Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Конспекты / Өткізгіштерді параллель және тізбектей жалғай

Өткізгіштерді параллель және тізбектей жалғай



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.

Видео көріністен, электрондық оқулықтан, слайдтан, оқулықтан тапсырма көздері.
Жалпы мақсаттар
Оқытудың жаңа әдістерін пайдалана отырып, электр тізбегіндегі өткізгіштерді тізбектей және параллель қосуды, есептеу формулаларын келтіріп шығаруды қалыптастыру, «ток күші», «кернеу», «кедергі» ұғымдарын айыра білу және олардың электр құбылыстары тарауындағы маңызды, әрі егіз ұғымдар екендігін түсіну үшін диалогтік оқыту әдісін пайдаланып проблемалық ситуациялық сұрақтармен ойлау, логикалық талдау қабілетін қалыптастыру, проблемалық сұрақтарға белсенділік танытқан оқушылардың шығармашылығынан көшбасшылықты байқау, салыстыру тапсырмасын бергенде жас ерекшеліктерін ескеру.

Оқыту нәтижесі
Ойлануды, ойларын жүйелеуді, тақырып мазмұнын өз беттерімен ұғынуды, үйренген білімін күнделікті өмірмен байланыстыра білуді, өз ойларына немесе пікірлеріне дәлелдеме келтіруді, пікірлерді салыстыра білуді, ұқсастық пен айырмашылықтарын табуды, сандық, логикалық және мағыналық есептедің шығарылу жолдарын қарастырып, ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды үйренеді. Ғылыми көзқарасы қалыптасады, өз біліміне есеп беріп, өзге топтарды тыңдауды үйренеді, топпен бірге ортақ пікірге келіп отырады, көпшілікте өзін - өзі реттейді.

Негізгі идеялар
Күнделікті өмірде, тұрмыстық жағдайларда «ток күші», «кернеу», «кедергі» шамалары қатар жүретіндігі, бұл құбылыс электр құбылысының негізгі заңдылығы екендігіне көз жеткізу.

Қамтылатын модульдер

- оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
- сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
- оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
- оқытуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
- талантты және дарынды балаларды оқыту
- оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
- оқытудағы басқару және көшбасшылық
Тапсырмалар

1 - тапсырма. Ток, кернеу, кедергі, меншікті кедергі аттары, өлшем бірлігі, шаманың белгіленуі, шаманың аты жазылған жасырын парақшалар арқылы топтарға бөлу.
Өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында жадында қалған білімдері мен физикалық шамаларды қалай меңгергендігін білу мақсатында топ аттарына байланысты пікірлерін постерге салу /5мин/
2 - тапсырма.
PowerPoint бағдарламасында электр құрылғыларының (күнделікті өміріміздегі пайдаланатын: лампа, желдеткіш, теледидар, радио, компьютер ж. т. б) презентациясын көру арқылы ой қозғау /3мин/

Суреттен көрген физикалық құбылыстарын диалог жүргізу арқылы мағынасын ашу.
Ситуациялық сұрақтарды талдау.
1 топ. «ток» тобы
Электр тогы дегеніміз не? Формуласын жазып көрсетіңдер.
2 топ. «кернеу» тобы
Кернеу дегеніміз не? Формуласын жазып көрсетіңдер.
3 топ. «кедергі» тобы
Кедергі дегеніміз не? Формуласын жазып көрсетіңдер.
4 топ. «меншікті кедергі» тобы
Меншікті кедергі дегеніміз не?
/8мин/
3 - тапсырма.
АКТ - ны пайдаланып электрондық оқулық тапсырмаларын, жаттығу және есептер орындау.
1 топ.
Тізбектей жалғау кезінде ток күші қалай өзгереді? Мыс:
2 топ. Тізбекті параллель жалғағанда кернеу неліктен барлық жерінде бірдей болады? Мыс:
3 топ. Тізбектей және параллель жалғағанда кедергілер қалай өзгереді? Не байқалып тұр? Мыс:

4 топ. Тізбектей және параллель жалғағанда меншікті кедергіге байланысты бола ма?
Неліктен? Мыс:
/8 мин/
4 - тапсырма. Жас ерекшеліктеріне ескеріп салыстыру. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауды тәжірибеде жасап көру, тізбектей және параллель қосылған өткізгіштердегі ток күшінің, кернеудің, кедергінің айырмашылықтары болатындығына көз жеткізу.
Эксперименттік тапсырма орындау кезінде кейбір оқушылардың (көбінесе ер балалардың) электр құрылғыларының жасалу жолдарын, қауіптілігін білуі, қызығушылығының артуы байқалады.
1 топ. Ток мәндерін амперметр көрсеткіштері арқылы дәлелдеу. Неліктен ток өзгерді?
2 топ. Кернеу мәндерін вольтметр көрсеткіштері арқылы дәлелдеу. Неліктен кернеу өзгерді?
3 топ. Неліктен кедергілер көп болғанда әртүрлі жалғауда кернеу әртүрлі болғанын көреміз? Неліктен?
4 топ. Меншікті кедергі ток күші мен кернеуге қандай пропорционал? /5мин/
5 - тапсырма. Миға шабуыл.
Деңгейлік есептер шешу.
А тобы есебі.
Әрбіреуінің кедергісі 40 Ом болатын үш шам тізбектей кернеуі 120 В тізбекке жалғанған. Жалпы ток күші қандай болады?
Б тобы есебі.
20 Ом кедергі алу үшін кедергісі 24 Ом болатын өткізгішке қандай кедергі қосу керек?
С тобы есебі.
Пайда болған бөліктерді параллель қосып 4 Ом кедергі алу үшін кедергісі 64 Ом өткізгішті қанша бөлікке бөлу керек? /8 мин/
Кейінгі тапсырмалар

Оқулықтағы қосымша сұрақтарға жауап беру, 20 жаттығуды орындау.
Кері байланыс
Бағалау:
Өзін - өзі бағалау: білім ағашы арқылы өзін бағалау.
Формативті бағалау: топтар бір - бірін бағалау үшін бағалау критерийлері бар парақшалар беріледі.

Критерий
Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттандырарлық
мазмұны
зерттеуі

Топтық жұмысы
Жиынтық бағалау: басқа топ мүшелерінен де, өзінің топ мүшелерінен де кім сабақ барысында көп мәліметтер білетіндігін, лидер кім болып отырғандығын немесе екпінді қатысып отырғандығын ауызша айту арқылы бағалау.
Қорытынды
Ғылыми көзқарасы қалыптасты, өз біліміне есеп беріп, өзге топтарды тыңдауды үйренеді, топпен бірге ортақ пікірге келіп отырады, көпшілікте өзін - өзі реттеп отырады(көшбасшылық байқалады). Өздеріне сенімді бола бастайды, еркін пікірлей алады.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 29.09.2015
Раздел Физика
Подраздел Конспекты
Просмотров226
Номер материала ДВ-018274
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх