Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Тізбектелген сабақта жүргізілген формативті және жиынтық бағалау бойынша рефлексивті есеп"

"Тізбектелген сабақта жүргізілген формативті және жиынтық бағалау бойынша рефлексивті есеп"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Байтохина Асемгуль Турмаганбетовна Тренер портфолиосы В3 есебі

1 топ 3-деңгей

Ақтөбе қаласы 07.06.2015


Формативті және сумативті бағалау бойынша жазбалар



1-жазба

  1. Мұғалімдердің оқуымен оқыту тәжірибесіне қолдау көрсету үшін тренердің формативті бағалауды қолдануы туралы бір жазба

Төрт сабақта тапсырмаларды орындап отырғаннан кейін формативті бағалау жүргізілді: өзін-өзі бағалау, жұпта, топта өзара бағалау, піскен алма арқылы, критерилер арқылы бағалау түрлері қолданылды. Әр бір сабақтың қорытынды бөлімдерінде мұғалімдермен кері байланыс жасау үшін де «Екі жұлдыз! Бір тілек!» әдісі бойынша жұптастарының сабаққа қатысқаны туралы өз ойларын ортаға салды. «Алты қалпақ» әдісі арқылы кері байланыс алынды, «Өзін-өзі бағалау» бойынша қабырға журналына модульді түсінуі бойынша, алманын піскен түсімен өзін-өзі бағалау жүргізілді, «Топтастарын бағалау парағы» арқылы кері байланыс жасалды. Сонымен қатар ең ұтымды пікір және ерекше идеясымен көзге түскен мұғалімдерді піскен қызыл алмамен формативті бағалап отырдым. Бұл мен үшін де, мұғалімдер үшін де ұтымды әрі тиімді болды деп санаймын.

1 Қалыптастырушы бағалау

«Бірге ойлаймыз, сөйлейміз. есептеу парағы беріледі. (топ мүшелері әр біреуі топтастарын бақылап отырады әр бір топ мүшесіне баға беріп отырады).

C:\Users\ASUS\Desktop\CAM00026.jpg

2 Қалыптастырушы бағалау «білу түсіну қолдану» бойынша берілген критериимен өзін-өзі бағалау.


1427132940103


3 Сабақ соңында сабақты түсіну бойынша «6 қалпақ әдісі» Рефлексия

Алты қалпақ әдісі арқылы кері байланыс алынады.

Ақ қалпақ – Нақты малімет не түсіндім?

Қара қалпақ- Түсініксіз болған нарсе?

Қызыл қалпақ-Не әсерлі болды?

Сары қалпақ- Нені жетілдіруім керек?

Жасыл қалпақ – қай тұсымды дамытамын?

Көк қалпақ-Өзімнің өміре қажетті аларым?

C:\Users\ASUS\Documents\Bluetooth Folder\CAM00500.jpg

Кері байланыс парақтарын оқу арқылы мұғалімдердің осы сабақ бойынша көп мәлімет алғандарын, әдіс тәсілдердің түрлерін меңгергендерін модульді жақсы деңгейде түсінгендерін біршама критерий арқылы бағалауда көп мәлімет алғандарын сонымен қатар формативті бағалаудың жетістікке жету үшін жасалатын қадам екенін түсініп өздерінің тарапынан жүргізіп жүрген дәстүрлі бағалауынан табыс критериилері арқылы бағалаудың тиімді екенін жазып кеткен.

Қорыта келе, сабақ барысында қолданылған формативтік бағалаулар тәсілі кез келген тақырыпты меңгеру үшін қолдануға қолайлы деп есептеймін. Әсіресе, мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру үшін, оқушылардың өзіндік, өзара бағалай алуын қалыптастыру үшін тиімді болатыны сөзсіз.Сабақты қорытындылау үшін «Өзін өзі бағалау экраны арқылы» қабырға журналына модуль идеясын түсінуі бойынша бағалау жүргізілді.

4 «Өзін өзі бағалау экраны арқылы»

C:\Users\ASUS\Documents\Bluetooth Folder\CAM00094.jpg




2-жазба

  1. Мұғалім стандарттарына сәйкес болу үшін не істеу керектігі туралы мәлімет беретін және оқу мен оқытуды жетілдіруге ықпал көрсететін сындарлы формативті бағалаудан кейінгі мұғалімнің жазбаша кері байланысы


C:\Users\ASUS\Documents\Bluetooth Folder\IMG-20150607-WA0001.jpg

Менің тарапымнан Жолдыбаева Акжума Нурлановна рефлексивті есептеріне «қанағаттанарлық» деген бағаға қойдым. Себебі: мысалға модуль бойынша рефлексивтік есепте «Көшбасшылық» бойынша модуль қалай және неліктен енгізілгені теориямен байланыстырыла жазылған. Есеп Бағдарлама модульдерін білу және түсінуді, тәжірибеде қалай қолданылғанды қамтиды. Есепте «Мұғалімге арналған Нұсқаулыққа» және Бағдарламада ұсынылған қосымша материалдарға логикалық түрде сілтеме жасалғаны бейнеленеді. Есеп мұғалімнің модуль идеяларын өзінің оқыту мен сабақ беру тәжірибесінде қолданғанын көрсетеді. Сонымен қатар топтық таныстырылым бойынша есебінде де мектептегі тәжірибеде жүзеге асыруға тиіс тапсырмалар бойынша өткізілген топтық таныстырылымға қатысуда өзіндік пікірі мен әріптестерінен алған құнды пікірлерін атап көрсеткен. Бірақ осы жұмыстардың барысына өзінің қосқан пікірлерін нанымды фактілермен жеткізу жұмыстары әлсіз.

C:\Users\ASUS\Desktop\CAM00487.jpg



  1. Мұғалімдердің оқуы және тәжірибесін формативті бағалауда қолданылған тәсілдерді негіздейтін қысқаша түсіндірме



Әр бір есепті жақсарту жұмыстарын жүргізу барысында біршама формативті бағалаудың түрлері ұйымдастырылды. Мысалға белгілі бір есепті бағалау үшін топтық, өзара, өзін-өзі бағалау парақтарымен сонымен қатар екі жұлдыз бір тілек жазу арқылы бір біріне және тренердің тарапынан есептеріне және таныстырылымдарына формативті түсіндірме алып отырды. Сол формативті бағаны тренердің тарапынан ала отырып, мұғалімдер өздерінің есептері мен таныстырылымдарын дайындау барысында көп жұмыс жасап жақсартуға тырысты. Әр бір нәрсенің өз жақсылығы бар екенін мұғалімдер ұмытпаулары қажет екенін біліп отса қашанда сауатты да беделді ұстаздар қауымы жойылмайтындығы анық.



Суммативті бағалаудың 2 жазбасы

1-жазба

  1. Мұғалімнің Портфолиосы бойынша қабылданған суммативті шешім және оны негіздеуші қысқаша пікір туралы бір жазба;

Тәуелсіз тренер ретінде №3 топтың портфолиоларын суммативті бағалау кезінде Кауысова Гүлшарат Қылышбаевна рефлексивті есебін оқи отырып төмендегідей қорынтындыға келдім. Яғни есебінде Бағдарлама модулдерін қолданылғаны, идеяны түсінгені көрініп тұр, рефлексиясы әлсіз толықтыруды қажет етеді деген оймен «қанағаттанарлық» деген баға қойдым.

C:\Users\ASUS\Desktop\CAM00484.jpgҚолы.................................................................................. Күні: 22.05.2015ж

Көпжанов Нұрым Бекжанұлы есімді мұғалімнің портфолиосын суммативті бағалауда мұғалімнің есептерінің барлығы теориясы практикасымен жалғасып одан кейінгі рефлексия жасауы қалыптасқандығын портфолиоларын оқи отырып байқадым Яғни бағдарлама идеясын терең түсініп оны практикада қолданғаны оған бірнеше дәлелдемелермен мысалдар келтірілгені және соңында барлық есептерінің талапқа сай жазылғаны көрініп тұрды. Сондықтан бұл мұғалімнің рефлексивті есептерін суммативті бағалау кезінде «жақсы» деген баға қойдым.

C:\Users\ASUS\Desktop\CAM00485.jpg









Суммативті бағалау бойынша

2-жазба

  1. Мұғалімнің таныстырылымы бойынша қабылданған суммативті шешім және оны негіздеуші қысқаша пікір туралы бір жазба;

Тәуелсіз тренер ретінде басқа топтардың презентацияларына суммативті бағалау жүргізу барысында: №3 топтағы бір мұғалімнің өзгеріс бойынша таныстырылымын үш деген бағамен бағаладым өйткені Қуантаева Жанаргүл деген мұғалімінің таныстырылымы толық ашылды.

C:\Users\ASUS\Documents\Bluetooth Folder\CAM00479.jpg

C:\Users\ASUS\Documents\Bluetooth Folder\CAM00351.jpg

C:\Users\ASUS\Documents\Bluetooth Folder\CAM00354.jpg

C:\Users\ASUS\Documents\Bluetooth Folder\CAM00362.jpg



  1. Мұғалімдердің оқуы және тәжірибесін суммативті бағалауда қолданылған тәсілдерді негіздейтін қысқаша түсіндірме

Әр бір мұғалімнің өз ерекшелігі бар екенін ұмытпауымыз қажет. Мұғалімдердің барлық есептері мен таныстырылымдарын суммативті бағалау кезінде ең бірінші негізгі үш критерии бойынша бағалауға сол білгенін қалай жеткізіп көрсете алуынна назар аудардым. Ең басты ол міндетті түрде бағдарлама идеясын жақсы білеме? Оны қалай немен дәлелдеп тұрғанын, екіншіде осы білген теориясын қалай практикада қолданып, қолданғанын дәлелдемелер негізінде көрсете алуы, сонымен қатар осы біліп қолданғаны бойынша қалай рефлексия жасап тұрғаны мен алға қойған қадамдары бар ма? Деген сұрақтарды негізге ала отырып суммативті бағалау жүргіздім.Суммативті бағалауды жүргізе келе мұғалімдердің есептерін оқи отырып таныстырылымдарын тыңдай отырып олардың теорияны меңгергендерін, практикада сол теорияны қолдана алғандығын және рефлексия жасай алатындықтарын байқадым. Әрине барлығы бірдей емес кейбірінің рефлексия жасау тұсын жетілдіру керек болып жатса енді біреулері алға қойған қадамдарына нақты тоқталмаған. Әрине бұның барлығы үлкен еңбек сол еңбектерін орындап шықты деп айта аламын. Алдағы уақытта мұғалімдерге сынақтан 100 пайыз өтіп тек қана биік шыңдардан көріне берсін деген тілек білдіремін.

13



Автор
Дата добавления 29.09.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров952
Номер материала ДВ-018418
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх