Инфоурок Иностранные языки КонспектыТізбектелген сабақтар топтамасына «ақпараттық – коммуникациялық технология» модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп

Тізбектелген сабақтар топтамасына «ақпараттық – коммуникациялық технология» модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп

Скачать материал

Қызылорда облысы , Қазалы ауданы

Қожабахы ауылы

№ 25 мектеп

УНДРЕЕВА  НҰРГҮЛ   

Пәні :  Ағылшын тілі

 Тізбектелген сабақтар топтамасына  «ақпараттық – коммуникациялық технология» модулі қалай  және неге  енгізілгені  туралы рефлексивтік есеп

 

           Елбасымыз «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында оқушыларды қазіргі заманға сай жаңа технологиямен оқыту маңызды екенін атап көрсетті.  Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуына тікелей байланысты. Демек, оқыту барысындағы сөйлеу дағдысы жоғары, жаңа технологияны жетік меңгерген тұлғаны қалыптастыру – басты міндет. Коммуникативтілік білім беру мақсатына жетудегі шарттардың бірі болып табылады. Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту барысында өздері игерген білімі негізінде пікір алысады, сөз жарыстырып, өзара сынға дайын болады, жеке фактілер мен бақылаулардан ой тұжырымдауға, талқылауға жетеді, өз бетінше шешім қабылдаудың жолдарын, әдістерін қарастырады.

    Білікті  мұғалім үшін  жоғарыдан  алынған  білім  түрлері: теориялық  және  тәжірибелік  білімдер  өзара  тығыз байланыста  болуы тән . Акт енгізген  кезде,  теориялық  және  тәжірибелік  білімдердің  біртұтастығы  оларды  тиімді  қолдануды  қамтамасыз  етеді, ал бұл  оқыту  және оқу үдерістерін  жақсартуға  жағдай  жасайтын  болады. (МАН 62 бет)

            АКТ көмегімен сөйлеу дағдысын дамыту дегеніміз – оқушылардың компьютерлік технологияны оқу барысында тиімді пайдаланып, көптеген жаттығулар орындап, өзара ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау болып табылады.

             Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында белгіленгендей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады. Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды, сонымен қатар, басқа да жаңа технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады .

            Қазіргі кезде жаңа білім жүйесінде компьютердің пайда болып, жедел дамуының арқасында білімнің қарқынды дамығанын барлығы мойындайды. Менің тәжірибемде  видеофильм, электрондық пошта (e-mail), мультимедиалық презентация, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен ағылшын тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды орындаумен айналыстым. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай шаруа емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмаларының бірі ағылшын тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеу дағдысын дамыту болып табылады. Ағылшын тілін үйрету процессінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видео-көріністер, кинодан үзінділер, презентациялар және т.б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады . Бұл динамикалық және оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процессінде оқушының белсенділігі оянады.  Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарлап, ағылшын тілін меңгеруге ынтасы оянып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал жасайды.             

            Мектептерде де АКТ мен жұмыс істеу өте пайдалы. Өйткені нашар оқитын оқушының өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, себебі балаға компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Сонымен бірге оқушының сөйлеу дағдысын арттыра отырып білім нәтижесіне көзін жеткізеді. Заманға сай техникалық құралдарды ағылшын тілі сабақтарында қолдану – мұғалім жетістігіне апаратын тиімді жол.                .

            Ағылшын тілі сабағын оқытудың жаңа компьютерлік жүйесі шартты белгілерден тұрады. Бұл арқылы оқушы нақтылыққа дағдыланады. Соның негізіне оқытудың мынадай ұтымды жақтарын атап көрсетуге болады. Олар мыналар: оқушылардың ойлану дәрежесіне, материалды қабылдау ерекшелігіне байланысты әрбір оқушы үшін жеке-жеке компьютерде бағдарлама құрып, дербес жұмыс жасауға болады; компьютер арқылы нашар оқитын балаларды оқытудың тиімділігі артады; компьютерді пайдалану уакытты үнемдейді; оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады; білімді игертудегі барлық материлдың сан-алуан түрлілігі: бейнефрагменттер, аудиомәтіндер, сурет-сызбалар, диаграммалар т.б; тапсырмалардың әртүрлілігі; өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндігі; коммуникативтік дағдыларын дамыту мүмкіндігі; тапсырманың нақты, әрі түсінікті берілуі; игерген жаңа білімді өз бетімен бекітіп, қорытындылауы; жоғарғы оқу орнына барғанда компьютермен еркін жұмыс істеу мүмкіндігі.

            Әр сабағымда  сөз әрекетінің төрт түрі де қолданылды: тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу. Әр сабақта төмендегілерді қамтиды: АКТ үзіліссіз тілдік қарым-қатынас; бірнеше рет тыңдау мен оқып-білген материалды қайталаудың арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертілді; компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырды; оқушымен тікелей жұмысты іске асырады; компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты байланыстырды.

            Өз жұмысымда  сабағымның  сапасын артып, оқушылардың сөйлеу дағдысының қызметін ұйымдастыруды белсенді түрде жүргіздім. Оқудағы негізгі міндетім оқушыларға әр түрлі жаттығуларды орындауда компьютер көмегімен мүмкіндігін көрсету, өз бетімен компьютерді қолдануды және белгілі бір үлгідегі жаттығулар жиынтығын игеруде арнаулы қолданбалы пакеттерді пайдалануды үйрету болып табылды.

            Тәжірибе барысында оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту әдістемесі бойынша оқушылардың ойлану дәрежесіне, материалды қабылдауға байланысты әрбір оқушы үшін жеке-жеке компьютерлік технологияны  ұсынып, дербес жұмыс жасауға мүмкіндік бердім. Әр сабағымда  сөз әрекетінің төрт түрі де қолданылды: тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу. Сабақ барысында snapshot, conversation, grammar focus, listening, role play, pronunciation, word power, writing, reading жаттығулары қолданылды.         

            Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жаттығуларына диолог және монолог жатады. Осы жаттығуларды орындау нәтижесінде оқушылардың тыңдап-түсіну қабілеті әрекетін дамыту арқылы сөйлеу дағдысын жетілдіріп, одан әрі байланыстырып сөйлеуін дамытуына ықпал тигенін байқадым. Монолог барысында оқушылар мәтін мазмұнын ауызша, алдын ала дайындап, баяндады. Бұл жұмыс оқушылардың жоспар жасап  түсінігін айтып сөйлеу дағдысын дамытуда кең орын алды.

             Ақпараттық коммуникациялық  технология оқушының жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Ал осы компьютерлік технологияны үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол – мұғалім. Жаңаша ойлай білсең ғана ұстазсың. Сол себептенде компьютерлік технологияны  енгізуші таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр.

   Қоғам талабына сай ағылшын тілін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет тілді коммуникативті бағытта оқытып, сөйлеу дағдыларын дамыту. Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да, өз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектепте берілетін бүкіл білімнің негізгі мақсаты оқушының ағылшын тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру .

            Ағылшын тілін меңгеру оқушылардың өмір қажеттілігінен туындап отыр. Біздің ойымызша, ағылшын тілі сабақтарында жоғарыда көрсетілген әдіс тәсілдерді , компьютерді  қолдану оқушылардың ағылшын тілі сабақтарында шығармашылық, актерлік, логикалық ойлау қабілеттерімен қоса белсенділігін жетілдіріп, қызығушылығын арттырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан сабақты бір сарынды өткізбей, түрлендіріп, тартымды өткізу, оқулықпен шектеліп қоймай, қосымша материалды да пайланану әр ұстаздың шеберлігіне байланысты болмақ. Оқытудың өзі өнер және ғылым болып табылатындықтан мұғалім өзінің кәсіби іс-әрекетінің аясында біліктілік деңгейін үзбей шыңдап, ғылыми әдістемелік деңгейін көтеріп, ағылшын тілінен өткізетін сабақтарында компьютерлік технологияларды, қазіргі заманда өміршеңдігі дәлелденген әдіс тәсілдерді қолданса ғана XXI     ғасырға сай білімді және дарынды азаматтарды тәрбиелей алады.

                      Қорыта айтқанда, қай пәнді оқытуда болмасын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіре отыра оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойлау және сөйлеу қабілетін, ынта жігерін арттыра түседі. Өз ана тілін қадір тұтып, ағылшын тілді еркін меңгерген, ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын, тәуелсіз мемлекеттің ойшыл ұрпағын тәрбиелеу еліміздің білікті ұстаздарының қарызы мен парызы деп есептейміз.

               

  

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тізбектелген сабақтар топтамасына «ақпараттық – коммуникациялық технология» модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 662 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.09.2015 967
    • DOCX 218.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ундреева Нургуль Тыныштыкбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8405
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Итальянский язык: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель итальянского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 124 человека

Курс повышения квалификации

Английский для специальных целей (ESP)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 460 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (французский язык)

Учитель французского языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Состав и анализ финансовой отчетности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусственный интеллект: тексты и креативы

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 240 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек