігі бар деген ұғым) көзқарастағылар: "аузы жабық ыдысқа "тіршілік күші" кіре алмағандықтан тіршілік пайда болмады, сорпаны қайнатқан кезде "тіршілік күші" өледі, — деген қарсы пікірді ұсынды.

Л. Пастер тәжірибесі.

Сыйлыққа 1862 жылы сол елдің әйгілі ғалымы Луи Пастер ие болды. Ол мынадай тәжірибе жүргізді: S тәрізді иілген түтік жалғанған бірнеше колбаға ет сорпасын құйып, ұзақ уақыт қайнатты. Соның нәтижесінде микробтар ғана емес, олардың споралары да жойылды. Содан кейін колбалардың аузын ашық қалдырып, тегіс жерге орналастырды. Микроорганизмдердің споралары түтіктің иілген жеріне шөгіп, одан әрі өте алмағандықтан, сорпа көпке дейін бұзылмай сақталды. Бірақ колбаның біреуін сәл еңкейтіп, сорпаны иілген түтікке жеткізіп қайта кері құйғанда, сорпа көп ұзамай бұзыла бастады. Өйткені түтікке түскен микробтар сорпаға өтіп, қоректік ортада тез өсіп, көбейді. "Ендеше, тірі организмдер басқа тірі организмдерден дамып жетіледі", — деп, Пастер тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын тағы дәлелдеді.

Креационизм

К.Линней, Ж.Кювье

  • Жер бетіндегі тіршілік мәңгілік әрі оны жаратушы күш бар”.

Панспермия” теориясы

  • Жер бетіне тіршілік тұқымы басқа ғаламшарлардан метеориттер және ғарыштық шаң-тозаңдар арқылы үнемі таралып тұрады”.

  • 1865 жылы неміс ғалымы Г.Рихтер ұсынды.

Тіршілік жер бетінде мәңгілік” теориясы

  • 1880 жылы неміс ғалымы В.Прейер ұсынды.

  • В.И.Вернадский: “ тірі организмдер мен өлі табиғаттың арасында ешқандай айырмашылық жоқ”.

Кластер қорғау

  • 1-топ. Абиогенез және биогенез

  • 2-топ. Креационизм және витализм

  • 3-топ. Панспермия және тіршілік жер бетінде мәңгілік теориясы

Бағдаршам арқылы топтар бір-бірін бағалайды

  • Кім жүйрік»

  • 1. 3 тұжырым жазыңыз, оның біреуі “жалған” болуы керек.

  • 2. Өз тұжырымдарыңызды басқа топқа беріңіздер.

  • 3. Екінші топ тұжырымды оқиды және үш жауаптың қайсысы дұрыс еместігін талқылайды.

ІІІ. Бекіту

Миға шабуыл

hello_html_m40eed61f.gif

hello_html_m1ba6595f.gif

hello_html_51904819.gif



2. Суретпен жұмыс

hello_html_m9fd8636.gifhello_html_m1c44db49.png



3.Кесте толтыру

1.Қарапайым тірі ағзалар жансыздардан дүниеге келе алатынын қолдайтын теория

Абиогенез

2.Табиғатты бұрмаламай танып білудің негізгі әдісі ретінде тәжірибе және сынақтәжірибені алғаш ұсынған философ.

Ф.Бэкон

3.Ұсақ жәндіктердің (шыбындар) жансыздардан өздігінен дүниеге келуі мүмкін еместігін дәледеген ғалым

Ф.Реди

4.Тіршіліктің мәңгілігі теориясының авторы

В.Прейер

Вернадский

5.Жер ғаламшары- саналы тіршілік иесі, ал тірі ағзалар соның тіршілік әрекеттерінің нәтижесі екенін қолдайтын теория

Тіршіліктің мәңгілігі

6. Тіршіліктің пайда болуын атомдардың ерекше қозғалысының нәтижеі ретінде түсіндірген антик ғалым.

Демокрит

7.Тірі ағзалар өзге ғаламшарларда дүниеге келіп, прокариоттардың споралары түрінде жерге тасымалдануын қолдайтын теория.

Панспермия

8.“Жандылардан жанды туады” деген пікір арқылы өздігінен дүниеге келуді теріске шығаратын теория.

Биогенез

9. Аузы жабық ыдысқа “тіршілік күші” кіре алмағандықтан тіршілік пайда болмады, сорпаны қайнатқан кезде “ тіршілік күші” өледі деген пікірді ұстанушы теория

витализм





Рефлексия

  1. Бүгін мен .......... білдім.

  2. ..............қызықты болды.

  3. ................қиын болды

V. Үйге тапсырма беру.

§3 Тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар. (Ф.Редидің тәжірибелері, В.Гарвейдің ой-пікірлері, Л.Пастердің тәжірибелері. Тіршіліктің мәңгілік теориясы. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы материалистік көзқарастар).

Бағалау.

Әр топ басшыларының алдында алдын ала сызылып дайындалған кестелер болады. Онда сол топ мүшелерінің аты-жөндері, тапсырма нөмірлері, қосымша сұрақтардың жауабына арналған баға мен жалпы баға қоюға арналған бөліктер болуы керек. Бағалар сабақ барысында қойылып, мұғалімге тапсырылады.

Бағалау парағы


1-топтың бағалау парағы



Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабақ

Бекіту


Қорытынды баға

топтастыру

Ойлан тап

Проблемалық сұрақ


Кластер қорғау

Кім жүйрік

Миға шабуыл

Сурет және кестемен жұмыс










1











2











3











4











5











6












Топтың бағасы :

Бағдаршам арқылы өзін бағалау

·Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар 11 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыкальный журналист

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 227 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2016 43460
    • DOCX 9.8 мбайт
    • 66 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Смайлова Рсалды Кадиржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Смайлова Рсалды Кадиржановна
    Смайлова Рсалды Кадиржановна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 99844
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 556 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Мини-курс

Музыка в мире: народные и культурные аспекты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы инженерной подготовки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 662 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 536 человек