Инфоурок Другое Другие методич. материалыТізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге еңгізілгені туралы рефлексивтік есеп

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге еңгізілгені туралы рефлексивтік есеп

Скачать материал

                                        Павлодар қаласындағы «Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі» ММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Нұрханова Айнұр Серікпайқызы

 

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге еңгізілгені туралы рефлексивтік есеп

         Өзімнің тізбектелген сабақтар топтамасына оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулін алып қарастырдым. Өйткені осы модуль оқудағы жаңашыл әдіс-тәсілдер ретінде «Қалай оқу керектігін үйренуді» және «Диалог арқылы оқытуды» қарастырып, әлеуметтік-сындарлылық пікірмен тығыз байланысты. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын артырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді [1].

            Аталған модульді жетекші етіп алғаным – қазақ тілі сабағында оқушылардың өзара жұпта, топта пікір алмасып, мұғаліммен де кері байланысқа түсу кезінде ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, қазақ тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын жақсарту және белсенділіктерін қалыптастыру.

            Осы модуль тізбектелген төрт сабағымда да өзіндік көрініс тапты. Жоспарлаған сабақтарымда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды дайындап ұсындым. Бақылауға алған үш оқушымның өзара диалогқа түсуін, сабақ барысындағы белсенділіктерін қадағалап отырдым. Олар: А деңгейіндегі, В деңгейіндегі және С деңгейіндегі оқушылар.

           Жоспарлаған бірінші сабағымда бұл модуль қолдану, талдау, жинақтау кезеңдерінде көрінген еді. Өйткені қолдану кезеңінде оқушыларға сабақ барысында игерген сөздік қорларын қолдана алу мақсатында рөлдік тапсырма берілді. Меннен оқушыларға тек қана бағыт-бағдар берілген еді. Яғни мен оқушыларға геометриялық фигураларды таратып бердім, ол фигуралардың артқы жағында «Оқу құралдары» тақырыбына диалог ұйымдастыру тапсырмасы жасырынған еді.Ал оқушылар рөлдік тапсырманы өз ойлау қабілеттеріне байланысты ұйымдастырып шықты. Қадағалап жүріп аңғарғаным, оқушыларға топта рөлдік тапсырмалар барысында тақырыпты меңгеру өте тиімді және қызықты. Олар өздерін еркін ұстап,ойларын жеткізуге тырысты. Диалог барысында оқушылардың сұрақтары мен жауаптары көңілімнен шықты. Мәселен, оқушылар оқу құралдары бойынша келесі сұрақтар қойды: оқу құралдары не үшін керек? Оқу құралдары қайда сатылады? Қазақ тілі оқулығында неше бет бар? Бұл сұрақтарға жауап беру кезінде толық жауап беруге тырысты. Яғни балалар иә, жоқ деген жауаптармен шектелген жоқ. Олар ойлау үшін ойлауға арналған сұрақтарды қойып отырды. Осы тапсырма барысында мен өзімнің бақылауыма алған В деңгейіндегі оқушым да диалогқа түскенін аңғардым. Қойған сауалдары біраз жеңілдеу болды. Мысалға, С-оқушым сыныптастарына неше қалам? қандай кітап? сияқты сұрақтар қойды. Бұл сұрақтарға А деңгейіндегі оқушы тез әрі оңай, яғни көп ойланбай жауап берді. Оқушының сөздік қоры қаншалықты деңгейде молайғанын көрсетуге мүмкіндік туғызбады. Ал А деңгейіндегі оқушы болса, қиынырақ сұрақтарды күтіп, толық жауап беруге ұмтылды. Бірақ қойылған сұрақтар оны ойландырған жоқ, өйткені сұрақтар төмен дәрежелі болды. Дегенмен тапсырма барысында оқушылардың біршама бөлігі өз рөлдерін қызықты, жақсы орындап шықты. Бұл сабақта қиындық туғызған жағдай, ол оқушылардың бір-бірлерінің жауаптарын толық тыңдамай, асығып жауап берулері. Менің ойымша, оқушылар келесі сабақтарда реттеледі. Маған ұнағаны бүгінгі сабақта С деңгейіндегі оқушым аз да болса, сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсе алды. Белгілі ғалым Лев Выготский оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды [2].Сурет №1 «Постер жасау» Сондықтан да оқушылар өзара диалогқа түсу барысында білімдерін жетілдіреді деп ойлаймын.

 Талдау мен жинақтау кезеңдерінде де оқушылар өзара диалогқа түсті. Бір-бірлеріне ашық хат жіберу және  постер жасау оқушыларды өте қызықтырды (сурет№1). Барлық оқушылар жұмысқа өте белсенді қатысты. Сұрақтар құру және сұрақтарға жауап беру барысында оқушылар қызу талқыға түсті. Жұмыс арасында пікірталас та болды. Дегенмен жұмыстары реттеліп, ортақ шешімге келді. Олар кім қай топтың сұрағына жауап беретінін өзара бөліп алды. Әр топ өз жауаптарын оқып шықты. Сол тапсырмалары бойынша бір-бірлерін бағалады. Постер жасау кезінде де оқушылар бір-бірімен топтық әңгімеге түсті. Постерді қорғау кезінде әр топ бір-бірлеріне сұрақтар қойып отырды (Сурет №2).

Сурет №2 «Постерді қорғау»
Яғни топтар өзара диалогқа түсе алды. Мәселен, қорғау кезінде В деңгейіндегі оқушы келесі бір топтан неге оқу құралдарына байланысты кейбір сөздер көк фигуралардың ішіне жазылған, ал кейбіреуі қызыл түсті фигуралардың ішіне жазылды?- деп сұрады. Сонда оған топ мүшесі көк түсті фигуралардың ішіне бұрыннан білетін сөздерді жаздық, ал қызыл түсті фигуралардың ішіне бүгінгі сабақта танысқан жаңа сөздерді жаздық, яғни бұл сөздерді келесі сабаққа дейін жаттауымыз керек-деп жауап берді. Әрине, бұл  сұрақтың жауабы маған ұнады,өйткені оқушылар өз тарапынан оқуға деген жауапкершіліктерін көрсетті.Бұл арада балалардың сын тұрғысынан ойлағандары көрініп тұр. Осылайша бір-бірлеріне сұрақтар қою арқылы оқушылар біршама өзара байланысқа түсе алды. Бірінші сабақ болғандықтан, оқушылар ойларын толығымен аша қойған жоқ деп ойлаймын. Себебі, кейбір оқушылар өз ойларын ашық түрде жеткізуге әлі машықтанған жоқ.Жоспарлаған екінші сабағымда да диалог көрініс тапты. Сабақтың тақырыбына шығу үшін мен оқушылармен сұрақ-жауап ұйымдастырдым. Яғни бұл арада мұғалім мен балалар арасында диалог орнатылды. Сұрақтарыма жауап бере отырып, жаңа тақырыпқа шықты. Қойылған сұрақтар өтілген тақырыптар аясында болды. Яғни оқушылар өткен материалды естеріне түсірді. Сонымен қатар олардың өткен тақырыптарды қаншалықты меңгергендерін тексеріп шықтым.

            Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Сонымен оқудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында да жүзеге асатынын көрсетті [3].

Сабақтың қолдану және талдау кезеңінде оқушылар бірлесіп жұмыс жасау кезінде де диалогқа түсті. Талдау кезеңінде СТО технологиясының «Ішіне-сыртына» әдісі бойынша оқу құралдарының атауларымен және тәуелдік жалғауларымен жұмыс жасады (Сурет №3)

Сурет №3 «Ішіне-сыртына» әдісіӘр топ бір-бірлерінің жұмыстарын жүріп тексерді. Сұрақтар қойып, бағалады. Топ мүшесінің бір оқушысы толық жауап бере алмаған жағдайда, оқушылар жауаптарды толықтырып, көмектесіп отырды. Жинақтау кезеңінде оқушыларға тәуелдік жалғаулары бойынша тапсырма берілді. Сөздерге тәуелдік жалғауларын жалғап, сөйлемдер құрастырды. Бұл тапсырманы топпен орындағанның себебінен, сөйлемдері күрделірек, қателері аздау болды. Мүмкін бұл балалардың бірлесіп жұмыс жасағандығының нәтижесі де шығар. Өз ойым солай болды. Себебі топта әр ұлт өкілінің балалары бірге жұмыс жасады. Біреуі ойын білдірді, екіншісі қазақшаға аударып отырды, ал келесі біреуі қағаз бетіне жазып отырды. Яғни сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаттары жоғары көрсеткіш беретінін көрсетеді.

            «Менің дәптерлерім»  тақырыбын өткен кезде оқушылар өткен тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыпқа шықты. Сонымен келесі сұрақтарға жауап берді:дәптер не үшін керек?дәптерге қалай жазу керек? қазақ тілі пәніне неше дәптер керек? Оқушылар дәптер жазу үшін керек, дәптерге таза және ұқыпты жазу керек, оқушы:қазақ тілі пәніне үш дәптер керек деп жауап берді. Сабақ барысында бұл жауаптарды ескере отырып, топтар дәптерді күту, яғни қолдану ережесін құрастырды. А -деңгейіндегі оқушы дәптерде бес пен төрт бағалары болу үшін сауатты жазу керек деп өз ойын қосты. Содан кейін оқушылар бір-бірінен жұпта отырып, кімде қандай дәптер екені туралы сұхбат жүргізді. Келесі оқушының айтуынша, көрші отырған оқушының дәптері өте таза, сырты тысталған және жазуы әдемі, ұқыпты екен. Бір оқушының жұмыстары қатесіз орындалғандықтан бес деген бағалары көп. Бұл жерде оқушылар бір-бірлерінің дәптерін көріп, өздеріне де үлгі болатындай мәліметтер алды деп ойлаймын. Оқушылар үшін бұл жұмыс өте қызықты болды. Қолдану кезеңінде «Орамал тастамақ» ойыны ойнатылды. Ойынның шарты бойынша, орамал түскен оқушы берілген тапсырманы орындауға тырысты. Яғни балалар сабақтың тақырыбына сай сұрақтар қойып отырды, сондй-ақ,оқулықтан да тапсырмалар берілді. В деңгейіндегі оқушыға орамал түскен кезде,оған дәптер сөзін тәуелдеп шығу керек еді. Ол дұрыс бастап келе жатты да, соңында біраз қобалжығандықтан қателесіп кетті. Оқушылар оның жауабын қате  деп айтқан жоқ. Керісінше, ойланып көр деп, дұрыс жауапқа бағыттады. Мен бүгінгі сабақта оқушылардың жүздерінен олардың сабаққа деген қызығушылықтарын байқадым. Бұл бұрынғы қызығушылықтан қарағанда мүлдем басқа, яғни дәстүрлі сабақтар кезінде бір кезеңге немесе бір ғана тапсырмаға қызығушылық танытатын. Ал осы тізбектелген сабақтар барысында аңғарғаным, оқушыларда сабақтың басынан бастап аяғына дейін қызығушылықтары байқалады. Олар үзілісте де келіп, өз ойларымен менімен бөліседі. Қазақ тілі сабақтарына бірде дайындалып, бірде дайындалмай келетін С-деңгейіндегі оқушым күнде дайындалып жүр және де сабақ үстінде белсенділік танытып, жұмыс жасауға тырысып жүр. Ол мен үшін үлкен бір өзгеріс. Оны сынып жетекшісі де байқап қалды. Яғни оқушы өзін-өзі реттей алды. Өзі жеке отырған кезде өз қабілеттерін толық көрсете алмады. Ал топпен, жұппен жұмыс жасау кезінде мүмкіндіктерін пайдаланып, белсенділік таныта алды. Александер (2008) диалогтік оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды [4]. Жалпы алғанда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер дегенде біз жеті модульдегі барлық идеяларды жаңашыл деп санаймыз. Дегенмен диалог арқылы оқыту негізінде біз оқушыларымыздың өзіндік ой-пікірін жүйелеу және дамытуына ықпал жасаймыз. Әр оқушының өзіндік ерекшелігін байқай аламыз. Сонымен қатар ең бастысы өзара қарым-қатынасты жақсарта аламыз.           Балалар көпшілік алдында еркін сөйлеуге машықтанады. СТО технологиясының «Қарлы кесек», «Венн диаграммасы», «Ішіне-сыртына» әдісі арқылы оқушылар арасында өзара диалог жүріп жатты. Ал оқушыларға топпен жұмыс жасау өте ұнады. Себебі балалар ой бөлісу нәтижесінде білімдерін толықтырып, жеке дара жасай алмаған жұмыстарын орындап, басқа біреудің ойымен санасып, сабақтың барысында қысылмай сөйлеуге дағдыланды. Тізбелген төртінші сабақтың тақырыбына шығу үшін итербелсенді тақтада сандар мен әріптер ұсынылды. Балалар әріптерді ретімен қойып, сабақтықтың тақырыбына шыға алды. Содан соң оқушыларға сабақтың тақырыбына арналған «Қалам» атты өлеңі оқытылды. Өзімнің тарапымнан оқылған өлең бойынша сұрақтар қойылды. Мысалы: өлең не туралы?дәптерге немен жазамыз? дәптерге неге көк қаламмен жазамыз? қаламдарды неге қаламсапқа саламыз?және тағы басқа. Оқушылар барлығы өз ойларын айтып отырды. Сыныптағы бір оқушы қаламдарды неге қаламсапқа салатынымызды айтты,бірақ жауабы толық болған жоқ және сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін ескерген жоқ. Оның жауабын келесі оқушы толықтырып айтып берді. В - оқушы дәптерге көк түсті қаламмен жазу керектігін айтты және оны оқу бағдарламасының ережесі сондай, біз ол ережені сақтауымыз керек деп жауап берді. Оқушылардың көбі осылайша жауап берді. Сонымен қатар сол тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер айтып шықты. Бірақ, кейбір мақал – мәтелдер орыс тілінде айтылды. Дегенмен тақырыпқа сай болды. Қолдану кезеңінде әр топ оқу құралдары тақырыбына байланысты және берілген алгоритмге жүгіне отырып жарнама құрастырды (Сурет №4). Сурет №4 «оқушылар құрастырған жарнама»

Ұсынылған сұрақтар:оқу құралдары қайда сатылыды? сатылатын дүкен қай көшеде орналасқан? сол дүкенде қандай оқу құралдары сатылады? оқу құралдарының сапасы қандай?  Топ мүшелері өз жарнамаларын мүмкіндіктерінше құрастырып, қорғап шықты. Әр жарнаманың өзінше бір ерекшелігі байқалды. Көркемдік жағынан да, мазмұны жағынан да өзгешеліктер байқалды. Мысалы, бір топ өз жарнамаларын осылайша ұсынды. Бізде барлық оқу құралдары бар. Бағасы төмен, сапасы өте жақсы. Құрметті, ата-аналар мен балалар, біздің дүкенге келіңдер!-деп жазыпты. Жазғандары маған өте ұнады. Бұрын мен оқушылардың ондай мүмкіндіктерін байқаған жоқпын. Әрине балалардың бұл қабілеттері мені таңқалдырды. Бұл жұмысты жеке орындағаннан гөрі топпен орындаған дұрыс. Топпен жұмыс істегенде әр оқушы өз ойын, көзқарасын, фантазиясын ортаға қосып, оң септігін тигізеді. Яғни бұл топ мүшелері бірлесіп жұмыс жасағанның жемісі. Бұл менің ойымша. Соңында бір-бірлерінің жұмыстарын смайликтер арқылы бағалап шықты да, ұсыныстарын айта отырып және де келесі жолы тағы белгілі бір тақырыпқа жарнама жасауды ұсынды, айтылған ұсыныстарды ескере отырып, бүгіннен де қызығырақ орындаймыз деп кейбір оқушылар ниет білдірді.

Талдау кезеңінде әр топ бір-бірлеріне «Ашық хат» әдісі бойынша сұрақтар жіберіп отырды. Бұл жерде оқушылар жоғары деңгейдегі сұрақтар құрастыруға тырысты. Сонымен жауаптарын да мұқият тыңдап, толық жауап берулерін өтінді. Жауаптарды бас бармақ арқылы бағалады. Ашық хаттың ішіндегі тапсырмалардың бірі мына бір тапсырма болды. Мәселен, күнделік сөзін тәуелдеп, сол сөзбен сөйлем құрастыру болды және  әр тәуелденген сөздің сөйлемі қайталанбайтындай болсын. Екінші топ мүшелері әр қайсысы сөзді кезек - кезек тәуелдеп шықты да, сөйлемдерді құрап айту кезінде барлығы қатысып, білгендерінше жауап берді.Кейбір оқушыларға бұрын сөйлемдерді құру қиынға түсетін, осы кезде бір оқушым мынадай сөйлем құрап шықты:сенің күнделігіңнің ішінде көп бестер болсын. Бұл  оқушыларда болып жатқан өзгерістің бірі деп көрінді. Яғни өтілген ережелерді тиімді қолданса, ойлаған ойын дұрыс жеткізе біледі. Және де өздерін бағалаған кезде бір сенімділік байқалды. Балаларға өзін, сыныптасын, топты бағалау өте ұнады. Бағалаған кезде олар жауапкершілікті сезеді. Яғни бағалауды одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылады [5].

Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқу жеңіл бомақ [6].

         Осы жұмысты орындау барысында кездескен кедергілеріме келер болсам: оқушылар тілді жетік білмеулері, соның нәтижесінде өз ойларын толық, еркін жеткізе алмауы. Уақыттың тапшылығы, жұптық, топтық жұмыстарына толықтай бейімделмеулері.

        Айтылған кедергілерді болдырмас үшін әріптестермен бірлесіп жұмыс жасау, сыныптағы психологиялық  ахуалды ескеру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мқсатында сабақ жоспарларымда әрдайым жаңа тәсілдерді ескеріп отыру.

Қорыта келгенде, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынастық, тілдік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. Мұғалімдер қолданысындағы оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда,диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады [7].

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Педагогикалық шеберлік орталығының Әдістемелік кеңесі ұсынған Мұғалімге арналған Нұсқаулық, «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ,2012 (Үшінші деңгей, үшінші басылым 36,26,52,39 бет)

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге еңгізілгені туралы рефлексивтік есеп"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по экологии

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 788 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.01.2016 1257
    • DOCX 543.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурханова Айнур Серикпаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нурханова Айнур Серикпаевна
    Нурханова Айнур Серикпаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8077
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 455 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов