Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Конспекты / Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша есеп Сабақтың тақырыбы: Литосфера.Тау жыныстары. 7 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • География

Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша есеп Сабақтың тақырыбы: Литосфера.Тау жыныстары. 7 сынып

библиотека
материалов

Жунусбаева Марал Турмысовна Астана қаласы, ФМБ НЗМ

география пәні мұғалімі 2014-2015 оқу жылы

3 деңгей, В2 есебі

Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша есеп


Сабақтың тақырыбы: Литосфера.Тау жыныстары. 7 сынып


Дәстүрлі оқыту стилімен оқыған оқушының алған білімі механикалық түрде есте сақталған жаттанды болып, мектеп бітірген соң бала оны тиімді қолдана алмайды, ал қазіргі уақытта біз әр бір жеке тұлғаны функционалдық сауатты, алған білімін өмірдің кез-келген жерінде қолдана алатын құзыретті тұлға етіп қалыптастыру керекпіз. Бұндай тұлғаны қалыптастыруға Кембридж тәсілінің теориялық негіздері бойынша оқыту көмектесе алады. Американдық педагог Джон Дью «дәстүрлі» білім беруді енжарлықпен білім алу үрдісі ретінде сипаттады және өзара әрекеттің немесе сыни қатысудың төмен деңгейін қажет ететін жаттау алу әдісін сынайды.(1990 ж) Стенхауз болса, сыныптағы өзара байланыс кезіндегі еркіндік көбірек қажет екендігін көрді, «ойлану басқалармен көңілді және жемісті өзара әрекет ету арқылы тәжірибені байытуға тиіс», сондай-ақ ол мұғалімдер мен оқушылар бірлескен алмасудан пайда табады деп есептеді және Дион сияқты оқыту диалог түрінде оқытуға негізделеді деген идеяны ұстанды. (1967 ж Jssue1 15.12.2011ж), осыған байланысты бағдарлама бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану өте орынды және нәтижелі екендігіне көзім әдбен жетті. Тізбектелген сабақтар топтамасындағы өзіме ұнаған, сапалы сабағымның бірі 7 «с» сыныбында өткізілген «Тау жыныстары» тақырыбындағы сабақ. Мұндағы мақсат тау жыныстарының негізгі түрлерін анықтау, пайда болу жолдарына қарай топтастыру, басты тау жыныстарына мысал келтіру.

Күтілетін нәтиже:

- Тау жыныстарының топтастыру арқылы жіктей алады

  • Тау жыныстарының пайда болу жолдарын анықтайды

  • Тау жыныстарының үлгілерін пайдалана отырып,(магмалық, метаморфтық және шөгінді) олардың қалыптасуын зерттейді және сипаттайды.

Сабақ бағдарламадағы жеті модулді ықпалдастыру арқылы заманауи тұрғыда құрылып, төмендегідей кезеңдерді қамтыды:

  1. Психологиялық ахуал: оқушылардың өткенді еске түсіру мақсатында «Мені тыңда» әдісі.

  2. Тақырыпқа шығу: бейнефильм көру арқылы, тау жыныстарының түрлерін көріп, сипаттама береді, сол бойынша тақырыпқа шығады.

  3. Мақсат қою: -тау жыныстарының пайда болу жолдары қандай? - деген сұрақ арқылы мақсат қойғызу, себебі пайда болу жолдары таныс емес.

  4. Оқушылардың әрекеті. Жұппен және топпен жұмыс: Оқушылар сыни тұрғыдан ойлай отырып, тау жыныстарының түрлерін анықтайды және қалыптасуын зерттейді. Өздерінің жасаған нәтижелерін көрсету үшін «Галерея» әдісі арқылы қабырғаға іледі, әр топ бір-бірлерінің жұмыстарын «2 жұлдыз, 1 тілек» арқылы бағалайды.

  5. Әр топ өз тақырыбын түсіндіреді соның барысында оқушыларда диалогтық оқыту, тыңдалым және айтылым дағдысы қалыптасады.

  6. Бекіту: Оқушылар алған білімдері бойынша сұрақтар дайындайды және соған өздері жауап беру арқылы қорытынды жасайды

  7. Рефлексия: Оқушылар «Нысана» әдісі арқылы өздерінің алған білімдерін көрсетеді.

Бұл сабаққа 7 модулді кіріктіру негізіндегі ұстанымым: белсенді зерттеулер арқылы түсінік пен дағдыны құра білу. «Сыныптағы оқу үдерісінің пайдасын айқындайтын негізгі факторлар: 1.Балалардың оқу үдерісін түсінуі; 2.Нені оқу керектігін түсінуі; 3.Оқу үдерісін қалай құрылымдау қажет екендігі туралы ұғымның қалыптасуы; 4.Оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеру» (Мұғалімге арналған нұсқаулық б 32) олай болса, мен үшін оқушылардың жеке қабілеттерін анықтау, даралығын ескеру үшін, сабақтың ұйымдастыру кезеңінде, яғни сабаққа кіріспес бұрын оқушыларды ортаға шақырып алып, психологиялық ахуал тудырып алу керек болды, бұл сабағымда пәнге деген қажеттілікті қалыптастыру үшін «мені тыңда» әдісін қолдандым, осы әдісті қолдану барысында оқушылардың өздерін еркін сезінуі, пәнге қажеттілікті қалыптастыруда оқушылар өздерінің білмей қалған сұрақтарына қысылып (Аділхан, Айжан, Дидар) келесіде мұндай жағдайдың орын алмауына бар күштерін салды. Сабақтың тақырыбы мен мақсат- міндеттерін оқушылардың өздері ашып берсе, нені оқу керектігін түсінсе, бұл сабақтың пайдасы да, тиімділігі де өте мол болады, сондықтан ең алдымен сабағымыздың тақырыбын анықтап алу үшін, АКТ-ны пайдалана отырып, «Тау жыныстары» атты бейнефильм көріп алдық, сол фильмге қатысты сұрақтар қойып, оқу мақсаттарын оқушыларға айқындаттым, олар ықтимал жауап берсе де, қабылдадым. C:\Users\Lenovo\Desktop\3 уровень\Новая папка\1.jpg

Мұғалім оқушыларда Чиксентмихаи (2008) «Өзіндік мақсат» деп атайтын Райан мен Деки (2009) «Ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс (МАН, 34 б) деген еді, сондықтан да, оқушылар өзіндік мақсат қоя білсе, өз-өздерін ынталандыра алады, соның есебінен сабаққа деген қызығушылығы артады. Оқу үрдісіне толыққанды қатысу үшін оқушылар қалай оқу керектігін білуі керек, «Қалай оқу керектігін үйрену» «өзін-өзі реттеу» дегенді білдіреді, сондықтан проблема мен мақсатты айқындап алған соң, берілген «Сурет сөйлейді», «ЖИГСО» тәсілі арқылы өздігінен жұмыс жасады, яғни сурет арқылы, тау жыныстарының түрлерін анықтайды және арасындағы байланысты көреді, байланысты қабілеті жоғары оқушылар бірден көріп, (Әли, Алинур, Әлиби) сыни тұрғыдан ойлау арқылы, тау жыныстарының алдыңғы тақырып жер қыртысының қозғалысымен байланыстырды. Бұл жұптық жұмыс болғандықтан оқушылар арасында диалогтық оқыту жүзеге асырылды. Мерсер мен Литлтон (2009) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсеткен, (МАН, 39б) сондықтан мен қалай оқыту керек дегенде, ең алдымен білімді бірлесіп оқытуды көздедім, топта жұмыс жасауда оқушылар ынтымақтастықта оқыту тәсілі арқылы алдарына қойылған проблемаларды шешуде өзара әрекеттестікте жұмыс жасады, яғни оқушылар бір-бірімен әңгімелесе отырып, бір-бірінің идеяларымен алмасты, мәселені бірлесіп шешудің жолын қарастырды, бір-бірінің көзқарасын тыңдап, түрлі пікірлер айтты, дегенмен топтық жұмыста кейбір оқушылардың бір-бірімен келіспей қалған жағдайлары да болды, бір байқағаным бір топта өте зерек Қ және Ә атты оқушылар отырды, олар өзара бір-бірінің пікірімен келісе алмай қалды, бұл жерде Әмір өзінің даралығын танытып, Қуандықтың пікірін елемеді, екінші жағдай топқа араласа алмай отырған оқушы Наргиз, ол өз пікірін еркін ортаға сала алмады, себебі басқа тез ойлайтын оқушылар барлығын орындап, оның айтуына ерік бермеді, сөйтіп Наргиз топтың арасында байқалмай қалды, бұл мәселені шешу мақсатында мен келесі сабағымда топтарды бөлуде оқушылардың деңгейіне қарап бөлдім, бірақ спикерді өзім таңдап алдым, ол үшін топқа бөлінгеннен кейін, оқушыларға білдірмей Қуандық, Наргиз, Даниялдың орындығының артына стикерді жапсырып қойдым да, топтың ережесін айттым, яғни топтағы барлық адамның пікірі ескеріледі және соңғы қорытындыны мен таңдаған оқушы айтады деп ескерту жасадым, бұдан көргенім оқушылар бір-бірін құрметпен тыңдады, яғни ынтымақтастықта бірлескен жұмыс жүргізілді және соңғы қорытынды айтар кезде оқушыларға «кімнің орындығына стикер жапсырылған сол оқушы ортаға шығады» деген кезде, оқушылардың бойында бір қорқыныш, бір қуаныш байқалды, яғни бұл жерде жұмыс жасаған немесе жұмыс жасамаған оқушылар бірден байқалды және сөйлемейтін оқушылар жүрексіне ортаға шықты және өз шамасынша қорытынды ойын жеткізді. Егерде бұл тәсілді үнемі сабақтарда қолданып отырсам, оқушылардың арасында сыйластық, құрмет, бірін-бірі тыңдау, бір-бірінің пікірімен санасу, топта, сыныпта өздерін еркін сезіну, қысылмай сөйлеу сияқты дағдылары қалыптасатындығына көзім жетті, ең бастысы оқушы айтайын деген ойын жеткізе білуді үйренеді, сол себепті оқытуда ынтымақтастық атмосфераның қалыптасуына мұғалім көшбасшылық жасап, тұлғаның әрекет жасауына еркіндік берсе, біршама жетістіктеге жетіп, жасаған істері нәтижелі болатындығын байқадым. Бұл жерде туындаған қиыншылықтар біріншіден сынып оқушылары бұрыннан бері қалыптасқан емес, биылғы жылы қабылданғандықтан бір-бірін онша танымайды, сондықтан алғашқы уақытта бір-бірімен жұмыс жасаған кезде Дидар, Даниял, Бейбарыс, Айжан, Айнұр, Наргиз өзін жайлы сезіне алмады, ал Әліби, Жанболат, Әлинур, Медина, Әділхан кез-келген жұмыста көшбасшылық танытып, кірісіп кететін болды, бірақ алғашқы 2 апта өткен соң, өзара бір-бірлерімен дос құрып алғандары байқалды, сөйтіп топтасуға, жұптасуға өз еріктеріне бергенде, солай отыратын болды және бір-бірімен пікір алмасуда жақсы жұмыстар атқарды, екіншіден, топтық жұмыстағы оқушылардың тәртіптері, сыныптың ішіндегі шу, қатты сөйлесу, бір-біріне кедергі жасады, үшіншіден, тапсырманы қалай орындау керектігін бірнеше мәрте сұрай беруі, аталған қиыншылықтарды жою мақсатында үнемі топтың ережесіне көңіл бөлу керектігі айтылды, кейіннен бағалау кезінде топ ережесін сақтамаса ұпайларының төмендейтіндігін ескертіп қойдым, тапсырмаларды құрастыру кезінде сұрақтарды бірден қиындатпай жеңілден күрделі қарай ретімен құрастырып, оқушылардың әр тапсырманы мұқият оқуына және түсінбеген жағдайда жұптасынан, сыныптасынан сұрау керектігін айттым, мұғаліммнің рөлі бағыт беру екендігін баса айтты. Сондай-ақ тақырыптан ауытқыған кезде өте қатты қызу әңгімеге бет бұрулары өте жиі орын алды, бірақ мен оны тоқтатып тастауыма тура келді, себебі уақыт жетпей қалады. C:\Users\Lenovo\Pictures\2014-12-03\1414160813258.jpgC:\Users\Lenovo\Desktop\тау жынысы\Моментальный снимок 9 (20.12.2014 20-05).pngC:\Users\Lenovo\Pictures\фота окушылар\2014-10-19\444.jpgC:\Users\Lenovo\Desktop\тау жынысы\Моментальный снимок 7 (20.12.2014 20-03).pngC:\Users\Lenovo\Pictures\фота окушылар\2014-10-19\1.jpgC:\Users\Lenovo\Pictures\фота окушылар\2014-10-19\55.jpg

Сыни тұрғыдан ойлау талдау, интерпретациялау, бағалау, түсіндіру нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға бағытталған пәндік шешім екендігі белгілі, бұл үрдіс сабағымдағы топтық жұмыста мәтінмен жұмыс жасау кезінде айқын көрінді, нәтижесінде оқушылардың ойын дамытуға көп септігін тигізеді, десе де барлық оқушылардың ойлау қабілеті бірдей емес, түсіндіру кезенде Камила өз міндетін атқара алмады, оқушылар да оны бірден аңғарды, сұрақтар қою кезінде нақты Камилаға арнап қойды, ол өз кезегінде жауап бере алмады, бірақ топ үшін барлығы бірлесіп жұмыс атқарғандықтан Данияр жауап берді, оқушылар топта жұмыс атқарғанда барлығы бірдей жұмыс жасамайтындығы байқалды, бірақ оқушыларға ескерту ретінде айтылды, келесі сабақтарда барлығы бірдей жұмыс жасады. Ал керісінше қабілеті жоғары балалар Әли ақпаратты тез қабылдап, кілтті сөздерді дұрыс тауып, негізгі ұғымдар арқылы постерлерін безендірді және талдау барысында логикалық жүйелілікпен талдау жасап берді, метаморфтық тау жыныстарының қалыптасу жолдарын айтқан кезде, ізбестің мраморға, кварциттің гранитке айналатындығын өте жақсы айтып берді. Әр топ өз постерлерін жасап болған соң «Галерея» әдісі арқылы, постерлерді қабырғаға іліп, әр топ қарап шығып, «2 жұлдыз, 1 тілек» бағалау әдісін қолдана отырып, бағалады, оқыту үшін бағалау дегеніміз, оқушылар өз білім деңгейлерін өздері бағалайтын және жетілдіру үшін келесі қадамдарын айқындайтын үрдіс, сондықтан сабағымда жұппен жұмыс кезінде оқушылар бағалау парақшасы арқылы өз-өзін бағалады, топтық жұмыста бір-бірін бағалады. Оқушылардың нәтижеге жеткендігін және нәтижеге жету үшін талпындыру мақсатында «нысана» әдісі арқылы рефлексия жүргіздім, яғни оқушылар алған білімдерінің, сабаққа белсенді қатысуының, пайдалы болғандығының дейгейін көрсетті. Оқушылар жас ерекшелігін ескеруде тапсырмаларды жасауға өзіндік әдіс-тәсілдерді қолдандым, мысалы «Галерея» әдісі, «ЖИГСО», «Жылжыма сурет» тәсілдері арқылы оқушыларға арналып жасалған тапсырмалар жас ерекшеліктеріне байланысты берілді және тиімді өткендігін айтуға болады, осы әдістер арқылы оқушылар сабақта белсенділік танытып, тақырып мазмұнын өздігінше түсінуге тырысты және ең бастысы өздігінен жұмыс жасауға үйрене бастады. Оқушыларды өздігінен жұмыс жасата отырып, мен өзіндік рөлімнің ауысқандығын байқадым, себебі сабақ барысында оқушылардың тапсырмаларды өздігінен орындады, мен қажет кезінде ғана бағыт беріп отырдым, көбіне оқушылардың бір-бірінен сұрауын талап еттім, соның арқасында өзара оқыту жүзеге асырылды, кейбір сөздердің анықтамаларын немесе қажетті ақпараттарды сұрағанда табу көздерін айтып, бағыт беріп отырдым, бұдан оқытуды басқарудағы көшбасшылықтың жүзеге асырылғандығын байқадым. C:\Users\Lenovo\Pictures\фота окушылар\2014-10-19\3.jpgC:\Users\Lenovo\Desktop\тау жынысы\багалау.jpgC:\Users\Lenovo\Desktop\тау жынысы\нысана.jpg

Сабақ барысында оқушылардың басқалардың көмегіне жүгіне отырып жасайтын қадамдары мен сынып жұмысын жүзеге асыру кезінде қалыптасқан дағдылары төмендегідей:

1. Көру арқылы және берілген ақпараттармен танысады

2. Ақпараттағы мәліметтер арқылы тау жыныстарының түрлерін анықтайды

3.Зерттей келе, тау жыныстарының қалай жіктелетіндігін қалай біріктірілгенін және бір-бірімен өзара байланысатынын талдайды

4. Жекелеген суреттер мен тау жыныстараының коллекциялары арқылы бір-бірлерінің тұжырымдарына келісе отырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырады және зерттейді

5. Дәлелдер мен бірқатар ойларды құру үшін түрлі ақпарат көздерін біріктіре отырып жинақтайды. Соңғы нәтижесінде өнім түрін ұсынады, яғни постер.C:\Users\Lenovo\Desktop\тау жынысы\постер.jpg

6. Айтылған болжамдар мен ойларын бағалайды

7. Зерттеудің негізіне өзара бір-біріне қойылған сұрақтарға жауап беруде білімін қолданады.C:\Users\Lenovo\Desktop\тау жынысы\Моментальный снимок 13 (20.12.2014 20-08).png








Қорыта келгенде, бағдарлама аясында игерген білімімді өз тәжірибемде қолдану кезіндегі алынған нәтижемді көре отырып, өз-өзіме риза болдым, себебі оқушылардың ынтымақтастықта жұмыс жасағандығы, сабақта бір де бір оқушының бос отырмай, өздігінен белсенді тұрғыда әрекет етуі, ең бастысы сабақтың әр кезеңінде оқушыларға ой тастай отырып, олардың сыни ойлауына бағыт бергендігім, ізденген жетер мұратқа демекші, өзім бұл оқудан кейін, үнемі ізденіске бой бұруды мақсат етіп қойдым.





Қолданылған әдебиет:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үшінші (базалық) деңгей,үшінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012











Автор
Дата добавления 09.12.2015
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров445
Номер материала ДВ-244674
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх