Инфоурок Другое КонспектыӨткенді бағаламай, болашақты болжай алмайсын

Өткенді бағаламай, болашақты болжай алмайсын

Скачать материал

Тәрбие сағаттың тақырыбы:

«Өткенді бағаламай, болашақты болжай алмайсын»

Мақсаты:Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, болашаққа сеніммен қадам басу, жас ұрпақты отаншылдыққа, адамгершілікке, елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, бейнеклип.

Сабақ барысы:            

1-Жүргізуші

Армысыздар осы кештің қонақтары

Халқымның ашық болсын атар таңы

Қазағымның азат еткен ерлігінің

Беделін көтерейік тарихтағы.

2-Жүргізуші

Сәлем бердік кешіміздің көрермені

Қазақтың ол анық қой өнер кені

Тәрбие сағатына қош келдіңіз

Алдарыңда болашақтың өрендері

Оқушы:

Арайлап атқан бейбіт таны бар, асу бермес асқар-асқар тауы бар, кең жазиралы мекенді, қонақжай жомарт халқы бар менің елім-Қазақстан!

Отанымыз Қазақстан- ата-бабамыздың қоныстанып мекендеген жері, кіндік кесіп,қанын төгіп, өніп-өскен жері.

Кең байтақ даламыз Еуразия материгінің екі бөлігін түйістіре отырып көлемді аумақта орналасқан. Каспий мен Еділ бойы жазықтарынан шығыста таулы Алтайға дейін, солтүстігінде Ресей, оңтүстігінде Өзбекстан, Қырғызстан елдеріне дейін көз тартарлықтар көркем жерге қанат жайған. Қазақстанның жері-кең-байтақ.Батыстан шығысқа қарай үш жүз мың шақырымға,солтүстіктен оңтүстікке қарай бір мың жеті жүз шақырымға созылып жатыр

Оқушы:

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп, қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Оқушы:

Менің оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Отан, Отан бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Оқушы:

Пай, пай, пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер!
Ғашықтар бір - бірін өпкен жер,
Сарылып сал – сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
М. Мақатаев

Оқушы:

Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тіліммен.
Жаман үйді қонағы билейді деп,
Қала жаздап айырылып өз тіліммен.
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артық жоқ өз тілінен.
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам, қыран боп қырға шықтым.
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Ұлы аманат етейін еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін жер кіндікте
Аңсаймын мен сенемін туады ертең,
«Қазақ болу» зор бақыт күндер тіпті.

Мұғалім:

Міне, балалар, біздер елімізбен мақтанамыз. Мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан тәуелсіздік алды. Бұл еркіндік бізге оңайлықпен келмегенін өздерің білесіңдер.Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты еркіндікке жету үшін қаншама қиыншылықтарды басынан өткізді .

Өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз ертең жоқ.Кім өзіннің өткеніне немқұрайлы қараса, болашағына болжаулы байлам жасап сенім артпағандығынан.Кім өзінің бүгініне сенім артпаса, өткені мен бүгінін қадірлей білмегенінен.Тәуелсіздік деген киелі ұғымнын астары үш болмыстан тұрса керек: кеше, бүгін, ертең. Осыған орай бүгінгі тәрбие сағатымызда біз Қазақстанның тарихына көз жүгіртіп, бүгінгі тәуелсіз жылдары алған жетістіктерді мақтан етіп, болашаққа сенім, арманымызды паш етеміз.

1-Жүргізуші:

Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып жаудан қорғаған. Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. «Қазақ хандығының құрылуы —  Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды» Н. Ә. Назарбаев.

2-Жүргізуші:

2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толды. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы  маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып, жеке ел болып қалыптасуына аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.

Сахнаға Қаз дауысты Қазыбек би шығып сөйлейді. Қаз дауысты Қазыбек би: - Біз Қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.

1 - жүргізуші:

Ендеше бейнероликке назар аударайық.
Видеоролик.

Оқушы:

Түріктің бір бұтағы қазақ еді,

Қайсар мінез өр еді, ғажап еді.

Жәнібек,Керей хандар басын қосып,

Өмірге келген еді Қазақ елі.

Оқушы:

Аманаты Абылайдың орындалды,

Әлемге қазақ елі мойындалды.

Тілі,діні, дәстүрі халқымыздың,

Төрінен лайықты орын алды

 1-Жүргізуші

Халқымыздың тарихында ел үшін ұрпағының болашағы үшін алысып өткен Хандар мен Билер, Батырлар, кемеңгер ойшылдар көп болған,ең бастысы олар от ауызды орақ тілді, ақылы асып туған ерлер болып бізге танылады.

2-Жүргізуші

Ендеше тақтаға назар аударайық. Батырлар ерлігіне тағзым етейік

Слайд көрсетілім.

1-Жүргізуші

Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін мойсыратып кетті.

2-Жүргізуші

« Елім-ай» қазақ халқының әні - жоңғар шапқыншылығының ауыр кезеңіндегі (1723-1725) қазақ халқының басына төнген қауіп-қатер, азап-қиыншылықты, боскан елдің мұң-зарын толғайтын тарихи сазды өлең.

« Елім-ай» әні

І- жүргізуші:1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

2-Жүргізуші

1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс

1-Жүргізуші

1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болды.

2-Жүргізуші

1917 жылдың ақпан айында патша үкіметі құлады. Осы жағдайды пайдаланып қазақ зиялылары Алаш партиясын құрды. Ендігі алдағы мақсат- Алашорда үкіметін құру.

1-Жүргізуші

Осы кезде Шығыс Алашорда мен Батыс Алашорда өкілдері қосылып:

«Біздер бірігіп, бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығарып Алашорда үкіметін жариялаймыз» дейді.

Әлихан Бөкейхан (көрініс)

«Азаттықтың таңы атты. Тілекке құдай жеткізді. Күні кеше құл едік, енді бұл күн теңелдік. Қам көңілде қаяудай арман қалған жоқ. Неше ғасырлардан бері жұрттың бәрін қорлықта, құлдықта ұстаған жауыз үкімет, өзгеге қазған оры өзіне шағын көр болып, қайтпас қара сапарға кетті.

Енді бүгін теңеліп, түсімізде көрмеген жақсылықты өңімізде көріп, төбеміз көкке жетіп отыр. Бұл күнге жеткізген құдайға мың шүкірлік!)

2-Жүргізуші

1923-33 жылдарда ашаршылықтан қалың халық опат болып, көптеген ақын, қоғам қайраткерлердің өмірлерінің түбіне жетті.

Оқушы:

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,

Қарағым, енді жату жарамас-ты. (М.Дулатов, «Оян, қазақ»)

Оқушы:

М.Жұмабаев. Мен жастарға сенемін.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күштi қанатты.

Мен жастарға сенемiн!

Көздерiнде от ойнар,

Сөздерiнде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемiн!

Жас қырандар – балапан,

Жайып қанат ұмтылған.

Көздегенi көк аспан.

Мен жастарға сенемiн!

Жұмсақ мiнез жiбектер.

Сүттей таза жүректер.

Қасиеттi тiлектер –

Мен жастарға сенемiн!

Тау суындай гүрiлдер,

Айбынды алаш елiм дер,

Алтын Арқа жерiм дер,

Мен жастарға сенемiн!

Қажу бар ма тұлпарға,

Талу бар ма сұңқарға,

Иман күштi оларда,

Мен жастарға сенемiн!...

Алаш айбынды ұраны,

Қасиеттi құраны,

Алаштың олар құрбаны,

Мен жастарға сенемiн!

Мен сенемiн жастарға.

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бiр таңда,

Мен жастарға сенемін!

І- жүргізуші:1925-33 жылдары Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші октябрь» саясатын жүргізді. Елді аштық тығырығына тіреп, негізгі күн көрісі мал болған қазақтар 2-3 жылда малдарынан түгел айырылып, Қазақстанда тұратын 2 млн. қазақ аштықтан қырылды.

ІІ- жүргізуші:1937 жылы асыра сілтеудің кесірі – біздің қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. Қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді. 1937-38-жылдары Кеңес үкіметін нығайтуға қатысқан 27 мыңнан астам көрнекті қайраткерлер атылды.

Оқушы:

Мен – Сәкенмін

Сейфулланың баласы,

Жазылмаған жүрегімнің жарасы.

Мен Құдайдың ажалынан өлгем жоқ,

Мені өлтірген адамдардың аласы.

Он жетіде ту ұстадым қолыма,

Мақтанышпен мадақтадым оны да!

Қыран едім, қанатыммен соғылып

Өзім түстім қастандықтың торына.

Көжегіне ұқсамадым қоянның,

Қатарымнан тым ертерек ояндым.

Қызыл туды жырлап едім армансыз,

Ақырында қызыл қанға боялдым.

Бостандықтың күте-күте әр таңын,

Енді соның шын азабын тартамын!

Мені атқан адамдардан

қорықпаймын,

Елін сатқан адамдардан қорқамын!

Оқушы:

Ілияспын!

Өлеңге мұрагермін,

Иесімін мынау ел, мына жердің.

Құлагерді жазып ем жүрегіммен,

Тағдырына тап келдім құлагердің.

Жетісумын, Алтаймын, Сарыарқамын

Жарылмады жүректе жанартауым.

Түгел көріп қайтейін кете алмадым,

Қазақстан жерінің бір алқабын.

Туған елдің туымын, айбарымын,

Жетісудың мен де бір – қайнарымын.

Жауларыма сұстымын – алмас қылыш.

Жайшылықта жайсаңмын, жайдарымын.

Бітті бәрі, басылды дау-дабыра,

Өзеніме иемін, тауларыма.

Егеменді ел болып қайтарыңдар

Менің кеткен кегімді жауларыма!

І- жүргізуші

1941-1945 жылдары адамзат тарихында болмаған алапат соғыста, бірлік жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. 100-ге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді.

ІІ- жүргізуші

1941-1945 жылдарында Ұлы Отан соғысында ел үшін жанын қиған қазақ батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Б. Момышұлы, Талғат Бегалдинов фашизмнен бүкіл адамзатты, адалдықты қорғап, ерекше ерлік көрсетіп, жеңіске жетті.

Оқушы: Күн көзін бұлт баспасын,

Енді соғыс болмасын.

Қабаққа қайғы қонбасын

Жер бетін өрт шалмасын,

Әр күні бейбіт таң оятып,

Әр күні көкке күн шықсын!

Күрсінбесін аналар,

Күле берсін балалар!

Оқушы:

Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ

Сөзі: Есенғали Бөкенбаевтікі.

Білеміз сұм соғыстың кезеңдерін,

Сел болып аққан қанның өздерін.

Елімді, Отанымды олжалауға,

Жау оғы жан ұшырып кезенгенін.

Көтердік сол соғыстың зардаптарын,

Қайғылы, қатерлі кез салмақтарын.

Елімнің бақыты үшін шарит болған,

Аяулы ардагерлер, саңылақтарым.

Болса да жер шарының кеңестігі

Оңай бізге келген жоқ Жеңіс күні

Жеңіс үшін аянбай қызмет етіп,

Тылда да еңбегімен тер төккені.

Ән. Жеңіс күні.

І- жүргізуші:

20 ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел қазақ көргенді көрген жоқ. 1949-50 жылдары Семей полигонында сыналған 600-ден астам ядролық жарылыстардың кесірінен осы өңірдегі 500 мыңнан астам адам уланды.

2-жүргізуші: 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д. Қонаевтың зейнеткелікке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды.

1-жүргізуші

Бұл жаңалық халықтың жүрегінде наразылық ұшқынын лаулатты.Шешімге қарсы қазақ студенттері мен жастары алаңға шықты. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Сонымен 16 желтоқсанда таңғы саған 7-де Брежнев атныдағы алаңда жастардың алғашқы тобы пайда болды.

Көрініс.

Бір топ жастар «Менің Қазақстаным» әнін айтып шығады.

-Пленум шешіміне қарсымыз!

-Әр ұлтқа өз басшысы!

-Колбинді әкетсін!

-Қонаевтің өзі сөйлесін!

2-жүргізуші : Нәтижеде 16-желтоқсандағы қанды оқиға болды. 8500 адам заңсыз ұсталды, 1722 кісі жеңіл және ауыр жарақат алды.

Бейнекөрсетілім

1-жүргізуші: 16 – желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді.

2-жүргізуші: Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді.
Оқушы:

Елбең-елбең жүгірген,

Ебелек отқа секірген.

Арғымақ мінген жаратып,

Ақ сауыт киген темірден

Алатаудай бабалар.

Аруағыңмен жебей гөр!

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты - құрбандық”

Атам десең атыңдар.

Оқушы:

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бар күнде,

Қайғыға халық батқан күн

Әділдік пен шындықты

Өтірік жала еткен күн

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шеккен күн

Қасқалдақ ұшып  көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен

Қағалар билік алған күн.

Адал мен арсыз, аярды,

Айырып халық ұққан күн.

Саф алтындар бәз баяғы

Сары жез болып шыққан күн.

1-жүргізуші:Міне, осы бір жан тебірентер сәтте Қазақ елінің еркіндігі, бостандық жолына бас тіккен азаматтар, туған елінің тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан батырлары Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджановлардың рухына тағзым етіп, еске алу – ұлттық парызымыз. Олардың аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.

2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғалары – Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Желтоқсан оқиғасы:
- бұл ерліктің тарихы,
- республикадағы халқымыздың рухани жеңісі,
- демократияға жол ашу,
- тәуелсіздіктің алғашқы беті

1-жүргізуші : Көп ұзамай Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды.

2-жүргізуші:Енді еліміздің тәуелсіздік шежіресін тыңдайық.
Оқушы: 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайланды.

1991 жылы 29-тамызда Елбасы Семей ядролық палигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады.Тәуелсіздік-ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі еді!

Оқушы:

Тәуелсіздік-ту көтерген жеңісім,

Өмір бойы өзім жейтін жемісім.

Ата –бабам тірлігінде ансаған,

Құт-береке,бейбіт өмір-келісім.

Тәуелсіздік-мектебіме барғаным,

Екі айтқызбай ана тілін алғаным.

Күнделікті сабағымды жақсы оқып,

Өміріме жақсы білім алғаным.

Еңбек етсең гүл өнеді жолыңа,

Қарап өскін оңыңа да, солыңа.

Тәуелсіздік-қорғаушысы өзіңсің,

Ер жеткенде қару алып қолына.

1 - жүргізуші:

1991 жылы- алғашқы рет ғарышқа қазақтың жігіті Тоқтар Әубәкіров самғады. 1994 жылы Талғат Мұсабаев Союз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.2015жылы олардың ерлігін Айдын жалғастырды.

Оқушы:

Ғарышкерлер мекені

Қазақ жері Байқоңыр,

Қай жер саған жетеді?

Ғажап жерім Байқоңыр!

Оқушы:

Сен емессің көкке ұшқанның алғашқы да соңғысы,

Тоқтар, Талғат – туған елдің ғарыштағы төл құсы.

Келді ме әлде тебіренген ата-баба рухы?

Ұрпағының көзімен ғаламды бір шолғысы.

Ел жүрегін елжіретіп, босатып мұң-шерінен,

Абай әнін өзің шырқап сонау ғарыш төрінен.

Зымыраған қанатына көк тәңірі жар болсын.

Бар қазақтың ақ тілегі бірге ұшып жүр сенімен.

2-Жүргізуші: 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесіңде мемлекеттік рәміздері қабылданды.

Оқушы:

Рәміздерім елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.

Рәміздерім Әнұран,Ту,Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов.

Оқушы:

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат,әдемі!

Тұнығындай көңілдің,

Ортада-аспан әлемі.

Құт,береке-шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім-Елтаңбам.

Оқушы:

Ту авторы: Шәкен Ниязбеков. ҚР-сының сыйлығының лауреаты,еңбек сіңірген суретшісі.

Желбіресе көк туым,

Көтерілер шоқтығым.

Қазақты әлем таныды,

Егеменді ел боп бүгін.

Таңдай қаққан шартарап,

Көк туымда барша бақ.

Қыран самғап барады,

Күнді иыққа арқалап.

Көк туымнан нұр алдым,

Сол қыранға сыңармын.

Ерікті елдің еншісі-

Еркіндігі қыранның

Еліміздің жалауы

Желбірейді аспанда.

Бар әлемге танылып,

Биік тұрар қашанда!

Оқушы:

Мемлекеттік Әнұранға сипаттама беру.

Мемлекеттік Әнұран- халық жүрегінің лүпілін танытып, адамдарды патриоттық сезімге бөлейтін музыкалық бойтұмар іспеттес.

2006 жылы ҚР-сының жаңа әнұраны қолданысқа енді.Әнұранның сөзін жазған: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов.Әнұранның әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар,болмаған деп-Әнұран.

1-Жүргізуші -1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді. Бұл өмірдегі елеулі жаңалық, айтулы оқиға болды

Оқушы:

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,

Білдім дербес елімнің үлгісі деп.

Бейнеленген хан,ақын, ғалымдарым,

Беттерінен көз тартып тұрды сурет.

Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,

Құт-береке болшы бір елге келген.

Өз туы,елтаңба,әнұраны бар

Айтындаршы, енді елім кем де неден?

2-Жүргізуші

1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды.Сөйтіп, жаңа Конституциямен еліміздің жаңа тарихы бастау алды.

Оқушы:
Ата Заң

Өмірден әділдік пен бақ табатын

Құқығым қорғалды деп шаттанатын

Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп

«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын!

Өркендеп өз қолына алған ісі

Биікке қазағымның самға құсы!

Халық болып қадір тұтып қастерлеген

Ата Заң – Азат елдің ар-намысы

1-Жүргізуші: 1998 жылы 10-маусымда жаңа Астананың ресми тұсау кесері болды.Сол жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астанаға «Бейбітшілік қаласы» атағы берілді.

Оқушы:

Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,

Жанарып қалам,жасарып далам!

Басыңнан серпі бодандық жүгін,

Кетпейді ойдан Отандық ұғым.

Арыстан жүрек, айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.

Ән: “Астана – бас қала”

Оқушы:

Астана

Астанам, беу, жасай бер, хан қаламыз

Біз сенің ажарыңа таңғаламыз

Күн сүйген келбетіңе көзайымбыз

Жарқырап сен тұрғанда арман-аңыз!

Сен тұрсың елімізге тұлға болып

Ертегі қаласындай қырға қонып

Алады көздің жауын келбетімен

Ғажайып ғимараттар нұрға бөліп

2-Жүргізуші Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылдың 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес 22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері» мерекесі күні болып аталып келеді. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды.

Оқушы:

Танытқан қазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын,

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.

Сенімен Махамбетті, Абайды ұқтым,

Сенімен Жамбыл жыры – арайды ұқтым,

Сенімен мейірімді ананы ұқтым,

Сенімен мейірімді даламды ұқтым.

Оқушы:

Ана тілім – абырой, ар-намысым,

Тілім болса болады қолда күшім.

Тіл болмаса қалайша орындалар,

Арман – ойым, мақсатым, алдағы ісім.

Халықтығым – біртұтас алыптығым,

Ана тілім – алдағы жарық күнім.

Төбем көкке жеткендей қуанамын,

Тілімнің құдіретін танып бүгін.

О, менің қасиетті Ана тілім,

Жебей гөр астына алып қанатыңның

Қазақ деген бойымда қаным барда,

Өзіңсің көтеретін дара туым.

1-Жүргізуші: 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ (Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы) төрағалық етті.

2-Жүргізуші: 2011 жылы Қазақстанда 7- Қысқы Азия ойындары өткізілді.

1-Жүргізуші:

2012 жылы-«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні» болып жарияланды!

Оқушы:

Асыл елім бүгінгі Ақ Ордасы бар,

Айбынды елім қаһарман Елбасы бар

Жолбасшы елмін жыл сайын Елбасының

Жолдауымен қамданып жолға шығар

Айналайын асыл ел,алтын халық

Айқын мақсат алдында, айқын бағыт

Әлемдегі үздік ел етемін деп

Елбасың жүр алдында жарқыл қағып

Елбасы-төбеңдегі бақ жұлдызын,

Қаратты өз аузына жердің жүзін

Сұңғыла саясатпен сара тіліп

Ерітті тарихтағы тоңның мұзын


Секірді заңғардағы тау барысы

Нұрсұлтан-ел тірегі, ел намысы

Адамның бұл өмірде арманы жоқ

Халқының бола берсе қорғанышы

Жерұйығым, Жампозымды жыр етем ,

Аты да оның,заты да оның нұр екен

Темірқазық адастырмас алашты,

Дана басшы, дара басшы-Нұрекең!

2-Жүргізуші:

Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу - асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді, аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Әрбір оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу. 
1-Жүргізуші:

Елімнің ертеңі, болашағы, келешегі нұрлы болмақ. Оған негіз – бүгінгі жас ұрпақтың ұмтылысы. Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің патриотымын!

2-Жүргізуші:

Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Көреген ұлт көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан 2050 стратегиясы: бір халық, бір ел, бір тағдыр»

1-Жүргізуші:

Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде: «Бір халық» -барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,«бір ел»- барлығымыз үшін ортақ Отан,«бір тағдыр»- біз өмір сүріп өткен қиындықтар мен жеңістер. 2050 жылы Қазақстан жұдырықтай жұмылған біртұтас халық, үлгілі ұлттық мемлекет болуы тиіс.

Осылай еліміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «Бір – халық, бір – ел, бір – тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр.

2-Жүргізуші:

Елбасымыздың Қазақстан халқына «Нұрлы Жол» атты жолдауында баршамыздың мақсатымыз,мүддеміз,тағдырымыз бір,сондықтан да мәңгілік ел болуымыз үшін бірлікте,татулықта болуымыз қажет деген болатын.

«Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. 1-Жүргізуші: 2017 жыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме өткізу жылы. Көрме «Болашақтың энергиясы» ұранымен өтеді. Энергияның балама көздері бұл әлем қауымдастығын толғандыратын ең өзекті тақырып.

2-Жүргізуші: Ендеше, «ЭКСПО – 2017»- ге мен не сыйлаймын? –деген ой баршамыздың жадымызда жүрген жөн.

1-Жүргізушу:

Қазақстан күн санап өсіп-өркеңдеуде! Ал, 2050 жылы біз қандай боламыз?

- Егер біз күшті болсақ, бізбен санасатын болады

- Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етеміз,

- Үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдар қоғамы боламыз

- Біздер-әлемнің азаматтарымыз, саяхаттап жүреміз

-Жаңа білім меңгеруге құштармыз,біздер еңбексүйгішпіз

2-Жүргізуші:

- Болашақтың Қазақстанын біз былай елестетеміз!

- 2050 жылғы Қазақстан-жалпыға ортақ еңбек қоғамы, экономикасы мықты мемлекет.

-Білім беру, денсаулық сақтау саласы да үздік.

-Бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған.

-Азаматтары еркін және тең құқықты, ал билігі әділ, онда заң үстемдік етеді.

- Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып шын мәніндегі мемелекеттік тіл мәртебесіне көтеріліп, елімізді «Қазақстан мемлекеті» деп атайтын боламыз.

- Қазақ құшағына алған өзге ұлт өкілдері бүгінде өз бауырларымыз атанып, бізбен бір халыққа айналады.

-Мемлекетіміз біздің оқуымыз бен өсіп өнулеріміз үшін барлық жағдайды жасауда.

- ХХІ ғасыр- Қазақстанның «Алтын ғасыры» боларына сенеміз.

- Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.

-Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атанады

-Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз!

Хормен:

Біз-қашаннан ер,қаһарман халықпыз

Біз-тарихта теңдесі жоқ алыппыз

Біз-күштіміз күштілердің бәрінен

Біз-сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз

Біз- бақытты, білімге құштар жастармыз.

1-Жүргізуші:

Патриотпыз елімізді сүйетін

Отан үшін отқа да ыстық күйетін.

2-жүргізуші:

-Көк байрақтын астында күн сөнгенше сөнбейміз,

Егемендігімізді ешкімге де бермейміз!

-Осымен «Өткенді бағаламай, болашақты болжай алмайсын» ашық тәрбие сағатын аяқтаймыз.

-Хош сау болыңыздар!











































Танытқан қазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын,

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.



Сенімен Махамбетті, Абайды ұқтым,

Сенімен Жамбыл жыры – арайды ұқтым,

Сенімен мейірімді ананы ұқтым,

Сенімен мейірімді даламды ұқтым.



Ана тілім – абырой, ар-намысым,

Тілім болса болады қолда күшім.

Тіл болмаса қалайша орындалар,

Арман – ойым, мақсатым, алдағы ісім.



Халықтығым – біртұтас алыптығым,

Ана тілім – алдағы жарық күнім.

Төбем көкке жеткендей қуанамын,

Тілімнің құдіретін танып бүгін.



О, менің қасиетті Ана тілім,

Жебей гөр астына алып қанатыңның

Қазақ деген бойымда қаным барда,

Өзіңсің көтеретін дара туым.



Ғарышкерлер мекені

Қазақ жері Байқоңыр,

Қай жер саған жетеді?

Ғажап жерім Байқоңыр!



6-оқушы:

Сен емессің көкке ұшқанның алғашқы да соңғысы,

Тоқтар, Талғат – туған елдің ғарыштағы төл құсы.

Келді ме әлде тебіренген ата-баба рухы?

Ұрпағының көзімен ғаламды бір шолғысы.



7-оқушы:

Ел жүрегін елжіретіп, босатып мұң-шерінен,

Абай әнін өзің шырқап сонау ғарыш төрінен.

Зымыраған қанатына көк тәңірі жар болсын.

Бар қазақтың ақ тілегі бірге ұшып жүр сенімен.

5- оқушы: Күн көзін бұлт баспасын,

Енді соғыс болмасын.

Қабаққа қайғы қонбасын

Жер бетін өрт шалмасын,

Әр күні бейбіт таң оятып,

Әр күні көкке күн шықсын!

Күрсінбесін аналар,

Күле берсін балалар!


Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ

Сөзі: жерлес ақын Есенғали Бөкенбаевтікі.

Білеміз сұм соғыстың кезеңдерін,

Сел болып аққан қанның өздерін.

Елімді, Отанымды олжалауға,

Жау оғы жан ұшырып кезенгенін.



Көтердік сол соғыстың зардаптарын,

Қайғылы, қатерлі кез салмақтарын.

Елімнің бақыты үшін шарит болған,

Аяулы ардагерлер, саңылақтарым.



Болса да жер шарының кеңестігі

Оңай бізге келген жоқ Жеңіс күні

Жеңіс үшін аянбай қызмет етіп,

Тылда да еңбегімен тер төккені.

Қара күйе жағылған,

Қарғыс таңба

Жазықсыз таңылған.

"Халық жауы",Үй-орманың оталу.Өз елінде өзің дұшпан аталу

Саналылар сұмырайға саналу.

Айыпсыз-ақ абақтыға қамалу.

Қапияда қауіп алар қармақтар,

Ойды орап

Қырды жапқан Қарлагтар.

Қайда барсаң қан сасыған іргелер,

Тірі өлікке толған іші түрмелер.




Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өткенді бағаламай, болашақты болжай алмайсын"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Помощник руководителя отдела библиотеки

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 848 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2016 1721
    • DOCX 52.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рзагельдиева Эльвира Абилдаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 86447
    • Всего материалов: 33

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой