Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Тіл"-Валелогия пәні бойынша, ересектер тобы

"Тіл"-Валелогия пәні бойынша, ересектер тобы

Скачать материал

Ересектер «Раушан» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

                  Тәрбиеші: Абильгазина.М.М.

                 Білім беру саласы: «Денсаулық».

                 Бөлімі: Валелогия

                 Тақырыбы: Тіл

                  Мақсаты: Тілдің дәм айыру аймақтарын көрсету.

                 Тамақтанғанда тілдің қызметін айту.

                 Билингвальдік компоненті: тіл-язык, дәмі-вкус, ащы-горький.

Іс әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Балалар бәріміз дөнгеленіп тура қалайық, қолымызда ұстасып алақанымызды бір-бірінізге қойып өзара жылулығымызды сездірейык, жақсы тілек, лебіздер айтайық.

Қайырлы күн!Әрқашан күн сөнбесін. Бізге күн жылуын берсін!Бәріміз аман болайық!

Балалар балабақшада кім жұмыс істейді?

Балалар дөнгеленіп түріп алақандарын қосып, жылы лебіз айтады.

Ұйымдастыру кезеңі

Балалар «Валеология» елінің қартасына қарап, аялдама атын біліп, тістің қандай қызмет атқаратынын естеріне түсіріп, тамақ шайнағанда тілдің қандай көмек көрсететінін талқылайды Педагог тілдің әр түрлі қызмет жасайтынын айтады. Ол демалуға, тамақ ішкенде тамақты қозғауға, жылытуға, суытуға, жұтуға, өлең айтуға, сөйлеуге, күлуге көмектеседі.

Тамақ дәмін айыра алмайтын адамның тәбеті нашарлайды. Бұл-денсаулыққа зиян.

Тілдің көмегімен біз тамақтың дәмін ажыратамыз. Өте ыстық, суық тамақ дәм сезуді төмендетеді. Сондықтан дер кезінде дәрігерге қаралып, емделу қажет.

Әліппе дәптерінен балалар тілдің дәм сезу аймақтарын қарайды. Тілдің әр бөлігі әр түрлі дәмді сезеді. Тілдің ұшы тәттіні сезеді. Бүйір жақ беті қышқылды және тұздыны сезеді. Тілдің соңғы жағы ащыны сезеді, сондықтан адамдар тамақты жұтқанда барып оның ащы екенін біледі. Адам дәмді тілдің үрпілері арқылы түйсінеді. Үрпілер тілге барқыт тәрізді түр береді. Егер адамның дені сау болса, оның тілі күлгін, таза болады. Егер ағза дұрыс дамымаса, тілдің бетін ақ, сары қабат жауып, тілініп тұрады.

Педагог балаларға тәжірибе ойынын ойнауды ұсынады. Табақта кесілген алма, ірімшік, құрт, қияр, кәмпит тұрады. Балалардың көзін кезекпен байлап, ауыздарына кез келген ( қияр, құрт) бөлігін салады. Бала дәміне қарай қандай тамақ екенін ажыратадды.

Педагог балаларға лимонды көріп, ауыздарыңа салғандай әсерде болыңдар деген тапсырма береді. Балалар қандай күйге түскендерін айтады. Ауыз қуысына орналасқан сілекей безі тамақты көргенде де, ауызға түскенде де бірдей әсер береді. «Аурудың барлығы ауыз арқылы барады» деген сөз бар, сондықтан тамақ алдында қолды жуу керек. Көкөністі, жеммісті жуып жеу керек.

Психожаттығу:

Терең дем алып, дем шығару, босаңсу ( баяу, жәй әуен ойналады).

Тістің қызметі түралы түсінік алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптерінде тапсырма орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызығушылықпен ойын ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаттығуларды орындайды.

Рефлекстік түзету.

Балалар бүгін сабақта не түралы айтылды? Немен сабақ ұнады? Қай жаттығуды орындау саған ауыр тиды?

 

                   Күту нәтижесі:

                 Білу: Тіл-сезім мүшесі.

                 Болу: Дер кезінде дәрігерге қаралып, емделу қажет.

                 Қолдану: Әліппе-дәптері, әр түрлі тағамдар, көкөністер, жемістер.                                               

 

 

Ересек «Раушан»  тобының ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  технологиялық  қартасы.                                                                                                                       

Тәрбиеші:Абильгазина М.М.                                                                                                                  23.02.2015.ж.
Білім беру  саласы:  «Таным»
Бөлімі:  Қоршаған  ортамен  танысу.
Тақырыбы: «Табиғатта қандай  тәртіп  бар»
Мақсаты: Балалардың өсімдіктердің тірлігі жайындағы және олардың өміріндегі маңызды жағдайлар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Билингвальдіқ  компоненті: Өсімдік- растение
                                                       Қоршаған орта-окружаюшяя среда
                                                       Табиған-природа.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

I кезең-

мотивациялық-

қозғаушы

Жылулық  шеңбері

Жылу берген Күнің үшін рахмет!

Өсімдігін берген, суын үшін рахмет!

Тіршілік берген жерін үшін рахмет!

       Жұмбақтар

1. Ауызы жоқ сыңғырлайды,күледі.

    Онсыз бірақ жжер бетінде тірлік жоқ

    Айтындаршы осыны кім біледі?

2. Ымырт түсе шығамын,

   Таң атқанда батамын,

   Көк теңізге шашылып,

   Көзімді ілмей жатамын.

3.Көзге ілінбейді,

  Жұтса, білінбейді,

 

 

Балалар шеңберге тұрып, айтады.

 

 

 

 

 

Балалардың жауаптары

(су,ай,ауа)

II кезең-ұйымдастырушылық -ізденушілік.

«Табиғатта қонақтаймыз» тақырыбында әңгімелеу.

Айнала қоршаған –ағаш, күн,құстар,...- бұның бәрі табиған яғни қоршаған орта екендігі туралы талқылау.

«Табиған кереметі» дидактикалық ойын ойнату.

Балалар табиған бөліктерін  салынған үлестірмелі материалдарды таңдап алып, солардың атынан сөйлеп, олардың не істей алатындығы айында сөйлесу.

-          Күн не береді ?

-          Жел не істейді?

-          Бұлттар ,гүлдер,шөптер неістей алады?

-          Аралар не істейді?

-          Табиған адамнан қаңдай көмек күтеді?

Сергіту сәті

Сегізаяқ болып жүземіз,

Шынығамыз суда біз,

Шынықсақ біз бәрміз,

Шымыр болып өсеміз.

«Жақсы және жаман» ойынын ойнату.

Теңіз- жақсы, себебі (...)

Теңіз-жаман, себебі (...)

(күн,от,балық және т.б.с.с.)

Жылулық шеңбер

 

.Балалардың жауаптары

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауаптары

Олар:

1.       Жылу, жарық, күн энергиясын береді.

2.       Соғады ,бұлттарды көшіреді

Т.с.с.

 

Балалар қолдарын төмен қаратып қимылдатады.

Қолдарын жоғары қаратып қимылдатады.

 

Теңіз суы ащы, бірақ пайдалы.

Шынықпаған адам тез ауырып қалады.

III кезең-

Рефлексивті- түзеуші

Балалардың білімдерін бекіту.Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалап, мадақтау.

Балалардың жауаптары.

              Күтілетін нәтиже:
           Білу: Балалар өзінің қоршаған ортаның пайдасын, заттарын атау.
           Болу: Өсімдіктердің және т.б. өмірдегі маңыздылығын атау.
           Қолдану: Табиған(өсімдіктер,заттар т.б.)суреттері,оқулық,музыка

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ересек «Раушан» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Таным»

Кіші сала: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы:8саны және цифрымен танысу.

жаттығу жұмыстарын орындау , 8 саның шығару.

Мақсаты:Бірлікке арттыру арқылы келесі санды шығарып алу туралы түсініктерін қалыптастыру,8 саны және цифрымен танысу,1-ден 8-ге дейінгі цифрларды тани және ажырата білу.

Билингвальдык компоненті:сегіз-восемь,торғай-воробей,қарлығаш-ласточка.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің  басқарымдық іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

І кезең-

мотивациялық- қозғаушы

 

 

Балаларға қыс мезгілі турлы өлең жолын айтамын:

Аяз қысып ,өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Зырғып балалар ойнайды,

Айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінен кейін қай мезгіл келеді?

Бір жылда неше мезгіл бар?

Бір аптада неше күн бар?

Аптаның бірінші күнін,соңғы күнін атап берші?

Бүгін аптаның қай күні?

 

Балалар мұқият тындайды.

 

 

 

 

-қыс мезгілі

-қыс мезгілі

-көктем болады

 

-төрт мезгіл бар

-жеті күн бар

-бірінші күні дүсенбі,соңғы күні жексенбі

-сәрсенбі күні

ІІ кезең-ұйымдастырушылық-

ізденушілік

Балалар қарандаршы бізге қонаққа                                       

 қарлығаштар келіпті.

Қарлығаштың астында сандар бар.

Қарлығаштар санай алмай тұр көмектесеміз ба?

Жарайсыңдар балалар.

Балалар санайықшы.

Енді кері санаймыз.

Тағы бір қарлығаш ұшып келді

Енді неше қарлығаш?

Сегіз цифрын жаза аласындар ма?

Бәріміз ауамен жазайықшы сосын ермексазбен жазамыз.

Сегіз орысша қалай-

Қарлығаш -

Торғай –

 Жұмақ

Аспанға ұшты 3 қарлығаш,

2 торғай,2 қарға 1 көгершін

 барлығы нешеу?

Ойын: «Қай сан жоқ ?»

Сергіту жаттығуы.

Ал,балалар тұрайық.

Алақанды соғайық.

Бір отырып,бір тұрып.

Біз тынығып алайық.

 

8 санына байланысты жаңылпаш жаттау:

Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім,

Неше кіші ішік піштім?

Дәптермен жұмыс.

Балапан дәптеріне сегіз саның жазады.

Балалар қызыға қарлығаштарға қарайды.

Балалар сандарды атай бастайды.

Көмектесеміз деп шу ете түседі.

Балалар қуанады.

Балалар тура санайды.

Кері санап шығады.

Сегіз қарлығаш болды.

Қолдарымен ауада жазады.

Ермексазбен сегіз саның жазып шығады.

-восемь

-ласточка

-Воробей

 

Балалар сандарды қосып санап шығады.

 

Ойын ережесіне байланыста балалар ойнайды.

 

Балалар іс-қимылмен жаттығуды жасайды.

 

 

 

Жаңылпашты қайталап жаттайды.

 

Балалар дәптерге сегіз саның жазады.

 ІІІ кезең-

рефлексивті түзеуші                                              

Балалар бүгін қандай санмен таныстық?

Осы санды ауада жазып көрейікші?

Қандай ойын ойнадық?

Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту.сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтау-мадақтау.

Қойылған сұрақтарға алған білімдері бойынша жауап береді.

Күтілетін нәтиеже:

Білу:Сегізге дейін санай білу.Жаза білу.

Болу:Дәптермен жұмыс істей білу.

Жасай алу:сандардыауада жаза алу.

 

 

 

Ересек «Раушан» тобының  ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған  технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Кіші сала:Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Ағаштар бүршік жарады.»

Мақсаты: Ағаштардың қай кезде бүршік жаратыны туралы түсінік қалыптастыру.Уқалап, созу әдістерін қолдану. Балаларды ұқыптылық пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Алдын ала жұмыс:Көктем мезгіліне байланысты суреттер, ағаштардың суреттер суретке қарап әңгіме құру.

Сөздік жұмыс:Ағаш, бүршік,  қайын, қарағай, емен, .

Әдістемелік құралдар:Ағашатардың суреттері, ермексаз, таяқшалар, сүлгі.

Билингвальдық компонент: Ағаш-дерево,

                                                    Көктем-весна,

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің басқарымдық  іс-әрекеті

Балалардың  іс-әрекеті

I кезең-

мотивациялық-

қозғаушы

Жылулық шеңбері

Самал жел бізді желдетші!

Күн нұры бізді жарқырат,

Мөлдір су бізді салқындат,

Сәнденіп даламыз,

Сәулетті қаламыз,

Сәулемен құлпырды,

Сәлем күн анамыз!

 Ортада Көктемгі ағаштың суреті ілулі.

Балалар орындарынан тұрып белсенді орындайды.

 

 

 

Балалар  сұрақтарға жауап іздейді.

IIкезең-ұйымдастырушылық -ізденушілік

 

Балалар сурет бойынша әңгіме құрастырады.

Ағаштар жылдың қай мезгілінде бүршік жаратынын түсіндіру.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі,

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

Сөздікпен жұмыс

Талдау жүйесі

Ағаштардың бейнесінжасаудауқалап, созу әдістерін қолдану.жайында түсіндіріп, көрсету.

Балалардың өзара қызығушылықтарын танытады.

Балалардың жауаптары.

Ағаштар көктем мезгілінде бүршік атады.

 

Ағаш-дерево,

Көктем-весна.

III кезең-

Рефлексивті- түзеуші

Балаларға ағаштың бүршік атқан бейнесін мусіндеуді ұсыну.

Балалардың жұмыстарын талдап, бағалап, мадақтау.

               Күтілетін нәтиже:

             Жаңғыртады: Ағаштардың көктем мезгілінде бүршік ататынын білу.

             Түсінеді:Уқалап, созу әдістерін қолдану;

              Қолданады. Ағаштардың бейнесін жасауға, созу әдістерін қолдану.,мүсіндеуді жасау.


Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Көктем келді
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімі: «Экология негіздері»
Мақсаты:
Білімділік: балаларға көктемгі табиғат құбылыстары мен ерекшеліктері туралы түсінік беру, жыл мезгілдері туралы білімдерін кеңейту;
Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, мәнерлеп оқуға баулу;
Тәрбиелік: табиғаттағы әсемдікті бақылауға дағдыландыру арқылы эстетикалық тәрбие беру, адамгершілік қарым - қатынасқа баулу.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, баяндау, түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, ойын, топтастыру.
Көрнекіліктер: слайд, құстар суреттері, үйшік бөлшектері, гүлдер бұрышы.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекет түрі: ашық сабақ
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет типі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, жапсыру, музыка.
Сөздік қор: үй құсы, дала құсы ұғымдары.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің барысы
Мотивациялық қозғаушы
- Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің оқу іс – әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр, қонақтармен сәлемдесейік.
Балалар шаттық шеңберін құрып, қонақтармен сәлемдеседі.
- Сәлем деймін күнге мен,
Сәлем деймін мен саған,
Сәлем деймін апайға
Қонақтарға, құстарға!
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті психологиялық кезеңнен (көктем мезгілінің табиғат құбылыстары дыбыстары: құстар, жылғада аққан су дыбысы) басталады.
- Балалар, бұл ненің дыбыстары?
- Торғайдың!
- Көгершіннің!
- Желдің!
- Иә, балалар бұл – табиғат құбылыстарының дыбысы.
- Енді сендерге жұмбақ жасырайын.
Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік шашып
Гүл бәйшешекке толады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай мезгіл болады?
- Көктем!
- Демек, біздің бүгінгі ашық сабағымыз жылдың қай мезгілі туралы болмақ?
- Көктем!
(Балалар тақырыпты өздері ашады.)
Іздену ұйымдастырушы

Жаңа сабақ
- Балалар, көктемде күн шуағын шашады, түрлі гүлдер өседі, қар ериді, ең алғашқы бәйшешектер пайда болады, ағаштар бүршік жарады, бұтақтардан жапырақтар шығады, ағаштар жасыл желекке оранады, түрлі - түсті гүлдер өседі, құстар жырлы жаққа ұшып келеді, құстар ұя салады және жұмыртқалайды, адамдар жеңіл киінеді. Көктем – тамаша жыл мезгілі! (бейнелер слайдта көрсетіледі)

Тосын сәт. Шағала ұшып келеді.
- Мен – шағаламын. Осында солтүстіктен ұшып келдім. мұнда көктем келіпті. Біз, барлық құстар сендерге, жылы жаққа ұшып келдік. Осында ұя саламыз. Балалар, сендер біз туралы қандай тақпақ білесіңдер?
- Келді көктем жағаға,
Келді сұлу шағала.
Аспандағы ақ құстар
Ауылымды арала.

- Көктем, көктем, көктемде
Құстар келіп жеткенде,
Қуанып бір қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.

- Сары тұмсық балапан,
Аузын жиі ашады.
Үш жастағы балақан
Одан қорқып қашады.

- Көктем қандай көңілді,
Көктен жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.

- Қанеки, балалар, енді бойымызды сергітіп алайық!
Сергіту сәті:
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз,
Құстар болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз.
- Енді, балалар жылы жаққа ұшып келген құстарға ұя салып берейік.
Балалар құс ұясын жапсырады.
Шағала:
- Балалар, сендерге көп рахмет! Енді осы ұяға балапандарымды қоныстандырайын.
(Шағала ұяны алып кетеді)
- Енді, балалар, ойынға да кезек келді. «Құс мекені» ойыны.
Балалар дала құстары мен үй құстарын мекеніне топтастырады
Түзету іс - әрекеті

Қорытындылау:
- Балалар, қазір қай мезгіл?
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
- Көктем!
- Қар ериді.
- Құстар келеді.
- Ағаштар бүршік жарады.
- Гүлдер өседі.
- Адамдар жеңіл киінеді
- Сабағымызды «Көктем келді шуақты» әнімен қорытындылайық!
Ән орындалады.
Мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Білуі: жыл мезгілдерін ажырата білуі;
Меңгеруі: көктем құбылыстары туралы толық мағлұматты меңгеру;
Жасай алуы: құстың ұясын жасай алуы.

 

 

                Білім беру саласы «Таным»                                                                                                                               31.03.2015.ж.

                Бөлімі:  қарапайым  математика                                                                                          

              Тәрбиеші:Абильгазина М.М.                                                                                                                                                             

Тақырыбы: «Теңге»

Мақсаты:Балаларды ұлттық ақшамыз теңге туралы түсініктерін тереңірек қалыптастыру.1-10 дейін  тура және кері санай білуге  дағдыландыру.Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ- жауап.Билингвални  компоненттер: Теңге- тенге, ақша- деньги.Көрнекіліктер: Ақшаның түрлері, суреттер.ақша.

 

Қызмет

кезеңдері

Педагогтің басқару іс-қимылдары

Балалар іс-әрекеті

І кезең уәждік-түрткі болу

 Шаттық шеңберін жасау

Арайланып таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Жайнай түсті даламыз,

Жарқырады қаламыз!

 

Балалар жылулық  шеңбер жасайды.

ІІ кезең  проблемалық-ізденістік

1-ден 10-ға дейін кері, тура санау

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемнің қай айы?

-Аптаның нешінші күні?

-Біз қандай елде тұрамыз?

Қазақстан  республикасының  рәміздерін  атаңдар.

Сергіту сәті:

-Сонымен қатар, біздің төл теңгеміз де бар.

-Балалар, теңге туралы білетіндерімізді ортаға салайық.

Теңге деген не?

-Теңге не үшін керек?

-Қандай ақшалар болады?

Ақшаның түрлерімен таныстыру

-Ақшаның бірнеше түрі бар: қағаз ақша, темір ақша,

0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,10

-Көктем

Күн жылынады, қар ериді,  ағаштар бүршік жарады,  құстар ұшып келеді.

Наурыз айы

-екінші күн- сейсенбі

-Қазақстан Республикасында

-Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз

Сергіту жасайды

Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін

Көк майсасын

Қағаз, темір, ақшалар төседі

ІІІ кезең рефлексивтік-түзетімдеу

 

Бүгін біз немен таныстық?

-Теңге не үшін керек?

-Қандай ақшалар бар?

 

Теңге

-Қағаз, темір, ақшалар

 

           Күтілетін нәтиже:

           Біледі: Ұлттық ақшамыз теңге туралы   Түсінеді: : Қағаз, темір, ірі, ұсақ ақша түрлерін ажыратуды

 

           Қолданады: 1-10 тура-кері санайды.

 

            

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тіл"-Валелогия пәні бойынша, ересектер тобы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-психолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ересектер «Раушан» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

                  Тәрбиеші: Абильгазина.М.М.

                 Білім беру саласы: «Денсаулық».

                 Бөлімі: Валелогия

                 Тақырыбы: Тіл

                  Мақсаты: Тілдің дәм айыру аймақтарын көрсету.

                 Тамақтанғанда тілдің қызметін айту.

                 Билингвальдік компоненті: тіл-язык, дәмі-вкус, ащы-горький.

Іс әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Балалар бәріміз дөнгеленіп тура қалайық, қолымызда ұстасып алақанымызды бір-бірінізге қойып өзара жылулығымызды сездірейык, жақсы тілек, лебіздер айтайық.

Қайырлы күн!Әрқашан күн сөнбесін. Бізге күн жылуын берсін!Бәріміз аман болайық!

Балалар балабақшада кім жұмыс істейді?

Балалар дөнгеленіп түріп алақандарын қосып, жылы лебіз айтады.

Ұйымдастыру кезеңі

Балалар «Валеология» елінің қартасына қарап, аялдама атын біліп, тістің қандай қызмет атқаратынын естеріне түсіріп, тамақ шайнағанда тілдің қандай көмек көрсететінін талқылайды Педагог тілдің әр түрлі қызмет жасайтынын айтады. Ол демалуға, тамақ ішкенде тамақты қозғауға, жылытуға, суытуға, жұтуға, өлең айтуға, сөйлеуге, күлуге көмектеседі.

Тамақ дәмін айыра алмайтын адамның тәбеті нашарлайды. Бұл-денсаулыққа зиян.

Тілдің көмегімен біз тамақтың дәмін ажыратамыз. Өте ыстық, суық тамақ дәм сезуді төмендетеді. Сондықтан дер кезінде дәрігерге қаралып, емделу қажет.

Әліппе дәптерінен балалар тілдің дәм сезу аймақтарын қарайды. Тілдің әр бөлігі әр түрлі дәмді сезеді. Тілдің ұшы тәттіні сезеді. Бүйір жақ беті қышқылды және тұздыны сезеді. Тілдің соңғы жағы ащыны сезеді, сондықтан адамдар тамақты жұтқанда барып оның ащы екенін біледі. Адам дәмді тілдің үрпілері арқылы түйсінеді. Үрпілер тілге барқыт тәрізді түр береді. Егер адамның дені сау болса, оның тілі күлгін, таза болады. Егер ағза дұрыс дамымаса, тілдің бетін ақ, сары қабат жауып, тілініп тұрады.

Педагог балаларға тәжірибе ойынын ойнауды ұсынады. Табақта кесілген алма, ірімшік, құрт, қияр, кәмпит тұрады. Балалардың көзін кезекпен байлап, ауыздарына кез келген ( қияр, құрт) бөлігін салады. Бала дәміне қарай қандай тамақ екенін ажыратадды.

Педагог балаларға лимонды көріп, ауыздарыңа салғандай әсерде болыңдар деген тапсырма береді. Балалар қандай күйге түскендерін айтады. Ауыз қуысына орналасқан сілекей безі тамақты көргенде де, ауызға түскенде де бірдей әсер береді. «Аурудың барлығы ауыз арқылы барады» деген сөз бар, сондықтан тамақ алдында қолды жуу керек. Көкөністі, жеммісті жуып жеу керек.

Психожаттығу:

Терең дем алып, дем шығару, босаңсу ( баяу, жәй әуен ойналады).

Тістің қызметі түралы түсінік алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптерінде тапсырма орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызығушылықпен ойын ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаттығуларды орындайды.

Рефлекстік түзету.

Балалар бүгін сабақта не түралы айтылды? Немен сабақ ұнады? Қай жаттығуды орындау саған ауыр тиды?

 

                   Күту нәтижесі:

                 Білу: Тіл-сезім мүшесі.

                 Болу: Дер кезінде дәрігерге қаралып, емделу қажет.

                 Қолдану: Әліппе-дәптері, әр түрлі тағамдар, көкөністер, жемістер.                                               

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 563 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.04.2015 2125
    • DOCX 33.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абильгазина Меруерт Муратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абильгазина Меруерт Муратовна
    Абильгазина Меруерт Муратовна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22672
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 407 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Мини-курс

Мастерство PowerPoint: систематизация, интерактивность и эффективность

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1712 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного продвижения бизнеса в интернете

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов

Мини-курс

Продажи и управление клиентским опытом: стратегии и аналитика

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе