Инфоурок Физика КонспектыТізбек бөлігіне арналған Ом заңы

Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы

Скачать материал

                    8 класс

Ақтөбе қаласы    №40 орта мектеп.

 Бурибасова Г.А  физика пәнінің мұғалімі

 

  Сабақтың  тақырыбы :      Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы            

Сабақтың  мақсаты:       

Білімділік :    Электр тізбегіндегі физикалық үш шаманың бір-біріне  тәуелділігін   түсіндіру,осы тәуелділік арқылы Ом заңын ашу, тұжырымдама жасау,кернеу тұрақты болғанда ток күшінің кедергіге тәуелділігін график арқылы түсіндіру.     

Дамытушылық :      Оқушылардың зейіні мен зердесін,іскерлігін дамыту.

Тәрбиелік :                Оқушыларды ұқыптылыққа,аңғарымпаздыққа,  электр тізбегімен жұмыс жасағанда сақтыққа тәрбиелеу.

Сабақтың  барысы:

1.Ұйымдастыру  бөлімі.   Оқушыларды түгендеу.Кластың тазалығы,тақтаның дайындығы,жалпы бүгінгі сабаққа оқушылардың дайындығын тексеру.

2.Үй тапсырмасын сұрау.  Біроқушыдан үйге берілген «Ток күшінің  кернеуге тәуелділігі.Өткізгіштердің электрлік кедергісі.Кедергі бірліктері»сұралады.Оқушының жауабы қосымша сұрақтармен  толықтырылады.

3.«Бәйге» ойыны(үш топпен)

Мақсаты: Үй тапсырмасын қорытындылау арқылы жаңа материалды игеруге даярлау.Оқушылар үш топқа бөлініп уақыттың шектілігі ескертіледі.

Бірінші топ   «Ток күші»    

Екінші топ     «Кернеу»         

Үшінші топ    «Кедергі» 

Әр топ бір-біріне сұрақ қояды,берген жауабы тез,нақты болуы тиіс.

«Ток күші»    тобының сұрақтары (4-сұрақтан) 

1.Электр тоғы дегеніміз не?

2.Ток бағыты деп,ток көзінің қай полюсінен қандай полюсіне қарайғы бағыт қабылданған?

3.Тізбектегі ток күшін өлшейтін аспап қалай аталады?

4.Ток күшінің өлшем бірлігі?

«Кернеу» тобының сұрақтары

1.Кернеу тізбектегі нені сипаттайтын шама?

2.«Керуен»    сөзін физикалық шамаға өзгерт?

3.Кернеуді өлшейтін құрал қалай аталады?

4.Вольтметр тізбекке қалай қосылады?

«Кедергі»   тобының сұрақтары

1.Тізбектегі кедергінің себебі неде?

2.Кедергінің өлшем бірліктері?

3.Кедергінің шартты белгісі?

4. 5кОм да қанша Ом бар?

Оқушылардың топтағы білімдерін бағалау үшін бағалау критериін (деңгейін )  тақтаға қоямын.

Ескерту: Баға « +»,«- » деп бағаланады.Бағаны топтың басшысы береді.Топпен қорытынды жасалып болған соң,жаңа сабаққа көшемін.

4. Жаңа сабақ

Сонымен біздер үш физикалық шамамен таныстық.Олар ток күші,кернеу,кедергі.Бұл шамалар өзара байланысты.Тізбекте ток күші көп болса,өткізгіш ұштарындағы кернеуде көп болады,яғни ток күші кернеуге тура пропорционал.Ал бір шаманың екінші шамаға тәуелді болатынын анықтау тәжірибелерінде ,басқа шамалардың тұрақты болуын қадағалау керек,егер олай болмаса ондай тәуелділікті анықтай алмаймыз.Сондықтан ток күшінің кедергіге тәуелділігін анықтау үшін,өткізгіш ұштарындағы кернеудің тұрақты болуын қамтамасыз етеміз.

Тәжірибе: Ток көзі ретінде гальваниэлементі немесе аккумулятор алынған.Кедергілері әртүрлі өткізгіштер алып,осы тізбекке оларды кезек-кезек жалғастырамыз.Сонда тәжірибе кезінде өткізгіш ұштарындағы кернеу тұрақты,оны вольтметрдің көрсетуінен көріп тұрамыз.Сонда нәтиже мынадай:

Тәжірибе

Кернеу (В)

Кедергі(Ом )

Ток күші (А )

№1

2

1

2

№2

2

2

1

№3

2

4

0.5

Бұл кестеден өткізгіш ұштарындағы кернеу бірдей екенін,ал кедергі көбейген сайын ток күшінің азайғанын байқаймыз,яғни кедергі неше есе артса, ток күші сонша есе кеміген,бұдан мынадай қорытындыға келеміз: Өткізгіштегі ток күші өткізгіш кедергісіне кері пропорционал болады.Сонымен тізбектегі ток күшінің тізбек бөлігінің ұштарындағы кернеуге және сол бөліктің кедергісіне тәуелділігін 1827 жылы неміс ғалымы Ом ашқан.Сондықтан сол ғалымның құрметіне Ом заңы деп атайды.Физика ғылымының ең негізгі заңдарының бірі.Ом заңы былай оқылады: Тізбек бөлігіндегі ток күші ,осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал ,оның кедергісіне кері пропорционал болады.

(Power Point бағдарламасы арқылы жасалған слайд арқылы көрсетіледі).

5. Ом заңына есептер шығару.

Оқулықтағы 27-жаттығудың №1 есебі.

6. Қорытындылау.

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы қорытындыланады.

7. Бағалау.

Сабаққа қатысып отырған оқушыларды және топпен жұмыс жасағанда белсенділік көрсеткен оқушылар,есепке шыққан оқушылар түгел бағаланады.

8. Үйге тапсырма.§38   27-жаттығудың №3.4

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 925 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.11.2015 959
    • DOCX 14.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бурибасова Гулжамал Аманжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21144
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания физики в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 217 человек из 64 регионов

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 116 человек из 44 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 27 регионов

Мини-курс

Практические аспекты работы логопеда: методы и приемы в логоритмике

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налог на прибыль и учет доходов/расходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе