Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Статьи / «Өткенге көз жүгіртсем...» (ұстаздық жолында...)

«Өткенге көз жүгіртсем...» (ұстаздық жолында...)


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:


«Өткенге көз жүгіртсем...»

Аса көрнекті қазақ геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академик Қаныш Сәтбаевтың айтуынша “...1 қыркүйекте не салтанатты шеру, не салюттер болмайды. Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ”- деп толғаған. Мына жалған өмірде ұстаз етіп із қалдырам деген адам ешқашан адасқан емес. Ұстаз алғысы зор мамандық.

Ұстаз – қылыштың жүзі. Олай дейтін себебім, қылышпен бірдене шабу үшін өткір алмастай, қайралғаны қажет. Оқу орындарында алдына келген шәкіртті жонып, білімнің қылышымен турайтын, әдепті, ибалы,білімді шәкірт жасайтын ұстаз емес пе?! Ұстазды әлемгеді бар жақсылыққа теңесек те, артық етпес.

Барлық ғалым да, шахтер де, президент те, инженер де осы ұстаздың тәлімімен алға қарай қадам басып, талай биіктерді бағындырған. Ең алғаш қолға қалам ұстатқызып, әліппені жаттатқызатын кім? Әрине, ұстаз. Ал сол мектеп қабырғасында жүрген кезіңде шалалығыңды жасырып, балалалығыңды асыратын кім? Ол да ұстаз. Менің алғашқы ұстазым әлі күнге есімде, мүмкін сол кісінің сілтеген бағыты шығар, бүгінгі таңда менің де ұстаздық жолында жүргенім. Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.

Оқуды тәмәмдап, қолдағы дипломды неге жаратамын, қайда барып қызмет қыламын деп жүрген шақта, Семей мемлекеттік университетіне Павлодар облысы, Железин ауданының білім беру бөлімінен мамандар келіп, жас кадрларды іздеуде екен. Бүгінім мен ертеңім бір сәтте шешілгендей ме қалай?! Бір күдік пен бір үмітті арқалап өтінішімді толтырып, жолдамамды қолға алдым. Содан төрт жыл бойы бойымызға сіңірген білімді арқалап, 2013 жылы 1-қыркүйекте Абайдың елі, Шәкәрімнің төрі шырайлы Семейден Кереку өңіріне аяқ бастым. Менің ұстаздық жолға алғашқы қадамым басталды. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып басталған білім жолында талай қызықтар мен қиындықтар өтіп жатыр. Еш өкінбейтін бір қадамым, екі көзімді тарс жұмып, туған ауыл, ауданымды тастап танымайтын, білмейтін облысқа келіп жұмыс жасап жүргенім. Өз жұмысымды жақсы көремін. Бар ынтаммен беріліп істеймін. Екі жылдың ішінде талай конкурстар мен олимпиадаларға қатысып жүлделі болып та үлгердім. Мұғалімдікпен қатар мектепте аудармашы болып та қызмет атқарам. Бүгінгі таңда мектепте бейіндік оқыту бойынша директордың орынбасары міндетін атқарушымын. Мен үшін бұл үлкен жетістік деп білем. Осы жылы бұйырғанымыз болып жатса, екінші санатты да алармын. Ең бастысы, жетістігім жетерлік деп тоқтап қалмай, толағай теңіздей тура жүзу.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Алдымен келген әрбір оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, бар білгенімді үйретуге тырысам. Оқушылармен тіл табысу үшін кей сәтте бала боламын, кейде дана боламын. Бала жаны нәзік келеді, айтқаныңа сенеді, арбауыңа көнеді. Оқушыны біліммен арбау, білгеніңе сендіру, бір сыныпты өзіңе баурата білу, міне, нағыз шеберлік. Есте сақтайтын басты қағида сен оқушы үшін көсемсің, шешенсің.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»,- дегені бәрімізге мәлім. Бұл елбасымыздың бізге, ұстаздар қауымына артқан үлкен жүгі. Ұстаздықты таңдадың ба, мойныңа ел тағдырын, болашақ ел басқаратын азаматтарды көзін ашу, көкірегін ояту маңдайына жазылған міндет екенін ұмытпау қажет.

Мен өзімді табыстың шыңына шығып келе жатқан жас маманмын деп есептеймін. Менің ұстаздық жолда түйген түйінім табыс еңбектің астында, еңбекпен ғана табыстың шыңына жетуге болады. Аянбаған адамда – адал ас, таза еңбектің тері, жұрттың алғысы болады.

Өз ойымды қорыта келе, ұстаздық жолында қызмет етіп жүрген жандарға шексіз алғыс, шығармашылық шабыт тілеймін. Табыстың шыңына жетелейтін таусылмас мол білім, қажымас қайрат болғай жанымызда.



Т.П.Праслов атындағы Прииртышск

ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Әліпаева Айгерім Қалиқанқызы



Автор
Дата добавления 13.09.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Статьи
Просмотров54
Номер материала ДБ-191814
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх