Инфоурок Химия Другие методич. материалыТізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулінің қолданылғаны жайлы рефлексивтік есеп

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулінің қолданылғаны жайлы рефлексивтік есеп

Скачать материал

 

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулінің қолданылғаны

 жайлы рефлексивтік есеп

 

           Наурыз  айының  24 – нен  басталған Ақмола  облысы  бойынша  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру    институтында  үш  айлық курстың

1 – ші  «Бетпе – бет»  кезеңінің үшінші (негізгі )деңгейін  аяқтап,  сәуірдің  19 – күні  өз  мектептерімізге «тәжірибе»  кезеңін  өткізуге  келдік. «Бетпе – бет»  кезеңінің  үшінші (негізгі)деңгейінде   әр  күніміз,  әр  сағатымыз     7 модульдің   жаңа әдіс-тәсілдерін  жетік  меңгеруге: сыни  ойлауға,  оқыту мен оқудағы   жаңа  тәсілдерді,  оқыту үшін және  оқуды сыни бағалауға, ақпараттық- коммуникациялық  технологияларды меңгеруге, дарынды  және талантты балалармен  жұмыс  жасауға, топпен  жұмыс  істеудің  түрлі тәсілдерін  үйренумен  өтті. Әрбір  нәрсенің  өз қиындығы  болады.  Курстың  өз  қиындығы  да,  қызықтары  да  болды. Мектептегі тәжірибе кезеңінде бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде меңгерген материалдарды саралап, химия пәнінің  өз  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  нұсқаулықта  жазылғандай  АКТ оқушыларға  ғылыми  ұғымдарды  түсіндіруді  және  олардың  қабылдауын,  түсінуін  жеңілдетуге  мүмкіндік  беріп,  мұғалімдерге  сабақ  беруде  көмектесетін  маңызды  құрал  болып  отыр.  Сондықтан  оқыту  барысында  осы жаңа   технологияларды  тиімді  қолдану   маңызды  болып  саналады /1/, мен бағдарламаның модульдерінің ішінен оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану жайлы рефлексивтік есеп  жазуды  таңдап алдым. АКТ – ты  арқылы  химияның өмірмен  байланысын  көрнекі  түрде  көрсетуге  болады. Мектептегі  химия  курсынан  оқушылар  қоршаған  ортаның  құрылысы,  химия  ғылымы, өндіріс,  заттардың  қасиеті,  т.б.  туралы  білім  ала  отырып,  мынаны  түсінуі  керек:  химия  өнеркәсібі  болмаса,  оларда  сүйікті  ұялы  телефондары да, плеер  мен  компьютерлері  де  болмайтынын, тіпті  қарапайым  су да іше алмайтынын балалар өз көздерімен көру арқылы есте сақтайды.

            Әрбір  сабақ  -  мұғалімнің  шығармашылық  жұмысы.  Сондықтан  да  әр  сабақты  оқушының  есінде  қалатындай  етіп  түрлендіріп  отырған  жөн.  Қазіргі  ғылым  мен  техниканың  дамыған   заманында  оқушылардың  білім  деңгейін  тереңдету,  ғылыми  тұрғыда  дамыту, өз  бетімен  жұмыс  істеуге  дағдыландыру,  ізденушіліктерін  яғни,  ақпараттық  құралдардан мәліметтерді  іздестіру  және  оны  пайдалана  білу  мақсатында  оқытудағы  және  оқудағы   жаңа  тәсілдердің  бір  модулі – ақпараттық  -  коммуникациялық  технологияларды (АКТ)  қолдану   болып  табылады.

          Химия  сабағында теориялық  білімді  практикалық  біліммен   ұштастыра  өткізу  керек.  Бірақ  сабағым  дәстүрлі  түрде  өтетін. Өйткені  интерактивті  тақтаны  пайдалануға  көп  рұқсат  бермейтін.  Дәстүрлі  сабақта   жаңа материалды  түсіндіру   көбінесе мұғалімнің біліктілігіне  тікелей байланысты.   Ол түсіндіреді, оқушылар тыңдайды, ойланады, қабылдайды. Бірақ барлығы  жұмыс  жасамайды. Ал енді бекіту басталады. Оқытушы сұрақ қойды, оқушыны тақтаға шақырады немесе  орнында сұрайды. Қалған оқушылар не істейді?  Олар сыныптастарын тыңдауы  керек. Мұғалімі  қанша тырысқанымен, сабақ   өзінің   тиімділігін   көрсетпейді.  Бақылауды тек  мұғалім ғана өткізгендіктен   қиындықтар жиналып қалады.  Жұмыстары  тексеріледі, бірақ  оқушыларды  тек  баға  қызықтырады.   Пəн бойынша бағдарламаны  əр  оқушы  қабылдауы  үшін  қалай  оқыту  керек? Алғаш рет 2006 жылы Мишра және Кёлер үш білім саласының  қиылысу ортасында технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім орналасқан,  олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті  болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек дегендей, нұсқаулықта жазылған ақпаратты басшылыққа  ала отырып, химия пәнін АКТ – ны қолдану арқылы оқушылардың   

Мен   мектептегі   тәжірибемді  9 «а»  сыныбында  өткіздім.

Мен  өзімнің  бірінші  сабағымда  «Көмірсутектердің табиғи көздері» АКТ - ны  қолданған  кезде  оқушылардың  назарын   бірден  сабаққа  аударғанын,  қызығушылықтары  оянғанын  байқадым. Оқушылар  қызығушылықпен  Қазақстанның  кен  орындарын тамашалады. Сосын  оқушыларға  облыстағы  өндірілетін кен орындарының  видеосын   көрсете  отырып,  сұрақтар  қойылды. "Бұл  кен  орнында  не  өндіріліп  жатыр?" Оқушылар  «мұнай»,  «көмір»  өндіріліп  жатқанын айтады. «Көміртекпен  сутектің  мұнайға,  көмірге  қандай  қатысы  бар»  дегенде  мұнайдың,  көмірдің   құрамы  көміртекпен, сутектен  тұратынын  айтты.    Осылайша  АКТ – дан   көру  арқылы  сыни  ойлай  отырып   оқушылар  сабақтың  тақырыбын  аша  білді.  Уақытты  үнемдеу үшін  сабақтың тақырыбын,  жоспарын интерактивті  тақтадан  көрсеттім.  Слайд  арқылы  сабақтың  негізгі  түйінін  түсіндіріп  өттім  де,  тақырыптың  мағынасын  ашу  үшін  топтарға  тапсырмалар  бердім.  Сабақта АКТ – ны  пайдаланғанда «нені білуді және нені еске сақтауды» оқушы біледі. Әр  топқа   тапсырмаларды   бөліп  беру  үшін   де  интерактивті  тақтаның   мүмкіндігін  пайдаландым.  Активстудионың   флипчартына  жасалған  сандар  арқылы   топ басшылары  өз  тапсырмаларын  таңдап  алды. Мысалы:  1 – санын  таңдаған  топ  «Мұнай» ,  5 – санын таңдаған топ  «Табиғи газ»  және  т.б.     Топтар    арасында  «біз  неге  мына  тапсырманы  орындауымыз   керек»  деген  алауыздық  туындаған  жоқ.  Н. оқушы өте шапшаң қимылдап, топта жұмыс істеп, өз пікірлерін айтып, қосымша географиядан алған білімдерін қолданып өз тобындағы мәтінді құлпыртып оқушыларға толық жеткізе білді.    А. оқушым  өте салмақты, сұрасаң жауап береді, сұрамасаң айтпайды. Сабаққа қызығушылық танытқанмен  ашыла қоймады. Сабақ  соңында  кері байланыс  жасағанда  оқушылар   стикелерге   «алдағы  сабақтарда  осылай  АКТ -  ны  көбірек   пайдалансақ  екен»  деп  өз тілектерін  жазып кетті.  Сабақ барысында   АКТ – ны  пайдаланғандықтан ба  оқушыларым    тақырыпты  жақсы  меңгеріп  шықты,  оны  сабақ  соңында   «Химиялық  диктант»  алғанда,  «Орнын  тап»   ойынын  ойнатқанда  байқадым. А оқушы,   Е.  оқушының  өзі  тапсырмаларды  біршама   дұрыс  орындап   өздерін  көрсете  білді. Сабақта АКТ – ны  пайдаланып  өткізген сабақтың оқушыларға пайдасы тиді ма, жоқ па  соны білу үшін  әр топқа  үйге жеке тапсырма бердім. «Көмірсутектердің табиғи көздері» өнімдерін  жарнама түрде ұсынуы керек. Топ болып өте жақсы жарнамалар жасап келді. Бір топ  «бензинді», бір топ  «газды»,  бір топ «көмірді», мазутты, жарнамалап өте қызықты болды. Осы жерде  оқушыларды формативті бағаладым. Осыдан  шығатын  ой  «балаларға білім  беру  де  жаңа  әдіс -  тәсілдердің  өз  орны бар........».    Бірақ осы жерде қиындық туындады, өйткені кабинетте тұрған компьютерде ескі бағдарлама болғандықтан кейбір оқушылардың басқа бағдарламамен жасалған жарнамалары  ашылмады.

Бірінші сабақта оқушылардың өз мүмкіндіктерін ашуына уақыт жетпеді. Өйткені кейбір топ  оқушылары   ақырын жұмыс істеді. Сондықтан екінші сабағымда тапсырма көлемін азайту керек шығар деп ойладым. 

          Теориялық  және  тәжірибелік  білімдер  өзара  тығыз  байланыста  болуы  керек.  АКТ  енгізген кезде,  теориялық  және  тәжірибелік  білімдердің  біртұтастығы  оларды  тиімді  қолдануды  қамтамамсыз  етеді,  ал  бұл  оқыту  және  оқу  үдерістерін  жақсартуға  жағдай  жасайтын  болады.  Сабақта  теориялық  және  тәжірибелік  білімдерді  қолданған  кезде,  анықтаушы  фактор оқыту  үрдісінің  мазмұны,  әдістемесі,  технологиясы  саласындағы  білімнің  қалыптасқандығы  болып  табылады /3/.  Бірінші сабақта АКТ – ны пайдаланып  өткізілген  сабағымның  нәтижесі жақсы болып, оқушылар  сабақтан жалықпай, қызығушылық танытқасын  химия сабағында АКТ – ны қолданудың өз орны бар екенін түсіндім.

         Екінші  сабағымда «Спирттер»  берілетін  тапсырманың  бәрін   интерактивті  тақтадан көрсетіп отырдым . «Кім  жылдам»  ойыны  арқылы  өтілген  тақырып  бойынша  шолу  жасап  шықтым.  Оқушылар  дұрыс  және  жылдам  жауап  беріп  отырды. Әсіресе, енжар Е оқушы басқалардан бұрын жауап беріп өткен тақырып бойынша өзінің  білім алғандығын дәлелдеді. Бұның  себебі,  өткен  сабақта  АКТ – ны  қолданып  сабақ  өткізгендіктен  болуы  керек  деп  ойладым.  Бүгінгі  өтілетін  сабақты  да  АКТ – ны  қолданудан  бастадым.  Интерактивті  тақтадан   слайд  арқылы      тақырыпқа  байланысты  суреттер  көрсеткенде бірі косметикалық  заттар, бірі жуғыш  заттар,  бірі дәрігерлік  заттар екенін  айтып  өтті. Оқушылар ойланып  қалды. Бұл заттардың барлығын не біріктіреді деп сұрағанымда  «органикалық заттар» деп жауап берді. Дәлірек айтқанда деп сұрағанымда олар «ерін бояйтынын» алып шықты, біреуі «иіссу» алып шығып талдап, спирт  кездесетінін  айтты. Осылай  ой  шақыру  арқылы  бүгінгі  сабақтың   тақырыбын  оқушылар  өздері  тауып,  аша  білді.  АКТ  - ны  пайдалана  отырып  оқушыларды сабаққа  қызықтырып,  белсенділігін  арттырып   алдым. Спирттер  тақырыбына  байланысты  электрондық  оқулықтан   зертханалық  тәжірибелерді  көрсеттім.  Оқушылар  көрген  құбылыстарының  реакция  теңдеулерін   дәптерлеріне  жазды. Топтық жұмыста Н. оқушы өз тобында көшбасшылық жасап, көмектесіп бағыт – бағдар бере білді.  Бірінші сабағымда  сабаққа жақсы қатысқан   Е. оқушы бұл сабақта  үнсіз қалды.  Себебі, қыздармен, әсіресе өзі қарым – қатынас жасамайтын оқушылармен  топқа түсіп қалса, сол топқа қосыла алмайды екенін байқадым.

«Қара пима»  киносынан  үзінді көрсетіп,  оқушыларға  «спиртті  өндіру  керек  па,  жоқ па»  пікірталас  өткіздім, Т – кестесі бойынша  өндіру  керек  дегендер  бір  топқа,  өндірмеу  керек  дегендерді екінші  топқа  топтастырдым да  пікірталас  өткіздім. Өткен сабаққа қарағанда оқушылар ширақ қимылдап уақытымен үлгеруге тырысты.

  Қазіргі  кезде  білім  беру   мекемелерінің  алдында  тұрған  міндеттердің бірі  -  жас  ұрпақтың  салауатты  өмір  сүруге  көзқарасын  қалыптастыру,  оларды  денсаулығын  сақтауға,  сапалы  білім  алып,  сол  білімді  келешектегі өмірінде  пайдалана  білуге  тәрбиелеу.  Қазіргі  экологиялық  бұзылған    заманда  оқушылардың  қолдарына  химиялық  реактивтерді  бергеннен  гөрі  электрондық  оқулықтағы  тәжірибелерді  көрсеткен  жөн.  Сол  арқылы  оқушылардың  денсаулығына  зиян  келтірмеуге  болады. 

Жаңа  білімді  игеру  деңгейін  анықтау  мақсатында    «Сәйкестікті  тап»  тапсырмасын  активстудио  тақтасында  орындаттым. Бұл  тақтамен  жұмыс  істегенді  барлық  оқушылар  жақсы  көреді. Топ  оқушыларымен араласа  алмаса да  Е оқушы өзі қол көтеріп тақтамен жұмыс істеуге  шықты.

Өзімнің өткізілетін  әрбір сабағымның барысында оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану модулін пайдалана отырып  сабағымды қызықты,  әрі жүйелі, түсінуге оңай етуге жағдай жасадым. Химия  қиын  пән  болып  саналатындықтан әрбір  сабақты  оқушыларға  қиындық  тудырмайтындай  етіп,  әрі  тақырыпты  түсінуге   жеңіл  болатындай  етіп   өткізуге тырысамын.   Сабақтың  әрі  қызықты,  әрі  түсінікті  болуына  АКТ  көп   көмектеседі.  Кез –келген тақырыптарға түрлі слайдтар мен видеолар, сергіту сәттерін, тренингтер, таныстырылымдар дайындап келуге тырыстым. Керек мәліметтерді тез әрі тиімді пайдалана алатын болдым.

Презентациялар  бір  жағынан  оқушыларға  жаңа  материалды  көрнекі  түрде  көрсету  құралы  болса,  екінші  жағынан,  мұғалімге осы  материалды  және  оны  қолдану  арқылы  сабақты  меңгерту процесін жеңілтетеді.  

Заманызға  сай  пәнге  байланысты  үйрететін  неше  түрлі  бағдарламалар,  электрондық  оқулықтар,  зертханалық , практикалық  жұмыстар  оқушыларға  білім алуды жеңілдетеді. Электрондық оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі - пәндік білім, екіншісі - компьютерлік білім.   АКТ-ны пайдаланғанның тағы бір тиімділігі оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін  дамытып отыруға  болады.  Химия сабағында   айтылуы, есте  сақталуы  қиын  сөздер,  формулалар    кездеседі. Өткен  материалдарды  еске  түсіріп,   сөздерді,  формулаларды  жиі  көрсетіп  отыруға  болады.

Үшінші  сабағымда «Карбон қышқылдары» тақырыбын  өткенде   интерактивті  тақтадан  әртүрлі  жемістердің  суретін  көрсету  арқылы,  бұлардың  бір – бірінен  қандай  айырмашылығы бар  деп  сұрағанда, дәмдері  әр  түрлі  болатынын  айтты.   «Жемістердің  әртүрлі  дәмге  ие болуы  оның  құрамындағы  карбон қышқылдарына  байланысты»  екенін  айтып  өттім  де,

8 – сыныпта  өтілген  «Қышқылдар»  тақырыбын  еске  түсіру  үшін   активстудио тақтасында  жасалған флипчартпен  жұмыс  істеді.Флипчартта«Адасқан  қышқылдар».  Оқушылар  өздеріне  таныс  қышқылдарды  бір  топқа,  таныс  еместерді  екінші  топқа  жинастырды. Осылай  АКТ  - ны  пайдалану  арқылы  өткен  тақырыппен  жаңа  тақырыпты  байланыстыруға болады. Өткен сабағымды  енжар Е. оқушының  топ оқушыларымен араласпағанын байқағандықтан, жанына бір ұл баланы бірге отырғызуға көңіл бөлдім. Топта  ұл баламен бірге отырса,  қосылып, өз пікірін айтатынын байқадым.

Демонстрациялық  тәжірибелерді  көрсету  арқылы    карбон  қышқылдарының  химиялық  қасиетімен  таныстырып  өттім.  Оқушылар  карбон  қышқылдарының  химиялық  қасиеті  бейорганикалық  қышқылдардың  қасиетін  қайталайтынын  білді.

    АКТ – ның  тиімді екенін сабақты қорытынды жасап,  балаларды  формативті  және жиынтық бағалағанымда да көрініп тұрды. Оқушылардың жаңа тақырыпты жақсылап түсінуіне, сол білгендерін сабақтың барысында  пайдалана   алғандарына  риза  болдым. Мысалы  не нәрсені түсіндірсемде  АКТ арқылы дәлелдемелер келтіріп отырдым. Ол балаға жақсы әсер берді.  

Әрбір бала  әртүрлі  ойлау  қабілетіне ие,  мысалы  кейбірі  шапшаң  ойлап,  тез  жұмыс істесе,  кейбірі  тақырыпты  баяу  қабылдап,  оған  тапсырманы немесе  тақырыпты  қайтадан  қарап   шығу  тиімді   болып  табылады.  Осы  орайда  АКТ құралдарын  пайдалана отырып, қайталап шығуға  болады.

 Алдыңғы сабақтарымның  нәтижесін көргеннен кейін төртінші  сабағымда да  «Майлар» тақырыбын өткенде  өткен  тақырыпты  Кубизм  әдісімен  тексердім. Кубикті интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы иіріп, топтарға сұрақ қойылады.  Сабаққа  байланысты  кез – келген  тапсырманы  интерактивті тақтадан  көрсетіп  отырдым. Мысалы: проблемалық  сұрақ «Майлар  неге  сұйық  және  қатты  болады?»  деп  сұрадым да,  бұл  сұраққа  жауап  беру  үшін  бүгін  сабақта «майлардың  осындай  қасиеттерімен  танысамыз»  сабақтың  жоспарын  слайдтан  көрсеттім. Теориялық білімді оқушының қажеттілігіне айналдырудың жолдарын қарастыруда  АКТ – ның  көп  пайдасы тиді.  Логикалық ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту үшін «Кім жылдам» тапсырмасын интерактивтік тақтадан көрсетіп, оқушылардың ойланып жауап беруіне мүмкіндік туады. Тест  жұмысы, деңгейлік тапсырма оқушыларға  таратылып, орындағаннан  кейін  бір – бірімен жұмыстарын ауыстырып тексергенде  дұрыс жауабы интерактивті  тақтадан көрсетіледі. Бағалау  мөлшері  көрсетіліп  оқушылар  бірін – бірі  бағалады.

Интерактивті  тақтаның  тағы  бір  ерекшелігі   оқушылардың  есте сақтау  қабілетін  дамытуға болады. «Байқап  қал» ойынын  ойнатқанда есептердің  шығарылуын, реакция теңдеулерінің жазылуын  жылдам  көрсетіп  жауып  тастадым.  Н. оқушы жылдамдық танытып, есепті шығарып тастады. АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа,  берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ,  АКТ  құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылар  өзінің  жеке  іс – әрекетін  дұрыс  жоспарлауға  үйренеді. Дарынды  және талантты  оқушыларым   «ендігі  сабаққа  өзіміз слайд   жасап  алып  келейік»  деп ұсыныстарын  білдірді.

       Сабақтарда жаңалықтар мен технологияларды қолдану негізінде менің сабағымда оқушылар арасында бір - бірін тыңдауға, сыйлауға ынтымақты қарым - қатынастың негізі қаланды. Өзін  жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашылды. Өз ойын ашық еркін айтуға, пікір алмасуға, өзін - өзі, бірін - бірі бағалауға, ойын тыңдай және проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге , белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды.

       Оқушылардың  білім деңгейінің  аз да болса  артуына  қарап  қорыта  келгенде, айтқым  келгені, сабақ  барысында  АКТ –ны  тиімді  пайдалану  арқылы балалардың  қызығушылығын  арттыра  отырып, жақсы  нәтижеге  жетуге болады  екен.  Мұғалім көшбасшылық  ете  отырып, өз шеберлігін  тиімді  пайдаланып, сабақ барысын,  яғни  жоспарын  нақты түзіп  алу  керек  екен. Сонда  жетер  жетістігіміз, көтерілер белестеріміз көп болмақ.

 

Сілтеме : /1/,/2/,/3/«Мұғалімге арналған нұсқаулық», (Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану) 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулінің қолданылғаны жайлы рефлексивтік есеп"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Контент-менеджер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Наурыз айының 24 – нен басталған Ақмола облысы бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында үш айлық курстың 1 – ші «Бетпе – бет» кезеңінің үшінші (негізгі )деңгейін аяқтап, сәуірдің 19 – күні өз мектептерімізге «тәжірибе» кезеңін өткізуге келдік. «Бетпе – бет» кезеңінің үшінші (негізгі)деңгейінде әр күніміз, әр сағатымыз 7 модульдің жаңа әдіс-тәсілдерін жетік меңгеруге: сыни ойлауға, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді, оқыту үшін және оқуды сыни бағалауға, ақпараттық- коммуникациялық технологияларды меңгеруге, дарынды және талантты балалармен жұмыс жасауға, топпен жұмыс істеудің түрлі тәсілдерін үйренумен өтті. Әрбір нәрсенің өз қиындығы болады. Курстың өз қиындығы да, қызықтары да болды. Мектептегі тәжірибе кезеңінде бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде меңгерген материалдарды саралап, химия пәнінің өз ерекшеліктерін ескере отырып, нұсқаулықта жазылғандай АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 494 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.05.2015 2833
    • DOCX 78.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кенжетаева Замира Нурхожаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кенжетаева Замира Нурхожаевна
    Кенжетаева Замира Нурхожаевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6655
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика реализации образовательного процесса и мониторинг эффективности обучения по дисциплине «Химия» в соответствии с требованиями ФГОС СПО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 574 человека

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 324 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 137 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия")

Учитель химии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стартап: от идеи к успеху

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов