Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Тізбектелген сабақтар бойынша оқушыларды зерттеу жұмысы

Тізбектелген сабақтар бойынша оқушыларды зерттеу жұмысы


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Тізбектелген сабақтар бойынша оқушыларды зерттеу жұмысы

Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізу күнтізбелік жоспар бойынша, Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы қарасөзі», Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме», «Екі шыбын» , С.Торайғыров «Бір адамға » деген тақырыптарда 4 сабақ жоспарланды. Бұл сабақтарды бақылаудағы мақсатым – дәстүрлі сабақ пен өзгертілген сабақтарды салыстыру, оқушылардың тапсырмаларды орындау қарқынын, , тақырыптар бойынша меңгерген білімдерін анықтап зерттеу. Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым- қатынас маңызды рөл атқаратынын көрсетті.Оқушылар жұпта немесе топта жұмыс істегенде ,олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға тартылады,осылайша ,негізделген дәлелдерді әзірлеу және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық,99-бет.) Сабақтарымды топтық жұмыстар арқылы жүргіздім, оның үшін әр сабағымда топтастырудың әртүрлі тәсілдерін қолдандым. Атап өтсем, бірінші сабағымда «Санамақ» арқылы топқа бөлдім,екінші сабағымда «Жылдамдық арқылы ақын жазушылардың атын айту» арқылы топтастыра отырып топ басшысын белгелеген болсам,үшінші сабағымда «Аңдармен жәндіктердің суреті» арқылы топқа боліп,топ басшыларын белгіледім,келесі сабақта «Сұлтанмахмұттың өлеңдері» арқылы топтастырдым. Тақырыптар оқушылардың жұптар мен шағын топтарда тапсырмаларды орындау арқылы ашылды

hello_html_m7eabce13.jpghello_html_1c767294.jpg



hello_html_m768f1668.jpghello_html_m7e1f6606.jpg



Оқушылардың оқуға қызығушылығын , белсенділігін , білімін байқау үшін әр сабағымда бағалаудың критерийлері мен дескрипторларын ұсына отырып өзін-өзі бағалау,топтық бағалау,топта бағалау түрлерін қолдандым.

«Ынтымақтастық оқу-бұл оқыту мен оқу тәсілі,аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді.Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген,оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі және әңгімелесу арқылы білім алады.

Мұғалімдер үшін маңызы

Оқушылар оқу үдерісіне белсенділікпен қатысқанда тиімділікпен оқиды.Зерттеушілер оқитын пәніне қарамастан,басқа оқу нысаныда ұсынылған сол ақпаратан гөрі,шағын топтарда жұмыс істейтін оқушылар,әдетте,оқытылатын нәрсе туралы көбірек біліп,соның нәтижесінде алған білімдерін ұзақ сақтайтынын дәлелдеп отыр.Сонымен қатар ынтымақтастық топтарда жұмыс істейтін оқушылардың өзінің сыныптастарына анағұрлым көңілі толатын сияқты болып көрінеді (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 78-бет)

Абайдың «Жиырма тоғызыншы қарасөзі» тақырыбында іс-әрекеттегі зерттеу үшін алғашқы сабағымды өттім. Сабақ барысында сергіту жаттығуы жасатып, оқушыларды 5 оқушыдан шағын топқа бөлдім, өздеріне топ ережесін жасаттым, Блум таксономиясының ойлау деңгейлері бойынша жоспарлаған сабағымды өттім. Оқу үлгерімі әр түрлі 4-5 оқушыдан 5 топқа бөлінді. А оқушы бір топта, В оқушы мен С оқушы екеуі бір топта болды. Білу, түсіну деңгейлерінде оқушылар тапсырманы оқып, тыңдап,сұрақтарға жауап берді.Қолдану деңгейінде топтық жұмыс арқылы Абай сынаған мақал-мәтелдерді қатыстыра отырып диалог жүргізді, мақалдардың мағынасын түсіндірді. Оқушылар «біліу, түсіну, қолдану» деңгейінде өздерінің белсенділіктерін танытты. Блум таксономиясына сәйкес «талдау,жинақтау,бағалау» деңгейі оқушылардың жоғары деңгейде ойлайтынын көрсетуге мүмкіндік беретін және көшбасшылықты анықтайтын тапсырмалар берілді. Талдау деңгейінде оқушылар топпен мақал-мәтелдерді талқылап,өз пікірін , ойларын постермен қорғады. Жинақтау,бағалау деңгейіндегі тапсырмаларды орындауға уақыт жетпей қалды. «Қолдану» деңгейінде оқушылардың барлығы қызығушылықпен өз рөлдерін орындады.Сол кезде мен уақыт үнемдей алмадым.Жинақтау ,бағалау деңгейіндегі тапсырмаларды үйде орындауға тапсырдым.

hello_html_422f1cf7.jpghello_html_609682c8.jpg

А,В,С оқушыларды SMART талдауы негізінде зерттедім.

А

В

С

S

Нақты-лық

Сұрақтарға тақырыптан ауытқымай нақты жауап берді

Өзінің ой- пікірін нақты,дәл жеткізе білді

Ой –пікірін жүйелеп жеткізе алмады.

M

Өлшем-ділігі

«Білу, түсіну,» тапсырмаларына қатысты.

«Білу, түсіну, қолдану, талдау» тапсырмаларына қатысты.

«Білу, түсіну» тапсырамларына қатысты. «талдау» тапсырмасында В оқушымен бірге постер қорғады.

A

Қолже-тімділік

Мақсатқа жетугеде ізденді.

Мақсатқа жетуде ізденді,тобына көмектесті.

Мақсатқа жетуде топ мүшелеріне сенді.

R

Өзектілігі

Тақырыпта айтылған мақалдарды сабақта қолданды.

Мақалдарды диалог барысында қолданып,мағынасын ашты.

Топта қолданып,оқушыларға сұрақ қойды.

T

Орында-лу мерзімі

Уақытпен пайдалануды үйрену керек

Уақытпен пайдалануды үйрену керек

Уақытпен пайдалануды үйрену керек.

«Талпынғандар ғана баға алады.Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет.Сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес қажет.Бұл олардан түсінушілікті , қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді»Мұғалімдерге арналған нұсқаулық,106-бет)

Өзін- өзі бағалауы үшін табыс критерийлерін ұсынып,сабақ соңында бағалауын сұрадым. Сабақ жоспарының ойлау деңгейлер бойынша тапсырмалардың табыс критерийлеріне сәйкес ұпай сандары қойылды.

Берілген тапсырмалар бойынша табыс критерийлері үшін жалпы ұпай саны- 17 еді,жинақтау,бағалау деңгейлерінің ұпайын алып тастап,ең жоғары ұпай 12 болды. . Өзін-өзі бағалау үшін берілген параққа бағалап отырған А оқушы 10, В оқушы 12, С оқушы ұпаймен өздерін бағалады.


hello_html_1913978b.jpg hello_html_m77955ca3.jpg hello_html_4f546198.jpg


Мен оқушыларға ашық журнал арнап, әр сабақ бойынша өз жұмыстарын «Бағдаршам» стратегиясы арқылы ойлануды сұрадым.

«Бұл стратегия тиімді деп танылады,ол оқушыларды белгілі бір тапсырманы немесе жаттығуды орындау барысында оқыту үдерісі туралы ойлануға итермелейді.Егер олар жұмыстың материалын түсінікті ұғынса,онда олар жасыл индикаторды пайдаланады.Егер олар білімдеріне сенімсіздеу болса,онда сары түсті пайдаланады.Ал мүлдем күмәнданатын болса,онда қызыл индикаторды пайдаланады. (Үлестірме материалдар,екінші апта 4-5 күн).

Бағдаршам сигналдары үшін оқушыларыма смайликтер таратып бердім. «Жасыл» смайликпен 8 оқушы, , «сары» смайликпен 11 оқушы, «қызыл» смайликті 5 оқушы қолданды.Соның ішінде, зерттеуге алған А және В оқушы «жасыл» , С оқушы «қызыл смайликті қолданды. Сабақ соңында оқушылармен кері байланысты жазбаша түрде алдым.


hello_html_m22c27581.jpg

hello_html_7e8373d9.jpg

hello_html_7b7bb4ba.jpg

Тізбектелген сабақ жоспары бойынша екінші сабағым: А.Байтұрынұлы «Ақын ініме». Бұл сабағымда «Жылдамдық арқылы ақын- жазушылардың атын айту» бойынша оқушыларды топқа бөліп, әр топ басшыларына топтағы оқушыларды бағалап отыру үшін бағалау парақтарын табыстадым. Сабақ жоспарыма сәйкес «Ой қозғау,диалогтік оқыту, талдау, ой толғау әдістерімен сабақ өттім.

Бағдарламаның сын тұрғысынан ойлауға үйрету ,ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану , оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау ,оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер ,жас ерекшеліктеріне қарай оқыту мен оқу сияқты бағыттары кіріктірілді . Бірақ , соның ішінде топтық жұмыс арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру мәселесіне баса назар аударып отырдым.

Оқушылар сабаққа белсенді,қызығушылықпен қатысты. Зерттейтін А мен С бір топта, В Гүлназым бір топта болды. Топтық жұмыстарда А оқушыдан С оқушы тапсырма туралы сұрап, өзінің де ойын айтып отырды. Постер қорғауда А оқушымен бірге В оқушыда тақтаға шығып талдаған өлеңді оқыды. А оқушы шығармашылық жұмыста «Арнау» өлең жазды. В оқушы топта оқушыларға үнемі көмектесіп отырды, уақытты да тиімді пайдаланды.



hello_html_m32b33901.jpghello_html_3a259d05.jpg


Барлық тапсырмаларды орындап, А оқушыдан екі ұпай жоғары алды. А оқушы-17, В оқушы-19, С оқушы 12 ұпай алды.Оқушылар ашық журналға «Жасыл» смайликті 3 оқушы, «сары» смайликпен 15 оқушы, «қызыл» смайликті 6 оқушы қолданды.Соның ішінде, зерттеуге алған А және В оқушы «жасыл» , С оқушы «қызыл смайликті қолданды.

hello_html_m23747618.jpg hello_html_310af024.jpg


hello_html_m4d16ef4f.jpg


Сабақ соңында оқушылармен кері байланысты жазбаша түрде алдым. Ол төмендегі үлгіде болды:

Сабақ не туралы болды?................................................................

Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?.......................................................

Сабақта сіз үшін не қиын болды?................................................

Бұл қиындықты қалай жеңе аласың?...........................................

Келесі сабақтың қандай болғанын қалайсың?...........................

Тізбектелген сабақ жоспары бойынша үшінші сабағым Ахмет Байтұрсыновтың «Екі шыбын» мысал өлеңі болды. Оқушылар топқа бөлінуге қызығушылық танытып, бүгін топқа қалай бөлінеміз?-деп сұрап жатты. Сабақ барысында диалогтік оқыту, жуан және жіңішке сұрақтар,рөлдік ойындар әдістерін пайдаландым.

-«Ақын ініме» өлеңінің идеясы не?

-Өлеңнің тәрбиелік мәні қандай?

-Оның шығармаларының ерекшелігі неде?- деген сұрақтар арқылы үй тапсырмасын сұрадым.«Екі шыбын өлеңін » электронды оқулықтан тыңдатып,

- Шығарманың кейіпкері кімдер?

-Оның қасиеті қандай?

-Мысалда қандай мінезді адамды сынайды? -Өмірден қандай мысал келтіруге болады? -Жақсы-жаман қасиеттер туралы қандай мақал-мәтелдер , қасиетті сөздер білеміз? –деген сұрақтар арқылы жаңа сабақты пысықтап, деңгейлік тапсырмалар бердім.

І.Өлеңге жоспар құрып, әңгімелеңдер

ІІ.Ахмет Байтұрсынов аудармашы

ІІІ.Шығармалары арқылы бізге қандай тәрбие береді? Оқушылар постер қорғады.


hello_html_3fe12e8e.jpghello_html_m314170f8.jpg






hello_html_1c1d0847.jpghello_html_m5ec17472.jpg


hello_html_m6b7b887b.jpghello_html_7226d680.jpg


Ой толғаныс бөлімінде жұппен,топпен бүгінгі сабақ бойынша көрініс көрсетіп, мысал өлең жазады.


hello_html_6111f9e1.jpg hello_html_m1341e940.jpg hello_html_m79e7e156.jpg


А мен В оқушылары бір топта болды. А оқушы көрініс қоюда топ ішінде ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары екенін байқадым және оның артистік қабілеті де бар екен. Ал В оқушы өзінің шығармашылық қабілетінің жоғары екенін көрсетті. С оқушы ой толғаныс бөлімінде ғана қалыс қалды.Топ басшылары сабақ соңында топ мүшелерін өзара бағалады. А оқушы 35ұпай, В оқушы 40 ұпай жинап бұл сабақтың көшбасшысы болды және бұл топ 5 топтың ішінде ең көп ұпай жинады. С оқушы 25 ұпай жинады.Бағалауды топтық түрде жүргізуімдегі мақсатым, оқушылардың бірлескен оқуын ынталaндыру еді. Берілген әрбір тапсырманы орындауда бірлескен жұмыс топтағы оқушыларға бір-бірінің көзқарастарымен танысу,әңгімелесу кезінде идеялар ұсыну мен ақпарат алмасуға мүмкіндік берді.

hello_html_m777641a3.jpg hello_html_64b0aeb6.jpg


hello_html_m2035cc05.jpg hello_html_5f8a50a8.jpg



Оқушылар ашық журналға «Жасыл» смайликті 4 оқушы, «сары» смайликпен 17оқушы, «қызыл» смайликті 3 оқушы қолданды.Соның ішінде, зерттеуге алған А мен С оқушы «сары», және В оқушы «жасыл» смайликті қолданды. Бүгінгі сабақтың рефлексиясы үшін «Қосу-Алу-Қызықты» ойлау құралын ұсындым.



Ұнаған ақпараттар және жұмыс түрлері

(Жағымды әсер)


Не ұнамады,

түсініксіз болды немесе қажетсіз деп есептеймін.

(Жағымсыз әсер)

Бүгін үйрендім және көбірек білуді қалаймын.

(Мұғалімге сұрақ)


Тізбектелген сабақ жоспар бойынша төртінші сабағым да С.Торайғыров «Бір адамға »өлеңінде топтастыру,диалогтік оқу, деңгейлік тапсырмалар, тест әдістерін қолданды. Оқушылардың АКТ-ны пайдалану мәдениеттерін дамытуды көздеп «Сұлтанмахмұтты» топтастыруда интернет ресурстарын пайдалануды тапсырдым. Оқушылар интернет желісі арқылы тапқан материалдарын пайдалану арқылы тапсырманы жақсы орындап шықты. А,В,С оқушылар үш топта отырды. А оқушы интернеттен Сұлтанмахмұт туралы деректер іздеді, тобындағы оқушы жазып алып отырды. В оқушы интернеттен Сұлтанмахмұтқа қатысты деректерді сурет бойынша топтастырып, тобындағы оқушымен таныстырылым жасады. Ал С оқушы болса интернет желісінен деректер іздеп, тобына көмектесті. Бұл жерде А,В, оқушылар басшылық жасау қабілетінің жақсы екенін байқадым. С оқушы да интернетте жұмыс жасауға жақсы дағдыланған.

hello_html_11f28870.jpghello_html_m17fd7c45.jpg

hello_html_1abd4325.jpghello_html_780fdadf.jpg




hello_html_2de0306e.jpghello_html_4fc07ccc.jpg

Тақырып бойынаша қойылған «ашық- жабық» сұрақтарды топтық жұмыс түрінде орындауды тапсыдым. . Бұл тапсырманы орындау барысында топтағы оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылды. Оқушылар бір-бірін тыңдау және сөйлеу арқылы бірге ойланды. Оқушылар пікірлерін білдірді, осы пікірлер топ арасында талқылады. Бірлескен оқу арқылы білім алды және ұжымдық келісімге келе білді. Барлық топтағы оқушылар әңгімеге қатысып отырды, мен оқушылардың тақырыпты меңгергені мен әдебиетке қызығушылығының оянғанын байқадым.Деңгейлік тапсырма бергенде А,В оқушылар «Пайда ойлама, ар ойла» тақырыбына ойтолғау жазса,С деңгейдегі оқушы Шорманның Сәдуақасына мінездеме жазды.


hello_html_me7110f5.jpg hello_html_m6be3cbe8.jpg


Сабақ соңында тест алдым . 10 оқушы «5» алды, 14 оқушы «4»алды, соның ішінде А,В, оқушылар 10 ұпай жинап, «5» алды, ал С оқушы 8 ұпай жинап «4» алды.






Топта оқушылар өзара бағалады.Ашық журналға 9 оқушы «жасыл» түсті,12оқушы « сары» түсті қолданды, ал қызыл түсті екі оқушы қолданды. Зерттеп жүрген А,В оқушылар «жасыл», С оқушы «сары» смайликті қолданды.








Топта оқушылар өзара бағалады.Ашық журналға 9 оқушы «жасыл» түсті,12оқушы « сары» түсті қолданды ал,қызыл түсті екі оқушы қолданды. Зерттеп жүрген А,В оқушылар «жасыл», С оқушы «сары» смайликті қолданды.

hello_html_5f826b24.jpghello_html_m2612f2f8.jpg

hello_html_77d187e5.jpghello_html_m52fec760.jpg


Зеттеуден кейін алған «Малс»сауаалнамасының қорытындысы бойынша оқушылардың топтағы бірлескен жұмысы,сенімділігі артып, тапсырмадан қашқақтауы, қалыс қалуының төмендегенін көрсетті. Соның ішінде А, В, С оқшыларына сараптама алғанда төмендегідей болды.



ІІІ бөлім.Қорытынды және талдау

Іс -әрекетті зерттеу жұмысым арқылы мен оқытудың жаңа әдістер мен тәсілдерін қолдану- топтық жұмыс арқылы оқушылардың әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыруға және оқушылардың білім алуына түбегейлі ықпал етуге мүмкіндік беретініне көзімді жеткіздім. Тізбектелген сабақтарымды соң оқушылардан топтық жұмыс туралы сауалнама алдым.Оқушылар топтоптық жұмысқа бейімділігін, топтық жұмыста тапсырманы жақсы орындайтынын көрсетті


hello_html_4097fa87.jpghello_html_3c376af9.jpg


Джин Раддок «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде «Оқушылармен пікірлесудің мақсаты-қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екендігін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады (Rudduck et al,2004).

Менің енгізген өзгерістерім туралы оқушылар пікірлеріне назар аудардым .

А оқушы:Топтық жұмыс арқылы мен көп нәрсе үйрендім. Бұрын мен өзімді білімді, ақылды санайтын едім.Топтық жұмыста бәрі басқаша болды.Менен де қиалы ұшқыр,білімді оқушылардың бар екенін білдімжәне біз бір-бірімізді оқытып, үнемі бір-бірімізге көмектестік.

В оқушы: Мен бұрын мұғалім сұраса ғана сабақ айтатын едім.Енді тапсырмаларды орындағанда басқа топтардан қалып қоймас үшін жарысып оқыдық.Өз ойымызды топта талқыладық, бір-біріміздің пікірімізді тыңдадық.Сыныптастарымнан көп нәрсе үйрендім.Сабаққа қызығушылығымыздың артуына бір-бірімізді бағалау да әсер етті.

С оқушы: Мен бұрын сабақ айтуға ұялатын едім. Топтық жұмыс кезінде өзімнің тобыма үлесімді қосуға іздендіп,оқыдым,білгенімді ұялмай айтатын болдым.Өтетін тақырыпты да үйден оқып келетін болдым.

Сабақтардан соң сынып оқушыларымен әңгімелесу барысында және сабақ кезіндегі өзімнің бақылауымды салыстыра отырып төмендегіше қорытындыға келдім:

  1. Оқушының пәнге, білім алуға деген қызығушылығын артты.

  2. Топпен ынтымақтастықта жұмыс жасауды үйренді.

  3. Топтық жұмыс арқылы өздерінің білім алуына өздері жауапкершілік ала-алатындығын көрсетті;

  4. Оқушылар өз жұмыстарын топта салыстыруға мүмкіндігі болды, бірін- бірі бағалауды үйренді;

5. Оқушымен тиімді кері байланыс қамтамасыз етілді;

6. Өздеріне деген сенімі артты;

7. Оқушылар өздерінің қабілеті мен ерекшеліктерін

танытуға мүмкіндік алды, топқа бөлінгеннен-ақ

көшбасшы көрінді.

8. АКТ-ны жаңа пәндік білімдерді алу үшін тиімді қолдана

білді.


IV бөлім. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер мен бұдан кейінгі іс- тәжірибеге жасайтын ықпалы

Кембриждік оқыту тәсілдерін сабақтарда қолдану өте тиімді екендігін мектептегі тәжірибе кезінде көзім жеткендей болды. Мен іс-тәжірибеме жоспарлаған өзгерістерді мүмкіндігінше енгіздім.Топтық жұмыс оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуіне, бір-бірі үшін жауапкершілікті сезінуіне , бір-бірінің еңбегін бағалай білуге үйретті.Жоспарлаған сабақтарыма СТО стратегияларын, бағалау критерийлерін,АКТ-ны пайдаланып бейнежазба көрсету , т.б. әдіс-тәсілдерді қолданып сабақ өттім.Оқушылардың топтағы іс-әрекетінен белсенділік байқалды, сабаққа қызығушылығы артты, өз ойын тартынбай айтып,шығармашылық тапсырмалар орындады. Бірі баяндап беруші болса, бірі сурет салушы болды.Топтық жұмыс кезінде мұғалімнің баяндап беруін күтпей,өзі ізденуі , бірінің білмегенін бірі білуі мен үшін жаңалық болды.

Зерттеу барысында сабақтың сәтті тұсы ман кедергілер сабақтасып отырды. Түрлі тапсырмаларды көп беру; үндемейтін оқушылар лидер оқушылардың

тасасында қалуы; диалог барысында оқушылардың өз ойын жекізе алмауы. Кездескен кедергілерді болдырмау үшін топтық жұмыстың тиімді тәсілдерін ойластырдым. Тапсырмаларды нақты түрде беру жолын іздестірдім.Сабақ барысында оқушыларды үнемі бақылап, сөздік қорын молайту мақсатында диалогтік оқуды қолдандым,сұраққа толық жауап беруге дағдыландырдым.Сабаққа қызығушылығын арттыруда формативті бағалауды үнемі пайдаландым.АКТ сабақтың барлық кезеңінде пайдаландым. Мысалы, жаңа сабақты меңгерту кезеңінде интернет желісінен бейне жазбаларды ,тақырыпты түсіндіруде электрондық оқулықты қолданып, тақырыпты слайд түрінде дайындау уақытты үнемдеуге әкеліп ,оқушыларға тақырыпты тез және жеңіл түсінуге ықпал етті.

Зерттеу бойынша оқушылар жетістігі:


  • Оқушылар әлеуметтік және эмоциональдық тұрғыдан дами түсті;

  • Оқушылар білім алуына өздері жауапкершілік алды;

  • Топтарда жұмыс жасау арқылы көбірек білім алып, оны ұзақ сақтайды;

  • Өзара ынтымақ, бірлікте жұмыс жасауды,бір-бірінің пікірін тыңдауды үйренді.

  • АКТ-ны оқу құралы ретінде пайдалануға үйренді.


Зерттеу бойынша менің жетістіктерім:

  • Топтық жұмыс арқылы оқушылардың әдебиет пәніне қызығушылығын арттырдым.

  • Әр сабағымда табыс критерийлерін құрастыру арқылы оқушыларды бағалау үдерісіне тартуды жолға қойдым.

  • Оқытудың жаңа әдістер мен тәсілдерін қолдану арқылы сабақтарыма өзгерістер енгіздім;

  • Кері байланыс арқылы оқушының іс-әрекетін талдау және қорытындылауға мүмкіндік болды.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының Бағдарламасы .Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012 ж

2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012 ж

3. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012 ж

4.Екінші (негізгі) деңгей тыңдаушыларына арналған үлестірме материалдар.Үшінші басылым.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 29.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров22
Номер материала ДБ-399107
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх