Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Тесты / "Төл сөз. Автор сөзі. Төлеу сөз. " тақырыбына тест тапсырмалары (8-сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Төл сөз. Автор сөзі. Төлеу сөз. " тақырыбына тест тапсырмалары (8-сынып)

библиотека
материалов

Төл сөз. Автор сөзі. Төлеу сөз. 8-сынып

1. Төл сөз дегеніміз не?

А) Сөйлеуші өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей, сол айтылған

күйінде беруі.
В) Сөйлеуші біреудің айтқан сөзін өзгертіп беруі.
С) Төл сөзге байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі.
Д) Алғашқысы соңғысына бағына байланысқан сөйлем.
Е) Сөйлеуші біреудің айтқан сөзін сәл өзгертіп беруі

2. Автор сөзі дегеніміз не?

А) Біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей, сол күйінде беруі
В) Сөйлеуші біреудің айтқан сөзін өзгертіп беруі
С) Төл сөзбен байланысты айтылатым н сөйлеушінің өз сөзі
Д) Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілуі
Е) Екі адамның сөзі

3. Төлеу сөз дегеніміз не?

А) Жазушының я сөйлеушінің біреудің сөзін өз сөзінде өзгертіп беруі
В) Жазушының я сөйлеушінің сөзі
С) Бөгде біреудің сөзін өз сөзінде өзгертпей беру
Д) Бөгде сөздің айтылуы
Е) Біреудің сөзіне түсінік беретін сөз

4. Төл сөзді сөйлемді көрсет.
А) Осы алаңнан қоныс тауып, біз ошақ қаздық.
В) «Амангелдіге» келісімен, бұл арман шыңына жетті.
С) «Табылған ақыл, Мұқа!» - деп, Жарқын айналасына қарады.
Д) Күрең ат – Бөжейдің қыс мінетін аты.
Е) Тәртіп бойынша, мен сіздерге есеп беруге міндеттімін.

5. Автор сөзі бар қатарды ажырат.

А) Әйтеуір, жүздерінде жылылық бар,

Қазақтың қайсысымен кездессем де.
В) Қазақтың қайсы үйіне барсам- дағы,

Алдымда- ақ дастархан, жайған кілем.
С) Неге сен ойнамайсың,көрші бала?-

Тұрарға деді Шоқпар: - Қарайлама!
Д) Ата-қазақ алыста той жасаса,

Алдымен тізіміне тіркері- мен.
Е) Достастым кішісімен, үлкенімен,

Өзімшіл, өжетімен, үркегімен.

6. Төл сөзді сөйлемді тап.
А) Сен дегенде сөз бар ма?
В) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ.
С) Балалардың соңғы ермегі – «Ақсүйек», «Соқыр теке».
Д) «Осы күні сол ара жайнаған қызыл гүл», - дейді.
Е) Сауатты болу дегеніміз - дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.

7. Автор сөзінен кейінгі төл сөзді анықта.
А) Кебек сонда шалға айтты: - Ей, ақсақал,

Өзің таңдап түлкінің біреуін ал.
В) «Иесімен ас тәтті»,- деп Еңлікті

Шақырып ап екеуі отырды жеп.
С) Еңлік аттанарда: «Қош аман бол, келіп жүр, Кебек»,- деді.
Д) «Қайда жүрсең, аман бол, батырым»,- деп,

Бел асқанша артынан қарап тұрды.
Е) Бетін жуып, отырды төрге барып,

Құрт берді сары майды және салып.


8. Төл сөздің автор сөзінен соң орналасқан түрін табыңыз.

А) «Менің ойланатыным- бәрінен бұрын өз жұмысымның жайы,- деп жазды Хемингуэй,- содан соң семьямның қамы».

В) Ол Сүйіндікке қарап: «Тоқтат, аналарыңды!»- деп ақырып қалды.

С) Құнанбай оларға мынаны айтты : «Бөкенші Шыңғыстың бұл тұсындағы бар қыстауды

береді».

D) «Өркенің өссін, қарағым»,-деді әкем.

Е) Тіл жөнінде Ғ. Мұстафин: «Тіл қаруы- сөз, сөз қаруы- ой»,- дейді.

9. Төл сөз бен автор сөзі көбінесе қандай етістік арқылы байланысады?

А) Де.
В) Айт.
С) Көр.
Д) Бар.
Е) Сөйле.

10. Берілген сөйлемнің сызбасын тап.

Абай: «Байқап сөйле!» - деді.

А) Автор сөзі: «Төл сөз», - автор сөзі.
В) Төл сөз: «Автор сөзі!»- төл сөз.
С) Автор сөзі: «Төл сөз!», - автор сөзі.
Д) Автор сөзі «Төл сөз!», - автор сөзі.
Е) Автор сөзі: Төл сөз! - автор сөзі.

11. Төл сөз бен автор сөзін байланыстырушы дәнекер сөздің тұлғасын көрсет.

Мұғалім: «Бос отырмай, жаттығуды орындап отыр»,- деп ренжіді.

А) Етістік
В) Көсемше
С) Есімше.
Д) Көсемше тұлғалы негізгі етістік
Е) Көсемше тұлғалы көмекші етістік

12.Төлеу сөзді тап.

А) Өнер алды-қызыл тіл.
В) Арман ертең келетіндігін айтты.
С) Арман: «Ертең келемін»,-деді.
Д) Қиыншылықты жеңу үшін жігер керек.
Е) Көңіл кірлесе, сол жаман.

13. Төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болған жағдайда төлеу сөзде бұл сөз қалай өзгереді?

А) Сол қалпында қала береді.
В) Сол қалпында қалып, одан кейін туралы шылауы жазылады.
С) Есімшеге айналып, оған –дық, - дік жұрнағы, тәуелдік жалғауы және табыс септігі жалғанады да, толықтауыш болады.
Д) Тұйық етістікке айналады.
Е) «Екенін» деген көмекші етістік жалғанады.

14. Төл сөздің баяндауышы етістің бұйрық райынан болса, төлеу сөзде қандай өзгеріске ұшырайды?

А) Тұйық етістікке айналып, оған барыс, табыс септік жалғауы немесе туралы, жөнінде, жайында шылаулары мен «керек» сөзінің бірі өосылып айтылады.
В) Өзгеріске түспейді.
С) Есім сөздерге айналады.
Д) Есімше жұрнағы жалғанады.
Е) Жедел өткен шақ жұрнағы жалғанады.





15. Сұрау есімдігі қатысқан төл сөз төлеу сөзде қандай өзгеріске түседі?

А) Төлеу сөзде сұрау есімдігі түсіп қалады.
В) Сөйлем мазмұнына қарай басқа сөз табына ауысады.
С) -ма, - ме шылауға айналады.
Д) Сұраулық шылауға айналады.
Е) Сұрау есімдігі сол күйінде сақталады.

16.Төл сөзде «мен» деп берілген сөз төлеу сөзде қандай өзгеріске түседі?

А) Маған
В) Мені.
С) Өзінің.
Д) Оның.
Е) Оған.

17. Төл сөздің тыныс белгісін анықта.
Кеше кешке жолдасы Қарқаралыда әлі екі-үш күн боламыз деген болатын.

А) Тырнақша, үтір, сызықша
В) Қос нүкте, сызықша, леп белгісі
С) Қос нүкте, тырнақша, үтір, сызықша
Д) Қос нүкте, тырнақша
Е) Сызықша, қос нүкте, тырнақша
18. Қос нүктенің қойылған орнын анықта
Қарт күрсінді: - Ұлым, желік қуыпсың!
А) Қарсылықты салаластың жай сөйлемдері арасына.
В) Мезгіл бағыныңқылы сөйлемнен кейін.
С) Төл сөзден кейін.
Д) Жалпылауыш сөзге қатысты.
Е) Автор сөзінен кейін.
19. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді тап.
А) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен! деді Бейсен.
В) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен!, деді Бейсен.
С) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен, деді Бейсен.
Д) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен! - деді Бейсен.
Е) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен!: - деді Бейсен.
20.Төл сөздің алдынан автор сөзі келсе, қойылатын тыныс белгіні көрсет.

А) Нүктелі үтір
В) Қос нүкте.
С) Көп нүкте.
Д) Үтір.
Е) Нүкте.

21. Тыныс белгісі дұрыс қойылған көп құрамды төл сөзді көрсет.
А) – Мың-мың рахмет, атажан, - деді Гүлжан қуанып, Дос болса сіздей болсын, Мен жыламаймын, қуанам!
В) – Мың-мың рахмет, атажан!, деді Гүлжан қуанып - Дос болса сіздей болсын. Мен жыламаймын, қуанам!
С) – Мың-мың рахмет, атажан: деді Гүлжан қуанып, Дос болса сіздей болсын, Мен жыламаймын, қуанам!
Д) – Мың-мың рахмет, атажан! - деді Гүлжан қуанып: - Дос болса сіздей болсын. Мен жыламаймын, қуанам!
Е) – Мың-мың рахмет, атажан деді Гүлжан қуанып - Дос болса сіздей болсын. Мен жыламаймын, қуанам!






22. Айжан: «Менің үйім алыс еді, ертерек қайтайын»,-деді. Қай жауап толымды және дұрыс?

А) Айжан өзінің үйінің алыс екенін айтты.
В) Айжан өзінің үйінің алыс екенін және ертерек қайту керек екенін айтты.
С) Айжан ертерек қайту керектігін айтты.
Д) Үйіне қайту керектігін айтты.
Е) Айжан айтты үйге қайтамын деп.

23. Төл сөзге қойылмаған тыныс белгілерін көрсет.

Қасында тұрып Жұлдызыңыз жарқырай берсін деп құшақтадым.

А) Қос нүкте, тырнақша, үтір.
В) Қос нүкте, тырнақша, леп белгісі, сызықша.
С) Үтір, сызықша, леп белгісі, қос нүкте.
Д) Сызықша, үтір, тырнақша, сұрау белгісі.
Е) Тырнақша, сызықша, леп белгісі.

24. Төл сөздің баяндауышы есім сөздерден не тұйық етістіктен болса, төлеу сөзде ол сөзбен қандай көмекші етістік тіркесіп айтылатынын тап.

А) Де.
В) Ет.
С) Жазда.
Д) Баста.
Е) Екенін.

25. Төл сөздің төлеу сөзге айналу жолының дұрыстығын көрсет.

- Енді кері қайтуға бола ма?- деп сұрады жауынгерлер.

А) Жауынгерлер қайтуға рұқсат сұрады.
В) Жауынгерлер кері қайтуға болатынын сұрады.
С) Жауынгерлер кері қайтуға болмайтынын сұрады.
Д) Жауынгерлер кері қайтатынын айтты.
Е) Жауынгерлер енді кері қайтуға болатынын, болмайтынын сұрады.



























Төл сөз. Автор сөзі. Төлеу сөз. 8-сынып


Жауабы:

1.а

2.с

3.а

4.с

5.с

6.д

7.а

8.с

9.а

10.с

11.е

12.в

13.с

14.а

15.е

16.с

17.с

18.е

19.д

20.в

21.д

22.в

23.в

24.е

25.е


Бағалау шкаласы

1-3 жауап «2»

4-13 жауап «3»

14-20 жауап «4»

21-25 жауап «5»


Автор
Дата добавления 10.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Тесты
Просмотров7840
Номер материала ДВ-324325
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Комментарии:

22 дня назад
Благодарю за полезный ресурс
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх