Тізбектелген сабақтар топтамасына « Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету » модулін енгізу бойынша рефлексивті есеп .

    DOCX

Краткое описание материала

Тізбектелген  сабақтар топтамасына  « Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету » модулін енгізу бойынша рефлексивті есеп .

Сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін бастауыш  сынып  балаларымен жұмыс барысында , қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен  дамытуға болады . Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл -  балалардың жеке басының тәжірибесіндегі  дәлелдерге мән беруге ынталандыру . Бізде балалардың қызығушылығын оятып , олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін  қолдануға  болатын  түрлі  мысалдар  жеткілікті . ( Мұғалімге арналған нұсқаулық , 49 бет ) . Курс бағдарламасына сәйкес сыни ойлауда дамытудың дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы , білімнің дайын күйінде берілмейді  Сыни тұрғыдан ойлау - бұл ерекше қабілет , өзіндік және жеке ойлау , кез - келген жағдайдағы мәселені ойлап , зерттеп , қорытып , өз ойын ортаға еркін жеткізе алуы . Сыни тұрғыдан ойлауды дұрыс ұйымдастырған жағдайда балалардың да даму деңгейіне сәйкес ой - өрісі дамып , шыңдалып , белгілі бір жетістіктерге жетеді .

Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың , тәжірибенің , ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпарат , ойлауға , бағалауға , талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім . Сондықтан болашақта әрекет жасауға негіз етіп алуыма болады . Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға , баламалы шешімдерді қабылдауға , ойлау және іс - әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді еңгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді . ( Мұғалімге арналған нұсқаулық ) .  Мектептегі тәжірибе кезеңінде оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауын дамыта алдым ба ? Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету оңай іс емес және ол бір деңгейде үйретіліп ұмытылып қалмайтын іс емес . Сыни тұрғыдан ойлауды ынталандыратын мүмкіндікті тұғызатын іс - шаралар ойластырса болады , олар :  сыни тұрғыдан ойлауға үйрету үшін қолайлы мүмкіндік жасау керек , ойды тұдыру үшін уақыт беру керек , оқушыларға ойын жинақтап айтуға мүмкіндік беру керек , сабақта оқушылардың пікірі мен ісін қолдау керек , әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау керек , әрбір оқушының жасаған сынына және оның сын көзімен қарау қабілеттілігіне сенім білдіру , сын тұрғысынан ойлауды бағалау . Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін мен сабақтарыма қалай кіріктірдім ?  Сабақ  жоспарын оқушылардың сыни ойлау  қабілетін дамытатын жас ерекшеліктеріне сай құрдым . Әр сабақ жоспарын құру барысында әр кезеңге мән беріп , әр сабақта әртүрлі әдістер қолдану арқылы қызығушылықты арттырып отырдым . Ұйымдастыру кезеңіндегі  сергіту сәтінен кейін оқушыларда еркіндік көрінді . Бұл  жерде  шаттық  шеңберінде тұрып бір - бірімен қол алысып амандасып , жақсы тілектерін білдіру сыныпта ынтымақтастық  атмосферасын қалыптастырды . Оқушылардың бойында еркіндік пен өзіне деген сенім пайда болды . Дьюи тұжырымдамасында  айтылғандай  еркіндік ой " Ақылды бақылау мен талқылаудың көмегімен  дамитын  мақсат ." Ойлау еркіндігін қамтамасыз етуші ол мұғалім , яғни бағыт беруші ролінде .  Оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап , оларға сеніммен қарап өз ойын , ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады . Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушы өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады , кеңейте түседі . Сыни тұрғыдан ойлаудың маңыздылығы сынып оқушыларын «жақсы» , «жаман» деп  бөлмей , барлық  баланың  дамуы үшін қолайлы. Үлгерімі төмен оқушылардың да өз шамасы келгенше , қабілеті жеткенше еңбек етуі ойластырылған . Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту - күрделі міндет , сондықтан когнитивті  психологияның негізгі түсініктері  мен  тұжырымдамаларына  көңіл аударамыз . Осыған байланысты сабақтың бұрынғы алгоритмін өзгертіп , сабақтың барысын үш кезеңнен тұратын  Блум  таксаномиясына сүйеніп өтілген тізбектелген сабақтар топтамасында сұрақ қою үлгілерін өзгерте отырып , тапсырмаларды сындарлы оқытуға бағыттадым .   Мектептегі  іс - тәжірибе  кезеңінде   жүргізілген   сабақтар  топтпмасына   тоқталып    өтсем . Алғашқы сабағым   «  Қазақстан - көп ұлтты тәуелсіз мемлекет » тақырыбымен  таныстыру .  Сабақтың   мақсаты : 

Қазақстан  - көп ұлтты  тәуелсіз мемлекет туралы  және  халықтарының  достығы  жайлы   түсінік беру . Сабағымды  балалардың  психологиялық  ахуалын  реттеуден  бастадым . Оқушыларды  шеңберге  тұрғызып « Жүректен-жүрекке » тренингін  жүргізіп, қолдарына  қызыл ,сары ,жасыл, көк  фишкалар  тараттым . Фишкалардың  түстері  арқылы  олар  өз  тобына  барып  отыру  қажет  болатын. Бірақ , бұрын  топқа  бөлініп көрмегенінен  және  жас  ерекшеліктеріне  қарай кейбір балалар біраз  тобын  таппай  кідіріп  қалды. Осы  кезде оларға  сыныптастары  көмектесті . Сабақта  оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін  дамыту үшін , ойлау  туралы  ойларын дамыту мақсатында үй тапсырмасына берілген « Отан . Қазақстанның  Туы , Елтаңбасы , Әнұраны, Конституциясы » тақырыптың  мазмұнын  талдау  кезінде  Блум таксономиясы бойынша жіңішке  сұрақтар қойып , төрт топтан кезегімен сұрадым : 1 ) Біз қай Республикада тұрамыз ? 2 ) Біздің еліміздің рәміздері...?  Рәміздердің белгілеріне жеке тоқталып , сұрақтар қойдым . 3 ) Конституция деген не ?  Топ  мүшелері  тез  жауап   беріп  отырды . Еліміздің рәміздерін Конституция туралы біледі. Тудың , Елтаңбаның , Әнұранның  авторларын  атап  айтты . Үй  тапсырмасын  тексеру  кезеңінде ешқандай  қиыншылық  тұған  жоқ .   

Сыныптағы  қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері, зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалогтің мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартылумен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізеді. Александердің(2001,2008) Диагогтік оқытуына сәйкес ,сыныптың қолданбалы зерттеуін зерделер болсақ, ол диалектикалық және  диалогтік педагогика тұрғысынан оқушылардың ой-пікірлері назарға болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым-қатынастың дәстүрлі моделіне күмәнмен қарайды. Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау балаларға дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкірдік береді және формалды кітап арқылы оқыту сияқты дәстүрлі тәсілдерге наразылық білдіреді және мұғалімдер  білім  мен зерттеу үдерістерін басқармай, бағыттап отыру үшін өздерінің  рөлдерін қайта қарастыруы керек.

         Балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың  оқуы  тиімдірек және зияткерлік  жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде. Осылайша балаларды ХХІ - ғасырда және кейінгі ғасырларда да  өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру-мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен-күнге  қолжетімділік  артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға  мүмкіндік  беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек ( Wolfe and Alexander, 2008 ).

Мағынаны тану кезеңінде  « ДЖИК СО » әдісін  қолданып оқушыларды  санау  арқылы  қайтадан  топқа  бөліп , не  істеу керек екендігін  түсіндірдім . Олардың  топқа  ауысуы  біраз  уақыт  алды, соған  қарамастан  сабаққа  қызығушылығын  көрсетті . Алтын  ережені  еске  түсіріп , бір - біріне тобын  табуға  көмектесті . Балаларға  бөліп  берген  тақырыпты  жылдам  оқытып , топпен  талдауға  үйреттім .  Бұл әдіс ( Slavin , 1994 ) – оқушылардың   бірін -  бірі  оқытуда  көмектесуіне  арналған  жұмыс  түрі . Бұл  жұмыс  оқушылар зерттеу  жүргізгенде немесе мәтінді оқыған кезде пайдаланады . Мұнда әрбір оқушы материалды толық меңгереді . Материалдың өзі қарастырған бөлігін түсіндіргенде , олар сарапшы бола алады . Олардың әрқайсысы басқадан үйреніп , басқаны үйретуде белсенді рөл атқарады . Мерсер (2005) кұрдастар тобындағы өзара қарым - қатынас оқуда маңызды роль атқаратынын көрсетті . Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім - оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс - қимылға қарағанда мейлінше «симетриялы » болатын өзара  іс - қимылға тартылады , осылайша негізделген дәлелдерді әзірлеу және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады» деп көрсеткен. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 29 бет)  Бұл  кезеңде  менің  байқағаным Әлібек, Даниат , Анэля, Ләйла, Бақдәулеттің  көшбасшылық  қасиеттері  байқалды . Тақырыпты  жылдам  оқып , талдау  барысында  ең  алды  болып  басқаларға  түсіндіріп , білмегенін  үйретіп  отырды. «Жанұя»тобына  оралып біліп ,  үйреніп  келгендерін  ортаға  салып , белсенділігін   көрсеткен оқушылар  болды : Дәмелі , Альбина , Сұлтан . Менің   байқағаным, Нұрдәулетке түсінік  айту  қиынға  соқты .   Ол ойын  жинақтай  алмай , жауаптары әлі  де  болса  шашыраңқы , жинақталмаған  сияқты .     Қазақстанда  көп ұлттар турады » деп , ойланап  қалды . Ол  қасындағы отырған Әлібектің  көмегімен айтып  отырды .

 Келесі  кезекте  топтық  жұмыс  жасадық « Бірігіп  сурет салу »әдісін  қолдандық .Мұндағы мақсат оқушының естігенін, көргенін сыни ой елегінен өткізе отырып, қағаз бетіне түсіру, яғни ойды жетелеу арқылы дамытуды жүзеге асыру. А 1  форматты  қағазға « Сенің  қандай  құқығың  бар ? , Саған  не істеуге болмайды ? »деген  сұрақтарға  сурет  арқылы жауап  берді . Сурет салуға  барлығы  қызыға  кірісті . Нұрым, Ақбота, Арина, Мирас , Әлібек , Дәмелі  белсенділігін  көрсетті. Жасаған  жұмыстарын  әр  топтан екі  оқушы  шығып қорғады . Нұрбақыт, Нұрдәулет салған  суреттерін  толық  айта  алмады . Мен  оларға сұрақтар  қойып: Мына  суретте  бала не  істеп  тұр ? , Баланың іс - әрекеті  дұрыс па ? деп  жауаптарын  толықтырдым .  Кейбір  балалар  жауаптарын өмірмен байланыстырып  айтты .  Альбина былай деді  «Біз қыздармен ойнап жүргенде Айша менің құыршағымды алып кетті. Оның алғанын бізге өзінің інісі айтып берді ».Бұл оқиғаға байланысты балалар мынандай шешімге келді «біреудің затын рұқсатсыз алуға болмайды».

Келесі күнгі сабағым  «Қазақтың ұлттық мәдениеті» тақырыбымен таныстыру. Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық мәдениеті жайлы білімді меңгерту.Сабағымда сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді «Автор орындығы,Миға шабуыл,Топтастыру»тәсілдер арқылы аштым. «Автор орындығы» барысында оқушыны ортаға шақырып , үй тапсырмасы бойынша топтарға сұрақтар таратып бердім: Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? Біздің елімізде қандай ұлттар тұрады?Туған жер,Отан туралы қандай өлең жаттап келдіңдер?  Әр топтан оқушылар « Автор орындығы » отырып сұраққа жауап берді . Әсіресе екінші топтағы Анэляның жауабы балаларға ұнады . Анэля сұраққа толық жауап бере отырып Туған жер туралы өлең , мақалдар жаттап келген . ) Қызығушылығын ояту кезінде ауыз әдебиетінің бір бөлігі ертегілерге тоқталдым , себебі , балалар ертегілерді көп біледі. Суреттер көрсетіп , сұрақтар қойдым : Ертегі қалай аталады ? Қандай ертегілер болады ? Балалардың жауаптарын тыңдай отырып жаңа сабақтың тақырыбын аштым . Қазақтың ұлттық мәдениетінің бірі рухани мәдениет олар: ертегі , жырлар , айтыс , мақал - мәтелдер, жұмбақтар , аңыз , шешендік сөздер екенін анықтадық .Жыршы мен жыраулар деген кімдер ? деген сұрақты талқыладық . Сұлтанның  жауабы мынандай болды: Біз туған жерді қорғаған батырлар жайында аңыздарды тыңдағанды жақсы көреміз . Қаһармандар,халқымыздың тарихы туралы жырларды оқимыз .Арина ағасы оқып берген «Қозы көрпеш-Баян сұлу» жыры мен  «Аққұс туралы» аңызды білетінін айтты. Келесі талдау қолданғаным «Миға шабуыл»тәсілін пайдалана отырып ,  сұрақ қойдым : Мақалдардың мағынасын қалай түсінеді және қалай пайдаланады ? Дәмелі мынандай мақал айтты «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей » . Осы мақалға мысал келтірді.Топтастыру әдісін қолдандым. Балалар Қазақтың ұлттық мәдениетін топтастырды. Оқушының білімін жетілдіруде сыни ойлаудың маңыздылығы сол, әрбір оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытады, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда пайдалана білуге үйренеді деп айтқым келеді.Сондықтан сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі жеке тұлғаның қиялын дамыту барысында оларды бақылауға,зерттеуге,ойлауға,сөйлеуге,ойын толық жеткізе білуге үйренуді,үйретуді мақсат етіп қояды.

 «Астана-Қазақстан Республикасының елордасы» тақырыбы бойынша сабақтың мақсаты:Астана-Отанымыздың мақтанышы, оның тарихы мен бой көтерген ғимараттар мен кесенелер жайында білімін меңгерту.Бұл сабақта сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді «Блум таксаномиясы,ДЖИК СО,Бірігіп сурет салу »тәсілдер арқылы аштым.Менің әдіс-тәсілдерді қаншалықты дұрыс немесе орынды қолдануымның әсері, көмегі болды? Оқушының мәтін мазмұнын берілген жаңа ақпараттар нәтижесінде, сондай-ақ түсініп оқу арқылы меңгеруіне жеңіл әдіс ол- жигсо(құрастыру,бүтінді бөлшектеу) деп таптым.  Себебі, жигсо(құрастыру) кезінде оқушы біріншіден, бір мезетте бірнеше ақпарат ала алады, жеке және бірлескен жұмыс орындау арқылы, өз ойын айтады, өзгенің пікірін тыңдап үйренеді. Екіншіден, өз ойын басқаға жеткізе алмаған кездің өзінде, басқаны тыңдау арқылы жаңа тақырып  жөнінде мәлімет жинайды. Сабақ барысында мен бұл жәйді кездестірдім. Мәтін мазмұнын әңгімелеуде қиналатын оқушым Нұрдәулет  топ мүшелерінің «жұмысшы » тобында талдаған әңгімелерінен кейін, »жанұя» тобына келгенде, тыңдағанын  айтып бере алды. Ал сыни тұрғыдан ойлауға  үйрету модулінде  оқушының сыни көзқарасын  қалыптастыру, ойлануға жетелеу бұл  сабақтағы  аса қажетті де маңызды әрекет болып табылады. «Алматы» тақырыбының мақсаты:Оқушыларға Алматы-ірі ғылым,мәдениет білім жәнеиөнеркәсіп орталығы жайлы түсінік қалыптастыру.Сабағымда Топтастыру,Автор орындығы ,Венн  диограммасы стратегиялар арқылы балалар өз беттерінше тұжырым жасауға,ойларын еркін жеткізуге  тырысты . Венн  диограммасына балалар Астана мен Алматыны салыстырды . Астана - жаңа қала, үлкен , сәнді қала ,астаналықтар тұрады .Алматы - ежелгі қала ірі ғылым ,мәдениет білім және өнеркәсіп орталығы ,алматылықтар тұрады . Мирас екі қаланы дұрыс сипаттап берд і. Айырмашылығын тапты. Сонымен ,  топтық жұмыс барысында  оқушылар өз білетіндерін еске түсірді ,ой бөлісті , пікір алмасты, қағазға  бірігіп сурет салды. Топтық ережені сақтай отырып, бірін-бірі тыңдауға, ынтымаққа, уақытты босқа өткізбеуге ,өзін және өзгенің пікірін бағалай білуге үйренді. Мектептегі тәжірибе кезеңіндегі дүниетану пәнінен жүргізілген сабақтарда сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің әдіс - тәсілдерін қолдану оқушының берілген тақырып бойынша ой толғаныс жасай білуіне, пікірін айтуына , мазмұнды талдай білуіне, шығармашылық белсенділігінің қалыптасуына негіз бола алды . Қорыта  келгенде сыни тұрғыдан ойлауды сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтижеге тоқталсам, оқушылардың барлығы жаппай сыни ойлап кетті деп айта алмаймын, себебі уақыттың аздығы, оқу жылының соңындағы оқушылардың шаршағандықдары әсерін тигізді , оқушылар арасында ілгерлеушілік бар және кері байланыс парақшасынан оқушыларыма сабақтың ұнағанын айта аламын. Алдағы келер оқу жылында кездескен қиындықтарды жеңемін, осы бағыттан таймай қызмет атқарамын .

 

Мен өз сабағымда оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын арттыру үшін басшылыққа мынаны аламын: оқушылардың қызығушылығын  дамытамын , тапсырмалар мазмұнын құрайтын оқу мақсатын түсініп аламын ,жеке оқушылардың көрсеткен түрлі деңгейдегі түсініктері мен дағдыларын салыстырамын.    

Тізбектелген сабақтар топтамасына « Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету » модулін енгізу бойынша рефлексивті есеп .

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Сарсебаева Галия Абдрамановна

учитель начальных классов

  • На сайте: 10 лет и 6 месяцев
  • Всего просмотров: 119582
  • Подписчики: 1
  • Всего материалов: 26
  • 119582
    просмотров
  • 26
    материалов
  • 1
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Сарсебаева Галия Абдрамановна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: