Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Научные работы / ТІЗБЕКТЕЛГЕН САБАҚТАР ТОПТАМАСЫНА «ОҚЫТУДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ» МОДУЛІ ҚАЛАЙ ЖӘНЕ НЕГЕ ЕНГІЗІЛГЕНІ ТУРАЛЫ РЕФЛЕКСИВТІК ЕСЕП

ТІЗБЕКТЕЛГЕН САБАҚТАР ТОПТАМАСЫНА «ОҚЫТУДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ» МОДУЛІ ҚАЛАЙ ЖӘНЕ НЕГЕ ЕНГІЗІЛГЕНІ ТУРАЛЫ РЕФЛЕКСИВТІК ЕСЕП

  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

ТІЗБЕКТЕЛГЕН САБАҚТАР ТОПТАМАСЫНА «ОҚЫТУДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ» МОДУЛІ ҚАЛАЙ ЖӘНЕ НЕГЕ ЕНГІЗІЛГЕНІ ТУРАЛЫ РЕФЛЕКСИВТІК ЕСЕП

Төлбасы атанудың жауапкершілігі

ылғи ізденуді, алды-артын шолып

отыруды керек етеді.

Ғ.Мүсірепов.


Бұл есебімде тізбектелген сабақтар топтамасында «Оқытудағы басқару және көшбасшылық» модулі қалай көрініс тапқандығы туралы айтқым келеді.

Заман ағымы өзгеруіне байланысты білім саласына еніп жатқан жаңа технологияларды меңгеру мен үшін қызық та қиын болды.

Қазіргі заманғы жан-жақты даму үдерістері біздің оқушыларымызға көп ізденуді, әртүрлі ақпараттардан хабардар болуды, кез-келген жағдаяттарға дайын әрекет ете білуді міндеттейді. Осы тұста мектеп мұғалімінің оқытуды тиімді басқаруының маңызы ерекше. Сындарлы оқыту теориясы әдістерімен танысу барысында «Оқытуды басқару және көшбасшылық» модулін оқығаннан кейін өзімнің білім беру сатысындағы міндеттерімді басқа қырынан жоспарлау керектігін түсіндім. Бұл жөнінде үшінші деңгей мұғалімінің «Бағдарлама» оқулығындағы: «Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние-кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі. Оқушының мәселені (проблеманы, жаңдайды, құбылысты т.б) түсіну деңгейін анықтап, оның түсінігін толықтыруға немесе қайта құруға көмектесу мұғалімнің міндеті болып табылады» делінген тұжырымдаманы басшылыққа алуға болады.

Оқытуды басқару, көшбасшы болу үшін Болам, Мак Макон, Столл секілді бірқатар ғалымдардың: «Мұғалімге оқу қоғамдастығының бір бөлігі болып табылатын, кәсібилікке бағытталған «ұжымдық» және кешенді тәсіл қажет» деген пікірлерін қолдаймын. Осы тәсіл аясында мұғалімдер өзара әрекеттесу, пікірлесу арқылы жеке және мектептің де даму жұмыстарын ілгерілетуге ықпал ете алады деп ұқтым.

Сындарлы оқыту теориясы әдістерінің мүмкіндіктерін байқай отырып, оқытуды қалайша басқаратындығыма көз жеткізу үшін және өзімді көшбасшылыққа тәрбиелеуге ұмтылушы жас ұстаз ретінде сынап көруде мектептегі практиканың маңызы зор болды.

Алдымен мектептегі практика кезеңіне өзіндік даму алгаритімін жасауды жөн көрдім. Мәселен: әріптестермен кездесу; оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында тренингтер өткізу; ата-аналармен сұхбаттасу; ең бастысы жеті модуль идеялары кіріктірілген тізбектелген төрт сабақ өткізу.

Аталған жоспарларды жүзеге асыру барысында мен өзімді педагогикалық жетілу сатысында көретінімді түсіндім. Бұлай жетілу жолында маған әріптестермен, ата-аналармен, оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды дұрыс құрылымдай алу керек болды.

Көшбасшылық қырымнан танытатын алғашқы қадам -әріптестермен кездесу ұйымдастыру. Деңгейлік курс бағдарламасы Қазақстанның білім жүйесіне енгізілген жылдан бастап менің мектебімнің ұстаздары бұл жүйемен таныс және оқытудағы маңызын жоғары бағалайды. Сондықтан мектеп ұжымы осы бағдарламаны меңгеріп келген әр әріптесінің жаңалығын ерекше тосып отырады. Әйтсе де таяқтың екі ұшы болатыны секілді бұл жүйені түсінбейтін ұстаздар да бар. Сол себепті мен балаларға білім беруде әдіс-тәсілдерге өзгеріс енгізу арқылы оқыту үдерісін жақсартуға болады деген пікір қалыптастырғым келді. Осы тұста мен Шәкәрім Құдайбердіұлының «Өнерлі елдерден өнеге алмақ керек» деген аталы сөзін тақырып ете ала отырып, пікірлесу сағатын өткізуді жөн көрдім. Көшбасшылық жасау оңай шаруа емес екендігі түсінікті. Менің ойымда «Ұйымдастыра аламын ба?» деген сұрақ тұрды.

Пікірлесу сағатын өткізуде мақсатыма жету үшін өзім жасаған жоспардың нәтижесі бола қоймайтынын түсініп, тәжірибелі әрі деңгейлік курс бағдарламасын меңгерген ұстаз Б әріптесіммен ақылдасуды жөн көрдім. Тақырыптың жақсы таңдалғанын айтып, ұйымдастыруда басшылыққа алатын кеңестер берді.

Пікірлесу алаңында оқушыларды сабақ процесінде топқа бөлуге, жаңа тақырыпты өз беттерінше түсінуге мүмкіндік беруге, сыныпта оқушылардың өзара әрекеттесіп, пікір айтуларын құптамайтын мұғалімдерге Сіз неге топтық жұмысты қолдамайсыз? Жаңа сабақты оқушылардың өздері игеруін неліктен тиімсіз деп санайсыз? Сыныпта шу болып жатқанын неге тәртіпсіздік деп ойлайсыз? деген сұрақтар қойдым. «Төпқа бөлінгенде озат оқушылардың өктемділігі басым болады. Ешқашан жаңа сабақты оқушы өз бетінше игере алмайды. Топтар өзара тұжырымдамалық карта даярлап, қорғап жатқанда үнемі шулап, бір-бірінің пікірін тыңдамайды, тіпті ұрысып қалатын сәттері де бар» деген жауаптар алдым. Осы тұста мен сындарлы оқыту теориясының әдістерінің мүмкіндіктерін талқылап түсіндірдім. Сөзімді қостап бағдарламаның І, ІІ деңгейін меңгеріп келген әріптестерім өзіндік пікірлерін ортаға салды. Екіжақты пікірлер тыңдап отырған әріптестерді де елеңдетпей қоймады. Барлық мұғалімдер өркениетті елдерден үлгі алу керек деген қағиданы қолдады. Әрине мен бұл жерде бір пікірді жеңіп шықсын деген мақсат қойғаным жоқ. Тек өзім біліп келген жаңалықты бөлісіп, өзге әріптестерімді бірлесе жұмыс жасауға шақыру болды. Бір қуанғаным мұғалімдердің басым көпшілігін қызықтыра алдым. Өйткені мен тарапынан айтылған пікірлерді қолдап, тәжірибе сабақтарыма қатысатындықтарын айтты. Осылайша тізбектелген сабақтар топтамасын жүргізу процесінде А, В, С деңгейлі оқушыларымды бақылап отыруда әріптестерімнің көмегі зор болды.

Жалпы оқытуды басқару және көшбасшы болу – «бастық болу» немесе «өзгелерге өктем болу» деген мағына емес, керісінше дамыту жұмыстарының көшбасшысы болу екенін түсіндім.

Оқытуды басқару секілді қабілетімді байқап көрудегі келесі қадам оқушылармен тренингтер өткізу. Ондағы мақсатым: сабақ барысында, мектептен тыс кезде оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Бұл бір жағы ұйымдастырушылық қабілетімді шыңдай түссе, екінші жағынан оқушыларға оқудың - өмірді шынайы түсінуге көмек беретін құбылыс екенін ұғындырудың тәсілі болады деп ойладым.

«Оқушы үні» деп аталатын тренингте балаларға «Сабақтың қалай өткізілгенін қалайсыз? Сабақ барысында топтасудың қандай маңызы бар деп ойлайсыз? Сабақ кезінде мұғалім сыныптасыңызға баға қоюды сіздің еркіңізге берсе қалай бағалар едіңіз?» деген саулдарға жауап алуға тырыстым. Нәтижесінде: «Сабақ әрқашан қызық болып өтсе, сыныптастарым бірін-бірі тыңдап отырса, сабақты топтасып өте берсек, мен кластасымды жауабына қарай бағалар едім, досым болған соң көтермелеп қояр едім» деген жауаптар алдым. Жалпы бұл тренингте мен оқушыларымның сабақ барысында берілетін тапсырмаларға алдын ала қалыптаса беруін ойладым.

Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде біз бағдарламаның жеті модулін кіріктіре отырып тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарын жасап үйрендік және мектептегі тәжірибе кезеңінде сол жоспар бойынша сабақ жүргізуді ұйғардым. Әр модулде айтылған негізгі идеяларды басшылыққа ала отырып, төрт сабақты жүргізу үшін маған көп іздену, әріптестерімнен ақыл-кеңестер сұрау керек болды. Нәтижесінде алғашқы күні-ақ, «Э» есімді әріптесім ОМЖ-ға кішігірім өзгерістер керек екенін түсіндірді. Оқытуды тиімді басқару үшін сабақтың әр бөлімін қайта қарап шығуды ұсынды. Тізбектелген сабақтар топтамасында жоспарлаған барлық сабақтарымда сабақ барысында оқушылардың қарым-қатынасы жағымды болуын ескеріп, оқушылардың коммуникативті мүмкіндіктерін дамыта отырып барынша сабақ мақсатына дәл жету үшін «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модуліндегі түсініктерімді басшылыққа алдым. Яғни, «Әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек: олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен экперимент жасайды және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады» деген тұжырымды назарда ұстауға тырыстым.

Пәнім бойынша оқушылардың ойлау деңгейін жетілдіру, өз қабілетін аңғарту, оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында әр сабағымда «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модуліндегі идеялардың көрініс табуын жоспарлап отырдым. Бұл ретте балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген: «Ойлау – жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап іс істеу керек».

Менің оқушылардың білім алуы үшін ұйымдастырған әрбір іс-әрекетімнің өзіндік өлшемі болуы қажет. Мен өз әрекеттерімді бағалай отырып, білім алушылардың да өз білімдері үшін жауапты екендіктерін ол үшін өзін-өзі, сыныптастарын шынайы бағалаудың маңызын түсіндіруім қажет. Осы тұста мен оқушыларымды бақылай отырып олардың қай бағытта, қалай даму керектігін айқындаймын. Осы секілді мақсаттарға жету жолында маған сындарлы оқыту теориясының әдістерімен танысу барысында «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» молулі жол көрсететінін түсіндім және барлық сабағымда түрлі стратегияларды қолдана отырып модулдің мүмкіндіктеріне көз жеткіздім. Нәтижесінде: оқушылардың өз білімдерін шынайы бағалауға бағыттауға болатынын, өз білімдеріне жауапты болуға көзқарастарын қалыптастыра алатынымды білдім.

Сөз басында «заманауи» ұғымын тілге тиек еткен болатынмын. Ендеше техника тілі сайрап, қарыштап тұрған сәтте менің оқушыларым көштен қалмауы керек. Өзімізге белгілі қазіргі күні АКТ пайдалана отырып кез-келген іс-әрекетіміз бен тәжірибемізді тиянақты әрі нақты ұйымдастыруға қол жеткіздік. Курсқа келмей тұрғанда мен сабақ жоспарын мұғалімдер өзара әрекеттесе отырып құрастырады дегенді ойламағанмын. Бағдарламаның барлық модулдерімен егжей-тегжейлі танысып осы модул идеяларын жүзеге асыруда «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану» молулі менің жұмысымның оңтайлы тұстарына қызмет ететінін білдім. Жоспарларымыз жөнінде туындаған мәселелерді әріптестермен, ата-аналармен, оқушылармен талқылап шешуде Интернет желісінің мүмкіндігі зор екенін ауыз толтырып айта аламын. Мәселен: мектептегі тәжірибе кезеңінде екінші сабағымды жоспарлау уақытында «В» бақылау парағын пайдалану жөнінде туындаған сұраққа «ООVO» желісі арқылы тренерімнен түсініктеме алдым. Сондай-ақ, сабақ барысында оқушыларыма үйге берілген тапсырмаларды талқылауда «ВК» желісі таптырмас көмекші болды.

Жас маман ретінде өз пәнім бойынша оқушыларға тек міндетті ақпараттарды ғана білу керек деген қағидамен жүргенімді «Талантты және дарында балаларды оқыту» модулінің идеяларымен т анысқаннан кейін түсіндім. Менің оқушыларым қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша алған білімдерін келешекте өмірлік жағдаяттарда қолдана алуы үшін құзырлы тапсырмалар беру және жеңіл сұрақ деңгейінен күрделі сұрақ кезеңіне өту арқылы жеке қажеттіліктерін ескере алатынымды түсіндім. Мектептегі тәжірибе кезеңінде төрт сабағымды жоспарлау барысында оқушыларға жеке орындауға арналған тапсырмаларды кіріктірдім. Соңында әр жұмысқа талдау жасап төмендегідей нәтижені көрдім:




Алғашқы сабақтарға қарағанда күрделі тапсырмаларды жиі беру арқылы оқушылардың өз білімдеріне деген оң көзқарастары қалыптасатынын байқауға болады.

Тапсырмаларды талдай отырып, оқушылардың оқуға деген ынталары, зейін, сөйлеу дағдылары, ойлау және шығармашылық қабілеттерінің өзгеруіне ықпал ететінімді түсіндім.

Жалпы менің осы курстан өзіме деген сенімділік оянып, талаптансам қолымнан бәрі келетінін түсіндім. Бұл бағдарлама:

  • Біріншіден оқыту мен зертеуге ынта-жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін оқушыларға қамқорлық көрсете отырып ықпал ететін және бағдар беретін мұғалімдерге;

  • Екіншіден әрбір оқушының пәнді түсінуді қалай құрылымдау қажеттігін ойластыра білетінін сезінетін, осы көзқарастар тұрғысынан білімі мен тәжірибесін қалыптастыратынын; сондай- ақ оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері бойынша ілгері жылжуын өрістету мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар мұғалімдерге;

  • Үшіншіден оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін , өзі мен оқушыларының бұл өлшемдерге қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін білетін , оқушылардың игерген білімі мен оқушылар мойындаған  «Бұдан әрі неге қол жеткізу керек?», «Қандай іс-әрекет жасау керек?», «Одан әрі не істеу керек?» деген сияқты табыстылық өлшемдері арасындағы алшақтықты жою үшін не істеу керек екенін білетін мұғалімдерге;

  • Төртіншіден бастапқы идеядан өзге идеяларды өрістете байланыстыратын және сол идеяларды оқушылардың өздері құрастырып жандандыра алатындай етіп жинақтап, толықтырып, тереңдетіп бере алатын мұғалімдерге қосымша көмек ретінде ұсынылады. Бұл – дайын білім мен идеяларды ұсыну емес, оқушылардың өздерінің білім мен идеялар құруы болып табылады (МАН 9-б).

Мұғалім заман ағымына сай үнемі даму үстінде болу қажет. Даму ол бір сарынды үдеріс емес ол озық техналогияларды жете меңгеріп, қазіргі жеткен жетістіктерінен де жақсы жетістіктерге жету қажет. Міне жаңашыл мұғалімнің жаңа көзқарастары, озық мемлекеттердің жаңа техналогиялары мен танысып, оны өз тәжірибесінде жетік пайдалана алу. Осы оқып жатқан үш айлық курстың мақсаты да сол. Біз жаңа әдіс- тәсілдерді үйреніп оны тиімді пайдалана алсақ ол біздің жетістігіміз. Оқушыларымызды озық мемелекеттердің білім деңгейіне жеткізіп, оларды білім нәрі мен сусындатсақ онда ол біздің мақтанышымыз болмақ. Сондықтан әрбір мұғалім білімді әрі саналы түрде көшбасшы бола білу қажет. Мен өзімнің практикамда өз бойымдағы, барлық білімімді көрсете отырып, мұғалімдер мен оқушылар арасында көшбасшылық жасай алдым деп ойлаймын. «Біл және білгеніңді басқаларға да үйрете біл» деген сөзді негізге ала отырып өзімнің білгенімді басқаларға жеткізіп, олармен саналы түрде бөлісіп жақсы жақтарын көрсете алдым.

Кез- келген істің өзінің көшбасшысы болады. Мұғалім де өзінің жұмысын жетік меңгеріп , сол жұмысының көшбасшысы бола алады.

Бұл мұғалімнің асқан шеберлігі. Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше түрі жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер деп анықталуы мүмкін: Біріншіден іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға; Екіншіден өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешім қабылдауға; Үшіншіден бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға; Төртіншіден кәсіби білімді құруға және таратуға міндетті (МАН 88-б ).

Мұғалімнің көшбасшылығы тек білім берумен ғана шектелмей, ол кез-келген істің басында белсенділік танытып ұйымдастыру  шеберлігінің мықты болуы және әрбір ұстаз білім беру арқылы адам факторына капитал құю үздіксіз экономикалық дамуға апаратын жол болып табылатындығын түсінгені жөн (Бағдарлама 4-бет).

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ол ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» Н.Ә. Назарбаев. Елбасымыз сөзге тиек етіп отырғаны ертеңгі ұрпақтың болашағы жайлы, әрине оларды тәрбиелеп білім нәрін себетін жаңа фарматтағы жаңаша ойлай білетін, озық техналогияларды жетік меңгерген рефлективті практик екені белгілі.

Қорыта келе, бойында көшбасшылық қабілеті бар мұғалім оқушылардың бойына, сенімі және ақылдылығы мен парасаттылық қалыптастыра отырып, өмірге сыни көзқараспен қарай алатын, ұйымдастырушылығы жоғары қабілетті тұлға қалыптастырады. Әрбір мұғалімнің өзіне деген сенімділігі мен қабілетін, күш-жігерін бағалай білуі қажет. Әрқашан жаңашыл болуға талаптану қажет.



Автор
Дата добавления 06.11.2016
Раздел Технология
Подраздел Научные работы
Просмотров29
Номер материала ДБ-324506
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх