Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Конспекты / Тізбектелген сабақтар топтамасында Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивті есеп
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Тізбектелген сабақтар топтамасында Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивті есеп

библиотека
материалов

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылы

« Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

шетел тілі пәні мұғалімі Оразова Жадра Бейбетжанқызы



Тізбектелген сабақтар топтамасында Бағдарламаның бір модулі

қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивті есеп

Мұғалімнің алдына қойған мақсаты – алдында отырған шәкірттеріне сапалы білім мен құнды тәрбие беруі. Тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал етіп, жоғары өрлеуіне, жақсы дағдыларының қалыптасуына бағыт-бағдар беріп тәрбиелеуі мұғалімнің алдына қойған міндеттерінің бірі. Сол алдына қойған міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың жаңаша ойлауына, дүниетанымының қалыптасуына бағдарламаға сай жоспар құру өзекті мәселенің бірі болып табылады. Бағдарламаның жеті модулі шетел тілі сыныптарында қолдануға тиімді, әрі ыңғайлы. Солардың ішінде «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулінің қазіргі таңда ізденімпаз және білімді тұлға тәрбиелеуде алатын орны бөлек. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту бағдарламасы жер шарының әр жерінен жинақталған оқытушылардың еңбегін, атай кетсем, Ж.Пиаже, Л.С.Выготскийдің теорияларын басшылыққа алады. Сондықтан да мектептегі тәжірибемдегі қолданған әдіс-тәсілімнің ең негізгісі «Сыни тұрғыдан ойлануға үйрету» болды. Аталған модуль тек баланың ғана емес, мұғалімнің де дамуына жол ашады. Ол бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 49-бет). Бірінші бетпе-бет кезінде мектепке келіп, өзім сабақ беретін оқушылардың ішінен 7 «А» сыныбын таңдадым. Оқушыларға сабақта жұппен, топпен жұмыс жасайтындығымызды жеткіздім. Шетел тілі пәні бойынша күнтізбелік жоспар мынадай тақырыптардан топтастырылды:

«Жануарлар әлемі», «Жабайы жануарлар», «Мұхиттар әлемі: киттер», «Жануарлар қауіпте». Алдымен сабақта қолданылатын әдістерді анықтап, оларды сабақта тиімді қолдану керектігін алға тарттым. Сонымен қатар, сабағымды жоспарлауда Блум таксономиясына сүйендім. Оқушыларды топқа бөлу барысында аздаған қиындықтар туындады. Оқушылар сабағы төмен оқушымен бір топта болғылары келмей, әр оқушы өз досымен отырғысы келді. Бұл кезде мен оларға дұрыс жол көрсетіп, бір-бірін сыйлап, қадірлеуге бағыттадым. Дәстүрлі сабақта оқушылар дайын білімді ғана игеріп, өз ойын жеткізе алмаған болса, қазіргі жаңа бағдарламада олардың іздену нәтижесі арқылы арқылы пәнге деген қызығушылығының артқанын көрдім. Алғашқы сабақтан бастап оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру ниетінде «сыйлық беру» әдісі арқылы ынтымақтастық амосферасын қалыптастыруға дағдыландырдым. Балаларға бұл әдіс өте ұнады, әр сабақ сайын шаттық шеңберінен бастауымды сұрады. Топқа бөлу барысында оқушыларды төсбелгіге жануарлардың суретін жабыстыру арқылы, киттердің суреттеріне бірден үшке дейінгі суретті жазу арқылы, үй жануарлары және жабайы жануарлардың суреттері арқылы топқа бөлдім. Оқушылармен ақылдасып топ ережелерін құрдық. Сабақ барысында осы ережелерге сүйенеміз деп шештік. Әйткенмен топ ережесі кейде ұмыт қалып жатты. Өйткені балалар алғашқы кезде бір топтың айтқанын екінші топ тыңдамай, тыныштық сақтамай жатқан кездер болды. Үшінші, төртінші сабақтарда топ ережелерін сақтауды үйренді. Сын тұрғысынан ойлау әдісі бойынша «білу» күлтешесінде «түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау» әдісі арқылы сұрақтар қойдым. Бастапқы кезде оқушылар ойлана отырып, сұрақтарға толық жауап бере алмай қиналды, бірақ топ мүшелері бір-бірін қолдап, жауапты толықтырып, сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысты. Дәстүрлі сабақ өтіп жүрген кезімде қойған бағаларды түсіндірмей бағалай беретін едім. Қазір бағалаудың түрлерін түсіндім. Алайда оқушылар басында топтық бағалау кезінде бір-бірлерін әділ бағаламай, жоғары бағалап жатты. Кейін, бірте-бірте дұрыс бағалауды да үйреніп қалды. Топтық жұмыстың тағы бір жақсы болған жағы, нашар оқып жүрген оқушымның сабақ соңында есінде бар жануарларды атап шығып, бір қадам алға жылжуы. «Қолдану» күлтешесінде «джигсо» тәсілі арқылы мағынаны тану мақсатында мәтінмен жұмыс жасадық. Мәтінді екі топқа абзац бойынша бөліп, тапсырма бердім. бірінші, мәтінді оқып, аудару, екінші, мәтін бойынша екі топқа берілген тапсырмаларды орындау. Оқушылар мәтінді түсініп, аударып талқылады. Талғат Темурлан, Өмірзақ Шыңғыс сияқты оқушылар мәтінді оқу кезінде және аударуда аздап қиналғандары байқалды. Бұл әдіс өте тиімді, оқушыларға ұнады. Келешекте осы әдісті одан әрі дамытып, бір сабаққа созу, жан-жақты талқылау ойымда бар. Оқушылар бағдаршам әдісі арқылы бағалады, топ басшысы мәтінді жақсы оқып аударғандарға үш балдық жүйеде баға қойып отырды. Оқушылардың топтық бағалауы және өзін-өзі бағалауы - оқытуды бағалау болғандықтан, оқушылар әр тапсырмаға қандай бал және оны қандай тапсырма үшін алып отырғандарын біліп отырды. Осы іс-әрекеттерді жасай отырып, оқушылардың ізденімпаздығы, пәнге деген қызығушылығы, еркін ойлауы, есте сақтау қабілеті, топтық жұмыстарға деген белсенділіктері, өздерін бағалауы, уақытпен санасуы, әр оқушы өз ойын айта алу қабілеттеріне дағдылана бастады.

Сыни тұрғыдан ойлау модулінің ой толғаныс кезеңіндегі суретте берілген жануарлардың ішінен біреуін таңдап, диаграмма құрастырды. Диаграмманы топпен шығып қорғады. Бұл тапсырманың мақсаты төрт түрлі жануардың қайда мекендейтінін, немен қоректенетінін, мінездерін, түстерін және көлемін жазу болатын. Бұл әдістің тиімді жағы мазмұнды сызба кезінде оқушылар өте белсенді жұмыс жасады және тапсырманы өз беттерімен орындады.

Әріптестер де өз пікірлерін ақ параққа жазып қалдырды, ауызша айтқандары да болды. Тәрбие ісінің меңгерушісі Асқарова Мадина апай өз пікірін жазғаннан гөрі ауызша айтқанды жөн көрді. Ол кісі «сабақ жақсы өтті, дегенмен өзің сәл тез қимылдап балаларды оятқаның дұрыс» деді. Тағы да басқа сындар айтылып жатты. Мен әріптестерімнің айтқан бұл пікірлерімен келісіп «Сын түзелмей, мін түзелмес» демекші өзімнің кем-кетік кетіп жатқан жерлерімді түзетуге тырысамын. Топтық жұмыс жасау кезінде сындарлы оқыту әдісін кеңінен қолдана отырып оқушыларда төмендегі деңгейлерде қалыптаса бастағанына көзім жетті.

1. Өз бетімен қорытынды жасауға дағдыланды.

2. Топтық шешімдердің ішіндегі тиімдісін таңдай білді.

3. Проблеманы шеше білуге үйренді.

4. Дайын білімді қабылдауға емес, өз бетімен іздене бастады.

  1. Ой түю арқылы тапқан дәйектемесін қолдана білуге дағдыланды .

  2. Пікірталас жүргізуге қалыптасты.

  3. Әр оқушы өз көзқарасын, пікірін білдірді.

  4. Бір-бірінің шешімін сыйлауға үйренді.

  5. Өз ойларын дұрыс, әрі толық қорытындылауға дағдыланды.

  6. Әр оқушыда «Мен» тұлғасы қалыптаса бастады.

Осыған орай оқушыларда сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып, оқушыларды жетістікке жеткізудің жолдарын айқындадым.

«Жабайы жануарлар» атты екінші сабақты өту барысында бағалау парақтарын және «блоб ағашын» тараттым, оқушылар блоб ағашының қалай қолданатынын түсіндірді, яғни суреттегі блоб ағашындағы адамдардың біреуін өзінің сын тұрғысынан ойлауы бойынша біліміне сәйкес келетінін көк түспен бояйды. Сабақ соңында білім деңгейінің артуына байланыстысын және ағаштың қай жерде тұрғанын көрсету үшін өздерін қызыл түспен белгіледі. Сыни тұрғыдан ойлау модулінің қызығушылығын ояту кезеңінде қара, жап, жаз, айт» стратегиясын қолданып, жаңа сөзбен жұмыс жасадық. Оқушылар кезекпен тұрып жаңа сөздерді оқыды. Артынан «серпілген сауал» әдісі арқылы бір-біріне доп лақтыру арқылы, жаңа сөздерді тағы бір рет қайталадық. Бұл әдіс өте тиімді әрі қызықты болғандықтан, сыныпта жиі қайталанатын әдістердің бірі.

«Қолдану» күлтешесінде оқушыларға жануарлар туралы мәлімет беру және сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында шөл даладағы өмір мен тропикалық ормандағы жануарлардың өмірі атты видеоны көрдік. Видео көрсетілімнен кейін шөл далада және тропикалық орманда қандай өсімдіктер кездесетінін, қандай жабайы жануарлар кездесетінін, ол жердегі ауа райын сипаттау тапсырмалары берілді. Бұл әдістің тиімді болған жағы оқушылардың қосымша мәлімет алуына ықпал етіп, ойлау қабілеттерін арттырды.

Сергіту сәті кезінде оқушылар стакандарды жіп қолдана отырып, топпен пирамида ретінде орналастырды. Жіптері үзіліп, көңілдері түскен сәттер кездескен кезде топ мүшелері жіпті тезірек байлап қарсыластарын басып озуға тырысты. Бұл әдіс арқылы оқушылардың топтағы ауызбіршілік қарым-қатынасы нығайды.

Кері байланыс кезінде кабинетте қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдырды. Кері байланыстың да сыни тұрғыдан ойлануға зор әсері бар екенін көрдім.

Мұхиттар әлемі: киттер тақырыбында өтілген үшінші сабақта оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын «кіріспе сұрақтар» тәсілі арқылы арттыруға тырыстым. «Кіріспе сұрақтар» әдісін қолдана отырып, топтарға үш сұрақты бөліп бердім. «Киттер жайлы не білесіңдер», «өлтіргіш кит» жайлы естігендерің бар ма? Олар судың астында демалмай жүре ала ма? деген сияқты сұрақтар қойылды. Оқушылар білгендерімен бөлісіп, барынша жауап беруге тырысты. Көбінесе оқушылар өз ана тілінде жауап беруге ұмытылды, аздап көмек беріп, шетел тіліне аудардық. Бұл әдіс тақырыпты ашу кезінде тиімді болды.

«Түсіну» күлтешесі стратегиясында қырқылған мәтіндермен жұмыс жасадық. «Адасқан сөйлемдер» әдісі арқылы «мұхит әлемі: киттер» тақырыбында мәтінді оушыларға таратып бердім. Бұл тапсырманың мақсаты бір-бір жолдан қырқылған мәтінді мағынасына қарай құрастыру. Бұл әдіс өте тиімсіз болды. Өйткені, мәтінді оқу кезінде, аудару кезінде көп оқушылардың сәл қиналғанын байқадым. Бұл кедергілерді алдағы уақытта оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы жою керек деп ойлаймын. Ой толғаныс кезеңінде T-кестесін толтырдық. Тақтада киттер істей алады..., киттерде бар..., және киттер олар... сияқты үш баған берілді, осы үш бағанды әр топтан кезекпен шығып толтырып отырды, бұл әдіс өте тиімді, тапсырмаға көбінше, бағасы аз, сабаққа аз қатысқан оқушылардың бағалануын қадағаладым.

Жоспар бойынша алған төртінші сабағым «Жануарлар қауіпте» тақырыбын оқушылар нақты түсіну мақсатында және оқушылардың қандай жануарлар азайып, қандай жануарларға қауіп төніп тұрғаны туралы толық мәлімет алулары үшін оқушыларды Алматы қаласындағы зообаққа апардым. Зообақта оқушылардың қызығушылықтары одан есе арта түсті, пілдер, мүйізтұмсық, қасқыр, неше түрлі маймылдар, жыландар, біз өтіп жатқан тақырыпқа қатысты барлық жануарлар қамтылды. Оқушылар жануарлармен суретке түсті, қандай жануарлар бар екені туралы келесі сабақта айтып өту тапсырмасы берілді. Бұл өз кезегінде оқушылардың жануарлар тақырыбына қызығушылығын арттыруына көмектесті.

«Жануарлар қауіпте» тақырыбында мақсатыма жету жолында көптеген әдіс-тәсілдерді, АКТ-ны, сұрақтар, кеспелерді, бейнероликтерді және постер пайдаландым.

Бағдарламаның осы модулін жүзеге асыра отырып, өздері ойлана алатын, ойлана отырып ойларын ашық жеткзе алатын алатын тұлғаны тәрбиелейміз. Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру – мұғалімнің алға қойған мақсатының біреуі. Ойлау арқылы оқушылар қабылдаған мәліметтерін мәселелерді шешуде жүзеге асырады. Дегенмен, кез келген әрекетті жасау алдында ойлану немесе орындалған соң ол туралы толғану, ой қорыту дұрыс па? Әлде алдымен жоспарлап, содан соң іске асыру тиімді ме? деген сұрақтар туындауы сөзсіз. Менің ойымша, ойлану әрекеттің барлық кезеңдерінде жүруі керек.

Азайып бара жатқан жануарлар тақырыбын ашу мақсатында тақтада жер шарының суреті және магнитпен жасалған мұңайып тұрған күлкі бейнесін ілдім. Балалардан біздің ғаламшарға қарауын және оның неге мұңайып тұрғанын сұрадым. Балалар қоршаған ортадағы кездесетін жағдайларды, мысалы ластық, жануарлар мен өсімдіктердің жойылып бара жатқанын атап өтті, кейін суретке қарап тақырыпты анықтады. Миға шабуыл кезеңінде оқушыларды сабаққа ынталандыру мақсатында әрі тақырып бойынша жануарларды қаншалықты білетінін тексеру мақсатында оқушыларға жұмбақ жасырдым. Мақсатында оқушылар интербелсенді тақтада жасырылып тұрған жануарды табулары керек. Мысал ретінде жолбарыстың көзі тұрады, оқушылардан бұл кімнің көзі екенін сұрап қызығушылықтарын арттыруға итермелеймін. Оқушылар ағылшын тілінде жануардың атын атайды. Бұл әдіс оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыруға, сабаққа деген қызығушылықтарын оятты.

Қолдану күлтешесі кезеңінде оқушыларға жануарлар туралы видеороликті көрсеттім. Видеобейнені көрместен бұрын оқушылар жұптаса отырып, «болжау» әдісі арқылы видеороликтен қандай жануарлар кездесуі мүмкін екенін дәптерлеріне жазды. Оқушылар жұптаса ойланып, ақылдасып жазып жатқанда бұлбұлдың ән салып жатқан керемет үнін қосып қойдым. Бұл өткізіліп отырған сабақтың сәнін кіргізіп, сынып бөлмесінде отырған мұғалімдер мен оқушыларды керемет сезімге бөледі, олар өздерін әдемі бақта отырғандай сезінді. Екі минуттан кейін оқушылардың қандай жануарларды жазғанын тексердім. «Жануарларды қорғайық» видеороликтен кейін видеода қандай жануарлар болды, барлығын атағандарын сұрадым. бұл жолғы оқушыларымның жауабы мені қуандырды. Балалар дәптерлеріне көптеген жануарлардың атын бірі қалмай атсалысып тізіп жазғанын көрдім. Нашар оқитын оқушым Шыңғыста талпынып оқу үшін қолын көтеріп, өз бетімен жазғанын оқыды.

Ой толғаныс кезеңінде «алты ойшыл қалпақ» әдісін қолдандым. Оқушылар «жануарлар қауіпте» тақырыбын жан-жақты зерттеп, ойлаудың алты қалпағы әдісіне салды. Қызыл қалпақты оқушым Абылай адамдар өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасау орнына ақша жасау көбірек ойлайды. Әлемде жануарлардың сиреп кетуінің басты себебі аңшылық болып табылады деді. Сары қалпақты оқушым Динара жануарлардың да өз құқығы бар деп топшылады. Жасыл қалпақты қызым Айдана жануарларды қорғау ретінде «жануарларды қорғаудың ең алғашқы қадамы олардың өте маңызды әрі қызық екенін біліп алу, оларды сақтап қалу үшін «жоғалуға қарсы бағыт» қайырымдылық қорын ашу керек, жануарлардың түрлерін және жойылып бара атқанын көрсететін постерлерді мектептің жан-жағына іліп тастау керек» екенін айтты. Ақ қалпақты оқушым «пілдер, жолбарыстар, горилла, панда, көк кит. Бұлар ғаламдағы ең үлкен, ең мықты және ең сүйікті жануарлардың бірі, алайда бұлар да қауіпте» деп жазыпты. Қара қалпақ киген оқушым Біржан жануарлардың жойылып кетуінің себебі адамдардың көп аңшылық жасауынан. Жануарлардың жойылуы ғаламдық жылуға, клмиаттың өзгеруіне әкеліп соғатынын» атап өтті. Көк қалпақты оқушым жалпылай отырып «жолбарыс, қабылан, леопард сияқты үлкен жануарлардың қоректен тапшы екенін және қоршаған ортаға зиян келсе ең бірінші жапа шегетін де осы жануарлар» екенін айтып өтті. Бұл әдіс оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға зор себепші. Оқушылар түрлі қалпақты кие отырып, қалпақтың түсіне қарай өз ойларын жеткізеді және топта жұмыс жасау қабілеттерін арттырады. Әр топ өз тапсырмаларын орындап болған кезде топ басшылары бағалау парақтарына бағалап отырды. Оқушылар өз бетімен жұмыс жасаған кезде, қарапайым тапсырмадан жалығып, зерігіп кетулері мүмкін, сондықтан бұндай әдістер оқушыларға топпен жұмыс жасаудың, қарым-қатынастың, сенімнің маңыздылығын түсіндіреді деген ойдамын. Рэгг және Браун (2001) оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудің бірнеше түрін ұсынған болатын, оқушылардың жауабын нақтылау мақсатында, мағынаны күшейту үшін немесе оны басқалардың естуі үшін кейбір жерлерінде қосымша айтып тұрдым. (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 42-бет) Оқушыларды тыңдау және оларға жауап беруде, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы дамыған коммуникативті дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 43-бет) Қорытындылай келе, тізбектелген сабақтар топтамасының жоспары негізінде сындарлы оқыту теориясын үйрету әдісі оқушылардың өзін-өзі реттеуіне, өзінің білімі туралы ойлануына, өз бетімен оқудың құндылығына деген толыққанды көзқарастың қалыптасуына ықпал ете отырып, оқушылардың оқуға деген қызығушылығы, және сабақтың өнімділігі артады. Бұл сабақта оқушыларымның емін-еркін сөйлеу қабілеттерінің артып келе жатқанын байқадым. Себебі, оқушылар тиянақты, әрі нақты жауап берді.  Бір сабақтың ішінде формативті бағалаудың әр түрін қолдандым, өйткені, бағалау критерийлері бойынша бала өзіне баға беру арқылы өз-өзін реттеуге дағдыланады, ал топтағы оқушыларды бағалау салыстыра отырып бағалауға және шынайылыққа тәрбиелейді. Алдағы уақытта шетел тілін үйрену кезінде іс-тәжірибемде кездескен кедергілерді жою жолын қарастырып, оқушыларды сыни тұрғысынанан ойлауға дағдыландырамын.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, (2015). «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ.

  2. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау. (2015). «USAID».







Автор
Дата добавления 29.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров549
Номер материала ДВ-206316
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх