Инфоурок Физика Конспекты"Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу" 8 - сынып

"Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу" 8 - сынып

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: §41.  Өткізгіштерді тізбектей  және параллель қосу.

Сабақтың мақсаты:

БілімділікӨткізгіштерді тізбекке жалғаудың әдістері жөнінде түсінік беру, тізбектей және параллель жалғау кезіндегі негізгі физикалық заңдылықтарды түсіндіру.

 Дамытушылық: Ойлау қабілетін, танымын, өткізгіштердің тізбектей және параллель жалғауын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға жеткізу.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс:  Түсіндіру, сұрақ – жауап, тест.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, карточкалар.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:   1. Сұрақ- жауап

1.Ток күші деп нені айтады? Формуласы. Өлшем бірлігі.

2. Өткізгіштегі ток күшін қандай құралмен өлшейді? Ол тізбекке қалай қосылады? Шартты белгісі қандай?

 

3. Электр кернеуі деп нені айтады? Ол қандай бірлікпен беріледі? Қандай құралмен өлшейді? Шартты белгісі?

4.Тізбектің бөлігі үшін Ом заңын тұжырымда?

5. Өткізгіштің кедергісі неге және қалай тәуелді? Өлшем бірлігі?

 

2. Балама тесті (иә, жоқ)

1. ρ - өткізгіштің материалының меншікті  кедергісі.(Иә)

2. Уақыт бірлігіндегі өндірілген токтың жұмысы кернеу деп аталады.(Иә)

3. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі- Ом ;  (Жоқ)

4. 1 Ом- ұштарының арасындағы кернеу 1В болғанда, бойынан 1А  ток өтетін өткізгіштің кедергісі. (Иә)

5. Берілген өткізгіштің өз бойымен өтетін токқа кедергі жасамайтын физикалық шама- кедергі деп аталады. (Жоқ)

6.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы:   I= U* R ; (Жоқ)

7.Ток күшін өлшейтін құрал- амперметр. (Иә)

8.Вольтметр тізбекке тізбектей жалғанады. (Жоқ)

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

 

 

Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық.

img002.jpg                                 1-жағдай: Өткізгіштерді тізбектей жалғау

            Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.

1. I = I1 = I2 = . . . = In               

2. U = U1 + U2 + . . . + Un

 

3. R = R1 + R2 + . . . + Rn

 

2-жағдай: Өткізгіштерді параллель жалғау

    

    Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштердің параллель жалғау деп атайды.

 

 

 

 

 

 

Электр тізбегінің екі өткізгіштен артық өткізгіштер түйісетін нүктесін түйін (суретте А және В нүктелері) деп атайды.

img001.jpg1. I = I1 + I2 + . . . + In               


2. U = U1 = U2 = . . . =Un

3.

 

 

 

 

Өткізгіштерді тізбектей жалғау ережесі.

Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда, ал тізбектегі жалпы кернеу, олардың қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады.

Өткізгіштерді параллель жалғау ережесі.

Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің барлық бөліктеріндегі кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең; жалпы кедергі кемиді:

                                                                         Есептер шығару                                                       

 

Безимени-11. Суретте тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы  берілген. Кедергісі  R1=36 Oм  өткізгіштегі кернеудің төмендеуі  U1 = 9В.   Кедергісі    R2=64 Oм  болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу 120 В болғандағы өткізгіштің  R3  кедергісін анықтаңдар.                                                                                     

                                                                                                                          Жауабы: 16 В, 480  Ом

 

 

 

 

 2. Суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі                                R1=44 Oм  өткізгіш арқылы  I1  = 5А  ток өтеді.   I2  = 0,8 А ток өткендегі өткізгіштің  R2   кедергісін анықтаңдар.

 

  

Безимени-2                                                         

                                                   Жауабы: 275  Ом

 

3. Кедергілері 20 Ом және 30 Ом болатын екі резистор кернеуі 24 В электр тізбегіне жалғанған. Тізбекке екі резисторды тізбектей және параллель жалғағандағы ток күші қандай?                                                                               Жауабы: 0,48 А; 2 А

IV. Жаңа сабақты бекіту
Тест сұрақтары

1.Тізбектеп қосуда қандай шама тұрақты болады?

         а) I                      ә) U                              б) R

 

2. Параллель қосқанда ток күші қалай өзгереді?

        а) I =0                  ә)  I =  I1 + I2                 б) I =  I1 - I2

 

3. Тізбектеп қосқанда толық кернеу неге тең?

         а) U = U1 + U2     ә) U = 0                       б) U = U1 -U2

4. Параллель қосқанда тізбектің жалпы кедергісі қалай өзгереді?

        а) артады           ә) кемиді                   б) өзгермейді

5. Тізбектеп қосқанда тізбектің жалпы кедергісі неге тең?

        а) R=0                   ә) R = R1 + R2           б) R = R1 - R2  

6. Параллель қосуда қандай шама тұрақты болады?

         а) I                        ә) U                             б) R

 

7. Тізбектеп қосуда жалпы кедергісі қалай өзгереді?

         а) артады           ә) кемиді                   б) өзгермейді

8. Тізбектегі ток күші барлық жерде бірдей болса, өткізгіштер қалай қосылады?

        а) параллель        ә) тізбектей           б) аралас

Тест жауаптары:     1 – а, 2 - ә, 3 – а, 4 - ә, 5 - ә, 6 - ә, 7 – а, 8 – ә

Үй тапсырмасы:

 § 41. 20 – жаттығу.

Бағалау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу" 8 - сынып"

Настоящий материал опубликован пользователем Исабекова Бибинур Исабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

Скачать материал
    • 22.02.2015 27391
    • DOCX 109.6 кбайт
    • 311 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Исабекова Бибинур Исабековна
    Исабекова Бибинур Исабековна

    учитель физики

    • На сайте: 10 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 69668
    • Всего материалов: 9

    Об авторе

    Исабекова Бибинур Дата рождения: 6 октябрь 1991 г. Гражданство: Казахстан Телефон: +7 (702) 116-91-01 Эл. почта: bibka_uzen@mail.ru «Во-первых, кадровик может немного упростить себе задачу, собрав сразу много нужной ему информации, — объясняет консультант. — Во-вторых, оценить особенности характера и темперамента кандидата, специфику его построения взаимоотношений с коллективом. Это возможно оценить и по деталям речи и по рассказанным эпизодам из прошлого опыта. В-третьих, то, как отвечает кандидат, характеризует его умение вести деловую беседу в целом». Кроме того, по мнению Екатерины, излагая факты резюме устно, у человека появляется возможность придать им желаемую эмоциональную окраску.

Жұмыс парағы «+5, +6, +7, +8 және +9 түріндегі қосу»

Файл будет скачан в формате:

  • pdf
614
1
03.12.2024
«InfoLesson»‎
Жұмыс парағы «+5, +6, +7, +8 және +9 түріндегі қосу» тақырыбына арналған. 6 тапсырмадан тұрады. Соңғы бетте жауаптары бар.6-7 жастағы балаларға, 1 сынып оқушыларына арналған.Тапсырма мазмұны:Пирамиданың жоғарғы жағына жеткенше дейін, әр қатардағы екі көршілес санды қосып, жалғастыр.Жанаттың досы Шегіртке әрқашан дәптердегі 6 торкөзді секіріп өтеді. Торкөздің көрсетілген жерінен секіре бастаса, ол қай торкөзде болатынын белгіле.Жанат достарына 5 жидек бергісі келеді, бірақ әрқайсысының біраз жидегі бар екен. Жанат жидектерді беріп болғаннан кейін, достарында қанша жидек болатынын есепте. Жиктердің суретін сал.Бос орындарды толтыр.Кодты шеш. Алынған сөзді төмендегі өріске жаз.Жанат және оның достары есепті сызғыштың көмегімен шешті. Олардың қайсысы есепті шығарып, дұрыс шешімді сызғышта көрсете алды? Құсбелгімен белгіле.Жұмыс парағы жарқын, креативті және қызықты тапсырмалармен толтырылған. Ол оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға, сондай-ақ жаңа білімді оңай әрі қызықты түрде меңгеруге ықпал етеді.

Краткое описание методической разработки

Жұмыс парағы «+5, +6, +7, +8 және +9 түріндегі қосу» тақырыбына арналған. 
6 тапсырмадан тұрады. Соңғы бетте жауаптары бар.
6-7 жастағы балаларға, 1 сынып оқушыларына арналған.

Тапсырма мазмұны:
Пирамиданың жоғарғы жағына жеткенше дейін, әр қатардағы екі көршілес санды қосып, жалғастыр.
Жанаттың досы Шегіртке әрқашан дәптердегі 6 торкөзді секіріп өтеді. Торкөздің көрсетілген жерінен секіре бастаса, ол қай торкөзде болатынын белгіле.
Жанат достарына 5 жидек бергісі келеді, бірақ әрқайсысының біраз жидегі бар екен. Жанат жидектерді беріп болғаннан кейін, достарында қанша жидек болатынын есепте. Жиктердің суретін сал.
Бос орындарды толтыр.
Кодты шеш. Алынған сөзді төмендегі өріске жаз.
Жанат және оның достары есепті сызғыштың көмегімен шешті. Олардың қайсысы есепті шығарып, дұрыс шешімді сызғышта көрсете алды? Құсбелгімен белгіле.

Жұмыс парағы жарқын, креативті және қызықты тапсырмалармен толтырылған. 
Ол оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға, сондай-ақ жаңа білімді оңай әрі қызықты түрде меңгеруге ықпал етеді.
 

Развернуть описание
Смотреть ещё 5 819 курсов

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы:§41.  Өткізгіштерді тізбектей  және параллель қосу.

Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық.

1-жағдай: Өткізгіштерді тізбектей жалғау

            Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.

1. I = I1 = I2 = . . . = In               

2. U = U1 + U2 + . . . + Un

 

3. R = R1 + R2 + . . . + Rn

2-жағдай: Өткізгіштерді параллель жалғау

    

    Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштердің параллель жалғау деп атайды.

 

 

 

 

 

 

Электр тізбегінің екі өткізгіштен артық өткізгіштер түйісетін нүктесін түйін (суретте А және В нүктелері) деп атайды.

1. I = I1 + I2 + . . . + In               

2. U = U1 = U2 = . . . =Un

Өткізгіштерді тізбектей жалғау ережесі.

Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда, ал тізбектегі жалпы кернеу, олардың қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады.

Өткізгіштерді параллель жалғау ережесі.

Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің барлық бөліктеріндегі кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең; жалпы кедергі кемиді:

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 318 655 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 297 199 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Гендерная психология: от теории к практике

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек
Смотреть ещё 5 819 курсов