Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Өткенді қайталау 3-сынып математика

Өткенді қайталау 3-сынып математика



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Өтілген материалды бекіту.

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Күрделі теңдеуді жай теңдеуге айналдыру туралы алған білімдерін пысықтау,есепті теңдеу құру арқылы шығартып,оқушылардың білім, білік дағдыларын бекіту.

Дамытушылығы: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру. Шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу,есептеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды қауымдасып жұмыс жасауға, бір- бірін құрметтеуге,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Түрі: ойын сабақ

Әдісі: жеке, өзіндік, ұжымдық жұмыстар

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Психологиялық дайындық.

Балалар бір- бірлеріңе қандай жақсы тілек айтар едіңдер? (балалар кезектесіп, жақсы тілектер айтады)

  • Мен саған ашық аспан тілеймін!

  • Мықты денсаулық тілеймін!

  • Бестік алуыңа тілектеспін!

  • Бақыт тілеймін!

  • Сәттілік тілеймін!

  • Нұрлы күн тілеймін!

Нұрлы күн сендер сияқты әдепті, ұқыпты, тапқыр балаларға нұрын аямай төгіп тұр.( күннің суреті)

-Нұрлы күннің әкелген сиқырлы сандықшасы бар екен. Сандықшаны ашып, ішінде не бар екенін білу үшін мына жұмбақты шешейік.

Айдасқан екі таяқ,

Тұрады жоқты сұрап. (Жауабы: х - икс)

Сандықшаны ашайық. Сандықшадан бүгінгі сабақтың жоспары шығады.

-Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше өтпек. Осы жоспар бойынша жұмыс жасаймыз.

Жоспары:

        1. Бәйге

        2. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

        3. Білгенге маржан, білмеске арзан.

        4. Бойы сергектің, ойы сергек.

        5. Еңбек түбі – береке.

        6. Қызықты есептер.

        7. Сандық ақпараттар.

-Дәптерімізді ашып,күннің жадын, тақырыпты жазайық.

1. «Бәйге» ойыны. (өткенді қайталау) (смайликтер үлестіру)

1.Қарама- қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз? (тік төртбұрыш)

2.Ауданды қалай табамыз? (ұзындығы мен енін көбейтеміз)

3.Көлемді қалай табамыз? (ұзындығын, енін, биіктігін көбейтеміз)

4.Фигураның периметрін калай табамыз? (барлық қабырғаларын қосамыз)

5.Теңдеу дегеніміз не? (теңдеу дегеніміз құрамына енетін әріптің мәнін табу болатын теңдік). Неше түрі бар? (2 түрі)

2.Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Есеп шығару. Оқулықпен жұмыс. Есеп 2 (110 бет)

А) Жөке ағашы-? (Х)

Шырша – 3қ.20-дан

Ш: Х+3*20 =185

Х+60=185

Х=185-60

Х= 125( жөке ағашы)

125+3*20=185

Ж:125 жөке ағашы отырғызылды.

Ә) Көк бояу -5 кг.25 банка

Жасыл бояу-? (Х)

Ш: 25*5+Х=500

125+Х=500

Х=500-125

Х=375 (кг жасыл бояу)

25*5+375=500

Ж: 375 килграмм жасыл бояу сатып алынды.

3.Білгенге маржан , білмеске арзан.

- Қазақстан Республикасында неше облыс бар? (14)

-Біздің облысымыз калай аталады? (Батыс Қазақстан олбылысы)

-Қай қалада тұрамыз? (Орал қаласы)

-Қай жылы құрылды? Жер көлемі канша? (1613 ж. Батыстан шығысқа дейін – 585 км. Солтүстіктен оңтүстікке дейін -425 км. Жер көлемі облыс бойынша

8-орын)

-Неше аудан бар? ( 12)

1 (110 бет) Оқулықпен жұмыс.

Теңдеу шешу.

45*2*у=900 45*2+b=900

90*у=900 90+b=900

У= 900:90 b=900-90

У=10 b=810

45*2*10=900 45*2+810=900

4.Бойы сергектің, ойы да сергек.

«Сиқырлы шар» ойыны ( тес есептеу)

Менің қолым да сиқырлы шар бар, оның сыртында көбейту кестесі жазылған оны жаңылмай жауап берсе шар қалады , ал егерде жаңылып қалса шар жарылады.

3 (110 бет)

36:3=12 48:2=24 84:4=21 56:14=4

41*2=82 33*3=99 23*3=69 96:6=16

639:3=213 248:2=124 82:2=41 51:3=17

122*3=366 442*2=884 214*2=428 39:3=13

121*3=323 428:2=214 69:23=3 48:4=12

5.Еңбек түбі – береке.

5 (110 бет)

а) 7=49 2=8 4=16

8=64 3=27 9=81

ә) 4*4+124=140 5*5+305=330 6*6+79=115

9*9-25=56 8*8-29=35 7*7+77=126

6.Қызықты есептер.

1.Су жағасына тауықтың, үйректің 7 балапаны келді. Суда бірақ 5 балапан жүзіп жүр. Сонда екі балапан қайда? ( 2 балапан тауықтікі)

2.1 жұмыртқа 3минутта піссе, 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (1 минутта)

3.Бөлменің ұзындығы 7 м, ені 5м, биіктігі 3 м. Бөлме еденінің ауданын тап.

(ш: S=7*5=35м )

4.Бөлме еденінің ауданы 12м , ені 3 м. Бөлменің ұзындығын тап.

(Ш: 12:3=4м)

7.Сандық ақпараттар.

1941, 1945, 70 –осы сандар туралы не білеміз? Сандарға қарап ,оқушылар өз ойларын айтады.

Үйге тапсырма. Есеп 4 (а,ә) (110-111 бет)

Бағалау.

Қорытындылау.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Математика сабағынан өтілген материалды бекіту. Сабақтың мақсаты : күрделі теңдеуді жай теңдеуге айналдыру туралы алған білімдерін пысықтау, есепті теңдеу құру арқылы шығартып, оқушылардың білім, білік дағдыларын бекіту. Сабақ түрі: ойын түрінде. Сабақ әдісі: жеке, өзіндік, ұжымдық жұмыстар.

Жалпы сабақ 

1."Бәйге" ойыны

2. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

3. Білгенге маржан, білмеске арзан.

4. Бойы сергектің, ойы да сергек.

5. Еңбектің түбі - береке.

6. Қызықты есептер.

7. Сандық ақпараттар.

осындай бөлімдерден тұрады.

Соңғы бөлімде Ұлы Отан соғысына байланысты сандық деректер берілді. Оқушылар өз ойларын айтты. Сабақ өз мақсатына жетті.

Автор
Дата добавления 28.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2226
Номер материала 501751
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх